• Менің таңдаулыларым
Шикі мұнайды және (немесе) газ конденсатын және (немесе) қайта өңдеу өнімдерін өңдеуге мұнай берушілердің кол жеткізу қағидасын бекіту туралы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Түсініктемелер жазу, айту
  • Белгі бауына қою
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца(beta)
  • 1

Шикі мұнайды және (немесе) газ конденсатын және (немесе) қайта өңдеу өнімдерін өңдеуге мұнай берушілердің кол жеткізу қағидасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 2 ақпандағы № 51 бұйрығы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 5 наурызда № 10389 тіркелді

Осы Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 24.06.2016 жылғы № 270 Бұйрығына сәйкес (02.02.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 12.08.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
Редакция 06.01.2025 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
«Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 20 шілдедегі Заңының 7-бабы 18) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған шикі мұнайды және (немесе) газ конденсатын және (немесе) қайта өңдеу өнімдерін өңдеуге мұнай берушілердің қол жеткізу қағидалары бекітілсін.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 24.06.2016 жылғы № 270 Бұйрығына сәйкес (02.02.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 12.08.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
2.  Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мұнай өнеркәсібін дамыту департаменті; 
1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін; 
2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгенінен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрықты мөрлік мерзімдік басылымда және «Әділет» ақпараттық құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдануын; 
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруын;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Энергетика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр В. Школьник
Қазақстан Республикасы
 Энергетика Министрінің
 2015 жылғы 02 ақпандағы
№ 51 бұйрығымен бекітілген
  • 2
Мұнай берушілердің шикі мұнайды және (немесе) газ конденсатын және (немесе) қайта өңдеу өнімдерін өңдеуге қол жеткізу қағидасы
Қағида жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 24.06.2016 жылғы № 270 Бұйрығына сәйкес (02.02.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 12.08.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Шикі мұнайды және (немесе) газ конденсатын қайта өңдеуге мұнай берушілердің қол жеткізу және (немесе) өнімдерді қайта өңдеу қағидасы (бұдан әрі – Қағида) «Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 7-бабының 18-тармағына сәйкес әзірленді және шикі мұнайды және (немесе) газ конденсатын қайта өңдеуге мұнай берушілердің қол жеткізу тәртібін және (немесе) қайта өңдеу өнімдерін айқындайды.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 20.12.2024 жылғы № 475 Бұйрығына сәйкес (24.06.2016 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 06.01.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Осы Қағидада мынадай ұғымдар қолданылады:
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 20.12.2024 жылғы № 475 Бұйрығына сәйкес (24.06.2016 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 06.01.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) қуаты аз мұнай өнімдерін өндіруші – жобалық қуаты жылына сегіз жүз мың тоннадан кем шикі мұнайды және (немесе) газ конденсатын қайта өңдеу көлемін көздейтін технологиялық қондырғыларда мұнай өнімдерін өндіруді жүзеге асыратын мұнай өнімдерін өндіруші;
2) мұнай беруші – өзі дербес өндірген, Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес заттай нысанда төленетін салықтар ретінде Қазақстан Республикасы алған, Қазақстан Республикасының аумағына өзі дербес әкелген (оның ішінде импорттаған) және (немесе) өзара байланысты жер қойнауын пайдаланушыдан және (немесе) Қазақстан Республикасының аумағына әкелуді (оның ішінде импорттауды) жүзеге асырған тұлғадан тікелей сатып алынған шикі мұнайды және (немесе) газ конденсатын мұнай өнімдерін өндірушіге, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде орналасқан мұнай өңдеу зауыттарына беретін және осындай мұнайды және (немесе) газ конденсатын қайта өңдеу нәтижесінде алынған мұнай өнімдерін осы Заңда белгіленген шарттармен өткізуді жүзеге асыратын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағына дербес әкелінген (оның ішінде импортталған) және (немесе) Қазақстан Республикасының аумағына әкелуді (оның ішінде импорттауды) жүзеге асырған тұлғадан сатып алынған және (немесе) жер қойнауын пайдаланушы өзі дербес өндірген шикі мұнайды және (немесе) газ конденсатын қайта өңдеу нәтижесінде алған және (немесе) оларды өзі дербес өндірген шикі мұнайды және (немесе) газ конденсатын қайта өңдеу нәтижесінде алған өзара байланысты жер қойнауын пайдаланушыдан тікелей сатып алынған шикі мұнайды немесе газ конденсатын қайта өңдеу өнімдерін мұнай өнімдерін өндірушіге (қуаты аз мұнай өнімдерін өндірушіні қоспағанда) беретін заңды тұлға болып табылады.
3) мұнай өнімдерін өндіруші – меншік құқығында және (немесе) өзге де заңды негіздерде мұнай өңдеу зауыты бар және өндіріс паспортына сәйкес мұнай өнімдерін өндіруді, сондай-ақ өндірілген меншікті мұнай өнімдерін өткізуді және (немесе) алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу өнімі болып табылатын мұнай өнімдерін беруді жүзеге асыратын заңды тұлға;
Осы Қағидалардың мақсаттары үшін мынадай шарттардың кемінде біреуі сақталған кезде:
мұнай берушіге жер қойнауын пайдаланушыдағы акциялардың (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы тиесілі болса;
жер қойнауын пайдаланушыға мұнай берушідегі акциялардың (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы тиесілі болса;
мұнай берушіні және жер қойнауын пайдаланушыны мұнай берушідегі және жер қойнауын пайдаланушыдағы акциялардың (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы тиесілі тұлға бақыласа, жер қойнауын пайдаланушымен өзара байланысты тұлға мұнай беруші деп танылады.
Осы қағидаларда пайдаланылатын өзге де Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне және Заңға сәйкес ұғымдар қолданылады.
3. Мұнай өнімдерін өндірушілер өздерінің интернет-ресурстарында мұнай берушілер үшін шикі мұнайды және (немесе) газ конденсатын және (немесе) қайта өңдеу өнімдерін өңдеу жөніндегі қызметтер тізбесі, бағалар, алым ставкалары, өндірілетін мұнай өнімдерінің номенклатурасы туралы, сондай-ақ мұнай өңдеу үшін бос қуатының болуы, шикі мұнайды және (немесе) газ конденсатын және (немесе) қайта өңдеу өнімдерін өңдеу жөніндегі қызметіне жүргізуге берілген өтініштерді қабылдаудың басталуы туралы ақпаратты орналастырады.
2-тарау. Мұнай берушілердің шикі мұнайды және (немесе) газ  конденсатын өңдеуге қол жеткізу тәртібі
4. Мұнай өнімдерін өндірушінің көрсетілетін қызметтеріне қол жеткізуді алу үшін мұнай беруші мұнай өнімдерін өндірушіге қағаз жеткізгіште және (немесе) электрондық нысанда шикі мұнайды және (немесе) газ конденсатын және (немесе) қайта өңдеу өнімдерін қайта өңдеу бойынша қызмет көрсетуге өтініш (бұдан әрі – өтініш) жібереді. Өтінішке осы Қағидалардың  11-тармағында көрсетілген талаптардың сақталғанын растайтын құжаттар қоса беріледі.
4-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 20.12.2024 жылғы № 475 Бұйрығына сәйкес (24.06.2016 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 06.01.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
5. Мұнай өнімдерін өндіруші өтініш келіп түскен кезде оны өтініштерді тіркеу журналында тіркейді, ол нөмірленуі, тігілуі және мұнай өнімдерін өндірушінің мөрімен бекітілуі тиіс. Өтініштерді тіркеу журналында өтініштің келіп түскен күні мен уақыты, сондай-ақ оның тіркеу нөмірі жазылады.
6. Мұнай беруші мұнай өнімдерін өндіруші өтініш көшірмесіне тіркеу нөмірі, күні және өтініштің келіп түскен уақыты көрсетілген тиісті бұрыштама қояды.
7. Мұнай беруші мұнай өндірушінің мұнай және (немесе) газ конденсатын және (немесе) қайта өңдеу өнімдерін өңдеу жөніндегі қызметтерінен бас тартқан жағдайда, мұнай өнімдерін өндіруші тиісті қызметтерді кезек бойынша келесі тұрған және өтініші тіркеу журналында тіркелген мұнай берушіге көрсетеді.
8. Мұнай беруші өтініш ұсынған кезде мұнай өнімдерін өндіруші оған шикі мұнайды және (немесе) газ конденсатын және (немесе) қайта өңдеу өнімдерін өңдеу жөнінде көрсетілетін қызметтер туралы, олардың құны, олардың өндірілетін мұнай өнімдерінің номенклатурасы туралы, олардың шикі мұнайды және (немесе) газ конденсатын және (немесе) қайта өңдеу өнімдерін өңдеу жөніндегі қызметтерге қол жеткізу, олардың мұнай өнімдерін өндірушінің шикі мұнайды және (немесе) газ конденсатын және (немесе) қайта өңдеу өнімдерін өңдеу жөніндегі өндірістік қуатының шектелуі туралы хабарлайды.
9. Заңның 4-бабының 1-тармақшасына сәйкес өтінішті қараған кезде мұнай өнімдерін өндіруші мұнай берушілердің шикі мұнайды және (немесе) газ конденсатын өңдеуге қол жеткізу кестесін ескереді. Мұнай өнімдерін өндірушінің бос қуаты болған жағдайда шикі мұнайды және (немесе) газ конденсатын және (немесе) қайта өңдеу өнімдерін өңдеу жөніндегі қызметтер мұнай берушіге өтінішті тіркеу журналында көрсетілген кезекке сәйкес ұсынылады.
10. Мұнай берушінің шикі мұнайды және (немесе) газ конденсатын және (немесе) қайта өңдеу өнімдерін өңдеу жөніндегі қызметтерді алуға арналған өтінішін мұнай өнімдерін өндіруші мәлімделген көлемге қарамастан тең жағдайда қабылдайды.
11. Заңның 18-бабының 5-тармағына сәйкес мұнай өнімдерін өндіруші мынадай талаптар сақталған жағдайда мұнай берушілерге тең қолжетімділікті қамтамасыз етуге тиіс:
11-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 20.12.2024 жылғы № 475 Бұйрығына сәйкес (24.06.2016 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 06.01.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) шикі мұнайдың және (немесе) газ конденсатының, және (немесе) қайта өңдеу өнімдерінің сапасын растайтын құжаттың (сапа паспорты) мұнайды берушіде болуы;
2) кен орнының атауы және қайта өңдеу үшін шикі мұнай және (немесе) газ конденсаты берілетін мұнай өнімдерін өндірушінің (мұнай өнімдерін өндірушіге өткізген жағдайда) атауы көрсете отырып, шикі мұнайды және (немесе) газ конденсатын, және (немесе) қайта өңдеу өнімдерін сатып алу-сату және (немесе) беру шартының мұнайды берушіде болуы;
3) Қазақстан Республикасының автомобиль көлігі туралы, теміржол көлігі туралы, ішкі су көлігі туралы, магистральдық құбыр туралы заңнамасына және Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес берілген тасымалдау құжаттарының мұнайды берушіде болуы.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген құжаттар қағаз жеткізгіште және (немесе) электрондық құжат түрінде ұсынылады.
12. Мұнай жеткізушінің шикі мұнайды және (немесе) газ конденсатын және (немесе) қайта өңдеу өнімдерін қайта өңдеу бойынша көрсетілетін қызметтерді алуға өтінішін мұнай өнімдерін өндіруші өтініш тіркелген сәттен бастап бес жұмыс күні ішінде қарайды. Мұнай берушінің өтінішін қарау нәтижелері туралы мұнай өнімдерін өндіруші оны электрондық нысанда хабардар етеді.
12-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 20.12.2024 жылғы № 475 Бұйрығына сәйкес (24.06.2016 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 06.01.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
13. Шикі мұнайды және (немесе) газ конденсатын өңдеуге алған кезде күнтізбелік он күннің ішінде мұнай өнімдерін өндіруші аккредиттелген тәуелсіз зертханада тексеруді жүзеге асыруға және сапа көрсеткіштері бұрын мәлімдегендерге сәйкес келген кезде күнтізбелік он күннің ішінде шикі мұнайды және (немесе) газ конденсатын және (немесе) қайта өңдеу өнімдерін өңдеуден бас тартуға болады.
14. Мүдделі тұлғаның өтінімдерді қанағаттандырудан бас тартуға негіз болып оның осы Ереженің 11-тармағында өтініш берушінің қойылатын талаптарына сәйкес келмеуі болып табылады.
15. Мұнай өнімдерін өндіруші тарапынан шикі мұнайды және (немесе) газ конденсатын және (немесе) қайта өңдеу өнімдерін қайта өңдеу бойынша көрсетілетін қызметтерді ұсынудан бас тарту осындай бас тартудың себептерін негіздей отырып, күнтізбелік он күн ішінде электрондық нысанда ұсынылады.
15-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 20.12.2024 жылғы № 475 Бұйрығына сәйкес (24.06.2016 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 06.01.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)