Toggle Dropdown
Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім туралы құжаттардың түрлерін, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттардың нысандарын және оларды есепке алу мен беру қағидаларын, сондай-ақ білім беру ұйымдарында білім алуды аяқтамаған адамдарға берілетін анықтаманың нысанын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 28 қаңтардағы № 39 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 27 ақпанда № 10348 тіркелді
Редакция 19.10.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 15) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес білім туралы құжаттардың түрлері;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес негізгі орта білім туралы аттестаттың нысаны;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес негізгі орта білім туралы үздік аттестаттың нысаны;
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес негізгі орта білім туралы аттестатқа қосымшаның нысаны;
5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес білім туралы аттестаттың нысаны;
6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес негізгі орта білім туралы аттестатқа қосымшалардың нысандары;
7) осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес жалпы орта білім туралы аттестаттың нысаны;
8) осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес жалпы орта білім туралы үздік аттестаттың нысаны;
9) осы бұйрыққа 9-қосымшаға Алтын белгі жалпы орта білім туралы аттестаттың нысаны;
10) осы бұйрыққа 10-қосымшаға сәйкес жалпы орта білім туралы аттестатқа қосымшаның нысаны
11) осы бұйрыққа 11-қосымшаға сәйкес техникалық және кәсіптік білім туралы дипломның нысаны;
12) осы бұйрыққа 12-қосымшаға сәйкес техникалық және кәсіптік білім туралы үздік дипломның нысаны;
13) осы бұйрыққа 13-қосымшаға екі тілде техникалық және кәсіптік білім туралы дипломға қосымшаның нысаны;
14) осы бұйрыққа 14-қосымшаға сәйкес орта білімнен кейінгі білім туралы дипломның нысаны;
15) осы бұйрыққа 15-қосымшаға сәйкес орта білімнен кейінгі білім туралы үздік дипломның нысаны;
16) осы бұйрыққа 16-қосымшаға сәйкес екі тілде орта білімнен кейінгі білім туралы дипломға қосымшаның нысаны;
17) осы бұйрыққа 17-қосымшаға сәйкес кәсіптік даярлау туралы куәліктің нысаны;
18) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
19) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
20) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
21) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
22) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
23) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
24) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
25) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
26) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
27) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
28) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
29) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
30) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
31) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
32) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
33) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
34) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
35) осы бұйрыққа 35-қосымшаға сәйкес білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттарды беру қағидалары бекітілсін.
36) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
37) осы бұйрыққа 37-қосымшаға сәйкес білім беру ұйымдарында білім алуды аяқтамаған адамдарға берілетін анықтаманың нысаны бекітілсін;
38) осы бұйрыққа 38-қосымшаға сәйкес «Білім туралы құжаттар туралы мәліметтерді өзектендіру (түзету)» мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету қағидалары бекітілсін.
2. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім, халықаралық ынтымақтастық департаменті (Ж.Қ. Шаймарданов):
1) осы бұйрықтың белгіленген тәртiппен Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін қамтамасыз етсін;
2) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттiк тiркеуден өткеннен кейін осы бұйрықты мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауды қамтамасыз етсін;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау білім және ғылым вице-министрі Т.О. Балықбаевқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2015 жылғы 28 қаңтардағы
№ 39 бұйрығына 1-қосымша