• Менің таңдаулыларым
"Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 403 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Назар аударыңыз! Құжаттың 13.05.2025 күші жойылды

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Түсініктемелер жазу, айту
  • Белгі бауына қою
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца(beta)

"Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 403 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 12 наурыздағы № 169 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 17 наурызда № 10468 тіркелді

Осы Бұйрық 2025 жылғы 13 мамырдан бастап күшін жойды ҚР Қаржы министрінің 18.04.2025 жылғы № 180 Бұйрығына сәйкес 
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 403 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9756 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасында:
бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасында:
01 «Жалпы сипаттағы мемлекеттiк қызметтер» функционалдық тобында:
3 «Сыртқы саяси қызмет» функционалдық кіші тобында:
мынадай мазмұндағы 136 бюджеттік бағдарламасы бар 212, 225 және 239 бюджеттік бағдарламалар әкімшілерімен толықтырылсын:
«212 Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi
136 Қазақстан мен Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы арасында ынтымақтастықты нығайту жөніндегі Елдік бағдарламаны іске асыруды қамтамасыз ету 
225 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі 
136 Қазақстан мен Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы арасында ынтымақтастықты нығайту жөніндегі Елдік бағдарламаны іске асыруды қамтамасыз ету
239 Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі 
136 Қазақстан мен Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы арасында ынтымақтастықты нығайту жөніндегі Елдік бағдарламаны іске асыруды қамтамасыз ету»; 
242 «Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі» және 243 «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі» бюджеттік бағдарламалар әкімшілер бойынша:
мынадай мазмұндағы 136 бюджеттік бағдарламамен толықтырылсын:
«136 Қазақстан мен Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы арасында ынтымақтастықты нығайту жөніндегі Елдік бағдарламаны іске асыруды қамтамасыз ету»; 
9 «Жалпы сипаттағы өзге де мемлекеттiк қызметтер» функционалдық кіші тобында:
239 «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі» бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:
001 «Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру» бюджеттік бағдарлама бойынша:
104 «Ақпараттық жүйелердің жұмыс істеуін қамтамасыз ету және мемлекеттік органды ақпараттық-техникалық қамтамасыз ету» бюджеттік кіші бағдарламаның атауына орыс тілінде өзгеріс енгізілді, мемлекеттік тілдегі мәтін өзгермейді;
242 «Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі» бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:
001 «Стандарттау, метрология, өнеркәсіп, инвестициялар тарту, геология, туристік индустрия, индустриалдық саясатты қалыптастыру, инфрақұрылымды және бәсекелестік нарықты, көлік және коммуникацияны, байланысты, ақпараттандыруды және ақпаратты дамыту, ғарыш қызметін үйлестіру және бақылау саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру» бюджеттік бағдарламасы мынадай редакцияда жазылсын:
«001 Стандарттау, метрология, өнеркәсіп, инвестициялар тарту, геология, туристік индустрия, индустриялық саясатты қалыптастыру, инфрақұрылымды және бәсекелестік нарықты, көлік және коммуникацияны, байланысты, ақпараттандыруды және ақпаратты дамыту, ғарыш қызметін үйлестіру және бақылау саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру»;
мынадай мазмұндағы 080 бюджеттік бағдарламамен толықтырылсын:
«080 Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық объектілерінің қауіпті техникалық құрылғыларының қауіпсіз пайдаланылуын бақылауды жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органдардың штат санын ұстауға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер»;
243 «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі» бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:
001 «Экономика, сауда саясатын, тұтынушылардың құқықтарын қорғау және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық әл-ауқаты саласындағы саясатты қалыптастыру және дамыту, мемлекеттік материалдық резервті қалыптастыру және іске асыру, табиғи монополиялар субъектілерінің және статистика қызметі саласындағы қызметті peттеу, бәсекелестікті қорғауды қамтамасыз ету, өңірлік даму, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, кәсіпкерлікті дамыту және жер ресурстарын басқару саласындағы қызметті үйлестіру жөніндегі көрсетілетін қызметтер» бюджеттік бағдарламасы мынадай редакцияда жазылсын:
«001 Экономика, сауда саясатын, тұтынушылардың құқықтарын қорғау және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы саясатты қалыптастыру және дамыту, мемлекеттік материалдық резервті қалыптастыру және іске асыру, табиғи монополиялар субъектілерінің және статистика қызметі саласындағы қызметті peттеу, бәсекелестікті қорғауды қамтамасыз ету, өңірлік даму, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, кәсіпкерлікті дамыту және жер ресурстарын басқару саласындағы қызметті үйлестіру жөніндегі көрсетілетін қызметтер»;
003 «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерінің және ұйымдарының күрделі шығыстары» бюджеттік бағдарлама бойынша:
мынадай мазмұндағы 030 және 032 бюджеттік кіші бағдарламалармен толықтырылсын:
«030 Республикалық бюджеттің қаражаты есебінен
032 Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін нысаналы трансферті есебінен»;
мынадай мазмұндағы 011 және 015 бюджеттік кіші бағдарламалары бар 001 бюджеттік бағдарламасы бар 801 бюджеттік бағдарламалар әкімшісімен толықтырылсын:
«801 Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі
001 Жергілікті деңгейде жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер
011 Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебiнен
015 Жергілікті бюджет қаражаты есебінен»;
мынадай мазмұндағы 002, 003, 032, 100, 106, 107, 108, 109, 115, 118, 123 және 124 бюджеттік бағдарламалармен толықтырылсын:
«002 Ақпараттық жүйелер құру
003 Мемлекеттік органның күрделі шығыстары
032 Ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың күрделі шығыстары
100 Қазақстан Республикасы Үкіметінің төтенше резерві есебінен іс-шаралар өткізу
106 Әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою үшін жергілікті атқарушы органның төтенше резерві есебінен іс-шаралар өткізу
107 Жергілікті атқарушы органның шұғыл шығындарға арналған резервінің есебінен іс-шаралар өткізу
108 Бюджеттік инвестициялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерін және концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамаларын әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ қажетті сараптамаларын жүргізу, концессиялық жобаларды консультативтік сүйемелдеу
109 Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарға арналған резервінің есебінен іс-шаралар өткізу
115 Жергілікті атқарушы органы резервінің қаражаты есебінен соттардың шешімдері бойынша жергілікті атқарушы органдардың міндеттемелерін орындау
118 Қазақстан Республикасы Үкіметінің табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою кезінде халықтың тіршілігін қамтамасыз етуге арналған резервінің есебінен іс-шаралар өткізу
123 Облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттерінен берілетін нысаналы трансферттердің есебінен әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың салдарын жою, әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң саяси, экономикалық және әлеуметтiк тұрақтылығына, адамдардың өмiрi мен денсаулығына қауіп төндiретiн жалпы республикалық немесе халықаралық маңызы бар жағдайларды жою бойынша ағымдағы шығыстарға іс-шаралар өткізу