• Мое избранное
Қаржы мониторингі органдары экономикалық тергеу қызметінің қызметкерлеріне көтермелеуді қолдану қағидалары
Внимание! Документ утратил силу с 28.01.2022 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 19 қаңтардағы № 56 бұйрығына 3-қосымша

3-қосымшаның оң жақтағы жоғарғы бұрышы жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 19.02.2019 жылғы № 121 Бұйрығына сәйкес (27.09.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 07.04.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3-қосымша күшін жойды 2022 жылғы 28 қантардан бастап ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының 06.01.2022 жылғы № 3 Бұйрығына сәйкес
Редакция 26.10.2020 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен  
Қаржы мониторингі органдары экономикалық тергеу қызметінің қызметкерлеріне көтермелеуді қолдану қағидалары
Қағида тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 27.09.2017 жылғы № 582 Бұйрығына сәйкес (29.01.2015 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 24.10.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Қағидалардың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 19.02.2019 жылғы № 121 Бұйрығына сәйкес (27.09.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 07.04.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Б. Сұлтанов
1. Осы Қаржы мониторингі органдары экономикалық тергеу қызметінің қызметкерлеріне көтермелеуді қолдану қағидалары (бұдан әрі – Қағида) 2011 жылғы 6 қаңтардағы «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабы 4-тармағына және 55-бабына сәйкес әзірленген және Қаржы мониторингі органдары экономикалық тергеу қызметінің қызметкерлеріне көтермелеуді қолдану тәртібін белгілейді.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 27.09.2017 жылғы № 582 Бұйрығына сәйкес (29.01.2015 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 24.10.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 19.02.2019 жылғы № 121 Бұйрығына сәйкес (27.09.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 07.04.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 09.10.2020 жылғы № 983 Бұйрығына сәйкес (19.02.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 26.10.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Міндеттерін үлгілі атқарғаны және қызметте жоғары нәтижелерге қол жеткізгені үшін қаржы мониторингі органдарының экономикалық тергеу қызметінің қызметкерлеріне, Заңның 55-бабында көзделген көтермелеуден басқа, көтермелеудің мына түрлері қолданылады:
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 27.09.2017 жылғы № 582 Бұйрығына сәйкес (29.01.2015 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 24.10.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
2-тармақтың бірінші абзацы жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 19.02.2019 жылғы № 121 Бұйрығына сәйкес (27.09.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 07.04.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) атқарып отырған штаттық лауазымы бойынша көзделген біліктілік сыныбынан бiр саты жоғары тұрған кезекті біліктілік сыныбын белгілеу;
2) кезектен тыс біліктілік сыныбын белгілеу;
3) бұрын салынған тәртіптік жазаны мерзімінен бұрын алу.
3. Көтермелеудің түрін айқындау кезінде қызметкердің кәсіптік, іскерлік және жеке қасиеттері, оның қызметте тікелей қол жеткізген жоғары нәтижелерінің сипаты мен дәрежесі, оның қызметке қатынасы, алынбаған әкімшілік жазалардың бары немесе жоғы ескеріледі.
4. Қызметкерлерге мына:
алынбаған тәртіптік жаза болған кезде;
қайта аттестаттау кезінде атқарып отырған лауазымына сәйкестігі туралы мәселе шешілгенге дейін;
оңалту негіздемелер бойынша тергеуге дейінгі тексеру, қылмыстық іс тоқтатылғанға дейін;
ақтап алу үкімі заң күшіне енгізілгенге дейін;
қызметтік тергеу аяқталғанға дейін. 
5. Осы Қағилардың 2-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көзделген көтермелеу түрлерін қылмыстық және әкімшілік заңнамаларда көзделген шекте ауыр экономикалық және қаржылық қылмыстардың және құқық бұзушылықтардың алдын алу, анықтау, жолын кесу, ашу және тергеу кезіндегі ерекшеленгені үшін, қаржы мониторингі органдары қызметінің тиімділігін арттыруға ықпал еткен жұмыстардың жаңа нысандары мен әдістерін әзірлеу және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитетінің (бұдан әрі – Комитет) төрағасы белгілейді.
5-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 27.09.2017 жылғы № 582 Бұйрығына сәйкес (29.01.2015 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 24.10.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
5-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 19.02.2019 жылғы № 121 Бұйрығына сәйкес (27.09.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 07.04.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
5-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 09.10.2020 жылғы № 983 Бұйрығына сәйкес (19.02.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 26.10.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Атқарып отырған штаттық лауазымы бойынша көзделген біліктілік сыныбынан бір саты жоғары тұрған кезекті біліктілік сыныбы бұның алдындағы біліктілік сыныбында еңбек сiңiрген жылдарының кемiнде бiр жарым жыл мерзiмi өткен соң белгіленеді.
Кезектен тыс біліктілік сыныбы қызметкерлерге қызмет бойынша ерекше жетістіктері үшін біліктілік сыныбында белгіленген еңбек еткен жылдары мерзімінің кемінде үштен бірі өткенде, бірақ қызметкердің иеленіп отырған біліктілік сыныбынан жоғары бір біліктілік сыныбынан асырмай белгіленеді.
Қызметтегі ерекше сіңірген еңбегі бар болса біліктілік сыныбы үшін кезектен тыс біліктілік сыныбында еңбек сiңiрген жылдарының мерзіміне қарамастан, бірақ қызметкердің иеленіп отырған біліктілік сыныбынан жоғары бір біліктілік сыныбынан асырмай белгіленеді.
Кезектен тыс біліктілік сыныптарын немесе атқарып отырған штаттық лауазымында көзделген біліктілік сыныбынан бір саты жоғары белгілеу әрбір негіздеме бойынша аржы мониторингі органдарында барлық қызмет ету кезеңі ішінде екі реттен артық емес жүргізіледі.
6. Бұрын салынған тәртіптік жазалауды уақытынан бұрын алып тастау тәртіптік жаза мерзімінің жартысы өткеннен кейін жүргізіледі.
7. Ведомстволық наградалармен марапаттау Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарына сәйкес жүргізіледі.
8. Комитеттің адам ресурстары басқармасына (бұдан әрі – кадр қызметі) көтермелеу туралы ұсынысты жолдауды Комитеттің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары, уәкілетті басшылар бастамашылық етеді.
9. Көтермелеу туралы ұсыныс Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген еңбек сіңірген жылдары бойынша мемлекеттік, кәсіптік, өзге мерекелерді және мерейтой күндерін мерекелеуіне қарай қаралады.
Көтермелеу туралы ұсыныс, сондай-ақ айрықша өзге еңбегі үшін ерекше жағдайларда да енгізіледі.
10. Кадр қызметі қажетті құжаттарды дайындайды және қызметкерлерді көтермелеу туралы мәселесін Қазақстан Республикасының Ведомстволық наградаларымен марапаттау және көтермелеу мәселелері жөніндегі комиссиясының (бұдан әрі - Комиссия) қарауына енгізеді.
Комиссияның құрамы қаржы мониторингі органы басшысының орынбасарынан, сондай-ақ құрылымдық бөлімшелердің басшыларынан, кадр қызметінің, қаржы мониторингі органдарының ішкі қауіпсіздік өкілдерінен қалыптастырылады.
10-тармақтың екінші бөлігі жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 19.02.2019 жылғы № 121 Бұйрығына сәйкес (27.09.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 07.04.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Комиссия тұрақты негізде Комитет төрағасының, ал аумақтық органда – уәкілетті басшысының бұйрығымен қызметкерлерді көтермелеуге объективті көзқарасты қамтамасыз ету үшін құрылады.
11. Комитеттің Комиссиясы шешімді ашық дауыс беру арқылы алқалы түрде ведомстволық наградалармен марапаттау туралы ұсыныс енгізілген күннен бастап бір айдың ішінде қабылдайды. 
Егер Комиссия мүшелері дауысының жалпы санының көпшілігі дауыс берген жағдайда, шешім қабылданды деп есептеледі.
Комиссия шешімдері хаттамамен ресімделеді. Дауыстар тең болған жағдайда Комиссия төрағасы дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі.
12. Комиссия хаттамамен ресімделетін мына шешімдердің бірін қабылдайды:
1) көтермелеу туралы ұсыныс қанағаттандырылсын;
2) көтермелеу туралы ұсыныс қабылданбасын.
13. Комитеттің төрағасы күнтізбелік 10 күн ішінде Комиссияның шешімді шығарған күннен бастап көтермелеу туралы бұйрықты қабылдайды:
14. Наградалармен марапаттау салтанатты жағдайда жүргізіледі және марапатталушының өзіне табыс етіледі.
Наградаларын табыс етуді Комитеттің төрағасы, уәкілетті басшы, немесе оның тапсырмасы бойынша басқа лауазымды тұлғалар жүргізеді. 
15. Көтермелеу бұйрықпен ресімделеді, оның жобасын қаржы мониторингі органдарының кадр қызметі әзірлейді.
15-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 19.02.2019 жылғы № 121 Бұйрығына сәйкес (27.09.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 07.04.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Бұйрыққа Комитеттің төрағасы, уәкілетті басшылар не олардың міндеттерін атқарушы немесе уақытша атқарушы тұлғалар қол қояды.
16. Көтермелеулер туралы барлық мәліметтерді қаржы мониторингі органдарының кадр қызметі тиісті бұйрықты үш жұмыс күннен кешіктірмей мерзімде шығарғаннан кейін қызметкердің жеке ісіне және еңбек кітапшасына енгізеді және оның мәтініне сәйкес келуі тиіс.
16-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 19.02.2019 жылғы № 121 Бұйрығына сәйкес (27.09.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 07.04.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)