«Ішкі су көлігі туралы» 2004 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 9-бабы 1-тармағының сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Отправить по почте
Кемелердегі қызмет жарғысын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 74 бұйрығы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 17 наурызда № 10454 тіркелді
«Ішкі су көлігі туралы» 2004 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 9-бабы 1-тармағының сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті (Ә.А. Асавбаев):
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін, бұйрықтың көшірмесін күнтізбелік он күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында және «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы «Әділет» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелгеннен кейiн он жұмыс күні iшiнде осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралар туралы мәлiметтердi Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлiгiнiң Заң департаментiне ұсынуды қамтамасыз етсiн.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму бірінші вице-министрі Ж.М. Қасымбекке жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі Ә. Исекешев
«КЕЛІСІЛДІ»: Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі ____________ Т.Қ. Дүйсенова 2015 жылғы 13 ақпан
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 74 бұйрығымен бекітілген
Кемелердегі қызмет жарғысы
1. Жалпы ережелер
1. Осы Кемелердегі қызмет жарғысы (бұдан әрі - Жарғы) «Ішкі су көлігі туралы» 2004 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 9-бабы 1-тармағының 26-24) тармақшасына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының ішкі суларында жүзетін кемелердегі қызметті ұйымдастырудың негізгі ережелерін айқындайды.
2. Осы Жарғының талаптары олар кемеде болған кезде де, сол сияқты олардың жағада қызметтік функцияларын орындаған кезінде де кеме экипажы мүшелерімен, сондай-ақ кемеде уақытша болатын және онда қызметтік функциялар мен жұмыстар орындайтын басқа адамдармен сақталынады.
3. Кеме экипажының барлық мүшелері кемеге капитанның жазбаша келісімімен тағайындалады.
4. Экипаж мүшелерінің осы Жарғыға кірмеген лауазымдық функциялары кеме капитанының келісімі бойынша кеме иесінің лауазымдық нұсқаулықтарымен белгіленеді.
5. Экипаждың еңбегін қолданыстағы еңбек заңнамасына, Заңға және осы Жарғыға сәйкес кеме капитаны ұйымдастырады.
6. Барлық экипаж мүшелерінің, сондай-ақ жолаушылар ретінде кемеде уақытша болатын адамдардың функцияларын белгілейтін кеме кестелері кемелердегі қызметті ұйымдастырудың негізі болып табылады.
2. Кеме экипажы
7. Кеме экипажының мүшелері тиіс:
1) су көлігі қызметкерлерінің абыройы мен намысын сақтауға;
2) коммерциялық құпияны сақтауға;
3) мемлекеттік меншікті сақтауға;
4) Қазақстан Республикасы заңдарының, осы Жарғының, бұйрықтардың, қағидалар мен нұсқаулықтардың талаптарын орындауға;
5) тұрақта және жүру кезінде вахтада болуға және атқаратын қызметіне сәйкес кеме жұмыстарын орындауға;
6) сыпайы, тәртіпті болуға, лауазымы бойынша үлкендердің нұсқауларын жедел және дәл орындауға;
7) өзінің функцияларын білуге, адал және ынтамен орындауға, материалдарды үнемшілдікпен жұмсауға, кеме мүлкіне ұқыпты қарауға, өндірістік жоспарлар мен рейстік тапсырмаларды орындауға белсене қатысуға;
8) кеменің құрылымын, өзінің мамандығын, оны меңгеруді және оларға қатысты терминдерді білуге;
9) өздерінің кәсіби білімдерін ұдайы жетілдіріп отыруға;
10) өзінің меңгеруіндегі жұмысты жарамды күйде ұстауға және оны үздіксіз қамтамасыз етуге;
11) еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау, өрт қауіпсіздігі ережелерінің және санитарлық ережелердің талаптарын білуге және қатаң сақтауға;
12) дабыл бойынша өзінің функцияларын білуге және дәл орындауға, авариялық-құтқару және өртке қарсы мүлікті, құрал-саймандармен, жеке және ұжымдық құтқару құралдарын пайдалана алуға және олардың орналастырылған жерлерін, апат сигналдарын білуге, ішкі байланыс және дабылдар бойынша сигнал беру жүйелерін пайдалануға;
13) таза және ұқыпты киінуге, нысанды киіммен жүру ережесін сақтауға;
14) кемеде тазалық пен тәртіпті сақтауға;
15) ластануына жол бермей, табиғи ортаны қорғауға.
8. Экипаждың әрбір мүшесі кеменің қауіпсіздігі туралы қамқорлық жасауға тиіс және кемеге, адамдарға, жүкке төнетін қауіпті анықтаған кезде бір мезгілде оны жою жөнінде шаралар қабылдай отырып, бұл туралы вахталық бастығына шұғыл хабарлайды.
9. Кемедегі немесе тұрмыстық техниканы (оның кімнің меңгеруінде екендігіне қарамастан) пайдаланатын адамдар оның мақсаты бойынша пайдаланылуы үшін жауап береді, ал жұмысында жарамсыздықтарды анықтаған кезде, ол осы техника меңгеруінде тұрған адамға дереу хабарлайды.
10. Кеменің адамдардың үлкен тобы пайдаланатын техникалық және тұрмыстық құралдары өздерінің меңгеруіндегі экипаж мүшелері әрбір құрал бойынша онымен жұмыс істеу нұсқаулығы болуын қадағалайды.
11. Экипаж мүшелеріне вахта бастығының рұқсатынсыз, кеме техникасының уақытша істен шығуына байланысты жөндеу жұмыстарын жүргізуге тыйым салынады.
12. Кемені тиісті жай-күйде және жарамдылықта ұстау үшін корпус пен қондырманың барлық элементтері, кеме ғимараттары, тетіктері, жүйелері, құрылғылары, қосалқы бөлшектері, құрал-саймандары, аспаптары мен жабдықтары меңгерілуі жөніндегі кестемен экипаждық әдіс кезінде кеме экипажының мүшелеріне немесе бригадалық әдіспен жұмыс істеу кезінде бір мезгілде кемеде болатын бригадалар (бригада) мүшелеріне бекітіледі.
13. Кеме экипажының мүшелері өздеріне сеніп тапсырылған құндылықтардың сақталуын қамтамасыз етеді.
14. Экипаждарсыз, өзі жүрмейтін кемелермен жұмыс істейтін, өзі жүретін кеме экипажына осы кемелерді қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ету үшін қосымша функциялар жүктеледі.
15. Экипаж мүшелері капитан жариялаған авариялық және қауырт жұмыстарды орындайды. Авариялық жұмыстарға капитанның қалауы бойынша кемеде уақытша болатын адамдар да тартылуы мүмкін.
16. Қызметтік функцияларды атқару кезіндегі өзара қарым-қатынас ресми болуға тиіс.
17. Қызмет бойынша өкімдерді бұйрықтар түрінде береді. Бұйрық нақты және қысқа болуға тиіс. Бұйрықты беруші оның дұрыс түсінілгеніне көз жеткізеді. Бұйрықты алушы оны орындасымен, сол сияқты оны орындау мүмкіндігі болмаған кезде бұйрық беруші адамға хабарлайды.
18. Командалық құрамның басқа тұлғасынан орындалуы біріншіні орындауға кедергі келтіретін жаңа бұйрық алған жағдайда, орындаушы бұл туралы екінші бұйрықты берген адамға мәлімдейді және одан әрі оның нұсқауы бойынша әрекет жасайды.
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |