Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2015 жылғы 19 қаңтардағы
№ 56 бұйрығына
4-қосымша
Қаржы мониторингі органдарының экономикалық тергеу қызметі қызметкерлерінің кәсіби қызметтік және дене шынықтыру даярлығын ұйымдастыру қағидалары
Редакция 07.04.2019 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Осы Қаржы мониторингі органдарының экономикалық тергеу қызметі қызметкерлерінің кәсіби қызметтік және дене шынықтыру даярлығын ұйымдастыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 6 қаңтардағы Заңының (бұдан әрі – Заң) 36-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленген және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитетінің (бұдан әрі – Комитет) экономикалық тергеу қызметі, оның ішінде кадр резервіне алынған қызметкерлерінің кәсіби қызметтік және дене шынықтыру дайындығын ұйымдастыру мазмұнын және тәртібін айқындайды.
2. Кәсіби қызметтік даярлық – қаржы мониторингі органдары қызметкерлеріне жүктелген қызметтік міндеттерді сәтті атқару үшін қажетті кәсіби білімдер, машықтар және дағдыларды тұрақты жетілдіру мен игерудің ұйымдастырылған және мақсатты процесі.
3. Кәсіби даярлықтың негізгі міндеттері:
1) күрделі жедел ахуал және азаматтық қорғаныс жағдайларында күнделікті қызметтік міндеттерді атқаруға дайындық дағдысын қалыптастыру;
2) нақты бөлімшелерде қызметтің ерекшелігін есепке ала отырып, қызметкердің кәсіби шеберлігін жетілдіру;
3) арнайы техниканы және арнайы құралдарды, заманауи ақпараттық технологияларды және компьютерлік техниканы қолдану дағдыларын жетілдіру;
4) жеке құрамның кәсіби қызметтік және дене шынықтыру даярлығының жоғарғы деңгейіне жету.
4. Кәсіби қызметтік даярлық жүктелген міндеттерді атқару үшін олардың қызметтік әрекеттерінің ерекшелігі мен профилін ескере отырып, қызметкерлердің қажетті білімін нығайтуға және жаңартуға бағытталған шаралар жүйесін қарастырады.
5. Қаржы мониторингі органдарының экономикалық тергеу қызметі қызметкерлерінің кәсіби қызметтік даярлықты дайындау және өткізу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру уәкілетті мемлекеттік, құқық қорғау органдарымен Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Оқу-әдістемелік орталығымен бірлесіп қаржы мониторингі органдарының персоналмен жұмыс істеу бөлімшесіне (бұдан әрі – кадр қызметі) жүктеледі.
6. Кәсіби қызметтік даярлық бойынша оқу өткізуге білім беру ұйымдарының профессорлық-оқытушылық құрамы, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Оқу-әдістемелік орталығының қызметкерлері, қаржы мониторингі органдары құрылымдық бөлімшелерінің жұмыскерлері мен қызметкерлері, басқа министрліктер мен ведомстволардың жұмыскерлері тартылады.
7. Кәсіби қызметтік даярлық бойынша оқыту қыркүйек айында басталады және тоғыз ай бойы жалғасады.
8. Оқу жылы аяқталғаннан кейін кадр қызметі экономикалық тергеу қызметі құрылымдық бөлімшелерінің, сондай-ақ басқа құрылымдық бөлімшелердің ұсыныстары негізінде келесі оқу жылына арналған кәсіби қызметтік даярлық бойынша оқыту жүргізудің тақырыптық жоспарын (бұдан әрі – жоспар) қалыптастырады. Жоспарды экономикалық тергеу қызметі аумақтық бөлімшелерінің қызметіне жетекшілік ететін Комитет төрағасының орынбасары және аумақтық қаржы мониторингі органдары басшыларының орынбасарлары бекітеді.
Бұйрықта кәсіби қызметтік даярлықтың уақыты мен өткізу орны, бөлімшенің атауы, құрылымдық бөлімше бөлімінің басшысынан төмен емес кәсіби қызметтік даярлықты жүргізуді ұйымдастыру бойынша жауапты қызметкердің тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда) және лауазымы көрсетіледі.
9. Кәсіби қызметтік даярлық бойынша оқу екі тақырыптан кем емес жарықтандыра отырып, айына бір реттен кем емес өткізіледі.
10. Бекітілген Жоспарға сәйкес, оқудың басталуына дейін он жұмыс күннен кешіктірмей тиісті тақырып бойынша жауапты бөлімше дәрістік материалдарды осы Қағидада белгіленген талаптарға сәйкес келісу үшін кадр қызметіне ұсынады.
11. Дәрістік материалды жауапты бөлімшенің қызметкері дайындайды. Дәрістерде негізгіні іске асыруда қабылданған ресми қайнар көздерінің, талқылаудың материалдары, қолданулар, түсіндірулер не туынды нормативтік құқықтық актілер, Жоғарғы сот және Конституциялық кеңестің нормативтік қаулылары, заңнамалық актілерге түсініктемелер, Бас прокуратураның, өзге мемлекеттік органдардың түсіндірмелері және басқа нормативтік құқықтық актілер, сондай-ақ мүмкіндігінше жарияланатын мәселе бойынша халықаралық тәжірибенің ұсынымдары, мысалдары, құқық қолдану практикасының проблемалық мәселелері және оларды шешу жолдары, статистикалық ақпарат болады.
Визуалды қабылдау үшін дәрістік материалдар компьютерлік бағдарламаларын не фото-видео материалдарын пайдаланумен тұсаукесер жасаумен сүйемелденеді.
Қаржы мониторингі органдары құрылымдық бөлімшелерінің басшылары дәрістік материалдарды сапалы дайындау үшін жауапты болып табылады.
12. Дәрістік материал осы Қағиданың 11-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда аталған материал үш жұмыс күн ішінде жауапты бөлімшеге пысықтау үшін қайтарылады.
Жауапты бөлімше кемшіліктерді жойғаннан кейін дәрістік материалды мемлекеттік кірістер органдарының кадр қызметіне үш жұмыс күнінің ішінде қайта ұсынады.
13. Кадр қызметі қатысу журналын жүргізумен экономикалық тергеу қызметі қызметкерлерінің оқуға қатысуына бақылауды жүзеге асырады.
14. Кәсіби қызметтік даярлық процесінде пайдаланылған дәрістік материал жинақтау ісіне тігіледі және келесі оқу жылдың басына дейін кадр қызметінде сақталады. Көрсетілген материалды ақпараттардың тиісті электрондық тасымалдағыштарында (дисктер, өзге сақтайтын құрылғылар) сақтауға болады.
15. Сабаққа қатысу кезінде қызметкерлер қызметтік даярлық сабақтарына арналған дәптерлеріне жазбалар жүргізеді. Құпия және аса құпия мәліметтерге рұқсаты бар қызметкерлер үшін сабақ өткізу кезінде конспекттер құпия жазбаларды жүргізуге арналған арнайы (тігілген, нөмірленген, мөрмен белгіленген және құпиялық режимі бөлімшелерінде тіркелген) дәптерлерде жазылады.
Оқу жылы ішіндегі кәсіби қызметтік даярлық қорытындысы бойынша кадр қызметі Қазақстан Республикасының заңнамаларын білуге тестілеу өткізеді.
16. Дене шынықтыру даярлығы күнделікті жұмыста қызметтік міндеттерді атқару үшін қызметкерде қажетті дене шынықтыру дағдыларын қалыптастыруға бағытталған спорттық сабақтардың кешенінен тұрады.
17. Дене шынықтыру даярлығы бойынша оқытуларды ұйымдастыру үшін дене шынықтыру даярлығын жүргізуге жауапты бөлімшені бекітумен, тиісті шараларды жүргізу уақыты мен орнын анықтаумен қаржы мониторингі органдарының басшылары жыл сайын тиісті бұйрық шығарады.
18. Дене шынықтыру даярлығы бойынша сабақтар қаңтар айынан басталады және аптасына екіден кем емес жыл бойы жалғасады.
19. Қаржы мониторингі органдарының экономикалық тергеу қызметінің қызметкерін дене шынықтыру даярлығы бойынша сабақтардан уақытша босату Қазақстан Республикасының мемлекеттік денсаулық сақтау мекемесі берген анықтамаларға сәйкес жүзеге асырылады.
20. Дене шынықтыру даярлығы бойынша сабақтар осы Қағидаға қосымшаларында белгіленген дене шынықтыру даярлығы нормативтерін орындауға бағытталған.
Қаржы мониторингі органдарының
экономикалық тергеу қызметі
қызметкерлерінің кәсіби қызметтік
және дене шынықтыру даярлығын
ұйымдастыру қағидаларына
қосымша
Дене шынықтыру даярлығының нормативтері
Ерлер үшін жалпы нормативтер
|
№
|
Нормативтің атауы
|
Бағалау
|
Медициналық-жас топтары
|
|
30 жасқа дейін
|
31-36
|
37-41
|
42 және одан жоғары
|
|
1.
|
1000 метрге жүгіру (мин)
|
үздік
|
3.2
|
3.4
|
4
|
4.2
|
|
жақсы
|
3.3
|
3.5
|
4.15
|
4.35
|
|
қанағаттанарлық
|
3.4
|
4.1
|
4.25
|
5.1
|
|
2.
|
100 метрге жүгіру (сек)
|
үздік
|
13.0
|
14.0
|
15.0
|
15.8
|
|
жақсы
|
13.7
|
14.5
|
15.7
|
16.5
|
|
қанағаттанарлық
|
14.3
|
15.3
|
17.2
|
18
|
|
3.
|
Салмада тартылу
|
үздік
|
15
|
13
|
9
|
6
|
|
жақсы
|
13
|
11
|
8
|
5
|
|
қанағаттанарлық
|
11
|
9
|
7
|
4
|
|
4.
|
Жатқан қалыпта қолды бүгу және жазу
|
үздік
|
50
|
40
|
30
|
20
|
|
жақсы
|
40
|
30
|
25
|
15
|
|
қанағаттанарлық
|
30
|
20
|
20
|
12
|
|
5.
|
16 кг. гирді көтеру (қайталау саны)
|
үздік
|
23
|
20
|
18
|
17
|
|
жақсы
|
20
|
17
|
15
|
14
|
|
қанағаттанарлық
|
18
|
15
|
13
|
12
|
|
№
|
Нормативтің атауы
|
Бағалау
|
Қашықтық
|
|
1
|
«Байкал-442» АТМ тапаншасынан оқу-жаттығулық ату
|
25-өте жақсы «5-балл»
|
25 метр
|
|
21-жақсы «4-балл»
|
25 метр
|
|
18-қанағаттанарлық «3-балл»
|
25 метр
|
Әйелдер үшін жалпы нормативтер
|
№
|
Нормативтің атауы
|
Бағалау
|
Медициналық-жас топтары
|
|
21-25
|
26-30
|
31-35
|
36-39
|
|
1.
|
60 метрге жүгіру (сек)
|
үздік
|
9,2
|
10,2
|
11,3
|
12,2
|
|
жақсы
|
9,7
|
10,5
|
11,8
|
12,6
|
|
қанағаттанарлық
|
10,2
|
11,0
|
12,3
|
13,2
|
|
2.
|
Отыру немесе пресс (1 минутта саны)
|
үздік
|
35
|
30
|
26
|
18
|
|
жақсы
|
30
|
26
|
22
|
15
|
|
қанағаттанарлық
|
25
|
22
|
18
|
12
|
|
№
|
Нормативтің атауы
|
Бағалау
|
Қашықтық
|
|
1
|
«Байкал-442» АТМ қаруынан оқу-жаттығулық ату
|
21-өте жақсы «5-балл»
|
25 метр
|
|
18-жақсы «4-балл»
|
25 метр
|
|
15-қанағаттанарлық «3-балл»
|
25 метр
|
Оқу атыстары «тұрып қолдан ату» қалпында 25 метр қашықтықта орындалады (екінші қолды ұстап тұруға жол беріледі), ату уақыты шектелмеген, оқтардың саны 6 патрон (3 сыналатын, 3 есептелетін). Қару дайындығы нормативтерін тапсыруды қаржы мониторингі органдарының экономикалық тергеу қызметінің қызметкерлері жүзеге асырады.