Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сақтандыру және исламдық қаржыландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 311-V Заңы
Осы редакция 08.06.2018 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. 1994 жылғы 27 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі қабылдаған Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Жалпы бөлім) (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1994 ж., № 23-24 (қосымша); 1995 ж., № 15-16, 109-құжат; № 20, 121-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 2, 187-құжат; № 14, 274-құжат; № 19, 370-құжат; 1997 ж., № 1-2, 8-құжат; № 5, 55-құжат; № 12, 183, 184-құжаттар; № 13-14, 195, 205-құжаттар; 1998 ж., № 2-3, 23-құжат; № 5-6, 50-құжат; № 11-12, 178-құжат; № 17-18, 224, 225-құжаттар; № 23, 429-құжат; 1999 ж., № 20, 727, 731-құжаттар; № 23, 916-құжат; 2000 ж., № 18, 336-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 1, 7-құжат; № 8, 52-құжат; № 17-18, 240-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 2, 17-құжат; № 10, 102-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 11, 56, 57, 66-құжаттар; № 15, 139-құжат; № 19-20, 146-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 10, 56-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 10, 31-құжат; № 14, 58-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 4-құжат; № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 13, 85-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20, 21-құжаттар; № 4, 28-құжат; № 16, 131-құжат; № 18, 143-құжат; № 20, 153-құжат; 2008 ж., № 12, 52-құжат; № 13-14, 58-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114, 115-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 7, 16, 18-құжаттар; № 8, 44-құжат; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 125, 134-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 2-құжат; № 7, 28-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; 2011 ж., № 2, 21, 28-құжаттар; № 3, 32-құжат; № 4, 37-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 16, 129-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 13, 15-құжаттар; № 6, 43-құжат; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 11, 80-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 7, 36-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 76-құжат; 2014 ж., № 4-5, 24-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 61, 63-құжаттар; № 14, 84-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат):
мазмұнында 283-баптың тақырыбындағы «асырау үшін төленетін соманың арттырылуы» деген сөздер «асырап-бағуға төленетін сомаларды ұлғайту» деген сөздермен ауыстырылып, 283-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«283-бап. Азаматты асырап-бағуға төленетiн сомаларды ұлғайту
Азаматты тiкелей асырап-бағуға ақшалай мiндеттеме бойынша төленетiн сома (өмiрiне немесе денсаулығына келтiрiлген зиянды өмiр бойы асырап-бағу шарты бойынша өтеу және басқалары) инфляцияның болжамды деңгейінің орташа мәніне пропорционалды түрде жыл сайын ұлғайтылады.».
2. 1999 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Ерекше бөлім) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 16-17, 642-құжат; № 23, 929-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 10, 244-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 23, 309-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 10, 102-құжат; 2003 ж., № 1-2, 7-құжат; № 4, 25-құжат; № 11, 56-құжат; № 14, 103-құжат; № 15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., № 3-4, 16-құжат; № 5, 25-құжат; № 6, 42-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 21-22, 87-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 4, 24, 25-құжаттар; № 8, 45-құжат; № 11, 55-құжат; № 13, 85-құжат; 2007 ж., № 3, 21-құжат; № 4, 28-құжат; № 5-6, 37-құжат; № 8, 52-құжат; № 9, 67-құжат; № 12, 88-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16-құжат; № 9-10, 48-құжат; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 3-4, 12-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50, 53-құжаттар; № 16, 129-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 13, 14, 15-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 12, 85-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 92-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 4, 21-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 15, 82-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 11, 61, 69-құжаттар; № 14, 84-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат):
1) мазмұны мынадай мазмұндағы 845-1-баптың тақырыбымен толықтырылсын:
«845-1-бап. Исламдық сақтандыру»;
2) 567-бап мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Қаржы лизингі шартының елеулі талаптары «Қаржы лизингі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленеді.»;
3) 818-баптың 1-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Осы Кодекстің 845-1-бабының 3-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, сақтандырушының сақтанушыдан алған сақтандыру сыйлықақылары оған меншік құқығымен тиесілі болады.»;
4) 824-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Қайта сақтандыру талаптары Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде және қайта сақтанушы мен қайта сақтандырушы арасындағы қайта сақтандыру шартында айқындалады.
Қайта сақтандыру шарты осы Кодексте сақтандыру шартына қойылатын талаптарға сай болуға тиiс. Исламдық қайта сақтандыру шарты осы Кодексте исламдық сақтандыру шартына қойылатын талаптарға сай болуға тиiс. Бұл ретте, негiзгi сақтандыру шарты (исламдық сақтандыру шарты) бойынша сақтандырушы қайта сақтандыру шартында (исламдық қайта сақтандыру шартында) сақтанушы болып есептеледі.»;
5) 826-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын:
«6-1) сақтандырушының исламдық сақтандыру қорын басқарғаны үшін сыйақы мөлшері, оны төлеу шарттары мен тәртібі (исламдық сақтандыру шарты жасалған кезде);»;
6) 40-тарау мынадай мазмұндағы 845-1-баппен толықтырылсын:
«845-1-бап. Исламдық сақтандыру
1. Қазақстан Республикасының сақтандыру ісі және сақтандыру қызметі туралы заңнамасында белгіленген ерекшеліктер ескеріле отырып жасалған сақтандыру шарты (осы Кодекстің 803-бабы) исламдық сақтандыру шарты болып табылады.
2. Сақтандырушы исламдық сақтандыру шарты бойынша сақтанушы төлеген сақтандыру сыйлықақысын, сондай-ақ сақтандыру сыйлықақыларын инвестициялау нәтижесінде алынған кірістерді сақтандырушы исламдық сақтандыру шарттары бойынша сақтанушыларға (пайда алушыларға) сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру үшін қалыптастыратын исламдық сақтандыру қорына аударуға тиіс.
3. Сақтандырушы исламдық сақтандыру шарты бойынша алған сақтандыру сыйлықақылары, сондай-ақ исламдық сақтандыру қорын құрайтын өзге де мүлік сақтандырушыға меншік құқығымен тиесілі болмайды.
4. Сақтандырушы исламдық сақтандыру шарты бойынша Қазақстан Республикасының сақтандыру ісі және сақтандыру қызметі туралы заңнамасында белгіленген талаптарға және жасалған исламдық сақтандыру шартына сәйкес исламдық сақтандыру қорының қаражаты есебінен исламдық сақтандыру қорын басқарғаны үшін сыйақы алуға құқылы.
5. Исламдық сақтандыруды жүзеге асырудың, исламдық сақтандыру қорын қалыптастырудың, есепке алудың, пайдаланудың және бөлудің, исламдық сақтандыруды жүзеге асыратын сақтандырушылардың құқықтық жағдайының ерекшеліктері және олардың қызмет ету шарттары осы Кодекс пен Қазақстан Республикасының сақтандыру ісі және сақтандыру қызметі туралы заңнамалық актілеріне сәйкес айқындалады.»;
7) 937-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Азаматқа жарақат немесе денсаулығына өзге де зақым келтірілген кезде жәбірленуші жоғалтқан, онда болған не анық иелене алатын табыс (кіріс), сондай-ақ денсаулыққа зақым келтіруден туындаған шығыстар (емделуге, қосымша тамақтануға, дәрілер сатып алуға, протез салғызуға, басқа адамның күтім жасауына, санаторий-курорттық емделуге, арнайы көлік құралдарын сатып алуға, басқа кәсіпке даярлауға және басқалар), егер жәбірленуші көмек пен күтімнің осындай түрлеріне мұқтаж және оларды тегін алмайды деп танылса, өтелуге жатады.
Денсаулықтың зақымдануынан туындаған шығыстарды (емделуге, қосымша тамақтануға, дәрілер сатып алуға, протез салғызуға, басқа адамның күтім жасауына, санаторий-курорттық емделуге, арнайы көлік құралдарын сатып алуға, басқа кәсіпке даярлауға және басқалар), қызметкердің денсаулығына зиян келтірген жұмыс беруші Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінде белгіленген шектерде өтейді.»;
8) 938-баптың 6-тармағы алып тасталсын;
9) мазмұнында 943-баптың тақырыбындағы «зиян өтемінің көбейтілуі» деген сөздер «зиянды өтеуді ұлғайту» деген сөздермен ауыстырылып, 943-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«943-бап. Күнкөрiс құнының артуына байланысты зиянды өтеуді ұлғайту
Азаматтарға денсаулығының зақымдануына немесе жәбiрленушiнің қайтыс болуына байланысты төленетiн зиянды өтеу сомалары инфляцияның болжамды деңгейінің орташа мәніне пропорционалды түрде жыл сайын ұлғайтылады.»;
10) 944-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Жәбiрленушiнiң еңбекке қабiлеттілігiнiң төмендеуiне немесе қайтыс болуына байланысты зиянды өтеу ай сайынғы төлемдермен жүргiзiледi.
Жәбірленушінің еңбек (қызметтік) міндеттерін атқару кезінде жоғалтылған табысы бөлігінде зиянды өтеу еңбекке қабілеттілігінен айырылу дәрежесін белгілеу мерзіміне, бірақ оның Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасында белгіленген зейнеткерлік жасқа жетуінен аспайтын мерзімге жүзеге асырылады.
Дәлелдi себептер болған кезде сот зиян келтiрушiнiң мүмкiндiктерiн ескере отырып, өтеттіруге құқығы бар азаматтың талап етуі бойынша оған тиесiлi төлемдердi бiржолғы, бiрақ үш жылдан аспайтындай етіп тағайындауы мүмкiн.»;
11) 945-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды банкроттық салдарынан таратылған заңды тұлғалардың өтеуі жөніндегі төлемдерді капиталдандыру кезеңі аяқталғаннан кейін Қазақстан Республикасының азаматына Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмек жүзеге асырылады, олардың мөлшерлері инфляцияның болжамды деңгейінің орташа мәніне пропорционалды түрде жыл сайын ұлғайтылады.».
3. 2007 жылғы 15 мамырдағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 9, 65-құжат; № 19, 147-құжат; № 20, 152-құжат; № 24, 178-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 8, 44-құжат; № 9-10, 50-құжат; № 17, 82-құжат; № 18, 84-құжат; № 24, 122, 134-құжаттар; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 10, 48-құжат; № 24, 146, 148-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 11, 102-құжат; № 16, 128-құжат; 2012 ж., № 3, 26-құжат; № 4, 32-құжат; № 5, 41-құжат; № 6, 45-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 92-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 123-құжат; 2013 ж., № 2, 13-құжат; № 3, 15-құжат; № 7, 36-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 15, 78, 81-құжаттар; № 16, 83-құжат; № 23-24, 116-құжат; 2014 ж., № 2, 10-құжат; № 7, 37-құжат; № 8, 44, 49-құжаттар; № 11, 67-құжат; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 1, 2-құжат; № 3, 13-құжат; 2015 жылғы 8 сәуірде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне денсаулық сақтау мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2015 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 1-бап мынадай мазмұндағы 68-1) тармақшамен толықтырылсын:
«68-1) өрескел абайсыздық – қызметкердің еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы қағидаларын және өз денсаулығының қауіпсіздігін бұзуына ықпал ететін әрекеттері;»;
2) 164-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«164-бап. Қызметкердің өміріне және (немесе) денсаулығына келтірілген зиян үшін жұмыс берушінің материалдық жауапкершілігі
1. Қызметкер еңбек міндеттерін атқаруына байланысты оның өміріне және (немесе) денсаулығына зиян келтірілген кезде жұмыс беруші зиянды Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында көзделген көлемде өтеуге міндетті.
2. Осы баптың 4-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, осы баптың 1-тармағында көзделген зиян қызметкердің сақтандыру төлемдері болмаған кезде толық көлемде өтеледі. Сақтандыру төлемдері болған кезде жұмыс беруші қызметкерге сақтандыру сомасы мен зиянның нақты мөлшері арасындағы айырманы өтеуге міндетті.
3. Қызметкерлердің өміріне және (немесе) денсаулығына келтірілген зиянды жұмыс берушілердің өтеу тәртібі Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалады.
4. Қызметкерге кәсiптік еңбекке қабiлеттiлiгiнен айырылудың бестен жиырма тоғызға дейінгі пайызды қоса алғандағы дәрежесiмен байланысты зиян келтірілген кезде жұмыс беруші қызметкерге жоғалтылған табысын және денсаулығының зақымдануынан туындаған шығыстарды өтеуге міндетті.
Денсаулықтың зақымдануынан туындаған, әрбір оқиға бойынша жұмыс беруші өтейтін шығыстардың мөлшері төлем төленетін кезде республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленген екі жүз елу айлық есептік көрсеткіштен аспауға тиіс.
Денсаулықтың зақымдануынан туындаған шығыстарды өтеу бойынша төлем осы шығыстарды шеккен қызметкер не тұлға ұсынған, осы шығыстарды растайтын құжаттардың негізінде жүзеге асырылады. Бұл ретте, Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасына сәйкес тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне кіретін шығыстар өтелуге жатпайды.».