Жер қойнауын пайдалану саласындағы ұлттық компаниялар қызметінің аражігін ажыратуды бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 3 сәуірдегі № 189 қаулысы
Редакция 30.12.2018 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» 2010 жылғы 24 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабының 13-1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған жер қойнауын пайдалану саласындағы ұлттық компаниялар қызметінің аражігін ажырату бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының мүдделі орталық және жергілікті атқарушы органдары, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы (келісім бойынша) заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыны іске асыру үшін қажетті шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Peспубликасының Премьер-Mинистрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2015 жылғы 3 сәуірдегі
№ 189 қаулысымен
бекітілген
Жер қойнауын пайдалану саласындағы ұлттық компаниялар қызметінің аражігін ажырату
Ескертпе: осы жер қойнауын пайдалану саласындағы ұлттық компаниялар қызметінің аражігін ажырату мемлекеттің басым құқығын іске асырған, ұлттық компанияның келісімшарттарға үлестік қатысуын көздейтін келісімшарттарда мемлекеттік мүдделерді білдірген, тікелей келіссөздер негізінде конкурстар өткізбестен жер қойнауын пайдалану құқығын алуға құқығы бар ұлттық компанияларды айқындаған, сондай-ақ құзыретті орган келісімшарт қолданысын мерзімінен бұрын тоқтатқан жағдайда келісімшарт аумағын сенімгерлік басқаруға қабылдаған кезде қолданылады.