Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2015 жылғы 19 қаңтардағы
№ 56 бұйрығына
5-қосымша
Қаржы мониторингі органдарының қарамағында тұрған қызметкерлердің қызмет өткеру Ережесі
Редакция 30.11.2019 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Осы Қаржы мониторингі органдарының қарамағында тұрған қызметкерлердің қызмет өткеру Ережесі (бұдан әрі – Ереже) Қазақстан Республикасының 2011жылғы 6 қаңтардағы «Құқық қорғау қызметі туралы» Заңының 77 бабына және 46-1 бабының 4-тармағына сәйкес әзірленген және Қаржы мониторингі органдарының қарамағында тұрған қызметкерлердің қызмет өткеру тәртібін белгілейді.
2. Қызметкерді атқарып отырған лауазымынан босату және қаржы мониторингі органының қарамағына алу Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитеті төрағасының (бұдан әрі – Комитет төрағасы) немесе аумақтық қаржы мониторингі органының уәкілетті басшысының (бұдан әрі – уәкілетті басшы) бұйрығымен күнтізбелік он бес күннен аспайтын мерзімде жүзеге асырылады.
Ерекше жағдайларда бұл мерзім Комитет төрағасының, уәкілетті басшының бұйрығымен Заңының 46-1-бабына сәйкес екі айға дейін ұзартылады.
Қарамағына алынған қызметкерде соңғы лауазымы бойынша ақшалай құрамы сақталады.
3. Тиісті қаржы мониторингі органының қарамағанда тұрған тұлғаны лауазымға тағайындау күнтізбелік он бес күннен аспайтын мерзімде, бірақ лауазымнан босатылған күннен бастап екі айдан кешіктірмей жүргізіледі.
4. Қарамағындағы тұрған қызметкерге оны лауазымға тағайындау туралы шешім қабылданғанға дейін жұмысқа шығады және қызметкер қарамағына қабылданғанға дейін қызмет өткерген бөлімше басшысының тікелей бағынысында болады, тікелей басшының тапсырмаларын орындайды және қойған міндеттерін орындайды.
5. Қарамағында тұрған қызметкерге тиісті қаржы мониторингі органның белгіленген күн тәртібі толық көлемде қолданылады.
Қарамағына қабылданған қызметкердің жұмыс уақытын бақылауды және есепке алуды қызметкер қарамағына қабылданғанға дейін қызмет өткерген бөлімше басшысы жалпы негіздерде жүзеге асырады.
Қарамағындағы қызметкердің қаржы мониторингі органы орналасқан аумақтан тыс шығуы Комитет төрағасының немесе уәкілетті басшының келісімімен баянат негізінде жүзеге асырылады.
6. Атқаратын лауазымдарынан босатылған және қарамағында тұрған, жыл сайынғы ақылы еңбек демалысын пайдаланбаған қызметкерлерге, оларды қызметте одан әрi пайдалану туралы мәселенiң шешілуі кешiктiрiлген жағдайларда, пайдаланылмаған демалысы берiледi. Оларға жыл сайынғы ақылы еңбек демалысының уақыты үшiн ақшалай қаражат, қарамағына қабылданған күнге негiзгi лауазымы бойынша алатын мөлшерде төленедi.
Қарамағына қабылданған қызметкерге көтермелеу шаралары қолданылады және Заңда көзделген тәртiптiк жазаға тартылады.
7. Қызметкердiң қаржы мониторингі органының қарамағында болу уақыты қызмет өтiлiне, біліктілік сыныбын белгілеу үшiн еңбек сiңiрген жылдарына есептеледi.
8. Қаржы мониторингі органының қарамағында тұрған қызметкер ұсынылған лауазымға орналасудан бас тартқан жағдайда, ол Заңда көзделген негіздеме бойынша қызметтен босатуға жатады.
Қызметкердің ұсынылған лауазымға орналасудан бас тартуы тиісті актіні жасай отырып жазбаша ресімделеді.
9. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Қаржы мониторингі органының
қарауында тұрған қызметкерлердің
құқық қорғау қызметін өткеру
қағидаларына
қосымша
Қаржы мониторингі органдарының қарамағында тұрған қызметкерлердің жұмыс уақытын есепке алу журналы