Toggle Dropdown
"Мемлекеттік инвестициялық жобаның инвестициялық ұсынысын әзірлеу немесе түзету, қажетті сараптамаларды жүргізу, сондай-ақ бюджеттік инвестицияларды жоспарлау, қарау, іріктеу, мониторингілеу және іске асырылуын бағалау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 5 желтоқсандағы № 129 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 13 наурыздағы № 200 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 20 наурызда № 10520 тіркелді
1. «Мемлекеттік инвестициялық жобаның инвестициялық ұсынысын әзірлеу немесе түзету, қажетті сараптамаларды жүргізу, сондай-ақ бюджеттік инвестицияларды жоспарлау, қарау, іріктеу, мониторингілеу және іске асырылуын бағалау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 5 желтоқсандағы № 129 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9938 болып тіркелген, 2014 жылғы 19 желтоқсанда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қағидалардың 53-тармақтың бірінші бөлігінің төртінші абзацы, 114-тармақтың жетінші бөлігі, 115-тармақтың тоғызыншы бөлігі, 138-тармақтың тоғызыншы бөлігі 2015 жылғы 30 маусымға дейін қолданылады.»;
осы бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік инвестициялық жобаның инвестициялық ұсынысын әзірлеу немесе түзету, қажетті сараптамаларды жүргізу, сондай-ақ бюджеттік инвестицияларды жоспарлау, қарау, іріктеу, мониторингілеу және іске асырылуын бағалау қағидаларында:
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. МИЖ инвестициялық ұсыныстары мынадай құжаттарды қамтиды:
1) инвестициялық жобаның ақпараттық парағы;
2) инвестициялық ұсыныстың салалық сараптама қорытындысы;
3) МИЖ қаржыландырудың ықтимал түрлері мен тәсілдері бойынша есептеулер;
4) МИЖ құнының есептеулері мен негіздемелері (құрылыс нормативтеріне не ақпараттық жүйелерді құруға, дамытуға және сүйемелдеуге арналған шығындар нормативтеріне сәйкес);
5) егер инвестициялық жоба ТЭН әзірлеуді талап етпеген жағдайда, инвестициялық ұсынысқа жобалауға техникалық тапсырма қосымша ұсынылады;
6) БИЖ ТЭН-і не Инвестициялардың ҚЭН-і түзетілген жағдайда қосымша мыналар:
БИЖ-дің ТЭН-і не Инвестициялардың ҚЭН-і бойынша өзгертілуі болжамданатын техникалық шешімдер және/немесе қосымша шығыстар көрсетілген салыстырма кесте, сондай-ақ бекітілген БИЖ-дің ТЭН-і не Инвестициялардың ҚЭН-і;
Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілеттік берген ішкі бақылау жөніндегі органның бюджет қаражатының нысаналы пайдаланылуы, сондай-ақ жоба бойынша қаржыландыру басталған болса, бұзушылықтардың болмауы мәніне актісі;
құрамдауыштар және оларды әзірлеу мерзімдері бөлінісінде БИЖ ТЭН-ін немесе Инвестициялар ҚЭН-ін түзету, сондай-ақ қажетті сараптамалар жүргізу құнының есептеме-негіздемесі ұсынылады.
мемлекеттік органның бірінші басшысы немесе оны алмастыратын тұлға қол қойған ресми хат нысанында ұсынылатын бұрын бекітілген БИЖ ТЭН-нің және (немесе) жобалау-сметалық құжаттаманың (бұдан әрі – ЖСҚ) немесе Инвестициялар ҚЭН-інің жобалық шешімдеріне енгізу болжанатын өзгерістердің орындылығы туралы ведомстводан тыс кешенді сараптама қорытындысы;
7) заңды тұлғалардан активтер сатып алынған жағдайда:
егер активтердің құны ағымдағы бағамен 1300000 (бір миллион үш жүз мың) айлық есептік көрсеткіштен аспайтын болса, тәуелсіз бағалау компаниялары дайындаған;
егер активтердің құны ағымдағы бағамен 1300000 (бір миллион үш жүз мың) айлық есептік көрсеткіштен асатын болса, халықаралық кәсіптік бағалаушылар ұйымдары дайындаған осы активтер құнының бағалау қорытындысын ұсыну қажет;
8) егер де ББӘ-сі МИЖ-ді заңды тұлғаның жарғылық капиталын ұлғайту жолымен жүзеге асыру ұсынылып отырған жағдайда, бес жылдық кезеңде әзірленген, әзірленіп жатқан және әзірленуі жоспарланған инвестициялық жобалар бойынша квазимемлекеттік сектор субъектілерінің инвестициялық картасын қосымша ұсыну қажет.»;
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«10. Егер МИЖ-ді республикалық бюджет қаражаты есебінен іске асыру ұсынылған жағдайда, инвестициялық ұсыныстың салалық сараптама қорытындысын тиісті саладағы орталық уәкілетті орган ұсынады, ББӘ қандай да бір салаға жатпаса, ББӘ салалық қорытындыны өздері ұсынады.
Егер республикалық бюджет қаражаты есебінен іске асыру болжанатын МИЖ-ді іске асыру бірнеше салалық орталық мемлекеттік органдардың жауапкершілік аясын қозғайтын жағдайда, көрсетілген салалық орталық органдар МИЖ салалық сараптамасының сәйкес қорытындыларын қосымша ұсынады.
Бұл ретте, бірінші басшы немесе оны алмастыратын тұлға немесе бірінші басшысының орынбасары қол қойған қосымша салалық сараптамалық қорытындыларын тиісті салалық орталық мемлекеттік органдар МИЖ-дің іске асырылуының жетекшілік ететін салаға ықпалын бағалау және саланың басымдықтарына сәйкестігі бөлігінде ғана ұсынады.»;
14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«14. МИЖ инвестициялық ұсынысқа, оның ішінде осы Қағидалардың 6-тармағында көрсетілген құжаттарға мемлекеттік органның бірінші басшысы не оны алмастыратын тұлға қол қояды, инвестициялық ұсынысты әзірлеу үшін жауапты ББӘ құрылымдық бөлімшесінің басшысы әрбір парағын дәйектейді және ресми құжаттарға арналған Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ресімделеді.
Бюджеттік бағдарламалардың бір әкімшісінің құзыретіне жатқызуға болмайтын, экономиканың әртүрлі салаларындағы жобаларды іске асыруды көздейтін, ұлттық холдингтер мен ұлттық басқарушы холдингтің жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы бюджеттік инвестицияларды жүзеге асыру жоспарланған МИЖ инвестициялық ұсынысы бойынша осы Қағидалардың 6-тармағында көрсетілген құжаттарға мемлекеттік органның бірінші басшысы не оны алмастыратын тұлға, немесе мемлекеттік органның бірінші басшысы уәкілеттік берген тұлға қол қояды.»;
мынадай мазмұндағы 22-1-тармақпен толықтырылсын:
«22-1. Қаржыландырудың түрі мен тәсілдерін айқындалғаннан кейін үш жыл ішінде ТЭН, ЖСҚ, ҚЭН немесе концессиялық ұсыныстар әзірленуі басталмаған (әзірленбеген) МИЖ, оның ішінде түзетілген, инвестициялық ұсыныс бойынша экономикалық қорытынды ескірген болып есептеледі.»;
36-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«36. БИЖ ТЭН-інің «Маркетингтік» бөлімінде қаралатын өңірдегі жобада болжанатын өнімдерге (тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) қолданыстағы және перспективадағы сұранысты талдауды не жобаның әлеуметтік-экономикалық қажеттілігі көрсетіледі.
Аталған бөлім мыналарды қамтиды:
1) өндірілетін және жобаны іске асыруда есепке алмай жүргізілетін;
жобаны іске асыру, сондай-ақ төлемге қабілетті сұраныстың сандық параметрлерінің нәтижесінде өндіру болжанатын өнімдердің (тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) көлемін, түрлері және бағаларын бағалау мен негіздеуді қоса алғанда, сұранысты талдау;
2) құқықтық негізін көрсете отырып, жобаның әлеуметтік-экономикалық қажеттігін талдау;
3) жобаны іске асыру шеңберінде (инвестициялық кезеңде) сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің көлемін, түрлері мен бағаларын, сондай-ақ тиісті прайс-парақтарды, баға ұсыныстарын және басқа да растаушы құжаттарды қоса бере отырып, жобаның қажеттіліктерін қанағаттандыру мүмкіндігін бағалауды және негіздеуді қоса алғандағы талдау;
4) пайдалану кезеңінде (инвестициялаудан кейінгі кезеңде) сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің көлемін, түрлері мен бағаларын, сондай-ақ тиісті прайс-парақтарды, баға ұсыныстарын және басқа да растаушы құжаттарды қоса бере отырып, жобаның қажеттіліктерін қанағаттандыру мүмкіндігін бағалауды және негіздеуді қоса алғандағы талдау;
5) пайдаланылатын ақпарат көздері мен маркетингтік зерттеулер жүргізу әдістемелері;
6) прайс-парақтар мен баға ұсыныстарын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің кемінде екі өнім берушісі ұсынады (ұқсас тауарлар, жұмыстар және қызметтер бойынша прайс-парақтар және баға ұсыныстары жоқ болған жағдайда кемінде екі тәуелсіз бағалау қорытындысы беріледі).
сатып алынуы техникалық-технологиялық талдауда көрсетілген талаптарға негізделген;
сипаттамалары техникалық-технологиялық талдауда көрсетілген талаптарға сәйкес келетін тауарларды қамтиды;
консалтингтік көрсетілетін қызметтер құны (бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу, жобаны басқару, аттестаттау) ресурстар құнының есептеулерімен және бағаларымен расталады.»;
48-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«48. Құрылыс саласындағы БИЖ ТЭН бойынша жобалардың ведомстводан тыс кешенді сараптама Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілеттік берген заңды тұлға жүргізеді.»;
52-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«52. БИЖ ТЭН-нің экономикалық сараптамасы ұсынылған БИЖ ТЭН-нің және жобаның ерекшелігіне қарай талап етілетін БИЖ ТЭН сараптамаларының тиісті оң қорытындыларының негізінде жүргізіледі, атап айтқанда: