|
№ р/с
|
Рұқсат беру талаптары:
|
Рұқсат беру талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттар
|
Ескертпе
|
|
1
|
2
|
3
|
4
|
|
1. Өнімнің сәйкестігін растау жөніндегі сарапшы-аудиторларға үміткер жеке тұлғаларға қойылатын рұқсат беру талаптары:
|
|
1
|
Осы Қағидалармен бекітілген, Еуразиялық экономикалық одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөніндегі сарапшы-аудиторларға қойылатын рұқсат беру талаптары сарапшы-аудиторларды аттестаттау Қағидаларына 6-қосымшадакөзделген (бұдан әрі – Қағидалар) мәлімделетін аттестаттау бағытына сәйкес келетін жоғары білімнің болуы немесе мәлімделетін аттестаттау бағытына сәйкес стандарттау, сертификаттау және метрология мамандығы (салалар бойынша) бойынша жоғары білімнің болуы немесе Қағидаларға 6-қосымшада көзделген мәлімделетін аттестаттау бағытына сәйкес келмеген жағдайда, мәлімделетін аттестаттау бағыты бойынша сарапшы-аудитор ретінде кемінде үш жыл жұмыс өтілінің болуы.
Мәлімделетін аттестаттау бағыты бойынша сарапшы-аудитор ретінде кемінде он жыл жұмыс өтілі болған кезде орта білімнен кейінгі білімге рұқсат етіледі.
|
Сарапшы-аудиторларға үміткер жеке тұлға мәліметтерінің нысаны сәйкестікті растау, тауарды шығарған елді, Еуразиялық экономикалық одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөніндегі сарапшы-аудиторларға қойылатын рұқсат беру талаптары мен оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесінің қосымшасына және рұқсат беру талаптарына сәйкес (бұдан әрі – рұқсат беру талаптары) келуі тиіс.
|
|
|
2
|
Мәлімделетін аттестаттау бағытында даярлау (қайта даярлау) немесе біліктілігін арттыру курстарынан өтуі. Өнімнің сәйкестігін растау жөніндегі сарапшы-аудиторларға үміткер жеке тұлғаларды даярлау, қайта даярлау бойынша курстар өткізу мерзімдері кемінде академиялық 80 сағатты құрайды. Бұрын аттестатталған жеке тұлғалар кемінде академиялық 40 сағат көлемінде біліктілігін арттырудан өтеді. Қазақстан Республикасында жаңа аттестаттау бағыттары бойынша даярлау, қайта даярлау курстарын өту үшін жағдайлар болмайтын кезде Қазақстан Республикасының шегінен тыс курстар өтуге кемінде академиялық 40 сағат көлемінде жол беріледі.
|
Сарапшы-аудиторларға үміткер жеке тұлға мәліметтерінің нысаны рұқсат беру талаптарының қосымшасына сәйкес келуі тиіс.
|
|
|
3
|
Мәлімделетін аттестаттау бағытында даярлау (қайта даярлау) немесе біліктілігін арттыру курстарынан өтуі.Өнімнің сәйкестігін растау жөніндегі сарапшы-аудиторларға үміткер жеке тұлғаларды даярлау, қайта даярлау бойынша курстар өткізу мерзімдері кемінде академиялық 80 сағатты құрайды. Бұрын аттестатталған жеке тұлғалар кемінде академиялық 40 сағат көлемінде біліктілігін арттырудан өтеді. Қазақстан Республикасында жаңа аттестаттау бағыттары бойынша даярлау, қайта даярлау курстарын өту үшін жағдайлар болмайтын кезде Қазақстан Республикасының шегінен тыс курстар өтуге кемінде академиялық 40 сағат көлемінде жол беріледі.
|
Сарапшы-аудиторларға үміткер жеке тұлға мәліметтерінің нысаны рұқсат беру талаптарының қосымшасына сәйкес келуі тиіс.
|
Өнімнің сәйкестігін растау жөніндегі сарапшы-аудиторларды даярлау (қайта даярлау) немесе біліктілігін арттыру жөніндегі куәліктердің қолданылу мерзімі – бір жыл.
|
|
4
|
Қағидаларға 6-қосымшада қөзделген бағыт бойынша практикалық сабақтар (тағылымдамалар), Қазақстан Республикасының мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінде сарапшы-аудитор ретінде сертификатталған немесе халықаралық сарапшы-аудитор немесе Еуразиялық экономикалық одақтың қатысушы мемлекеттерінде аттестатталған және аталған бағытта кемінде үш жыл жұмыс істеген сарапшы-аудиторда практикалық дайындықтан (тағылымдамадан) өту. Бұрын мәлімделген сертификаттау саласында сертификатталған адамдар үшін тағылымдамадан өту талап етілмейді, сертификаттан айырылған немесе тоқтатылған немесе мерзімі өткен сертификатталған сарапшыларды қоспағанда.
|
Сарапшы-аудиторларға үміткер жеке тұлға мәліметтерінің нысаны қосымшаға және рұқсат беру талаптарына сәйкес, мәлімделетін бағытта тағылымдамадан өтуі туралы (әртүрлі схемалар бойынша сәйкестікті растау жөніндегі жұмыстар туралы ақпаратты қоса алғанда) – кемінде бес есеп немесе сәйкес мәлімделетін аттестаттау бағытындағы сарапшы-аудитордың қызметі туралы есеп.
|
Сарапшы-аудиторларға үміткер жеке тұлға мәлімделетін аттестаттау бағыттарында практикалық дайындықтан (тағылымдамадан) өтуді аттестаттау бағыттары бойынша даярлық (қайта даярлық) бойынша курстарды тыңдаудан соң жүзеге асырады.
Бұрын мәлімделетін аттестаттау саласында аттестатталған тұлғаларға мәлімделетін аттестаттау саласындағы сарапшы-аудитордың қызметі туралы есеп ұсынады.
|
|
2. Басқару жүйелерінің сәйкестігін растау үшін сарапшы аудиторларға өтініш білдірген тұлғаларға қойылатын талаптар:
|
|
1
|
Сарапшы-аудиторлыққа үміткер жеке тұлғада жоғары білімінің болуы.
Тамақ өнімдерінің қауіпсіздік менеджменті жүйелерінің сәйкестігін растау жөніндегі сарапшы-аудиторларға үміткер жеке тұлғалар үшін-тамақ өнеркәсібіне немесе білімнің аралас салаларына қатысты өндірістік және өңдеуші салалар даярлау бағытындағы жоғары білімінің болуы.
Энергетикалық менеджмент жүйелерінің сәйкестігін растау жөніндегі сарапшы-аудиторларға үміткер жеке тұлғалар үшін-энергетикаға немесе білімнің аралас салаларына қатысты инженерлік, өңдеуші және құрылыс салаларын даярлау бағытында жоғары білімінің болуы.
Ақпараттық қауіпсіздік менеджменті жүйелерінің сәйкестігін растау жөніндегі сарапшы-аудиторларға үміткер жеке тұлғалар үшін-ақпараттық-коммуникациялық технологияларды, математика және статистиканы дайындау бағытында жоғары білімінің болуы.
Фармацияда Тиісті дәріханалық практика бойынша менеджмент жүйелерінің (GPP), фармацияда тиісті өндірістік практика бойынша менеджмент жүйелерінің (GMP), фармацияда тиісті дистрибьюторлық практика бойынша менеджмент жүйелерінің (GDP) сәйкестігін растау жөніндегі сарапшы-аудиторларға үміткер жеке тұлғалар үшін – Фармацияға қатысты Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина) дайындау бағытындағы жоғары білімнің болуы.
Егер білімі осы бұйрықтың 6-қосымшасында көзделген аттестаттаудың мәлімделген бағытына сәйкес келмеген жағдайда, аттестаттаудың мәлімделген бағыты бойынша сарапшы-аудитор ретінде кемінде бес жыл жұмыс өтілінің болуы.
|
Сарапшы-аудиторларға үміткер жеке тұлға мәліметтерінің нысаны рұқсат беру талаптарының қосымшасына сәйкес келуі тиіс.
|
|
|
2
|
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінде сарапшы-аудитор ретінде аттестатталған немесе халықаралық сарапшы-аудитор ретінде аттестатталған немесе Еуразиялық экономикалық одаққа қатысушы елдерде осы бағытта жұмыс істейтін аттестаттаудың мәлімделген бағытында кемінде екі жыл практикалық даярлықтан (тағылымдамадан) өту.
Аттестаттан айырылған немесе аттестаттардың қолданылу мерзімі тоқтатылған немесе аяқталған сарапшы-аудиторларды қоспағанда, мәлімделген аттестаттау саласында бұрын аттестатталған адамдарға тағылымдамадан өту талап етілмейді.
|
Сарапшы-аудиторларға үміткер жеке тұлға мәліметтерінің нысаны рұқсат беру талаптарының қосымшасына сәйкес келуі тиіс.
|
|
|
3
|
Менеджмент жүйелерінің сәйкестігін растау жөніндегі сарапшы-аудиторларға үміткер жеке тұлғаларды даярлау (қайта даярлау) бойынша курстарды өткізу ұзақтығы кемінде 80 академиялық сағатты құрайды. Бұрын аттестатталған жеке тұлғалар кемінде 40 академиялық сағат көлемінде біліктілігін арттырудан өтеді. Қазақстан Республикасында аттестаттаудың жаңа бағыттары бойынша даярлау, қайта даярлау курстарынан өту үшін жағдай болмаған кезде кемінде 40 академиялық сағат көлемінде Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде курстардан өтуге жол беріледі.
|
Сарапшы-аудиторларға үміткер жеке тұлға мәліметтерінің нысаны қосымшаға және рұқсат беру талаптарына сәйкес.
|
|
|
4
|
Мәлімделетін аттестаттау бағытында даярлау (қайта даярлау) немесе біліктілікті арттыру курстарынан өту. Менеджмент жүйелерінің сәйкестігін растау жөніндегі сарапшы-аудиторларға үміткер жеке тұлғаларды даярлау, қайта даярлау бойынша курстарды өткізу мерзімі кемінде 80 академиялық сағатты құрайды. Бұрын аттестатталған жеке тұлғалар кемінде 40 академиялық сағат көлемінде біліктілігін арттырудан өтеді. Қазақстан Республикасында аттестаттаудың жаңа бағыттары бойынша даярлау, қайта даярлау курстарынан өту үшін жағдай болмаған кезде кемінде 40 академиялық сағат көлемінде Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде курстардан өтуге жол беріледі.
|
Сарапшы-аудиторларға үміткер жеке тұлға мәліметтерінің нысаны қосымшаға және рұқсат беру талаптарына сәйкес.
|
Сарапшы-аудиторларға үміткер жеке тұлға мәлімделетін аттестаттау бағыттарында практикалық дайындықтан (тағылымдамадан) өтуді аттестаттау бағыттары бойынша даярлық (қайта даярлық) бойынша курстарды тыңдаудан соң жүзеге асырады.
Бұрын мәлімделетін аттестаттау саласында аттестатталған тұлғаларға мәлімделетін аттестаттау саласындағы сарапшы-аудитордың қызметі туралы есеп ұсынады.
|
|
3. Көрсетілетін қызметтердің сәйкестігін растау жөніндегі сарапшы-аудиторларға үміткер жеке тұлғаларға қойылатын рұқсат беру талаптары:
|
|
1
|
Мәлімделген қызмет бағытындағы мамандығы бойынша кемінде бес жыл жұмыс өтілі, оның ішінде мәлімделетін аттестаттау бағытында кемінде екі жыл немесе мәлімделетін аттестаттау бағытында кемінде бес жыл жұмыс өтілі.
Қазақстан Республикасында мәлімделген аттестаттау бағытында сәйкестікті растау жөніндегі органдар болмаған жағдайда қызметтің мәлімделген бағытындағы кемінде жеті жыл жұмыс өтіліне жол беріледі.
|
Сарапшы-аудиторларға үміткер жеке тұлға мәліметтерінің нысаны рұқсат беру талаптарының қосымшасына сәйкес келуі тиіс.
|
|
|
2
|
Мамандығы бойынша кемінде бес жыл жұмыс өтілі, оның ішінде аттестаттаудың мәлімделген бағытында кемінде екі жыл немесе осы Қағидаларға 6-қосымшада көзделген аттестаттаудың мәлімделген бағытында кемінде бес жыл жұмыс өтілі.
Қазақстан Республикасында мәлімделген аттестаттау бағытында сәйкестікті растау жөніндегі органдар болмаған жағдайда қызметтің мәлімделген бағытындағы кемінде жеті жыл жұмыс өтіліне жол беріледі.
|
Сарапшы-аудиторларға үміткер жеке тұлға мәліметтерінің нысаны рұқсат беру талаптарының қосымшасына сәйкес келуі тиіс.
|
|
|
3
|
Мәлімделетін аттестаттау бағытында даярлау (қайта даярлау) немесе біліктілігін арттыру курстарынан өтуі.
Көрсетілетін қызметтердің сәйкестігін растау жөніндегі сарапшы-аудиторларға үміткер жеке тұлғаларды даярлау, қайта даярлау бойынша курстар өткізу мерзімдері кемінде академиялық 80 сағатты құрайды.
Бұрын аттестатталған жеке тұлғалар кемінде академиялық 40 сағат көлемінде біліктілігін арттырудан өтеді.
Қазақстан Республикасында жаңа қызмет бағыттары бойынша даярлау, қайта даярлау курстарын өту үшін жағдайлар болмайтын кезде Қазақстан Республикасының шегінен тыс курстар өтуге кемінде академиялық 40 сағат көлемінде жол беріледі.
|
Сарапшы-аудиторларға үміткер жеке тұлға мәліметтерінің нысаны рұқсат беру талаптарының қосымшасына сәйкес келуі тиіс.
|
Көрсетілетін қызметтің сәйкестігін растау жөніндегі сарапшы-аудиторларды даярлау (қайта даярлау) немесе біліктілігін арттыру жөніндегі куәліктердің қолданылу мерзімі – екі жыл.
|
|
4
|
Қазақстан Республикасының мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінде сарапшы-аудитор ретінде аттестатталған немесе халықаралық сарапшы-аудитор ретінде немесе Еуразиялық экономикалық одақтың қатысушы мемлекеттерінде аттестатталған және аталған бағытта кемінде үш жыл жұмыс істеген сарапшы-аудиторда практикалық дайындықтан (тағылымдамадан) өту.
Аттестаттарының қолданысы тоқтатылған немесе мерзімі өтіп кеткен немесе аттестаттары жойылған сарапшы-аудиторларды қоспағанда, бұрын мәлімделетін аттестаттау саласында аттестатталған тұлғалардың тағылымдамдан өтуі талап етілмейді.
|
Сарапшы-аудиторларға үміткер жеке тұлға мәліметтерінің нысаны қосымшаға және рұқсат беру талаптарына сәйкес, мәлімделетін бағытта тағылымдамадан өтуі туралы (әртүрлі схемалар бойынша сәйкестікті растау жөніндегі жұмыстар туралы ақпаратты қоса алғанда) – кемінде бес есеп немесе сәйкес мәлімделетін аттестаттау бағытындағы сарапшы-аудитордың қызметі туралы есеп.
|
Сарапшы-аудиторларға үміткер жеке тұлға мәлімделетін аттестаттау бағыттарында практикалық дайындықтан (тағылымдамадан) өтуді аттестаттау бағыттары бойынша даярлық (қайта даярлық) бойынша курстарды тыңдаудан соң жүзеге асырады.
Бұрын мәлімделетін аттестаттау саласында аттестатталған тұлғаларға мәлімделетін аттестаттау саласындағы сарапшы-аудитордың қызметі туралы есеп ұсынады.
|
|
4. Тауарды шығарған елді, Еуразиялық экономикалық одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөніндегі сарапшы-аудиторларға үміткер жеке тұлғаларға қойылатын рұқсат беру талаптары:
|
|
1
|
Жоғары білімнің келесі мамандықтардың бірінде болуы*: техникалық ғылымдар мен технологиялар, жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика (биология және сабақтас ғылымдар, физикалық ғылымдар), машина жасау, өндірістік және құрылыс салалары; ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, егер білім мәлімделген сертификаттау саласында сарапшы-аудитор ретінде кемінде бес жыл жұмыс тәжірибесіне сәйкес келмесе.
|
Сарапшы-аудиторларға үміткер жеке тұлға мәліметтерінің нысаны рұқсат беру талаптарының қосымшасына сәйкес келуі тиіс.
|
|
|
2
|
Мәлімделетін аттестаттау бағытында даярлау (қайта даярлау) немесе біліктілігін арттыру курстарынан өтуі.
Қызметтердің сәйкестігін растау жөніндегі сарапшы-аудиторларға үміткер жеке тұлғаларды даярлау, қайта даярлау бойынша курстарды өткізу ұзақтығы кемінде 80 академиялық сағатты құрайды. Бұрын аттестатталған жеке тұлғалар кемінде 40 академиялық сағат көлемінде біліктілігін арттырудан өтеді.
|
Сарапшы-аудиторларға үміткер жеке тұлға мәліметтерінің нысаны рұқсат беру талаптарының қосымшасына сәйкес келуі тиіс.
|
|
|
3
|
Тауардың шығарылған елiн, Еуразиялық экономикалық одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөнiндегі жұмыстарды жүргiзуге өзінің қатысқанын (техникалық реттеу саласындағы уәкілетті орган айқындайтын қағидаларға сәйкес нысанда тауардың шығарылған елін, Еуразиялық экономикалық одағы тауарының немесе шетел тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөніндегі жұмыстар туралы ақпаратты қоса алғанда растайтын жеке тұлғаның тағылымдамадан өткенi туралы бес есептiң көшiрмесi.
Тағылымдамалар туралы есептерге тағылымдамадан өту кезінде тағылымдамадан өтуші жүргізген практикалық қызметі туралы құжаттардың көшірмелері (сараптама актілерінің көшірмелері) қоса беріледі.
|
Сарапшы-аудиторларға үміткер жеке тұлға мәліметтерінің нысаны рұқсат беру талаптарының қосымшасына сәйкес келуі тиіс.
|
Сараптама актісімен танысу және сарапшы-аудитордың іс жүзінде тәжірибеде сараптаманы қалай жүргізетінін білу мақсатында.
|
|
5. Персоналдың сәйкестігін растау жөніндегі сарапшы-аудиторларға үміткер жеке тұлғаларға қойылатын рұқсат беру талаптары:
|
|
1
|
Мәлімделген қызмет бағытындағы мамандығы бойынша кемінде бес жыл немесе мәлімделген қызмет бағытындағы кемінде бес жыл жұмыс өтілі.
|
Сарапшы-аудиторларға үміткер жеке тұлға мәліметтерінің нысаны рұқсат беру талаптарының қосымшасына сәйкес келуі тиіс.
|
|
|
2
|
Персоналдың сәйкестігін растау жөніндегі сарапшы-аудиторларға үміткер жеке тұлғаларды даярлау немесе біліктілігін арттыру жөніндегі курстарды өткізу ұзақтығы кемінде 80 академиялық сағатты құрайды.
Бұрын аттестатталған жеке тұлғалар кемінде 40 академиялық сағат көлемінде біліктілігін арттырудан өтеді.
|
Сарапшы-аудиторларға үміткер жеке тұлға мәліметтерінің нысаны рұқсат беру талаптарының қосымшасына сәйкес келуі тиіс.
|
|
|
6. Процестің сәйкестігін растау жөніндегі сарапшы аудиторларға үміткер жеке тұлғаларға қойылатын рұқсат беру талаптары:
|
|
1
|
Процестің сәйкестігін растау үшін сарапшы-аудиторларға жүгінетін жеке тұлғаларға қойылатын талаптар:
|
Сарапшы-аудиторларға үміткер жеке тұлға мәліметтерінің нысаны рұқсат беру талаптарына қосымшаға сәйкес келуі тиіс.
|
|
|
2
|
Мәлімделген сертификаттау саласына сәйкес келетін немесе егер білім мәлімделген сертификаттау саласына сәйкес келмесе, мәлімделген қызмет саласында кемінде бес жыл жұмыс өтілі бар жоғары білімінің болуы.
|
Сарапшы-аудиторларға үміткер жеке тұлға мәліметтерінің нысаны рұқсат беру талаптарына қосымшаға сәйкес келуі тиіс.
|
|
|
3
|
Өтініш пен рұқсат беру талаптарына сәйкес сарапшы-аудиторларға жүгінген тұлғаның ақпарат нысаны.
|
Сарапшы-аудиторларға үміткер жеке тұлға мәліметтерінің нысаны рұқсат беру талаптарына қосымшаға сәйкес келуі тиіс.
|
|
4
|
Мамандығы бойынша кемінде бес жыл жұмыс өтілі, оның ішінде аттестаттаудың мәлімделген бағытында кемінде екі жыл немесе осы Қағидаларға 6-қосымшада көзделген аттестаттаудың мәлімделген бағытында кемінде үш жыл жұмыс өтілі.
Қазақстан Республикасында аттестаттаудың мәлімделген бағытында процестің сәйкестігін растау жөніндегі органдар болмаған жағдайда қызметтің мәлімделген бағытындағы кемінде жеті жыл жұмыс өтіліне жол беріледі.
|
Сарапшы-аудиторларға үміткер жеке тұлға мәліметтерінің нысаны қосымшаға және рұқсат беру талаптарына сәйкес, мәлімделетін бағытта тағылымдамадан өтуі туралы (әр түрлі схемалар бойынша сәйкестікті растау жөніндегі жұмыстар туралы ақпаратты қоса алғанда) – кемінде үш есеп немесе сарапшы-аудитордың қызметі туралы есеп.
|
|
5
|
Өтініш пен рұқсат беру талаптарына сәйкес сарапшы-аудиторларға жүгінген тұлғаның ақпарат нысаны.
|
Рұқсат беру талаптарына қосымшаға сәйкес сарапшы-аудиторларға үміткер жеке тұлға мәліметтерінің нысаны.
|
|
6
|
Сарапшы-аудиторларға үміткер жеке тұлға мәліметтерінің нысаны рұқсат беру талаптарына қосымшаға сәйкес келуі тиіс.
|
|
|
7
|
Мамандырылған сертификаттау бағыты бойынша қайта даярлау немесе қайта даярлау курстарынан өту.
Жеке құрамның сәйкестігін растау үшін сарапшы-аудиторларға жүгінетін тұлғаларды оқыту немесе біліктілігін арттыру курстарының ұзақтығы кемінде 80 академиялық сағатты құрайды.
Бұрын сертификатталған тұлғалар кемінде 40 академиялық сағат көлемінде біліктілігін арттырудан өтті.
|
|
|
8
|
Өтініш пен рұқсат беру талаптарына сәйкес сарапшы-аудиторларға жүгінген тұлғаның ақпарат нысаны.
|
|
|
9
|
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінде сарапшы-аудитор ретінде аттестатталған және осы бағытта кемінде үш жыл жұмыс істейтін сарапшы-аудиторда мәлімделген аттестаттау бағытында практикалық даярлықтан (тағылымдамадан) өту.
Қазақстан Республикасында практикалық даярлықтан (тағылымдамадан) өту үшін жағдай болмаған кезде кемінде 40 академиялық сағат көлемінде Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде практикалық даярлықтан (тағылымдамадан) өтуге жол беріледі.
Аттестаттан айырылған немесе аттестаттардың қолданылу мерзімі тоқтатылған немесе аяқталған сарапшы-аудиторларды қоспағанда, мәлімделген аттестаттау саласында бұрын аттестатталған адамдарға тағылымдамадан өту талап етілмейді.
|
|
|
10
|
Қосымшаға және рұқсат беру талаптарына сәйкес сарапшы-аудиторларға үміткер жеке тұлғаның мәлімделетін аттестаттау бағытында тағылымдамадан өткені туралы кемінде үш есеп (құжаттаманы талдауды, тексерулерге қатысуды және олар туралы есептер жасауды қоса алғанда) немесе сарапшы-аудитордың қызметі туралы есеп нысаны.
|
|
Комментарий успешно добавлен