• Менің таңдаулыларым
Байқау кеңесінің мүшелерін конкурстық іріктеу және олардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату қағидалары

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Түсініктемелер жазу, айту
  • Белгі бауына қою
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца(beta)
  • 1

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 ақпандағы № 113 бұйрығына 3-қосымша

Байқау кеңесінің мүшелерін конкурстық іріктеу және олардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату қағидалары
Редакция 06.06.2025 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен  
1-тарау. Жалпы ережелер
1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық экономика министрінің 24.11.2022 жылғы № 87 Бұйрығына сәйкес (26.02.2018 ж. редакцияны қараңыз)
1. Осы Қағидалар «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 148-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және денсаулық сақтау, білім беру және ғылым салаларындағы шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындардағы байқау кеңесінің мүшелерін (бұдан әрі – байқау кеңесінің мүшелері) конкурстық негізде іріктеу және олардың өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату тәртібін айқындайды.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық экономика министрінің 24.11.2022 жылғы № 87 Бұйрығына сәйкес (26.02.2018 ж. редакцияны қараңыз)
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР ПремьерМинистрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 12.07.2024 жылғы № 58 Бұйрығына сәйкес (26.05.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 26.07.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Конкурс осы бұйрықта айқындалған талаптарға (бұдан әрі – Талаптар) сәйкес тиісті саланың уәкілетті органының (жергілікті атқарушы органның) өкілдері болып табылатын байқау кеңесінің мүшелерін қоспағанда, байқау кеңесінің мүшелерін іріктеу мақсатында өткізіледі.
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық экономика министрінің 24.11.2022 жылғы № 87 Бұйрығына сәйкес (26.02.2018 ж. редакцияны қараңыз)
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық экономика министрінің 26.05.2023 жылғы № 86 Бұйрығына сәйкес (24.11.2022 ж. редакцияны қараңыз)
2-тарау. Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындардағы байқау кеңесінің мүшелерін конкурстық іріктеуді ұйымдастыру және өткізу тәртібі
2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық экономика министрінің 24.11.2022 жылғы № 87 Бұйрығына сәйкес (26.02.2018 ж. редакцияны қараңыз)
  • 2
3. Тиісті саладағы уәкілетті орган (жергілікті атқарушы орган):
1) конкурс өткізу туралы шешім қабылдайды;
2) конкурсты өткізу шарттарын, күні мен орнын анықтайды;
3) конкурстық комиссияны (бұдан әрі - Комиссия) қалыптастырады және тиісті саладағы уәкілетті органның (жергілікті атқарушы органның) өкілдері арасынан Комиссия төрағасын тағайындайды.
4. Конкурсты ұйымдастыруды және өткізуді Комиссия жүзеге асырады.
Комиссия мүшелерінің саны кемінде бес адамнан құрауы тиіс. 
Комиссия төрағасы лауазымы бойынша тиісті саладағы уәкілетті органның (жергілікті атқарушы органның) бірінші басшысының орынбасарынан төмен емес тұлға болып табылады.
Хатшы Комиссияның мүшесі болып табылмайды.
5. Комиссия мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) конкурстық құжаттаманы дайындайды;
2) тиісті уәкілетті органның және кәсіпорынның сайтында конкурс өткізу туралы хабарландыруды және кандидаттар тізімін жариялауды қамтамасыз етеді;
2-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық экономика министрінің 24.11.2022 жылғы № 87 Бұйрығына сәйкес (26.02.2018 ж. редакцияны қараңыз)
3) конкурсқа қатысу үшін ұсынылған құжаттарды қабылдауды, тіркеуді және сақтауды жүргізеді;
4) конкурстың қорытындылары бойынша тиісті саладағы уәкілетті органға (жергілікті атқарушы органға) конкурс жеңімпазын мемлекеттік кәсіпорынның байқау кеңесі мүшесінің лауазымына тағайындау туралы ұсыныс енгізеді.
6. Байқау кеңесі мүшесінің лауазымына орналасуға конкурс өткізу туралы хабарландыру мерзімді баспасөз басылымдарында (әкімшілік-аумақтық бірліктің тиісті аумағында таратылатын) жарияланады, сондай-ақ конкурс өткізу туралы шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде тиісті саланың уәкілетті органының (жергілікті атқарушы органның) Интернет-ресурсында қазақ және орыс тілдерінде орналастырылады.
6-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық экономика министрінің 26.05.2023 жылғы № 86 Бұйрығына сәйкес (24.11.2022 ж. редакцияны қараңыз)
7. Конкурс өткізу туралы хабарландыру мынадай мәліметтерді: 
1) конкурс өткізу күні мен орнын;
2) орналасқан орнын, пошталық мекенжайын, телефонын көрсете отырып, мемлекеттік кәсіпорынның атауын, оның негізгі қызметінің қысқаша сипаттамасын;
3) конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптарды;
4) конкурсқа қатысу туралы өтініштерді беру мерзімін;
5) конкурсқа қатысу туралы өтінішке қоса берілетін құжаттардың тізбесін, оның ішінде осы мемлекеттік кәсіпорынның лауазымды адамдарына қатысты үлестестігі туралы мәліметтерді;
5-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық экономика министрінің 24.11.2022 жылғы № 87 Бұйрығына сәйкес (26.02.2018 ж. редакцияны қараңыз)
6) құжаттарды қабылдау басталатын күнін қамтиды.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалардың құжаттарын қабылдау басталатын күн мерзiмдi баспасөз басылымдарына конкурс өткізу хабарландыруы орналастырылған күннен бастап айқындалады.
Құжаттарды қабылдау мерзiмдi баспасөз басылымдарына конкурс өткізу жарияланған күнінен бастап күнтізбелік отыз күн өткен соң аяқталады. 
8. Конкурс мынадай:
1) конкурстық өтінімдері бар конверттерді ашу, кандидаттардың тізімдерін тиісті уәкілетті органның және кәсіпорынның сайтында жариялау;
1-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық экономика министрінің 24.11.2022 жылғы № 87 Бұйрығына сәйкес (26.02.2018 ж. редакцияны қараңыз)
2) конкурсқа өзінің қатысуын растаған үміткерлердің біліктілігін бағалау;
3) аудио-бейне тіркеуді қолдана отырып, кандидаттармен әңгімелесу жүргізу және байқау кеңесінің мүшелерін іріктеу;
3-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық экономика министрінің 24.11.2022 жылғы № 87 Бұйрығына сәйкес (26.02.2018 ж. редакцияны қараңыз)
4) конкурстың қорытындысын шығару кезеңдерінен тұрады.
9. Конкурсқа қатысуға қажетті құжаттар:
9-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 26.02.2018 жылғы № 75 Бұйрығына сәйкес (20.04.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 30.03.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
1) конкурсқа қатысу туралы өтініш (еркін нысанда жазылған);
2) қазақ және орыс тілдеріндегі түйіндеме;
2-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық экономика министрінің 26.05.2023 жылғы № 86 Бұйрығына сәйкес (24.11.2022 ж. редакцияны қараңыз)
3) өмірбаян (еркін нысанда жазылған);
4) үміткердің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
5) жоғары білімі туралы құжаттың көшірмесі;
6) Кодекстің 35-бабында көрсетілген еңбек қызметін растайтын құжаттардың көшірмелері;
6-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық экономика министрінің 24.11.2022 жылғы № 87 Бұйрығына сәйкес (26.02.2018 ж. редакцияны қараңыз)
7) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің аумақтық бөлімшелері берген соттылығы және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары жоқ екендігін растайтын құжаттар.
Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар, алдындағы жұмыс орнының басшылығынан ұсыным) беруіне болады.
10. Қатысушы конкурстық өтінімнің түпнұсқасын «Түпнұсқа» деп белгіленген конвертке салып мөрлейді. Бұл конвертте қатысушының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) және мекенжайы көрсетілуі тиіс. Содан кейін конверт сыртқы конвертке салынып мөрленеді.
Ішкі және сыртқы конверттер:
1) шақыруда немесе мерзімдік басылымдағы ақпаратта көрсетілген мекенжай бойынша тиісті саладағы уәкілетті органға (жергілікті атқарушы органға) бағытталуы;
2) «_____________________ - мемлекеттік кәсіпорынның байқау кеңесі мүшелерінің конкурсы» және «____________ дейін ашуға болмайды» (шақыруда немесе мерзімдік басылымда көрсетілген конвертті ашу күні мен уақыты) деген сөздерді қамтуы тиіс.
2-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 26.02.2018 жылғы № 75 Бұйрығына сәйкес (20.04.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 30.03.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
11. Конкурстық өтінім шақыруда немесе мерзімдік басылымдағы ақпаратта көрсетілген мекенжай бойынша жіберіледі
11-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 26.02.2018 жылғы № 75 Бұйрығына сәйкес (20.04.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 30.03.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
12. Конкурстық комиссия шақыруларда немесе мерзімдік басылымдағы ақпаратқа сәйкес көрсетілген жерде және уақытта ұсынылған конкурстық өтінімдер берілген конверттердің түпнұсқасын ашады.
13. Конкурстық өтінімдері бар конверттерді ашу рәсімінен кейін конкурстық комиссияның хатшысы конкурстық комиссия мүшелері мен хатшы қол қоятын ашу хаттамасын жасайды.
  • 2
14. Конкурстық комиссия конкурстық өтінімдер салынған конверттерді ашқан күннен бастап бес жұмыс күні ішінде кандидат осы Қағидалардың 9-тармағына сәйкес ұсынған құжаттарды қарайды және кандидаттың Талаптарға сәйкестігін бағалайды.
14-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 26.02.2018 жылғы № 75 Бұйрығына сәйкес (20.04.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 30.03.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
14-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР ПремьерМинистрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 03.10.2024 жылғы № 85 Бұйрығына сәйкес (12.07.2024 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 08.12.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Талаптарға сәйкес келетін төрт үміткерден кем конкурсқа қатысуға конкурстық өтінімдер берілген не конкурстық өтінімдер қабылданбаған немесе кері қайтарып алынған болса, конкурстық комиссия конкурсты жарамсыз деп таниды және қайта конкурс өткізу туралы шешім қабылдайды.
15. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
15-тармақ алынып тасталды ҚР ПремьерМинистрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 03.10.2024 жылғы № 85 Бұйрығына сәйкес (12.07.2024 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 08.12.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
16. Конкурстық комиссия жүргізілген бағалаудың нәтижелері бойынша әңгімелесу күнін, уақытын және ол өткізілетін жерді көрсете отырып, шақыру жіберілетін, Талаптарға сәйкес келетін үміткерлерді іріктеуді жүргізеді.
17. Комиссия конкурсқа қатысушылармен әңгімелесу жүргізу кезінде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңын, мемлекеттік кәсіпорын қызметі саласындағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін және денсаулық сақтау, білім беру және ғылым ұйымдары қызметінің ерекшеліктерін білуі тексеріледі.
17-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық экономика министрінің 24.11.2022 жылғы № 87 Бұйрығына сәйкес (26.02.2018 ж. редакцияны қараңыз)
17-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР ПремьерМинистрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 12.07.2024 жылғы № 58 Бұйрығына сәйкес (26.05.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 26.07.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
18. Комиссияның шешімдері Комиссия мүшелерінің жалпы санының қарапайым көпшілік дауысымен қабылданады. Дауыстар тең болған кезде Комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.
Комиссия қабылдаған шешім Комиссияның барлық мүшелері, сондай-ақ хаттама жүргізуді жүзеге асыратын хатшы қол қоятын хаттама түрінде ресімделеді.
19. Конкурстық комиссияның шешімімен келіспеген жағдайда, кандидаттар мұндай шешімге Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі 91-бабының тәртібімен шағымданады.
19-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 21.05.2025 жылғы № 31 Бұйрығына сәйкес (21.05.2025 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 06.06.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
20. Конкурс өткізудің жалпы мерзімі конкурс өткізу туралы шешім қабылдаған күннен бастап екі айдан аспайтын уақытты құрайды.
21. Конкурстан оң нәтижемен өткен қатысушымен тиісті саладағы уәкілетті органның (жергілікті атқарушы органның) басшысы тиісті шарт жасасады.
3-тарау. Байқау кеңесі мүшелерінің өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату
3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық экономика министрінің 24.11.2022 жылғы № 87 Бұйрығына сәйкес (26.02.2018 ж. редакцияны қараңыз)
22. Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның байқау кеңесі мүшесінің өкілеттігі оның жазбаша өтінішінің негізінде мерзімінен бұрын тоқтатылуы мүмкін.
Байқау кеңесі мүшесінің жазбаша өтінішінде бұдан әрі өзінің міндеттерін орындай алмауының себебі көрсетіледі.
23. Байқау кеңесі байқау кеңесі мүшесінің өз өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы өтінішін қарайды және осы өтініш тиісті саланың уәкілетті органына (жергілікті атқарушы органға) келіп түскен күннен бастап он жұмыс күн ішінде шешім шығарады.
24. Байқау кеңесінің мүшесі қызметке бағалау өткізу қорытындылары бойынша 0-ден 4 балға дейін алған жағдайда, оған жүктелген міндеттерге адал қарамағанының және Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның байқау кеңесі мүшелерінің қызметін бағалау жөніндегі комиссия ұсыныстары негізінде тиісті саланың уәкілетті органы (жергілікті уәкілетті орган) оның өкілеттілігінің мерзімінен бұрын тоқтатылуы туралы шешім қабылдайды.
25. Мемлекеттік кәсіпорынды қайта ұйымдастыру жүзеге асырылған жағдайда байқау кеңесі қайта ұйымдастыру аяқталғанға дейін күнтізбелік жиырма бес күн бұрын өз өкілеттілігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы шешім қабылдайды.