• Менің таңдаулыларым
Сараптама ұйымдарына қойылатын рұқсат беру талаптарын бекіту туралы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Түсініктемелер жазу, айту
  • Белгі бауына қою
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца(beta)
  • 4

Сараптама ұйымдарына қойылатын рұқсат беру талаптарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 13 ақпандағы № 110 бұйрығы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 18 наурызда № 10496 тіркелді

Осы Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Ішкі істер министрінің 13.07.2018 жылғы № 513 Бұйрығына сәйкес (13.02.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 13.08.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Редакция 22.08.2025 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен  
«Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 1-тармағының 67) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Төтенше жағдайлар министрінің м.а. 06.08.2025 жылғы № 311 Бұйрығына сәйкес (13.07.2018 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 22.08.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Сараптама ұйымдарына қойылатын қоса берiлiп отырған рұқсат беру талаптары бекiтiлсiн
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ішкі істер министрінің 13.07.2018 жылғы № 513 Бұйрығына сәйкес (13.02.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 13.08.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті (В.В. Петров):
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жариялануын;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрілігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары В.К. Божкоға жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр полиция генерал-лейтенанты Қ. Қасымов
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2015 жылғы 13 ақпандағы
 № 110 бұйрығымен
 бекітілген
  • 2
Сараптама ұйымдарына қойылатын рұқсат беру талаптары
Талаптар жаңа редакцияда жазылды ҚР Ішкі істер министрінің 13.07.2018 жылғы № 513 Бұйрығына сәйкес (13.02.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 13.08.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
1. Осы сараптама ұйымдарына қойылатын рұқсат беру талаптары (бұдан әрі - рұқсат беру талаптары) сараптама ұйымының өрт қауіпсіздігі саласындағы аудит жөніндегі қызметті жүзеге асыру бойынша жұмыстарды орындауға сәйкестігін анықтау мақсатында әзірленген.
2. Өрт қауіпсіздігі саласындағы аудит жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін сараптама ұйымына мынадай рұқсат беру талаптары қойылады:
1) штатта мынадай талаптардың біреуіне сәйкес келетін кемінде үш маманның болуы:
1-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Төтенше жағдайлар министрінің м.а. 06.08.2025 жылғы № 311 Бұйрығына сәйкес (13.07.2018 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 22.08.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
өрт қауіпсіздігі мамандығы бойынша жоғары білімінің болуы;
басқа да жоғары білімінің және мемлекеттік және (немесе) кәсіби өртке қарсы қызметтерде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі функцияларды тікелей орындаумен кемінде бес жыл жұмыс өтілінің болуы;
2) меншік құқығындағы немесе өзге де заңды негізде сараптама ұйымына тиесілі үй-жайдың болуы.