• Мое избранное
Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде сүректі түбірімен босату қағидаларын бекіту туралы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
  • 14

Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде сүректі түбірімен босату қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2015 жылғы 27 ақпандағы № 18-02/178 бұйрығы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 10 сәуіріңде № 10679 тіркелді

Редакция 14.07.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
Қазақстан Республикасы 2003 жылғы 8 шілдедегі Орман кодексінің 13-бабы 1-тармағының 18-5) және 18-20) тармақшаларына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Осы Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 29.01.2018 жылғы № 47 Бұйрығына сәйкес (25.12.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 16.03.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде сүректі түбірімен босату қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік етегін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министрдің міндетін атқарушы С. Омаров
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
міндетін атқарушының
2015 жылғы 27 ақпандағы
№ 18-02/178 бұйрығымен бекітілген
  • 3
Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде сүректі түбірімен босату  
 қағидалары
  • 1
1-тарау. Жалпы ережелер
1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 29.01.2018 жылғы № 47 Бұйрығына сәйкес (25.12.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 16.03.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
  • 1
1. Осы Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде сүректi түбірімен босату қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) 2003 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Орман кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 13-бабы 1-тармағының  18-20) және 18-20) тармақшаларына сәйкес әзірленді және мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде сүректi түбірімен босату мен мемлекеттік орман қоры аумағында ағаш кесудің жыл сайынғы көлемдерін айқындау тәртібін белгілейді.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 29.01.2018 жылғы № 47 Бұйрығына сәйкес (25.12.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 16.03.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
2. Мемлекеттік орман қорына кіретін, бірақ темір жолдардың, автомобиль жолдарының, каналдардың, магистральды құбырлардың және осы объектілерді қолайсыз табиғат құбылыстарынан қорғауға, қоршаған ортаның ластануын болдырмауға, шу әсерін азайтуға арналған басқа да желілік құрылыстардың белдеулерінде орналасқан орман екпелері үшін осы Қағидалар өздерінің қорғаныш функцияларын және оларды пайдаланудың белгіленген тәртібін орындау үшін осы екпелердің мақсаты ескеріле отырып қолданылады.
3. Шекаралық аймақтарда орналасқан мемлекеттік орман қоры учаскелерінде сүректі түбірімен босату кезінде осы Қағидалар Кодекстің 83-бабына сәйкес айқындалған мемлекеттік орман қоры учаскелерін пайдаланудың ерекшеліктері ескеріле отырып қолданылады.
  • 1
4. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде басты мақсатта пайдалану үшiн ағаш кесу, аралық мақсатта пайдалану үшiн ағаш кесу және өзге де мақсаттарда ағаш кесу тәртiбiмен сүрек босату осы Қағидаларға және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы  30 маусымдағы № 18-02/596 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11894 болып тіркелген) бекітілген Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ағаш кесу қағидаларына (бұдан әрі – Ағаш кесу қағидалары) сәйкес жүзеге асырылады.
4-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 25.12.2015 жылғы № 19-1/1124 Бұйрығына сәйкес (27.02.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 27.01.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
4-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 29.01.2018 жылғы № 47 Бұйрығына сәйкес (25.12.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 16.03.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
5. Мемлекеттік табиғи қорықтар, мемлекеттік ұлттық табиғи парктер ормандарында және басқа ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда осы Қағидалар Кодекстің 92-бабына сәйкес осы аумақтардың режиміне, орман шаруашылығын жүргізу және ормандарды пайдалану тәртібіне қайшы келмейтін бөлігінде қолданылады.
6. Басты мақсатта пайдалану үшін ағаш кесу кезінде сүректі түбірімен босату толысқан және қураған екпелерде жүзеге асырылады, бұл орайда бірінші кезекте, ағаш кесудің жоспарына қарамастан, өздерінің жай-күйіне қарай (өрт, жел, жауын-шашын, орман зиянкестері, ластайтын заттардың қалдықтары (тастандылары), басқа да қолайсыз әсер етулер салдарынан бүлінген) кесу талап етілетін екпелерді, өткен жылдардан кесілмей қалған ағашты, сөлі алынған сүрекдіңдерді кесу белгіленеді.
7. Аралық мақсатта пайдалану үшін ағаш кесу кезінде сүректі түбірімен босату орманды күтіп-баптау мақсатында ағаш кесу (сирексіту, тазарту, сирету, өтпелік кесу), санитариялық мақсатта іріктеп ағаш кесу, қайта жаңарту үшін ағаш кесу және құндылығы аз сүрекдіңдерді кесуге байланысты өзге де ағаш кесулер, сондай-ақ қорғаныштық, судан қорғау және басқа функцияларын жоғалта бастаған екпелерді кесу, жас шоғырлардағы жекелеген ағаштарды кесу кезінде жүзеге асырылады.
8. Басқа да мақсаттарда ағаш кесу кезінде сүректі түбірімен босату үй және құрылыс салу, су тораптарының (су қоймаларымен толтырылатын аймақтарды қоса алғанда), құбырлар, жолдар, байланыс және электр беру желілерін салу және пайдалану үшін орман жерлерін тазарту жүргізген, пайдалы қазбаларды өндіру кезінде және орман жерлерін орман емес жерлерге белгіленген тәртіппен көшіруге байланысты өзге де жағдайларда, сондай-ақ орман соқпағын салу өртке қарсы ор қазу, орман өсіру, өртке қарсы, орман-мелиоративтік және басқа орман шаруашылық жұмыстарын жүргізу, санитариялық мақсатта жаппай ағаш кесу, жойылуға тиіс қоқыстарды жинау кезінде жүзеге асырылады.
9. Уақытша ағаш тұқымы учаскелері ретінде бөлінген екпелерді орман сүректі ағаштарының тұқымдарын дайындау мақсатында бітік шыққан жылдарда ғана кесуге жол беріледі. Ұзақ мерзімді орман пайдалануға берілген мемлекеттік орман қоры учаскелерінде уақытша ағаш тұқымы учаскелерін бөлу шартта көзделген жағдайларда жүргізіледі.
10. Сүрек дайындау, мемлекеттік орман қоры учаскелерін пайдалану мерзіміне қарамастан, ағаш кесу билеттері бойынша ғана рұқсат етіледі.
11. Есепке алудың барлық түрлері кезінде босатылуға тиіс сүрек мөлшері тығыз текше метрлермен айқындалады. Сексеуіл сүрегін босату кезінде массаны есепке алуды тоннамен жүргізуге рұқсат етіледі.
12. Орман ресурстарын дайындалған өнім мөлшері бойынша босату кезінде мынадай өлшем бірліктері қолданылады:
1) декалитрлер - сүрек сөлдері үшін;
2) тығыз текше метрлер - сыпталған және бөрене күйіндегі ағаш материалдары үшін;
3) жинап қою текше метрлері - кесу қалдықтары, шөпшек, бұталық жем, қылқан жапырақтылар табандары үшін;
4) тонналар - шайыр, қабық үшін;
5) дана - шыбықтар мен шөпшектерден, тал шыбығынан, сондай-ақ жаңа жылдық шыршалардан жасалған ұсақ сұрыптар үшін.
  • 1
13. Түбірімен босатылатын сүрек үшін төлемақы сомасын есептеу және төлеу тәртібі «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Кодексінің 588-бабына сәйкес айқындалады.
13-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 29.01.2018 жылғы № 47 Бұйрығына сәйкес (25.12.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 16.03.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
14. Сүрек босату кезінде орман пайдаланушыларға Кодекстің 38-бабында көзделген талаптардан басқа мынадай талаптар қойылады:
1) ағаш кесу және жол бойын тазалау, орман қоймаларын орналастыру, құрылыстар салу кезінде мемлекеттік орман қоры учаскелерін ластауға, сондай-ақ кесілген күйі салбырап қалған ағаштарды және үйінділерді қалдыруға жол бермеу;
2) қар жоқ кезеңде ағаштарды кесу мен кесінді қалдықтарынан алаңды тазарту арасындағы алшақтықтың 15 күннен асуына жол бермей, кеспеағаш аймағын тазалау, сондай-ақ орманда өрт қаупі бар кезең басталғанға дейін қысқы кеспеағаш аймағын тазалау;
3) өзендер мен жылғалардың арнасын ағызу, сондай-ақ ағаш сүйрету және ағаш тасу жолы ретінде пайдаланбау;
4) сүректі әкеткен және өзге жүктерді тасымалдаған кезде жолдарды, көпірлерді және орман соқпағын, сондай-ақ құрғату тораптарын, жол, гидро-мелиоративтік және басқа құрылыстарды, суағарларды, жылғаларды, өзендерді сақтау және олар бұзылған жағдайда өз есебінен тиісті жай-күйіне келтіру;
5) тұқымдық, артықшылығы бар және басқа да кесілуге жатпайтын ағаштардың, өскіндердің кеспеағаш аймағына іргелес жатқан әрбір жағынан алғандағы ені 50 метр белдеулердегі екпелердің сақталуын, сондай-ақ орман орналастыру және орман шаруашылығы белгілерінің, ағаштар мен түбірлердегі жапсырмалардың бүтіндігін қамтамасыз ету.
  • 1
2-тарау. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде сүректi түбірімен босату тәртібі
2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 29.01.2018 жылғы № 47 Бұйрығына сәйкес (25.12.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 16.03.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
15. Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде сүректі түбірімен босатудың жыл сайынғы мөлшеріне Кодекстің 93-бабының 2-тармағына сәйкес орман орналастыру жобаларына, ағаш кесу жоспарларына, құрылыс объектілері үшін орман алаңдарын тазалау жөніндегі жобаларға, жаппай санитариялық ағаш кесуді жүргізуге арналған рұқсаттарға сәйкес белгіленген басты мақсатта пайдалану үшін (кеспеағаш қоры), аралық мақсатта пайдалану үшін ағаш кесудің, өзге де мақсаттарда ағаш кесулердің жыл сайынғы көлемі кіреді.
  • 1
16. Мемлекеттiк орман иеленушілер ұзақ мерзiмдi орман пайдалануға құқығы бар орман пайдаланушылардың өтiнiмдерi негiзiнде, оларға басты, аралық мақсаттарда пайдалану үшiн ағаш кесу мен өзге де ағаш кесуге арналған өздерiнiң өтiнiмдерiн енгiзе отырып, өсiп тұрған сүректi жыл сайын босатуға жиынтық материалдар қалыптастырады.
16-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 29.01.2018 жылғы № 47 Бұйрығына сәйкес (25.12.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 16.03.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
17. Сүректі түбірімен босату мемлекеттік орман иеленушілер орман орналастыру жобасына, ағаш кесу жоспарына сәйкес, сондай-ақ кеспеағаш аймағы ағаш кесуге түсуден бір жыл бұрын жергілікті халықтың отындық ағашқа деген қажеттерін ескере отырып әзірлейтін кеспеғаш аймағын бөліп беру мен мөлшерлеу материалдарының негізінде жүзеге асырылады.
Кеспеғаш аймағын бөліп беру мен мөлшерлеуді мемлекеттік орман иеленушiлер Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 18-02/161 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10693 болып тіркелген) бекітілген Мемлекеттік орман қоры учаскелерiнде кеспеағаштарды бөліп беру мен мөлшерлеу қағидаларына сәйкес жүргізеді.
17-тармақтың екінші абзацы жаңа редакцияда жазылды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 25.12.2015 жылғы № 19-1/1124 Бұйрығына сәйкес (27.02.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 27.01.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
18. Сүректі түбірімен босату мерзімі кеспеағаш ағаш кесуге белгіленген жылдың 1 қаңтарынан бастап 31 желтоқсанына дейін, ал тасып әкету мерзімі - келесі жылдың 1 мамырына дейін белгіленеді.
19. Сүректі түбірімен босату кезінде кесуге белгіленген ағаштардың алаңы мен санын ескере отырып сүректі тасып әкету оны дайындаумен бір мезгілде жүзеге асырылады.
Сүректі түбірімен босату кезінде дайындалған сүректің санын ескере отырып оны ағаш кесу билетінде көрсетілген уақытша орман қоймаларына тасу жүзеге асырылады. Осы сүректі тасып әкету дайындалған сүректің мөлшері куәландырылғаннан кейін жүргізіледі.
Өрттер зақымдаған екпелерде, сондай-ақ дауылдар мен жел сұлатқан ағаштарды жинау есебінен дайындалған сүректің мөлшерін ескере отырып сүрек босату кезінде оны тасып әкету осы сүректі есепке алу ұйымдастырылған жағдайда ғана жүзеге асырылады.
Егер сүрек темір жолдар мен тас жолдар бойындағы қоймаларға, өңдеуге арналған қондырғылар мен құрылғыларға, сондай-ақ мемлекеттік орман иеленушімен келісілген және ағаш кесу билеттерінде көрсетілген орындарда орналастырылған жыл бойы жұмыс істейтін ағаш тасу жолдарының бойындағы аралық қоймаларға тасып әкелінсе, ол ағаш кесілген жерден тасып әкетілген болып есептеледі.
20. Су тораптарын, құбыр желілерін, жолдар, байланыс және электр беру желілерін салуға, карьерлер аршу мен пайдалы қазбалар өндіруге байланысты тазартылуға тиіс алаңдарда, сондай-ақ орман алаңдарын ормансыз жерлерге ауыстыруға байланысты ағаш кесудің өзге де жағдайларында сүрек босату жобалау құжаттамасында осы жұмыстарды атқару үшін белгіленген мерзімдерде жүргізіледі. Ағаш кесу билеттері бұл орайда жыл бойы ағымдағы жылда игеру көзделген сүрек мөлшеріне жазылады.
21. Піскен сүрекдіңдер қорларынан құралатын басты мақсатта пайдалану үшін ағаш кесуді (кеспеағаш қоры) жүргізу кезінде сүрек босату көлемі.
Қағидалар 21-тармақпен толықтырылды ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 29.01.2018 жылғы № 47 Бұйрығына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 16.03.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде басты мақсатта пайдалану үшін ағаш кесу тәртібімен сүрек дайындау орман орналастыру кезінде айқындалатын және орман шаруашылығы саласындағы уәкілетті органның ведомствосы (бұдан әрі – ведомство) бекітетін есептік кеспеағаш шегінде жүзеге асырылады.
22. Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде аралық мақсатта пайдалану үшін ағаш кесу кезінде сүрек дайындау көлемі орманға күтім жасау үшін ағаш кесудің, іріктеп санитариялық мақсатта ағаш кесудің, құндылығы аз және қорғаныштық функцияларын жоғалтып бара жатқан екпелерді қайта жаңартумен байланысты ағаш кесудің белгіленген нормаларын басшылыққа ала отырып, орман орналастыру материалдары бойынша айқындалады.
Қағидалар 22-тармақпен толықтырылды ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 29.01.2018 жылғы № 47 Бұйрығына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 16.03.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
23. Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде өзге мақсаттарда пайдалану үшін ағаш кесу кезінде сүрек дайындау көлемі жаппай санитариялық мақсатта ағаш кесу, құрылыс объектілері үшін орман алаңдарын тазарту, орман жолдарын тарту және басқа да орман шаруашылығы іс-шараларын орындау жөніндегі жұмыстардың көлемімен айқындалады.
Қағидалар 23-тармақпен толықтырылды ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 29.01.2018 жылғы № 47 Бұйрығына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 16.03.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
24. Орман орналастыру жобаларына енгізілмеген санитариялық мақсатта пайдалану үшін ағаш кесу Ағаш кесу қағидаларына сәйкес ұсынылып отырған іс-шараларды негіздей отырып, табиғи және антропогендік сипаттағы жағдайлардың туындау фактілері бойынша тағайындалады.
Қағидалар 24-тармақпен толықтырылды ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 29.01.2018 жылғы № 47 Бұйрығына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 16.03.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
25. Орман жолдарын тартуға және өртке қарсы орлар қазуға байланысты ағаш кесу орман орналастыру материалдары және (немесе) ормандарды өртке қарсы орналастырудың бас жоспарлары бойынша тағайындалады.
Қағидалар 25-тармақпен толықтырылды ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 29.01.2018 жылғы № 47 Бұйрығына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 16.03.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
26. Облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдар (бұдан әрі – жергілікті атқарушы органдар) мен мемлекеттік орман иеленушілер ағаш кесудің жыл сайынғы көлемдерінің жиынтық материалдарын қалыптастырудың дұрыстығын қамтамасыз етеді.
Қағидалар 26-тармақпен толықтырылды ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 29.01.2018 жылғы № 47 Бұйрығына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 16.03.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
3-тарау. Мемлекеттік орман қоры аумағында ағаш кесудің жыл сайынғы көлемін қалыптастыру тәртібі
Қағидалар 3-тараумен толықтырылды ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 29.01.2018 жылғы № 47 Бұйрығына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 16.03.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
27. Мемлекеттік орман иеленушілер ағаш кесу басталар алдындағы жылдың 1 қыркүйегіне дейінгі мерзімде жергілікті атқарушы органдарға жіберілетін кеспеағаштар бөлу материалдарының негізінде ағаш кесудің жыл сайынғы көлемінің жиынтық материалдарын (бұдан әрі – жиынтық материалдар) қалыптастырады.  
28. Мемлекеттік орман иеленушілер беретін жиынтық материалдар мынадай құжаттарды қамтиды:
1) бірінші басшы немесе оны алмастыратын адам қол қойған жергілікті атқарушы органдардың атына ілеспе хат;
2) жылдық кеспеағаштың жиынтық ведомосы;  
3) осы Қағидаларға 1, 2, 3, 4-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша мемлекеттік орман иеленушілер жүзеге асыратын мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ағаш кесу түрлері бойынша сүрек дайындау көлемі;  
4) іріктеп санитариялық мақсатта кесуге белгіленген екпелерді комиссияның тексеру немесе қарап көру актісі және Ағаш кесу қағидаларының 121-тармағына сәйкес сүрекдіңнің санитариялық жай-күйiнiң орташа өлшемдiк балы.
29. Осы Қағидалардың 28-тармағында көрсетілген материалдардан басқа, жаппай санитариялық мақсатта ағаш кесу көлемін қарау және бекіту үшін:
1) кесуге белгіленген екпелерді комиссияның тексеру немесе  қарап көру актісі және Ағаш кесу қағидаларының 150-тармағына сәйкес сүрекдіңнiң санитариялық жай-күйiнiң орташа өлшемдiк балы;
2) осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша биологиялық тұрақтылығынан айырылған екпелерде отырғызылған сынама алаңдарының жиынтық ведомосы;
3) осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жаппай санитариялық мақсатта ағаш кесуді қажет ететін екпелердің жиынтық ведомосы;
4) телімдерді, олардың алаңдарын көрсетіп және сынама алаңдарын енгізе отырып, жаппай санитариялық мақсатта пайдалану үшін ағаш кесуге белгіленген учаскелерге планшеттен алынған көшірме;
5) орман өрті туралы хаттама ұсынылады.
30. Мемлекеттік орман қорының мына санаттарында:
1) ерекше қорғалатын орман аумақтарында, оның iшiнде:  
мемлекеттiк табиғи қорықтар ормандарында;  
мемлекеттiк ұлттық табиғи парктер ормандарында;  
мемлекеттiк табиғи резерваттар ормандарында;  
мемлекеттiк өңiрлiк табиғи парктер ормандарында;  
мемлекеттiк қорық аймақтары ормандарында;  
табиғаттың мемлекеттiк орман ескерткiштерiнде;  
орманның гендiк резерваттарын қоса, ғылыми маңызы бар орман учаскелерiнде;  
аса құнды орман алаптарында;  
жаңғақ кәсiпшiлiгi аймақтарында;  
орман-жемiс екпелерiнде;  
аса биiк тау ормандарында;  
2) мемлекеттiк қорғаныштық орман белдеулерiнде;  
3) қала ормандарында;  
4) елдi мекендердiң және емдеу-сауықтыру мекемелерiнiң жасыл аймақтарында;  
5) эрозияға қарсы ормандарда;  
6) өзендер, көлдер, су қоймалары, каналдар мен басқа да су объектiлерi жағалауларындағы тыйым салынған орман белдеулерiнде басқа мақсатта ағаш кесуге, сондай-ақ құндылығы төмен және қорғаныштық, су сақтау және басқа да экологиялық функцияларын жоғалта бастаған екпелердің құрылымын қайта жаңартуға байланысты ағаш кесу көлемдерін қарау және бекіту үшін көрсетілген ағаш кесулер мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы болған кезде, тек уәкiлеттi органның рұқсаты бойынша жүргiзiледi.
31. Жергілікті атқарушы органдар мен мемлекеттік орман иеленушілер ағаш кесу басталар алдындағы жылдың 20 қыркүйегіне дейін ведомствоның аумақтық органына (бұдан әрі – аумақтық орган) тексеру үшін мемлекеттік орман иеленушілер және филиалдар бойынша материалдар жібереді.  
32. Жергілікті атқарушы органдар мен мемлекеттік орман иеленушілердің аумақтық органға ұсынатын материалдары мыналарды қамтиды:  
1) бірінші басшысы немесе оны алмастыратын адам қол қойған ілеспе хат;
2) осы Қағидаларға 1, 2, 3, 4-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша берілген мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ағаш кесу түрлері бойынша сүрек дайындау көлемі;
3) осы Қағидалардың 29-тармағына сәйкес берілетін жаппай санитариялық мақсатта ағаш кесу бойынша материалдар.  
33. Аумақтық орган ұсынылған ағаш кесудің жыл сайынғы көлемдерінің материалдарына тексеру жүргізеді және оларды ағаш кесу басталар алдындағы жылдың 25 қазанына дейінгі мерзімде Қазақстан Республикасының Орман кодексіне сәйкес бекіту үшін ұсынады.
33-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 28.06.2024 жылғы № 142 Бұйрығына сәйкес (29.01.2018 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 14.07.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
34. Орман орналастыру материалдарында көзделген кесу көлемін орман иеленуші ведомствоның аумақтық бөлімшесінің келісімі бойынша ағаш кесу басталар алдындағы жылдың 25 желтоқсанына дейінгі мерзімде жылына бір рет бекітеді. Ағаш кесу көлемдерін түзету бірінші жартыжылдықтың қорытындылары бойынша жылына бір рет жүргізіледі.
34-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 28.06.2024 жылғы № 142 Бұйрығына сәйкес (29.01.2018 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 14.07.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Табиғи-климаттық факторлардың, ормандардың зиянкестермен және аурулармен зақымдануының нәтижесінде болған салдарларды жою кезінде орман орналастыру материалдарымен айқындалмаған мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орманды санитариялық және өзге де кесу көлемін уәкілетті органның ведомствосы бекітеді.
35. Аумақтық органдар уәкілетті органның ведомствосы бекіткен ағаш кесу көлемдерін мемлекеттік орман иеленушілерге жеткізеді.
35-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 28.06.2024 жылғы № 142 Бұйрығына сәйкес (29.01.2018 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 14.07.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
36. Ұсынылған материалдар осы Қағидаларға сәйкес келмеген жағдайда ескертулерді жою туралы материалдарды ведомство пысықтау үшін жергілікті атқарушы органдарға және мемлекеттік орман иеленушілерге қайтарады.  
37. Пысықталған материалдар оларды ведомство жергілікті атқарушы органдарға және мемлекеттік орман иеленушілерге жіберген күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде беріледі.
Мемлекеттік орман қоры
учаскелерінде сүректі түбірімен
босату қағидаларына
1-қосымша
Қағидалар 1-қосымшамен толықтырылды ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 29.01.2018 жылғы № 47 Бұйрығына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 16.03.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Нысан
 _________________облысының қарамындағы мемлекеттік орман иеленушілер жүзеге асыратын мемлекеттік орман қоры учаскелерінде басты мақсатта пайдалану кезінде сүрек дайындаудың 20__ жылға арналған көлемі
алымында алаң, гектар
бөлгішінде қор, текше метр

Мемлекеттік орман

иеленушінің атауы

Тұқымдылар топтары бойынша басты мақсатта пайдалану үшін ағаш кесу кезінде сүрек дайындау көлемі

Жиыны

қылқан

жапырақты

жұмсақ

жапырақты

қатты

жапырақты, сексеуіл

1

2

3

4

5

6

мемлекеттік орман қорының санаты

Жиыны:


 


 


 


 

Мемлекеттік орман қоры
учаскелерінде сүректі түбірімен
босату қағидаларына
2-қосымша
Қағидалар 2-қосымшамен толықтырылды ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 29.01.2018 жылғы № 47 Бұйрығына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 16.03.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Нысан
 ___________облысының  қарамындағы мемлекеттік орман иеленушілер жүзеге асыратын мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орманды күтіп-баптау мақсатында ағаш кесу кезінде сүрек дайындаудың 20___ арналған көлемі
алымында алаң, гектар
бөлгішінде қор, текше метр

Мемлекеттік

орман

иеленушінің

атауы

Тұқымдылар топтары бойынша орманды күтіп-баптау мақсатында ағаш кесу кезінде сүрек дайындау көлемі

қылқан жапырақты

жарықтан-дыру

тазарту

сирету

өтпелі

ағаш

кесу

1

2

3

4

5

6

мемлекеттік орман қорының санаты

Жиыны:


 


 


 


 

кестенің жалғасы

Тұқымдылар топтары бойынша орманды күтіп-баптау мақсатында

ағаш кесу кезінде сүрек дайындау көлемі

Жиыны

жұмсақ жапырақты

қатты жапырақты

жарық-

тандыру

тазарту

сирету

өтпелі

ағаш

кесу

жарық-

тандыру

тазарту

сирету

өтпелі

ағаш

кесу


 

7

8

9

10

11

12

13

14

15

мемлекеттік орман қорының санаты


 


 


 


 


 


 


 


 


 

Мемлекеттік орман қоры
учаскелерінде сүректі түбірімен
босату қағидаларына
3-қосымша
Қағидалар 3-қосымшамен толықтырылды ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 29.01.2018 жылғы № 47 Бұйрығына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 16.03.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Нысан
 __________ облысының қарамындағы мемлекеттік орман иеленушілер жүзеге асыратын мемлекеттік орман қоры учаскелерінде іріктеп санитариялық мақсатта ағаш кесу кезінде сүрек дайындаудың 20___ жылға арналған көлемі   
алымында алаң, гектар
бөлгішінде қор, текше метр

Мемлекеттік орман

иеленушінің атауы

Тұқымдылар топтары бойынша іріктеп санитариялық мақсатта ағаш кесу кезінде сүрек дайындау көлемі

Жиыны

қылқан

жапырақты

жұмсақ

жапырақты

қатты

жапырақты,

сексеуіл


 

1

2

3

4

5

6

мемлекеттік орман қорының санаты

Жиыны:


 


 


 


 

Мемлекеттік орман қоры
учаскелерінде сүректі түбірімен
босату қағидаларына
4-қосымша
Қағидалар 4-қосымшамен толықтырылды ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 29.01.2018 жылғы № 47 Бұйрығына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 16.03.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Нысан
 ___________облысының қарамындағы мемлекеттік орман иеленушілер жүзеге асыратын  мемлекеттік орман қоры учаскелерінде өзге де ағаш кесу кезінде сүрек дайындаудың 20___ жылға арналған көлемі
алымында алаң, гектар
бөлгішінде қор, текше метр

Мемлекеттік

орман

иеленушінің

атауы

Тұқымдылар топтары бойынша өзге де ағаш кесу кезінде сүрек дайындау көлемі

Жиыны

қылқан

жапырақты

жұмсақ

жапырақты

қатты

жапырақты,

сексеуіл

1

2

3

4

5

6

мемлекеттік орман қорының санаты

жаппай санитариялық мақсатта ағаш кесу

Жиыны:


 


 


 


 

су тораптарын, құбыр жолдарын, жолдар салумен

байланысты орман алаңдарын тазарту

Жиыны:


 


 


 


 

орман соқпақтарын салу, өртке қарсы орлар

қазу кезінде орман алаңдарын тазарту

Жиыны:


 


 


 


 

өтімді қалдықтарды жинау

Жиыны:


 


 


 


 

Барлығы:


 


 


 


 

Мемлекеттік орман қоры
учаскелерінде сүректі түбірімен
босату қағидаларына
5-қосымша
Қағидалар 5-қосымшамен толықтырылды ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 29.01.2018 жылғы № 47 Бұйрығына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 16.03.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Нысан
                        ____________________________________облысы                       ___________________________________бойынша                           (мемлекеттік орман иеленуші)                       биологиялық орнықтылығын жоғалтқан екпелер                                 құраған сынама алаңдардың                                      жиынтық ведомосі

Орман-

шылық

Сынақ

алаңының

Орамның №

Телімнің

Сынамадағы

ағаш саны,

дана

Басым зиянкестер және аурулар атауларын

көрсете отырып,

сүрекдіңнің

әлсіреу себебі

1

2

3

4

5

6


 


 


 


 


 


 

кестенің жалғасы

Сынамадағы жалпы санның пайызға шаққандағы жай-күйі санаттары бойынша ағаштардың бөлінуі

Кесілуі тиіс,

пайыз

тұқымды

I

II

III

IV

V

VI


 

7

8

9

10

11

12

13

14


 


 


 


 


 


 


 


 

Мемлекеттік орман қоры
учаскелерінде сүректі түбірімен
босату қағидаларына
6-қосымша
Қағидалар 6-қосымшамен толықтырылды ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 29.01.2018 жылғы № 47 Бұйрығына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 16.03.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Нысан
                           ____________________________облысы                       _______________________________ бойынша                         (мемлекеттік орман иеленуші)                     жаппай санитариялық мақсатта ағаш кесу қажет                          етілетін екпелердің жиынтық ведомосі

Орман-

шылық

Орам-

ның №

Телім-

нің №

Алаң,

гектар

Телімнің қысқаша таксациялық

сипаттамасы

құрамы

жасы

толысуы

бонитеті

1

2

3

4

5

6

7

8


 


 


 


 


 


 


 


 

Телімнің қысқаша таксациялық

сипаттамасы

Сүрек қоры

Орман түрі

Жаңарудың қамтамасыз етілуі

Сүрекдіңнің

әлсіреу

себебі

орташа биік-

тігі, метр

орташа диаметрі, сантиметр

1 гектарға

телімде

барлы-ғы

оның ішінде өтімді сүрек

орташа биік-

тігі, метр


 


 

9

10

11

12

13

14

15

16


 


 


 


 


 


 


 


 

Мемлекеттік орман иеленушінің басшысы:  
Инженер-орман патологы (орман қорғау жөніндегі маман)