Toggle Dropdown
Электр энергиясын пайдалану қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы № 143 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 6 наурызда № 10403 тіркелді
Редакция 06.11.2021 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 21) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Электр энергиясын пайдалану қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Электр энергетикасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруын;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Энергетика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Энергетика министрі В. Школьник
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
_______________ Е. Досаев
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2015 жылғы 25 ақпандағы
№ 143 бұйрығымен
бекітілген
Электр энергиясын пайдалану қағидалары
1. Осы Электр энергиясын пайдалану қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңы (бұдан әрі – Заң) 5-бабының 21) тармақшасына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының аумағында энергия өндіруші, энергия беруші, энергиямен жабдықтаушы ұйымдар мен тұтынушылардың электр энергиясын пайдалану тәртібін айқындайды.
Энергия өндіруші, энергия беруші, энергиямен жабдықтаушы ұйымдар мен электр энергиясын тұтынушылар арасында көтерме және бөлшек сауда нарықтарында туындайтын қатынастар Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексімен, Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы заңнамасымен және осы Қағидалармен реттеледі.
2. Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар мен анықтамалар:
1) есептік кезең – тұтынылған электр энергиясы есепке алынатын және тұтынушыға төлеу үшін ұсынылатын электрмен жабдықтау шартымен айқындалатын уақыт кезеңі;
2) коммерциялық есепке алу жүйесін салыстырып тексеру (бұдан әрі – Салыстырып тексеру) – мемлекеттік метрологиялық қызмет немесе басқа да аккредиттелген заңды тұлғалардың өлшем құралдарының белгіленген метрологиялық талаптарға сәйкестігін анықтау және растау мақсатында орындайтын операциялар жиынтығы;
3) коммерциялық есепке алу құралдарының көрсеткіштерін алу - тұтынушы тұтынған электр энергиясының көлемін (мөлшерін) анықтайтын коммерциялық есепке алу құралының көрсеткіштерін есептейтін әрекет және ол коммерциялық есепке алу құралының техникалық жай-күйін тексеру болып саналмайды;
4) қосалқы тұтынушы – тұтынушының электр желілеріне тікелей қосылған тұтынушы;
5) пломбалау құрылғысы (пломба, пломбалайтын темірарқан) – бұл рұқсатсыз қолжетімділікті бақылауды қамтамасыз ететін бекітілетін тетігі бар бір рет пайдаланатын құрылғы;
6) сараптама ұйымы – энергетикалық сараптама жүргізуге аккредиттелген ұйым;
7) рұқсат етілген қуат – тұтынушыға берілген техникалық шарттарда келісілген немесе қоректендіру ұшындағы қорғаныш автоматының немесе сақтандырғыштардың нақтылы тогымен анықталатын электр энергиясын тұтынудың ең жоғарғы ықтимал қуаты;
8) тараптардың пайдалану жауапкершілігінің шекарасы – теңгерімдік тиесілік немесе электрмен жабдықтау шарты бойынша анықталатын және тараптардың шаруашылық жүргізуші субъектілер арасындағы тиісті теңгерімдік тиесілігі мен пайдалану жауапкершілігін бөлу актісімен расталған күту, қызмет көрсету және техникалық жай-күйге жауапты осы шаруашылық жүргізуші субъектілері арасындағы энергетикалық жабдықты және (немесе) электр желісін бөлу нүктесі;
9) технологиялық бронь – үздіксіз технологиялық процесті аяқтау және адамдардың өмірі мен қоршаған ортаға қауіпті болғызбау үшін қажетті электр энергиясының ең аз шығысы (ең аз тұтыну қуаты) және уақыт ұзақтығы;
10) техникалық шарттар – электр желілеріне қосылуды орындау үшін қажетті техникалық талаптар;
11) төлем құжаты – осының негізінде тұтынушылар төлем жүргізетін құжат (төлем шоты, фактура шоты, хабарландыру, түбіртек);
12) тұтынушы – шарт негізінде электр энергиясын тұтынатын жеке немесе заңды тұлға;
13) уәкілетті орган – электр энергетикасы саласында басшылық ететін мемлекеттік орган;
14) шарттық қуат – тұтынушының рұқсат етілген қуат шегінде бір сағат ішінде пайдаланатын электр энергиясының энергиямен жабдықтаушы ұйыммен келісілген орташа мөлшері;
15) электр желісінің теңгерімдік тиесілік шекарасы – электр энергиясы нарығының шаруашылық жүргізуші субъектілері: энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдар мен тұтынушылар, сондай-ақ тұтынушылар мен қосалқы тұтынушылар арасындағы электр желісінің теңгерімдік тиесілігі бойынша анықталатын электр желісін бөлу нүктесі;
16) электр қондырғысы – электр энергиясын өндіруге, түрлендіруге, өзгертуге, беруге, тұтынуға және (немесе) оны энергияның басқа түріне түрлендіруге арналған машиналар, аппараттар, желілер мен қосалқы жабдықтар (олар орнатылған құрылыстар мен орынжайларды бірге алғанда) жиынтығы;
17) электр энергиясын есепке алу схемасы – электр энергиясын есепке алудың есеп айырысу үшін берілетін және тұтынылатын электр энергиясының есепке алуды қамтамасыз ететін құралдарының белгілі бір электрлік қосылуы;
18) электр энергиясымен жабдықтау шарты – электр энергиясымен жабдықтаушы ұйым тұтынушыға қосылған желі арқылы электр энергиясын беруге, ал тұтынушы қабылдаған электр энергиясы үшін төлеуге міндеттенетін келісім;
19) электр энергиясын коммерциялық есепке алу схемасын тексеру – энергия беруші немесе энергия өндіруші ұйым өкілінің есепке алу құралдарының жай-күйін және оның қосылу схемасын анықтау мақсатында тұтынушының немесе оның өкілінің қатысуымен жүргізетін операциялар жиынтығы;
20) электр энергиясының коммерциялық есепке алу жүйесі – электр энергиясы мен қуаты шығынын анықтау үшін коммерциялық есепке алу құралдарының жиынтығы (электр энергиясын есептеуіш, ток пен кернеудің өлшеу трансформаторы) және өзара белгіленген схема арқылы жалғанған құрылғы (коммутациялық аппарат);
21) электр энергиясының қабылдағышы (электр қабылдағышы) – электр энергиясын энергияның басқа түріне өзгертуге арналған аппарат, агрегат, тетік;
22) электр энергиясы нарығының субъектілері – энергия өндіруші, энергия беруші, энергиямен жабдықтаушы ұйымдар, электр энергиясын тұтынушылар, жүйелік оператор, электр энергиясының орталықтандырылған сауда операторы, қаржы-есеп айырысу орталығы;
23) электр энергиясының сапасы – электр энергиясының Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген нормаларына сәйкестік дәрежесі (МЕМСТ 13109-97).
Осы Қағидаларда пайдаланылатын өзге де ұғымдар мен терминдер Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы заңнамасына сәйкес қолданылады.
2-тарау. Электр энергиясын пайдалану тәртібі
1-параграф. Электрмен жабдықтауды ұйымдастыру
3. Тұтынушыларды электрмен жабдықтау төмендегідей жүзеге асырылады: