Toggle Dropdown
Ядролық материалдар мен иондаушы сәулелену көздерін есепке алу мен бақылаудың мемлекеттік жүйелерін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 12 ақпандағы № 83 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 17 наурызда № 10471 тіркелді
«Атом энергиясын пайдалану туралы» 1997 жылғы 14 сәуiрдегi Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Ядролық материалдар мен иондаушы сәулелену көздерін есепке алу мен бақылаудың мемлекеттік жүйелерін ұйымдастыру қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгенінен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрықтың көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігінің жетекшілік ететін вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2015 жылғы 12 ақпандағы
№ 83 бұйрығымен
бекітілген
Ядролық материалдар мен иондаушы сәулелену көздерін есепке алу мен бақылаудың мемлекеттік жүйелерін ұйымдастыру қағидалары
1. Осы Ядролық материалдар мен иондаушы сәулелену көздерін есепке алу мен бақылаудың мемлекеттік жүйесін ұйымдастыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) 1997 жылғы 14 сәуірдегі «Атом энергиясын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленді және ядролық материалдар мен иондаушы сәулелену көздерін (бұдан әрі – сәулелену көздері) есепке алу мен бақылаудың мемлекеттік жүйесін ұйымдастыру тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидалар ядролық материалдармен және сәулелену көздерімен жұмыс iстеу, оларды өндiру, пайдалану, қайта өңдеу, ғылыми зерттеулер жүргiзу, тасымалдау мен орналастыру және Қазақстан Республикасының аумағымен, сондай-ақ экспорттау мен импорттау кезiнде шекара арқылы өткiзу жөнiндегi қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғаларға қолданылады.
3. Ядролық материалдар мен сәулелену көздерін мемлекеттiк есепке алу және бақылау жүйесі ядролық материалдар мен сәулелену көздерінің бар мөлшерiн, олардың табылған жерлерін дәлме-дәл айқындауды, жоғалуын, рұқсатсыз пайдаланылуын және ұрлануын болдырмауды, ядролық материалдар мен сәулелену көздерінің бар-жоғы және орнын ауыстыруы, сәулелену көздері мен ядролық материалдардың есептен шығарылуы және көмiлуi, экспорты және импорты туралы жедел ақпаратты Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігіне (бұдан әрі – уәкілетті орган), ал халықаралық шарттарда көзделген жағдайларда халықаралық ұйымдар мен басқа мемлекеттерге беруді қамтамасыз етеді.
4. Ядролық материалдар мен сәулелену көздерін есепке алу мен бақылау оларды бастапқы өндіру кезеңінен бастап және түпкілікті көмгенге, пайдаланудан шығарғанға дейін, сондай-ақ олар жоғалған жағдайда оларды бақылауды қалпына келтіру арқылы жүргізіледі.
Ядролық материалдар мен сәулелену көздерінің болуы мен қозғалысын бақылау, сондай-ақ есепке алу тәртібімен мерзімді түгендеу жүргізу, есеп беру және есепке алу деректерін салыстыру және талдау жолымен жүзеге асырылады.
5. Мемлекеттік есепке алуға және бақылауға:
1) құрамында уран-235, уран-233, плутоний мен торий изотоптары бар ядролық материалдар;
2) радиациялық сипаттамалары алу деңгейiнен асатын, оның ішінде құралдардың (бұйымдардың, қондырғылардың) құрамына кіретін сәулелену көздерi жатады.
Құрамында уран, торий және плутоний изотоптары бар, оның ішінде радиоизотопты құралдар құрамына кіретін сәулелену көздерін есепке алу және бақылау тәртібі сәулелену көздерін есепке алу тәртібі ретінде де, ядролық материалдарды есепке алу тәртібі ретінде де айқындалады;
3) өрт сигнализациясының датчиктеріндегі радионуклидті көздер, радиофармацевтикалық препараттар, иммунологиялық талдауға арналған жинақтар, медициналық мақсаттағы радиоизотоптық генераторлар, радионуклидтермен белгiленген қосылыстар, сондай-ақ 125-йодты қоса алғанда, жартылай ыдырау кезеңi 60 (алпыс) тәулiкке дейiнгi тіршілігі қысқа радионуклидтер негiзіндегi радиоизотоптық препараттар мен ерiтінділер оларды пайдаланатын ұйымдарда есепке алынады.
Мұндай сәулелену көздерінің жалпы саны және жиынтық белсенділігі туралы мәліметтер уәкілетті органға жыл сайынғы түгендеу нәтижесі бойынша беріледі.
6. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар мен анықтамалар пайдаланылады:
1) кіруді бақылау құралдары – ядролық материалды рұқсатсыз алып қоюды, пайдалануды, орнын ауыстыруды, кіру аймағына енуді анықтауға арналған техникалық құралдар (қадағалау жүйесі мен араласуды индикациялау құрылғылары);
2) есепке алу құжаттары – ядролық материалды және/немесе сәулелену көздерін өлшеу, бар-жоғы, саны, құрамы, орналасқан орны мен жай-күйінің нәтижелері туралы деректерді, сондай-ақ оларды нақтылау мен түзету туралы мәліметтерді қамтитын ұйымның қызмет түріне байланысты құжаттар;
3) есеп беру құжаттары – түгендеу санының өзгергені туралы есеп, нақты қолда бар санының тізім және материалдық-теңгерімдік есеп;
4) қондырғы – реактор, сындарлы құрастырма, конверсиялау жөніндегі зауыт, шығарушы зауыт, қайта өңдейтiн қондырғы, изотоптарды бөлуге арналған зауыт, әдетте бiр тиiмдi килограмнан артық мөлшерде ядролық материал пайдаланылатын жеке қойма немесе кез келген болу орны;
5) қондырғының құрылымы туралы ақпарат – әрбір қондырғының сипаттамасы бойынша ақпарат (мақсаты, номиналды қуаты және географиялық орналасуы, атауы және мекенжайы, олар әдеттегі іскерлік мақсаттар үшін пайдаланылады), қондырғыны орналастыру сипаттамасы (ядролық материалдың нысаны, орналасқан орны және ағыны, ядролық материал пайдаланылатын, өндірілетін және өңделетін жабдықты жинақтау), ядролық материалдарды есепке алу және бақылау бойынша қолданылатын рәсімдер туралы ақпарат;
6) қондырғыдан тыс болу орны – ядролық материал пайдаланылатын кез келген объекті немесе қондырғыдан тыс кез келген болу орны;
7) материалдардың теңгерім аймағы (теңгерім аймағы) – ядролық материалды теңгерім аймағына немесе одан әрбір орнын ауыстыру кезіндегі саны айқындалатын және ядролық материалдың қолда бар саны айқындалатын қондырғыдағы немесе одан тыс аймақ;
8) материалдық-теңгерімдік есеп – ядролық материалдың бастапқы және соңғы тіркелген санын, ядролық материал санының есепті кезең ішінде ұлғаюын (азаюын), материалдың теңгерім аймағындағы ядролық материалдың соңғы нақты қолда бар саны мен санын түгендеу айырмашылығын қамтитын есеп;
9) материал партиясы (партия) – негізгі өлшем нүктесінде құрамы мен саны ерекшеліктің немесе өлшемнің бірыңғай кешенімен айқындалатын есепке алу мақсаты үшін өлшем бірлігі ретінде пайдаланылатын ядролық материалдың бір бөлігі;
10) негізгі өлшем нүктесі (өлшем нүктесі) – материалдың ағынын немесе түгендеу санын айқындау үшін ядролық материалды өлшеуге болатындай нысанда болатын жер;
11) түгендеу саны – қондырғыдағы немесе қондырғыдан тыс болу орнындағы ядролық материалдың саны;
12) түгендеу санының өзгеруі туралы есеп – ядролық материалдың түгендеу санындағы барлық өзгерістер туралы мәліметтерді қамтитын есеп;
13) физикалық түгендеу – материалдық теңгерім аймағындағы ядролық материалдың нақты саны мен жай-күйін тексеру;
14) ядролық материалдың нақты қолда бар санының тізімі – физикалық түгендеу нәтижесінде айқындалған ядролық материалдың әрбір бірліктегі немесе партиядағы саны көрсетілген ядролық материалдың есептік бірліктерінің және (немесе) партияларының тізбесі.
7. Ядролық материалдар мен сәулелену көздерін есепке алу мен бақылау екі деңгейде: уәкілетті орган деңгейінде және өз қызметінде ядролық материалдарды және (немесе) сәулелену көздерін пайдаланатын ұйымдар (бұдан әрі – ұйым) деңгейінде жүзеге асырылады.
1) ядролық материалдардың дерекқорын және сәулелену көздерінің мемлекеттік тізілімін жүргізеді;
2) мемлекеттік органдарға олардың сұрау салуына сәйкес ядролық материалдар мен сәулелену көздерінің бар-жоқтығы және орын ауыстыруы туралы ақпарат береді;
3) ұйымдар беретін қондырғының құрылымы туралы ақпаратты қарайды;
4) қондырғылар мен материалдың теңгерім аймағының, негізгі өлшем нүктелерінің кодтарын белгілейді;
5) ұйымдарда ядролық материалдарға физикалық түгендеу жүргізу жоспарлары мен мерзімдерін келіседі;
6) ядролық материалдарды есепке қою немесе есептен алу туралы шешім қабылдайды.
1) сандық сипаттамаларын өлшеу нәтижелері не уәкілетті органмен келісім бойынша есеп айырысу негізінде ядролық материалдар мен сәулелену көздерінің есебін жүргізеді;