• Мое избранное
Ақталған адамға бірыңғай үлгідегі куәлік беру қағидаларын, ақталған адамның куәлігінің үлгісін бекіту және "Саяси қуғын-сүргінге ұшырап ақталған адамдарды куәлікпен қамтамасыз ету тәртібі туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 22 қазандағы № 1055 қаулысының күші жойылды деп тану туралы
Внимание! Документ утратил силу с 17.03.2022 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Ақталған адамға бірыңғай үлгідегі куәлік беру қағидаларын, ақталған адамның куәлігінің үлгісін бекіту және "Саяси қуғын-сүргінге ұшырап ақталған адамдарды куәлікпен қамтамасыз ету тәртібі туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 22 қазандағы № 1055 қаулысының күші жойылды деп тану туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 2 сәуірдегі № 184 қаулысы

Осы Қаулы күшін жойды 2022 жылғы 17 наурыздан бастап ҚР Үкіметінің 16.03.2022 жылғы № 127 Қаулысына сәйкес
Редакция 23.11.2020 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен  
«Жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарын ақтау туралы» 1993 жылғы 14 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 18 және 24-баптарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған:
1) Ақталған адамға бірыңғай үлгідегі куәлік беру қағидалары;
2) Ақталған адамның куәлігінің үлгісі бекітілсін.
2. «Саяси қуғын-сүргінге ұшырап ақталған адамдарды куәлікпен қамтамасыз ету тәртібі туралы» Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 22 қазандағы № 1055 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
2015 жылғы 2 сәуірдегі
 № 184 қаулысымен
 бекітілген
Ақталған адамға бірыңғай үлгідегі куәлік беру қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 09.11.2020 жылғы № 745 Қаулысына сәйкес (02.04.2015 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 23.11.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
         1. Осы Ақталған адамға бірыңғай үлгідегі куәлік беру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарын ақтау туралы» 1993 жылғы 14 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 18-бабына сәйкес әзірленді және ақталған адамға бірыңғай үлгідегі куәлік беру тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) ақтау туралы анықтама - Заңда айқындалған жағдайларда және тәртіппен прокуратура органдары, сот беретін құжат;
2) ақталған адам - заңға сәйкес ақталған адам;
3) ақталған адамның куәлігін беру жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – аудандардың жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері, облыстық маңызы бар қалалардың жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармалары, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармалары.
3-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 09.11.2020 жылғы № 745 Қаулысына сәйкес (02.04.2015 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 23.11.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2-тарау. Ақталған адамның куәлігін беру тәртібі
2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 09.11.2020 жылғы № 745 Қаулысына сәйкес (02.04.2015 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 23.11.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
         3. Ақталған адамға бірыңғай үлгідегі куәлік беру туралы өтінішті (бұдан әрі - өтініш) саяси қуғын-сүргінге ұшырап ақталған адам өзі не өкілі (бұдан әрі - өтініш беруші) осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша уәкілетті органға береді.
Өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі:
1) жеке басын куәландыратын құжат;
2) ақтау туралы анықтама не сот ұйғарымының (қаулысының) көшірмесі;
3) өкілі арқылы жүгінген жағдайда - оның өкілеттіктерін растайтын құжат.
Салыстырып тексеру үшін құжаттың төлнұсқасы және көшірмелері ұсынылады, содан кейін құжаттың төлнұсқасы өтініш берушіге қайтарылады.
Өтінішті тіркеу ақталған адамның бірыңғай үлгідегі куәлігін (бұдан әрі - куәлік) алуға үміткер адамдарды тіркеу журналында жүзеге асырылады. Өтініштің тіркелген күні, құжаттарды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні көрсетілген өтініштің жыртпалы талоны өтініш берушіден құжаттар топтамасының қабылданғанын растайтын құжат болып табылады.
4. Уәкілетті орган өтініш тіркелген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде куәлік беруді есепке алу журналына белгі қоя отырып, өтініш берушіге куәлікті береді.
5. Куәлік жоғалған және/немесе бүлінген жағдайда, ақталған адам осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішпен уәкілетті органға жүгінеді. Өтініштің тіркелген күні, құжаттарды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні көрсетілген өтініштің жыртпалы талоны өтініш берушіден құжаттар топтамасының қабылданғанын растайтын құжат болып табылады.
6. Уәкілетті орган өтініш берілген күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей, «телнұсқа» мөртаңбасы басылатын куәліктің телнұсқасын береді.
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
2015 жылғы 2 сәуірдегі
 № 184 қаулысымен
 бекітілген
Ақталған адамның
куәлігінің үлгісі
 Куәліктің алдыңғы беті
Қазақстан Республикасының
Елтаңбасы
Герб
Республики Казахстан
Ақталған адамның
КУӘЛІГІ
УДОСТОВЕРЕНИЕ
реабилитированного лица
 Куәліктің ішкі жағы
 

__________________________________

Куәлікті берген уәкілетті органның атауы

__________________________________

Название уполномоченного органа

__________________________________

выдавшее удостоверение

КУӘЛІК

сериясы ______ № ________

серия

УДОСТОВЕРЕНИЕ

ФОТО





М.О./М.П.

________________

Тегі / Фамилия ________________

Аты/ Имя

________________

Әкесінің аты/ Отчество

________________

Қолы / Подпись





Куәлікті ұсынушы адамның «Жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген жеңілдіктер мен артықшылықтарға құқығы бар.

Куәліктің мерзімі белгіленбеген және Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында қолданылады.

Берілген күні 201_ ж. «_» ____

М.О. __________________________________

Уәкілетті орган басшысының қолы

Предъявитель удостоверении имеет право на льготы и преимущества, установленные Законом Республики Казахстан «О реабилитации жертв массовых политических репрессий».

Удостоверение бессрочное и действует на всей территорий Республики Казахстан.

Дата выдачи «__» ___ 201_ г.

М.П.

__________________________________

Подпись руководителя уполномоченного органа

Ақталған адамға бірыңғай
 үлгідегі куәлік беру қағидаларына
 және ақталған адамның
 куәлігінің үлгісіне
 қосымша
____________________________________
 (уәкілетті органның атауы)
____________________________________
(өтініш берушінің Т.А.Ә (бар болса))
____________________________________
 (тұратын мекенжайы)
Ақталған адамның куәлігін (телнұсқасын) беру туралы өтініш
«Жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарын ақтау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес маған жеңілдіктерге құқықты растайтын ақталған адамның куәлігін (куәліктің телнұсқасын) беруді сұраймын.
Өтінішке мынадай құжаттарды қоса беремін:
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
Ұсынылған құжаттардың төлнұсқалығы үшін құқықтық жауапкершілікті мойныма аламын.
Куәлікті беру үшін қажетті менің дербес деректерімді жинауға және өңдеуге келісім беремін.
       20___жылғы «__» __________            _______________________
                                            (өтініш берушінің қолы)
 Құжаттарды: ____________________________________________ қабылдады.
     (құжаттарды қабылдаған адамның Т.А.Ә. (бар болса), лауазымы)
       20___жылғы «__» _________  ____________________________________
                                 (құжаттарды қабылдаған адамның қолы)
---------------------------------------------------------------------
                         (қию сызығы)
 

ж

ы

р

т

ы

л

а

т

ы

н

т

а

л

о

н

________________________________ өтініші қоса берілген құжаттарымен бірге қабылданды, өтінішті тіркеу күні: 20_____ ж. «___» ___________ (көрсететін қызметті алу күні өтініш уәкілетті органда тіркеген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні) 20_____ ж. «___» ___________

________________________________________________________

________________________________________________________

________________________________________________________

құжаттарды қабылдаған адамның ТА.Ә. (бар болса), лауазымы мен қолы