• Мое избранное
Инфрақұрылымды дамытудың 2015 – 2019 жылдарға арналған «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасын бекіту және «Мемлекеттік бағдарламалар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 957 Жарлығына толықтыру енгізу туралы
Внимание! Документ утратил силу с 19.04.2019 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Инфрақұрылымды дамытудың 2015 – 2019 жылдарға арналған «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасын бекіту және «Мемлекеттік бағдарламалар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 957 Жарлығына толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 6 сәуірдегі № 1030 Жарлығы

Осы Жарлыққа Түсініктемені қараңыз
Осы Жарлық күшін жойды ҚР Президентінің 19.04.2019 жылғы № 29 Жарлығына сәйкес
Редакция 05.05.2018 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
Қаулы етемін:
1. Инфрақұрылымды дамытудың 2015 – 2019 жылдарға арналған «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) бекітілсін. 
2. Қазақстан Республикасының Үкіметі: 
1) бір ай мерзімде Қазақстан Республикасы Үкіметінің Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлесін және бекітсін; 
2) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің одан әрі жұмыс істеуінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 4 наурыздағы №931 Жарлығында белгіленген мерзімде және тәртіппен Бағдарламаны мониторингтеу және бағалау нәтижелерін Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ұсынсын.
3. Орталық және жергілікті атқарушы органдар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар Бағдарламаны іске асыру жөнінде шаралар қабылдасын.
4. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
4-тармақ күшін жойды ҚР Президентінің 05.05.2018 жылғы № 681 Жарлығына сәйкес (29.12.2016 ж. редакцияны қараңыз)
5. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.
6. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
 Президентінің
 2015 жылғы 6 сәуірдегі
 № 1030 Жарлығымен
 БЕКІТІЛГЕН
«Нұрлы жол»
инфрақұрылымды дамытудың 2015 - 2019 жылдарға арналған
МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ
Астана, 2015 жыл
1. БАҒДАРЛАМА ПАСПОРТЫ
1-бөлім өзгертілді ҚР Президентінің 11.05.2016 жылғы № 255 Жарлығымен (06.04.2015 ж. редакцияны қараңыз)
1-бөлім өзгертілді ҚР Президентінің 12.12.2016 жылғы № 389 Жарлығымен (11.05.2016 ж. редакцияны қараңыз)
1-бөлім өзгертілді ҚР Президентінің 29.12.2016 жылғы № 398 Жарлығымен (12.12.2016 ж. редакцияны қараңыз)

Бағдарламаның атауы

«Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамытудың 2015 - 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Әзірлеу үшін негіздеме

Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 11 қарашадағы «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық жоспардың 4-тармағы

Бағдарламаны әзірлеуге жауапты мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі

Бағдарламаны іске асыруға жауапты мемлекеттік органдар

Орталық және жергілікті мемлекеттік органдар

Бағдарламаның мақсаты

Қазақстанның ұзақ мерзімді экономикалық өсуін қамтамасыз ету үшін хаб қағидатымен тиімді инфрақұрылым құру негізінде елдің макроөңірлерін интеграциялау арқылы бірыңғай экономикалық нарықты қалыптастыру, көлік инфрақұрылымын халықаралық көлік жүйесіне интеграциялау, транзит әлеуетін іске асыру

Міндеттер

1) Қазақстанның заманауи көлік инфрақұрылымын қалыптастыру, сондай-ақ оның халықаралық көлік жүйесіне интеграциялануын қамтамасыз ету

2) индустриялық инфрақұрылымды және туристік инфрақұрылымды дамыту;

3) Бірыңғай электр энергетикалық жүйе шеңберінде энергетикалық инфрақұрылымды нығайту;

4) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық инфрақұрылымын және жылумен, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін жаңғырту (реконструкциялау және салу);

5) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)

6) білім беру саласының инфрақұрылымын дамыту;

7) кәсіпкерлік субъектілерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру;

8) отандық машина жасауды қолдау;

9) экспортты қолдау;

10) АӨК субъектілерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру;

11) «Бизнестің жол картасы-2020» кәсіпкерлікті қолдаудың бірыңғай бағдарламасының жобаларын инфрақұрлыммен қамтамасыз ету;

12) зертхана базаларын дамыту арқылы өнім сапасының қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

13) болжамды ресурстарды бағалай отырып, Қазақстан аумағының зерттелуін қамтамасыз ету

Іске асыру мерзімі

2015 - 2019 жылдар

Нысаналы индикаторлар

мынадай нысаналы индикаторларға қол жеткізу:

1) 2019 жылы 2014 жылға қатысты ЖІӨ-нің 8,7 %-ға дейін өсуін қамтамасыз ету;

2) 2015-2019 жылдары 392,9 мың адамға арналған жұмыс орындарын құру, оның ішінде: тұрақты - 96,5 мың адам; уақытша - 296,4 мың адам;

3) 2019 жылы базалық инфрақұрылым сапасы бойынша ДЭФ рейтингін 57-орынға дейін жоғарылату;
4) 2019 жылы Қазақстан Республикасының аумағы арқылы, оның ішінде теміржол және автомобиль көлігі түрлерімен транзиттік жүктердің көлемін 18,1 млн. тоннаға дейін ұлғайту.

Қаржыландыру көздері мен көлемі
Қаржыландыру көздері мен көлемі жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 29.12.2016 жылғы № 398 Жарлығына сәйкес (12.12.2016 ж. редакцияны қараңыз)
“Нұрлы жол” мемлекеттік бағдарламасының іс-шаралары мен инвестициялық жобалары Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының, республикалық және жергілікті бюджеттердің, халықаралық қаржы институттары мен ұйымдардың қаражаты, ұлттық компаниялар мен даму институттарының меншікті қаражаты, сондай-ақ жекеше инвестициялар есебінен 7,6 трлн. теңге жалпы индикативтік сомада қаржыландырылатын болады, оның ішінде: 



Қаржыландыру көздері



Қажетті қаражат



(млрд. теңге)



Бағдарлама бойынша барлық шығыстар:



7 676,1



Республикалық бюджет



429,4



Ұлттық қор



2 355,9



Жергілікті бюджет



299,4



Халықаралық қаржы институттары мен ұйымдар



3 954,2



Ұлттық компаниялар мен даму институттарының меншікті қаражаты



597,9



Жекеше инвестициялар мен МЖӘ



39,3”;

2. Кіріспе
Осы «Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) Мемлекет басшысының 2014 жылғы 11 қарашадағы «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына Жолдауын, сондай-ақ «100 нақты қадам» Ұлт жоспары институционалдық реформаларының бесінші бағытын іске асыру мақсатында әзірленді.
2-бөлімнің бірінші бөлігі жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 12.12.2016 жылғы № 389 Жарлығына сәйкес (11.05.2016 ж. редакцияны қараңыз)
Бағдарлама Алматы, Астана, Ақтөбе, Шымкент және Өскемен қалаларын ұлттық және халықаралық деңгейдегі заманауи инфрақұрылымы бар хаб-қалалар ретінде айқындай отырып және мемлекеттік көлік инфрақұрылымын халықаралық көлік жүйесімен интеграциялай отырып, елдің макроөңірлерін қалыптастыру арқылы Қазақстанның бірыңғай экономикалық нарығын құруға бағытталған.
2-бөлімнің екінші бөлігі жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 12.12.2016 жылғы № 389 Жарлығына сәйкес (11.05.2016 ж. редакцияны қараңыз)
Хаб-қалалар макроөңірлердің экономикалық белсенділігінің орталықтары, капитал, ресурстар, озық технологиялар мен көрсетілетін қызметтер шоғырланатын орталықтар болады. Хаб-қалалар көші-қон ағындарының тартылыс нүктелеріне айналады және табиғи урбандалуға ықпал етеді. Макроөңірлердің басқа ірі қалалары немесе екінші деңгейдегі қалалар хаб-қаламен «шұғыла» қағидаты бойынша байланысты болады.
Хаб-қалаларды дамыту және макроөңірлерді ықпалдастыру көлік, индустриялық, тұрғын үй, әлеуметтік және энергетикалық инфрақұрылымдарды тиімді дамыту негізінде қамтамасыз етіледі, құрылыс материалдарына, өнеркәсіп өніміне және жабдыққа айтарлықтай сұраныс тудырады, өңдеу өнеркәсібінің дамуына ықпал етеді.
Жаһандану жағдайында Қазақстан экономикасын әлемдік жүйемен сәтті интеграциялау үшін мультимодальды тасымалдарды дамыта отырып, халықаралық заманауи көлік дәліздері жұмыс істейтін болады.
2-бөлім бесінші бөлікпен толықтырылды ҚР Президентінің 12.12.2016 жылғы № 389 Жарлығына сәйкес
Іскерлік белсенділікті ұлғайту мақсатында өңдеу өнеркәсібі саласындағы шағын және орта бизнес, ірі кәсіпкерлік үшін қаржыландырудың қолжетімділігін арттыру бойынша жұмыс жалғасады.
Экономиканың жекелеген секторларын (машина жасау, аграрлық), өңдеу өнеркәсібінің отандық экспорттаушыларын қолдау жөніндегі шараларды іске асыру және басқа да іс-шаралар сыртқы нарықтарда конъюнктураның нашарлауы жағдайларында ағымдағы өндіріс көлемін, қазіргі жұмыс орындарын сақтауды және жаңаларын құруды қамтамасыз етеді.
Тұтастай алғанда, инфрақұрылымды дамытуға және кәсіпкерлікті қолдауға мемлекеттік инвестицияларды ұлғайту арқылы Бағдарламаны іске асыру қысқа мерзімді перспективада ғана экономикалық өсуге ықпал етіп қоймай, ұзақ мерзімді перспективада орнықты өсу үшін де алғышарттар жасайды.
Инфрақұрылымдық жобаларды іске асырудан кешенді, синергетикалық нәтиже алу үшін ілеспе іс-шаралар қолданыстағы бағдарламалық құжаттар (Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2015 - 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы, Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016 - 2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасы, Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016 - 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы, Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы, «Бизнестің жол картасы-2020» кәсіпкерлікті қолдаудың бірыңғай бағдарламасы, «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» ) шеңберінде жүзеге асырылатын болады.
2-бөлімнің сегізінші бөлігі жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 11.05.2016 жылғы № 255 Жарлығына сәйкес (06.04.2015 ж. редакцияны қараңыз)
2-бөлімнің сегізінші бөлігі жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 12.12.2016 жылғы № 389 Жарлығына сәйкес (11.05.2016 ж. редакцияны қараңыз)
3. Ағымдағы жағдайды талдау
3-бөлім өзгертілді ҚР Президентінің 12.12.2016 жылғы № 389 Жарлығымен (11.05.2016 ж. редакцияны қараңыз)
3-бөлім өзгертілді ҚР Президентінің 29.12.2016 жылғы № 398 Жарлығымен (12.12.2016 ж. редакцияны қараңыз)​
Соңғы жылдары Қазақстанда инфрақұрылымды дамыту мен жаңғыртуды талап ететін бірқатар үрдістер байқалады.
Біріншіден, халық саны мен урбандалу деңгейінің өсуі қала инфрақұрылымының озыңқы дамуын қажет етеді.
Екіншіден, экономика мен экономикалық байланыстардың өсуі, бизнестің жоғары көліктік және әкімшілік шығыстары, сондай-ақ жаңа қалыптасып келе жатқан өңірлік нарықтар елдің инфрақұрылымдық мүмкіндіктерін арттыруды және жаңа деңгейдегі көлік қызметтерін ұсынуды айқындап берді.
3-бөлімнің үшінші бөлігі жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 12.12.2016 жылғы № 389 Жарлығына сәйкес (11.05.2016 ж. редакцияны қараңыз)
Үшіншіден, Азия-Еуропа бағыты бойынша өсіп келе жатқан жүк айналымы мен елдің транзиттік әлеуеті Қазақстанның халықаралық көліктік-коммуникация легіне одан әрі интеграциялануын негіздейді.
3-бөлім төртінші бөлікпен толықтырылды ҚР Президентінің 12.12.2016 жылғы № 389 Жарлығына сәйкес
Қазақстанда ішкі бірыңғай нарықтың қалыптасуын мынадай факторлар қиындатады:
өңірлер арасында тауарлар қозғалысын, еңбек көші-қонын қамтамасыз ететін көлік жолдарының жеткіліксіздігі;
өңірлік сәйкессіздіктердің пайда болуына ықпал ететін өңірлердің өнеркәсіптік дамуының әртүрлі деңгейі;
халықтың ұтымды қоныстанбауы - солтүстікте еңбек ресурстарының тапшы болуы және оңтүстікте «жұмыс қолының» шамадан тыс артық болуы;
тұрғын үй-коммуналдық және әлеуметтік салалар жүйесінің біркелкі дамымауы.
Макроөңірлердің 2013 жылғы көрсеткіштері

Макроөңір

Халық (млн. адам)

Елдің ЖІӨ-сіндегі үлесі

Жан басына шаққандағы ЖӨӨ, АҚШ долл.

Оңтүстік

6,6

17%

7720

Орталық-шығыс

3,5

18%

12030

Батыс

2,6

27%

25660

Солтүстік

2,2

9%

8907

Алматы қаласы

1,5

19%

28523

Астана қаласы

0,8

10%

26790

Елдің оңтүстігі халық ең тығыз орналасқан макроөңір болып табылады, бұл ретте мұнда жан басына шаққандағы ЖӨӨ ең төмен (7,7 мың АҚШ доллары). Ең аз халық елдің солтүстігінде тұрады. Өңірдің елдің ЖІӨ-дегі үлесі де төмен. Орталық-шығыс өңір халық саны бойынша екінші орында және мұнда ел ЖІӨ-нің бестен бір бөлігі шоғырланған. Батыс өңірі халық саны бойынша үшінші орында және ол жан басына шаққандағы жоғары ЖӨӨ-мен елдің ЖІӨ-не қосатын үлесі бойынша көш бастап отыр. Алматы және Астана жан басына шаққандағы ЖӨӨ деңгейі бойынша алдыңғы қатарда.
Оңтүстік макроөңірде урбандалу деңгейі ең төмен (35%) және экономикалық тұрғыдан белсенді халықтың үлесі де (49%) барынша аз. Мұнда ел бойынша тұрғын үймен қамтамасыз етілу де ең төмен (17,5 м2 / адам) болып келеді.
Өңір экономикасының негізгі мамандануының бірі ауыл шаруашылығы болып табылады, оның ЖІӨ құрылымындағы үлесі 10%-дан асады.
Ауыз суға қолжетімділік бар болғаны 49%-ға қамтамасыз етілген.
Өңірде электр энергиясын өндіру қажетті көлемінің жартысын ғана (11 млн. МВт) қамтамасыз етеді.
Жергілікті бюджеттің 50%-ынан астамы әлеуметтік салаға жұмсалатынына қарамастан, кедейшілік шегі, аналар және нәрестелер өлімі бойынша өңірдің әлеуметтік көрсеткіштері соңғы орында тұр. Оқушы орындарының тапшылығы ел бойынша ең жоғары (33 мың орын).
Солтүстік макроөңірде урбандалу деңгейі 47%-ды құрады. Өңір өмір сүру ұзақтығының ең төмен болуымен (68,7 жас) және бала туу деңгейінің төмендігімен (1000 адамға 16 адам) ерекшеленеді. Өңірде орташа жас 36 жасты құрайды. Сонымен қатар теріс көші-қон сальдосы байқалады: 2009 жылдан бері көшіп келген адамдарға қарағанда, көшіп кеткендер саны 21 мыңға артық. Экономикалық тұрғыдан белсенді халық үлесі ел бойынша ең жоғары (60%). Өңірде еңбек ресурстарының тапшылығы (4,6 мың адам) сезіледі.
Аталған макроөңірге елдің өңделетін ауыл шаруашылығы алқаптарының 72%-ы тиесілі. Бұл ретте ЖӨӨ-де ауыл шаруашылығының үлесі 30%-ға жетеді.
Жолдардың 42%-дан астамы қанағаттарлықсыз күйде (Солтүстік-Қазақстан - 44%, Қостанай - 42%, Ақмола - 41%).