• Мое избранное
Внимание! Документ утратил силу с 13.09.2021 г

Отправить по почте

Қоршаған ортаны қорғау саласындағы лицензияланатын қызмет түріне қойылатын біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 14 қаңтардағы № 6 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 26 ақпанда № 10333 тіркелді

Осы Бұйрық күшін жойды 2021 жылғы 13 қыркүйектен бастап ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 12.07.2021 жылғы № 245 Бұйрығына сәйкес 
«Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңының 12-бабының 1-тармағындағы 1-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған қоршаған ортаны қорғау саласындағы лицензияланатын қызмет түріне қойылатын біліктілік талаптарын және оларға сәйкестіктікті растайтын құжаттар тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Экологиялық реттеу, бақылау және мұнай-газ кешеніндегі мемлекеттік инспекциялау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;
2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгенінен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрықты мерзімді баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдануын;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруын;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Энергетика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
 Энергетика министрлігінің
 2015 жылғы 14 қаңтардағы
№ 6 бұйрығымен бекітілген
Қоршаған ортаны қорғау саласындағы лицензияланатын қызмет түріне қойылатын біліктілік талаптары және оларға сәйкестіктікті растайтын құжаттар тізбесі

р/с

Біліктілік талаптары

Құжаттар

Ескертпе

1

2

3

4

1. Шаруашылық және өзге де қызметтің І санаты үшін табиғатты қорғауды жобалау, нормалау және экологиялық аудит жөніндегі қызметке жеке тұлғалар үшін мыналардың болуын қамтиды:

1.

профилі бойынша тиісті жоғары білімі

Мамандығы және біліктілігі көрсетілген, дипломның нөмірі мен күні, берілген орны, оқу орнының атауы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны қосымшаға сәйкес толтырылады.

1. Қағаз түріндегі өтінімге растайтын құжаттың көшірмесі тіркеледі.

2. Порталда электрондық өтінімге электрондық құжат көшірмесі ретінде тіркеледі.

2.

қоршаған ортаны қорғау саласында кемінде үш жыл оның ішінде, экологиялық аудит жөніндегі қызмет үшін табиғатты қорғауды жобалау, нормалау саласындағы практикалық жұмыс тәжірибесі кемінде бір жыл

Қоршаған ортаны қорғау саласында жұмыс өтілінің болуы, экологиялық аудит жөніндегі қызметі үшін табиғатты қорғауды жобалау, нормалау саласындағы жұмыс өтілі (жұмыс өтілі, атқарған лауазымдары, жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтың нөмірі және күні және/немесе жеке еңбек шартының нөмірі және күні) туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны қосымшаға сәйкес толтырылады

1. Қағаз түріндегі өтінімге растайтын құжаттың көшірмесі тіркеледі.

2. Порталда электрондық өтінімге электрондық кұжат көшірмесі ретінде тіркеледі.

3

аккредиттелген мамандандырылған зертхана не көрсетілген зертханалары бар ұйымдардың талдамалық жұмыстарды (қызметтерді) орындауы туралы шарт

Өз зертханасының болуы, аккредиттеу аттестатының нөмірі мен күні, орны, берген орган, берілген аккредиттеу саласы, аккредиттеу атестатының жарамдылық мерзімі көрсетілген мәліметтер нысаны. Өз зертханасы болмаған жағдайда - шарттың нөмірі және күні, жасалған орны, зертханасы бар ұйымның атауы, аккредиттеу аттестатының нөмірі және күні, берілген орны, берген орган, аккредиттеу саласы, аккредиттеу аттестатының жарамдылық мерзімі көрсетілген мәліметтер нысаны қосымшаға сәйкес толтырылады

1. Қағаз түріндегі өтінімге растайтын құжаттың көшірмесі тіркеледі.

2. Порталда электрондық өтінімге электрондық кұжат көшірмесі ретінде тіркеледі.

4

қоршаған ортаға эмиссиялардың нормативтерін есептеу бойынша бағдарламалық кешені

Мыналар:

1) меншігі болып табылатын немесе заңды пайдалануындағы бағдарламалық кешеннің атауы;

2) бағдарламалық кешеннің өндірушісі көрсетілген мәліметтер нысаны қосымшаға сәйкес толтырылады.

1. Қағаз түріндегі өтінімге растайтын құжаттың көшірмесі тіркеледі.

2. Порталда электрондық өтінімге электрондық кұжат көшірмесі ретінде тіркеледі.

2. Шаруашылық және өзге де қызметтің І санаты үшін табиғатты қорғауға қатысты жобалау, нормалау және экологиялық аудит жөніндегі қызметке заңды тұлғалар үшін мыналардың болуын қамтиды:

1.

өтініш иесі басшысының жоғары білімі

Мыналар:

1) мамандығы және біліктілігі, дипломның нөмірі және күні, берілген орны, оқу орнының атауы;

2) басшы ретінде жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтың нөмірі және күні және/немесе жеке еңбек шартының нөмірі және күні көрсетілген ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны қосымшаға сәйкес толтырылады.

1. Қағаз түріндегі өтінімге растайтын құжаттың көшірмесі тіркеледі.

2. Порталда электрондық өтінімге электрондық кұжат көшірмесі ретінде тіркеледі.

2.

осы заңды тұлғаның штатында жұмыс істейтін, қоршаған ортаны қорғау саласында кемінде үш жыл практикалық жұмыс тәжірибесі бар, профилі бойынша тиісті жоғары білімі кем дегенде екі маманның болуы, осы заңды тұлғаның штатында жұмыс істейтін кемінде екі экологиялық аудитор экологиялық аудит қайраткерлеріне

Мыналар:

1) эколог мамандардың Т.А.Ә.;

2) олар атқаратын лауазымдар;

3) қоршаған ортаны қорғау саласындаға жұмыс өтілі (жұмыс өтілі, атқарған лауазымдары, жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтардың нөмірі және күні және /немесе жеке еңбек шартының нөмірі және күні);

4) мамандығы және біліктілігі, дипломның нөмірі мен күні, берілген орны, оқу орнындарының атауы көрсетілген мәліметтер нысаны;

5) эколог аудиторлардың Т.А.Ә.;

6) атқаратын лауазымдары;

7) жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтың нөмірі және күні және /немесе жеке еңбек шартының нөмірі және күні;

8) қызметтің кіші түрі: экологиялық аудит көрсетілген лицензияның нөмірі мен күні көрсетілген ақпарат нысаны қосымшаға сәйкес толтырылады

1. Қағаз түріндегі өтінімге растайтын құжаттың көшірмесі тіркеледі.

2. Порталда электрондық өтінімге электрондық кұжат көшірмесі ретінде тіркеледі.

3

аккредиттелген мамандандырылған зертхана не көрсетілген зертханалары бар ұйымдардың талдамалық жұмыстарды (қызметтерді) орындауы туралы шарт

Өз зертханасының болуы, аккредиттеу аттестатының нөмірі мен күні, орны, берген орган, берілген аккредиттеу саласы, аккредиттеу атестатының жарамдылық мерзімі көрсетілген мәліметтер нысаны. Өз зертханасы болмаған жағдайда - шарттың нөмірі және күні, жасалған орны, зертханасы бар ұйымның атауы, аккредиттеу аттестатының нөмірі және күні, берілген орны, берген орган, аккредиттеу саласы, аккредиттеу аттестатының жарамдылық мерзімі көрсетілген мәліметтер нысаны қосымшаға сәйкес толтырылады

1. Қағаз түріндегі өтінімге растайтын құжаттың көшірмесі тіркеледі.

2. Порталда электрондық өтінімге электрондық кұжат көшірмесі ретінде тіркеледі.

4

қоршаған ортаға эмиссиялардың нормативтерін есептеу бойынша бағдарламалық кешен

Мыналар:

1) меншігі болып табылатын немесе заңды пайдалануындағы бағдарламалық кешеннің атауы;

2) бағдарламалық кешеннің өндірушісі көрсетілген мәліметтер нысаны қосымшаға сәйкес толтырылады.

1. Қағаз түріндегі өтінімге растайтын құжаттың көшірмесі тіркеледі.

2. Порталда электрондық өтінімге электрондық кұжат көшірмесі ретінде тіркеледі.

Қоршаған ортаны қорғау
саласындағы лицензияланатын
 қызмет түріне қойылатын
 біліктілік талаптары және
 оларға сәйкестіктікті
растайтын құжаттар тізбесі
 қосымша
Қоршаған ортаны қорғау саласындағы лицензияланатын қызмет түріне қойылатын біліктілік талаптары және оларға сәйкестіктікті растайтын құжаттар тізбесіне сәйкестік туралы мәліметтер нысандары
1. Шаруашылық және өзге де қызметтің І санаты үшін табиғатты қорғауды жобалау, нормалау және экологиялық аудит жөніндегі қызмет үшін жеке тұлғаларға:
      шетел білім беру ұйымдарымен берілген білім беру туралы құжаттарды тану және нострификациялау туралы куәліктің нөмірі және берілген күні_____;
2) қоршаған ортаны қорғау саласында кемінде үш жыл оның ішінде, экологиялық аудит жөніндегі қызмет үшін табиғатты қорғауды жобалау, нормалау саласындағы практикалық жұмыс тәжірибесі кемінде бір жыл:
      қоршаған ортаны қорғау саласында жұмыс өтілі_____________________;
      табиғатты қорғау жобасы саласында, нормалауда жұмыс өтілі_________;
      жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтың нөмірі және күні және/немесе жеке еңбек шартының нөмірі және күні_________________.
3) Аккредиттелген мамандандырылған зертхана не көрсетілген зертханалары бар ұйымдардың талдамалық жұмыстарды (қызметтерді) орындауы туралы шарт:
      аккредиттеу аттестатының нөмірі және күні _______________________;
      аккредиттеу аттестатының жарамдылық мерзімі ____________________;
      аккредиттеу аттестатының нөмірі және күні ________________________;
      аккредиттеу аттестатының жарамдылық мерзімі_____________________.
4) Қоршаған ортаға эмиссиялардың нормативтерін есептеу бойынша бағдарламалық кешен:
2. Шаруашылық және өзге де қызметтің І санаты үшін табиғатты қорғауды жобалау, нормалау және экологиялық аудит жөніндегі қызмет үшін заңды тұлғаларға:
      шетел білім беру ұйымдарымен берілген білім беру туралы құжаттарды тану және нострификациялау туралы куәліктің нөмірі және берілген күні_____;
      басшы ретінде жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтың нөмірі және күні және/немесе жеке еңбек шартының нөмірі және күні ____________________.
2) Осы заңды тұлғаның штатында жұмыс істейтін профилі бойынша тиісті жоғары білімі, қоршаған ортаны қорғау саласында кемінде үш жыл практикалық жұмыс тәжірибесі бар кем дегенде екі маманның болуы:
      қоршаған ортаны қорғау саласындаға жұмыс өтілі ___________________;
      жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтардың нөмірі және күні және/немесе жеке еңбек шартының нөмірі және күні _____________;
      шетел білім беру ұйымдарымен берілген білім беру туралы құжаттарды тану және нострификациялау туралы куәліктің нөмірі және берілген күні_____.
Экологиялық аудитке: осы заңды тұлғаның штатында жұмыс істейтін, кем дегенде екі эколог аудиторының болуы:
      эколог аудиторының тегі, аты, әкесінің аты _________________________;
      жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтардың нөмірі және күні және /немесе жеке еңбек шартының нөмірі және күні_________________________________;
      қызметтің кіші түрі (экологиялық аудит) көрсетілген лицензияның берілген күні және нөмірі _____________________________________________.
3) Аккредиттелген мамандандырылған зертхана не көрсетілген зертханалары бар ұйымдардың талдамалық жұмыстарды (қызметтерді) орындауы туралы шарт:
      аккредиттеу аттестатының нөмірі және күні ________________________;
      аккредиттеу аттестатының жарамдылық мерзімі _____________________.
      аккредиттеу аттестатының нөмірі және күні ________________________;
      аккредиттеу аттестатының жарамдылық мерзімі_____________________.
4) Қоршаған ортаға эмиссиялардың нормативтерін есептеу бойынша бағдарламалық кешені: