Toggle Dropdown
2
Террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалу жүйесіне қойылатын талаптарды бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 3 сәуірдегі № 191 қаулысы
Toggle Dropdown
«Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» 1999 жылғы 13 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 3-тармағының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Toggle Dropdown
1. Қоса беріліп отырған Террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалу жүйесіне қойылатын талаптар бекітілсін.
Toggle Dropdown
2. Осы қаулы 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 2-бөлімді және 2015 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін 3-бөлімді қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімов
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2015 жылғы 3 сәуірдегі
№ 191 қаулысымен
бекітілген
Toggle Dropdown
2
Террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалу жүйесіне қойылатын талаптар
Toggle Dropdown
1. Жалпы ережелер
Toggle Dropdown
1. Қазақстан Республикасының террористік тұрғыдан осал объектілерінің тізбесіне енгізілген террористік тұрғыдан осал әрбір объектінің осы террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалу жүйесіне қойылатын талаптарға (бұдан әрі - талаптар) сәйкес терроризмге қарсы қорғалу жүйесі болуы тиіс.
Toggle Dropdown
2. Террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалу жүйесін (бұдан әрі - жүйе) құру мақсаты олардың террористік қауіп-қатердің әсерінен қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады.
Toggle Dropdown
3. Осы талаптарда пайдаланылатын ұғымдар мен терминдер:
Toggle Dropdown
1) террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалу жүйесі - ғимараттардың, құрылыстар мен өзге де объектілердің терроризмге қарсы қауіпсіздігін қамтамасыз етуде пайдаланылатын инженерлік-техникалық нығайтылу, кіруді бақылау және басқару жүйесі, байланыс және хабардар ету жүйесі, телевизиялық бейнебақылау, сондай-ақ жарықтандыру жүйесі құрауыштарының жиынтығы;
Toggle Dropdown
2) инженерлік-техникалық нығайтылу - күзетілетін аймақтарға санкциясыз кіруге және басқа да қылмыстық қолсұғушылықтарға қарсы қажетті іс-қимылды қамтамасыз ететін конструктивті элементтер;
Toggle Dropdown
3) периметр - күзетілетін аумақтың (аймақтың) қоршалған құрылыс конструкцияларымен (тосқауылдармен) және бақылау-өткізу пункттерімен жабдықталған шекарасы;
Toggle Dropdown
4) бақылау-өткізу пункті - адамдарды және көлік құралдарының рұқсат берілген түрін өткізуді қамтамасыз етуге арналған арнайы үй-жай;
Toggle Dropdown
5) қауіпті аймақ - өздеріне қатысты террористік қауіп-қатерді іске асыру теріс салдарға әкеп соқтыруы мүмкін үй-жай, учаскелер және конструктивті элементтер;
Toggle Dropdown
6) күзетілетін аймақ - күзет сигнализациясы жүйесінің көмегімен бақыланатын параметрлердің өзгеруі анықталуы мүмкін (тиіс) ғимараттың және/немесе аумақтың (объектінің) бір бөлігі;
Toggle Dropdown
7) күзет шебі - объектінің белгілі бір аймағын немесе үй-жайды (периметр, көлем және оларға келу жолдары) бақылайтын инженерлік-техникалық құралдар мен қауіпсіздік жүйелерінің жиынтығы, олардан өту кезінде объектінің жай-күйін бақылау жабдығына немесе алып жүруге болатын хабарландырғыштарға (дыбыс, жарық индикациясы) тиісті хабарлама беріледі;
Toggle Dropdown
8) күзет сигнализациясының жүйесі - күзету объектісіне санкциясыз енуді, күзетілетін объекті тұтастығының бұзылуын анықтауға, объекті тұтастығының бұзылуы туралы ақпаратты жинауға, өңдеуге, беруге және сол қалпында ұсынуға арналған бірлесе әрекет ететін техникалық құралдардың жиынтығы;
Toggle Dropdown
9) күзет сигнализациясының шебі - электр тізбегіне тізбектеліп біріктірілген, осы тізбекке енгізілмеген басқа техникалық құралдардан тәуелсіз күзетілетін аймаққа (аймақтарға) ену (енуге әрекет) туралы хабарлама беруге мүмкіндік беретін күзет сигнализациясының бірлесе әрекет ететін техникалық құралдарының жиынтығы;
Toggle Dropdown
10) орталықтандырылған бақылау пульті - дербес техникалық құрал (техникалық құралдардың жиынтығы) немесе күзетілетін объектілерге ену туралы дабыл хабарламаларды қабылдау үшін орталықтандырылған күзет пунктінде орнатылатын хабарламаларды, қызметтік және бақылау-диагностикалық хабарламаларды беру, алынған ақпаратты өңдеу, көрсету, тіркеу және одан әрі өңдеу үшін, сондай-ақ (кері арна болған кезде) телебасқару командасына беру үшін оны сол қалпында ұсыну жүйесінің құрамдас бөлігі;
Toggle Dropdown
11) кіруді бақылау және басқару жүйесі - техникалық, ақпараттық, бағдарламалық, пайдалану үйлесімділігі бар және адамдар мен көліктің кіруін бақылауды және басқаруды жүзеге асыратын бірге әрекет ететін бақылау мен басқарудың техникалық құралдарының (механикалық, электр-механикалық, электр, электрондық құрылғылар, конструкциялар мен бағдарламалық құралдар) жиынтығы;
Toggle Dropdown
12) байланыс жүйесі - объектіні күзету қызметтерінің іс-қимылын жедел басқаруды қамтамасыз етуге арналған жедел байланыс жүйесі;
Toggle Dropdown
13) хабардар ету жүйесі - террористік тұрғыдан осал объектідегі адамдарды төтенше жағдайлар (авария, өрт, табиғи зілзала, шабуыл жасау, террористік акт) кезіндегі дабыл және қалыптасқан жағдайдағы іс-әрекеттер туралы жедел ақпараттандыруға (жарықпен және/немесе дыбыстық) арналған техникалық құралдар жиынтығы;
Toggle Dropdown
14) телевизиялық бейнебақылау жүйесі - объектінің жай-күйі туралы көрсетілімдерді алуға арналған техникалық, ақпараттық, бағдарламалық және пайдалану үйлесімділігі бар бірлесіп әрекет ететін техникалық құралдардың жиынтығы;
Toggle Dropdown
15) күзет бөлімшелері - террористік тұрғыдан осал объектілерді күзетуді қамтамасыз ететін күзет қызметінің субъектілері.
Toggle Dropdown
4. Осы талаптар қолданыстағы, жаңадан жобаланатын, реконструкцияланатын және техникалық жаңғыртылған жеке меншік және ведомстволық бағыныстылық нысанына қарамастан, Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан террористік тұрғыдан осал объектілерге қойылады, сондай-ақ объектілерге қылмыстық қолсұғушылыққа қарсы іс-қимыл жасау мақсатында оларды инженерлік-техникалық құралдармен және қауіпсіздік жүйелерімен жарақтандырудың нормаларын, тәртібін белгілейді.
Toggle Dropdown
5. Мемлекеттік күзетуге жататын объектілердің инженерлік-техникалық нығайтылуы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 қазандағы № 1151 қаулысымен бекітілген талаптарға сәйкес қамтамасыз етіледі.
Toggle Dropdown
Қарулы Күштер объектілерінің инженерлік-техникалық нығайтылуына қойылатын талаптар «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының жалпы әскери жарғыларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 5 шілдедегі № 364 Жарлығына сәйкес, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бұйрықтарымен айқындалады.
Toggle Dropdown
Күзетілетін адамдардың келуіне арналған террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалу жүйесіне қойылатын қосымша талаптарды Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі осы талаптарды, олардың қауіпсіздігін қажетті деңгейде қамтамасыз ететін ұйымдастырушылық, күзет, режимдік және өзге де шаралардың көлемі мен ерекшелігін ескере отырып белгілейді.
Toggle Dropdown
1
2. Аса маңызды мемлекеттік, стратегиялық, қауіпті өндірістік объектілердің терроризмге қарсы қорғалу жүйесіне қойылатын талаптар
Периметрдің инженерлік-техникалық нығайтылуына қойылатын талаптар
Toggle Dropdown
6. Аумағы бар объекті периметрі бойынша адамдар мен көлік құралдарының бақылау-өткізу пунктін орап өтіп, объектіге және объектіден еркін өтуіне кедергі жасайтын қоршаумен жабдықталады.
Toggle Dropdown
Магистральдық құбырлар мен кен орындарының аумақтары да адамдар мен көлік құралдарының күзетілетін аймақтарға еркін өтуіне кедергі жасайтын қоршаумен жабдықталуы мүмкін.
Toggle Dropdown
7. Қоршау күрделі құрылыс болып табылады және үлгілік жобалар бойынша салынады.
Toggle Dropdown
8. Қоршау:
Toggle Dropdown
1) еркін өтуді болдырмайтын және объектінің режимдік шарттарын қанағаттандыратын биік әрі жерге терең орнатылған болуы;
Toggle Dropdown
2) конструкциясы қарапайым, беріктігі жоғары сапалы және ұзақ уақытқа төзімді болуы;
Toggle Dropdown
3) одан өтуді жеңілдететін түйіндер мен конструкциялардың болмауы тиіс.
Toggle Dropdown
9. Сыртқы қоршауда жабылмайтын есіктер, қақпалар, кішкене қақпалар, сондай-ақ тесіктер, сыналар және басқа да зақымданулар болмауы керек.
Toggle Dropdown
10. Қауіптілігі жоғары учаскелерде периметрді таранға қарсы және (немесе) өзге де қосымша бөгеуші құрылғыларды орнату арқылы күшейтуге болады.
Toggle Dropdown
Периметр инженерлік-техникалық конструкциялардан басқа жарықтандыру, байланыс және телевизиялық бейнебақылау жүйесі құралдарымен жарақталады.
Toggle Dropdown
11. Объектілер периметрінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін инженерлік-техникалық конструкциялар мынадай сипаттамаларға сәйкес болуы тиіс:
Toggle Dropdown
1) барлық маусымдар мен тиісті климаттық аймақтардың сыртқы климаттық факторларына төзімділігі;
Toggle Dropdown
2) индустриялық кедергілерден және көлік құралдары, құстар мен жануарлар туындататын кедергілерден қорғалуы.
Toggle Dropdown
12. Жарылғыш, аса қауіпті, бактериологиялық, биологиялық заттар, иондаушы сәулелендіру көздері, радиоактивті және қос мақсаттағы материалдарды әзірлеу, өндіру, сынау жұмыстарын жүргізумен айналысатын ұйымдардың объектілері мен үй-жайларының сыртқы қоршауына Ядролық материалдарды және ядролық қондырғыларды жеке қорғау туралы ережеге, сондай-ақ радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі санитариялық-гигиеналық талаптарға, тиісті қолдану саласындағы басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкес арнайы талаптар қолданылады.
Toggle Dropdown
13. Өткізу режимі орнатылған аса маңызды мемлекеттік, стратегиялық, қауіпті өндірістік объектілер бақылау-өткізу пункттерімен жарақталады.
Toggle Dropdown
14. Бақылау-өткізу пункттерінің саны адамдар мен көлік құралдарының қажетті өту қабілетін қамтамасыз етуді ескере отырып айқындалады.
Toggle Dropdown
Автокөліктік бақылау-өткізу пункті адамдар өтуге арналған орталық бақылау-өткізу пунктіне жақын жерде орналасуы тиіс.
Toggle Dropdown
Автомобиль және теміржол көлігінің өткізетін бақылау-өткізу пунктін қатар қолдануға жол беріледі.
Toggle Dropdown
15. Бақылау-өткізу пункттері ғимараттарының (үй-жайларының) сыртқы қоршау конструкциялары (қабырғалар мен жабындар) құқыққа қарсы сипаттағы іс-әрекеттерді қоса алғанда, сыртқы әсерлерге төзімді болуы және жақсы шолынуы тиіс.