«Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 9-бабы 1-тармағының 50) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Отправить по почте
Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын уәкілетті органның ведомствосы мен оның аумақтық бөлімшелерінің лауазымды адамдарының, сондай-ақ мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың жануарлар дүниесін тікелей қорғауды жүзеге асыратын айырым белгілері бар (погондарсыз) нысанды киім киіп жүруге құқығы бар, жұмыскерлерінің тізбесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2015 жылғы 25 ақпандағы № 18-04/128 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 27 наурызда № 10546 тіркелді
Осы Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 02.11.2018 жылғы № 446 Бұйрығына сәйкес (25.02.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 14.01.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Редакция 14.01.2019 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 9-бабы 1-тармағының 50) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын уәкілетті органның ведомствосы мен оның аумақтық бөлімшелерінің лауазымды адамдарының, сондай-ақ мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың жануарлар дүниесін тікелей қорғауды жүзеге асыратын айырым белгілері бар (погондарсыз) нысанды киім киіп жүруге құқығы бар, жұмыскерлерінің тізбесі бекітілсін.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 02.11.2018 жылғы № 446 Бұйрығына сәйкес (25.02.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 14.01.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін ;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануға жіберілуін;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен сон қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушы С. Омаров
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 25 ақпандағы № 18-04/128 бұйрығымен бекітілген
Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын уәкілетті органның ведомствосы мен оның аумақтық бөлімшелерінің лауазымды адамдарының, сондай-ақ мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың жануарлар дүниесін тікелей қорғауды жүзеге асыратын, айырым белгілері бар (погондарсыз) нысанды киім киіп жүруге құқығы бар, жұмыскерлерінің тізбесі
Осы Тізбенің тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 02.11.2018 жылғы № 446 Бұйрығына сәйкес (25.02.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 14.01.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің (бұдан әрі - Комитет) төрағасы - Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторы.
2. Комитет төрағасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы реттеу мен бақылау мәселелерімен айналысатын орынбасарлары - Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторының орынбасары.
3. Комитеттің жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы реттеу мен бақылау мәселелерімен айналысатын басқармалар басшылары мен бас сарапшылары - Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі аға мемлекеттік инспекторы.
4. Комитеттің жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы реттеу мен бақылау мәселелерімен айналысатын сарапшылары - Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторы.
5. Комитеттің аумақтық бөлімшелердің басшылары - тиісті облыстың Жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторы.
6. Комитеттің аумақтық бөлімшелері басшыларының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы реттеу мен бақылау мәселелерімен айналысатын орынбасарлары - тиісті облыстың жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторының орынбасары.
7. Комитеттің аумақтық бөлімшелердің жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы реттеу мен бақылау мәселелерімен айналысатын бөлімдерінің басшылары - тиісті облыстың жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі аға мемлекеттік инспекторы.
8. Комитеттің аумақтық бөлімшелердің жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы реттеу мен бақылау мәселелерімен айналысатын бас және жетекші мамандары - тиісті облыстың жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторы.
9. Жануарлар дүниесін тікелей қорғауды жүзеге асыратын мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың басшылары және олардың орынбасарлары - жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі инспектор.
10. Аға қорықшы, қорықшы - жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі инспектор.
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |