• Мое избранное
Дериваттар тізбесін бекіту туралы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Дериваттар тізбесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 16 ақпандағы № 18-03/105 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 18 наурызда № 10489 тіркелді

Редакция 06.01.2026 жылғы жағдай бойынша өзгерістер мен толықтырулармен 
«Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 9-бабы 1-тармағы 68) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің мәселелері» 2019 жылғы 5 шілдедегі № 479 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі туралы ережесінің 15-тармағы 222) тармақшасына және сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің 15.12.2025 жылғы № 346-Ө Бұйрығына сәйкес (26.10.2015 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 06.01.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Қоса беріліп отырған дериваттар тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр А. Мамытбеков
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы Министрінің
 2015 жылғы 16 ақпандағы
 № 18-03/105 бұйрығымен
 бекітілген
Дериваттар тізбесі
Тізбе өзгертілді ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 26.10.2015 жылғы № 18-03/947 Бұйрығымен (16.02.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 03.12.2015 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды

1. Өсімдіктер туындысы

1

Ағаш безі

2

Баданалар

3

Бүршік

4

Жеміс

5

Қосалқы сүрек ресурстары (материалдар)

6

Өркендер

7

Саңырауқұлақтар

8

Тамыр, тамырсабақ

9

Тұқым

10

Түйіндер

11

Шайыр және ағаш шырындары

2. Өсімдіктерден және олардың туындыларынан өндірілген өнім

1

Ағаш көмірі

2

Ағаш өнімдері

3

Гербарийлер

4

Жабайы өсімдіктерден алынатын май

5

Жиһаз бөлшектері

6

Өркеннен алынған шыбықтар

7

Кәдесыйлық бұйымдар

3. Жануарлар туындысы

1

Май

2

Уылдырық

3

Тері

4

Қан

5

Аю өті

6

Балықтың жыныстық бездері (гонадалары)

7

Мүйіз және тұяқ

8

Су омыртқасыздарының жұмыртқалары

9

Жұмыртқа

4. Жануарлардан және оның туындыларынан өндірілген өнім

1

Галантериялық бұйымдар

2

Медициналық препараттар

3

Кәдесый бұйымдары

4

Тұлып

5

Зергерлік бұйымдар

Ескертпе: Дериваттар тізбесі Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерінің халықаралық саудасы туралы конвенцияның талаптарын орындау үшін әзірленген.