«Тауар биржалары туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 4 мамырдағы Заңының 4-бабының 2-2) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
Отправить по почте
Биржалық тауарлардың тізбесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 26 ақпандағы № 142 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 31 наурызда № 10587 тіркелді
Осы Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Сауда және интеграция министрінің 23.08.2019 жылғы № 24 Бұйрығына сәйкес (30.01.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 13.09.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Редакция 26.03.2023 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Тауар биржалары туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 4 мамырдағы Заңының 4-бабының 2-2) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған биржалық тауарлардың тізбесі бекітілсін.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Сауда және интеграция министрінің 23.08.2019 жылғы № 24 Бұйрығына сәйкес (30.01.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 13.09.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Сауда қызметін реттеу департаменті:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде тіркелгеннен кейін ресми он күнтізбелік күн ішінде оның мерзімді баспа басылымдар және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануына жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсында жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика жетекші вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр Е. Досаев
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму Министрінің міндеттерін атқарушы __________________ А. Рау 2015 жылғы 4 ақпан
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі __________________ А. Мамытбеков 2015 жылғы 2 наурыз
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 26 ақпандағы № 142 бұйрығымен бекітілген
Биржалық тауарлардың тізбесі
Ең аз мөлшер өзгертілді ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 08.01.2016 жылғы № 5 Бұйрығымен (26.02.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 10.03.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды Ең аз мөлшер өзгертілді ҚР Ұлттық экономика министрінің 30.01.2017 жылғы № 29 Бұйрығымен (08.01.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 27.03.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды Тізбе жаңа редакцияда жазылды ҚР Сауда және интеграция министрінің 23.08.2019 жылғы № 24 Бұйрығына сәйкес (30.01.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 13.09.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі) Тізбе жаңа редакцияда жазылды ҚР Сауда және интеграция министрінің м.а. 28.12.2020 жылғы № 312-НҚ бұйрығына сәйкес (23.08.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 16.01.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі) Тізбе жаңа редакцияда жазылды ҚР Сауда және интеграция министрінің 13.08.2021 жылғы № 498-НҚ Бұйрығына сәйкес (28.12.2020 ж. редакцияны қараңыз)(орындау тәртібің 4-тармағың қараңыз) Тізбе өзгертілді ҚР Сауда және интеграция министрінің 15.09.2021 жылғы № 526-НҚ Бұйрығымен (13.08.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.10.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі) Тізбе өзгертілді ҚР Премьер Министрінің орынбасары - Сауда және интеграция министрінің 10.03.2023 жылғы № 104-НҚ Бұйрығымен (15.09.2021 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 26.03.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
|
|||||||
№ |
Топ |
Тауар |
Тауарлардың атауы |
ЕАЭО СЭҚ ТН коды* |
Тауарларды жеткізу партиясының ең төмен мөлшері, ол тең болған немесе одан асып кеткен кезде, оларды өткізу тауар биржасы арқылы ғана жүзеге асырылады |
Тауар биржалары арқылы міндетті түрде өткізуге жататын тауардың ең төменгі үлесі және аталған міндет қолданылатын субъектілердің санаттары |
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
|
1 |
Энергия тасығыштар |
Көмір |
Тас көмір; тас көмірден алынған брикеттер, шекемтастар және қатты отынның ұқсас түрлері** |
2701 |
|
Келесі өндірістік жылға ішкі нарыққа ай сайын бөлу жоспарланған коммуналдық-тұрмыстық көмірдің жалпы жылдық көлемінің 50% - ы. Жер қойнауын пайдалануға (көмір кесіндісі, көмір шахтасы) және (немесе) көмірді қайта өңдеуге (байытуға) арналған келісімшартқа сәйкес өндіруді жүзеге асыратын көмір өндіруші. |
|
Гагаттан басқа, агломерацияланған немесе агломерацияланбаған лигнит немесе қоңыр көмір** |
2702 |
|
Келесі өндірістік жылға ішкі нарыққа ай сайын бөлу жоспарланған коммуналдық-тұрмыстық көмірдің жалпы жылдық көлемінің 50% - ы. Жер қойнауын пайдалануға (көмір кесіндісі, көмір шахтасы) және (немесе) көмірді қайта өңдеуге (байытуға) арналған келісімшартқа сәйкес өндіруді жүзеге асыратын көмір өндіруші. |
|
|||
2 |
Ауыл шаруашылығы өнімдері |
Бидай және меслин |
Бидай және меслин |
1001 19 000 0, 1001 91 900 0, 1001 99 000 0 |
|
Алдыңғы айда биржадан тыс сауда алаңында өткізілген бидайдың нақты санының 5% - ы. Астықты экспорттайтын астық нарығының субъектісі. Астықты ішкі нарықта өткізетін астық нарығының субъектісі (ауыл шаруашылығы тауарын өндірушіні қоспағанда). |
|
Қант |
Қант |
1701 |
60 тонна |
|
|
||
Арпа |
Арпа |
1003 10 000 0, 1003 90 000 0 |
|
Алдыңғы айда биржадан тыс сауда алаңында өткізілген арпаның нақты мөлшерінің 5%. Астықты экспорттайтын астық нарығының субъектісі. Астықты ішкі нарықта өткізетін астық нарығының субъектісі (ауыл шаруашылығы тауарын өндірушіні қоспағанда). |
|
||
|
|
Ұнтақталған немесе ұнтақталмаған соя бұршақтары |
Ұнтақталған немесе ұнтақталмаған соя бұршақтары |
1201 |
60 тонна |
|
|
|
|
Балғын немесе тоңазытылған картоп |
|
0701 |
60 тонна |
|
|
|
|
Кардтық немесе тарақпен тарауға ұшыраған мақта талшығы |
|
5203 00 000 0 |
600 тонна |
|
|
3 |
Минералды өнімдер |
Боялмаған немесе боялған, дайын немесе күйдірілген цемент тасы нысанында портландцемент, глиноземдік цемент, қож цемент, суперсульфатты цемент және ұқсас гидравликалық цементтер |
|
2523 |
60 тонна |
|
|
4 |
Мұнай өнімдері |
битум |
мұнай битумы |
2713 20 000 0 |
|
Ағымдағы өндірістік жылдың ішкі нарығына жеткізуге жоспарланған битумның жалпы жылдық көлемінің 10%-ы. Өзіне меншік құқығымен тиесілі көмірсутек шикізатынан өндірілген битумды өндіруші, битумның меншік иесі. |
|
|
автомобиль бензині*** |
автомобиль бензині октандық саны 92 немесе одан да көп, бірақ 95-тен кем |
2710 12 413 0 |
|
|
|
|
|
автомобиль бензині*** |
автомобиль бензині октандық саны 95 немесе одан да көп, бірақ 98-тен кем |
2710 12 450 0 |
|
|
|
|
|
автомобиль бензині*** |
автомобиль бензині октандық саны 98 немесе одан да көп |
2710 12 490 0 |
|
|
|
|
|
реактивті қозғалтқыштарға арналған отын*** |
реактивті қозғалтқыштарға арналған отын |
2710 19 210 0 |
|
|
|
|
|
дизель отыны*** |
жазғы дизель отыны |
2710 19 421 0 |
|
|
|
|
|
дизель отыны*** |
қысқы дизель отыны |
2710 19 422 0 |
|
|
|
|
|
дизель отыны*** |
арктикалық дизель отыны |
2710 19 423 0 |
|
|
|
|
|
дизель отыны*** |
маусымаралық дизель отыны |
2710 19 424 0 |
|
|
|
|
|
дизель отыны*** |
өзге дизель отыны |
2710 19 425 0 |
|
|
|
Ескертпе:
* – ЕАЭО СЭҚ ТН – Еуразиялық экономикалық одақтың Сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасы;
** – көрсетілген міндет көмір өндіретін компаниялардың коммуналдық-тұрмыстық көмірді жергілікті атқарушы органдар айқындайтын операторларға олардың кейіннен халыққа жеке пайдалануы үшін өткізуіне қолданылады;
*** – тауар биржалары арқылы өткізілетін автомобиль бензинін, дизель отынын және реактивті қозғалтқыштарға арналған отынды өткізу көлемін мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті орган «Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 7-тармағына сәйкес мұнай өнімдерін беру жоспарының шеңберінде белгілейді.
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |