• Мое избранное

Отправить по почте

Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 17 наурыздағы № 212 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 17 наурызда № 10467 тіркелді

Редакция 16.09.2023 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 74-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық экономика министрінің 14.08.2023 жылғы № 149 Бұйрығына сәйкес (31.01.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 04.09.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Мемлекеттік активтерді басқару саясаты департаменті заңнамамен белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзiмдi баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшiлiк ететiн Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануы тиіс.
Министр Е. Досаев 
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
 2015 жылғы 17 наурыздағы
 № 212 бұйрығымен
 бекітілген
Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру қағидалары
Қағидалар өзгертілді ҚР Ұлттық экономика министрінің 19.06.2015 жылғы № 438 Бұйрығымен (17.03.2015 ж. редакцияны қараңыз) (мемлекеттік тіркелген күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) ҚР Әділет министрлігінде 23.06.2015 жылы тіркелді
Қағидалар өзгертілді ҚР Ұлттық экономика министрінің 23.10.2015 жылғы № 679 Бұйрығымен (19.06.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 07.12.2015 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
Қағидалар өзгертілді ҚР Ұлттық экономика министрінің 15.09.2017 жылғы № 330 Бұйрығымен (23.10.2015 ж. редакцияны қараңыз) (халық саны екі мың адамнан көп аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін 01.01.2018 жылдан бастап және халық саны екі мың адам және одан аз аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін 01.01.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізілуі тиіс)
Қағидалар жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық экономика министрінің 24.07.2019 жылғы № 67 Бұйрығына сәйкес (15.09.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 10.08.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
 1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 74-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленді және мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға (жалға) беру тәртібін айқындайды.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық экономика министрінің 14.08.2023 жылғы № 149 Бұйрығына сәйкес (31.01.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 04.09.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық экономика министрінің 31.08.2023 жылғы № 156 Бұйрығына сәйкес (14.08.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 16.09.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
2-тармақ өзгертілді ҚР Ұлттық экономика министрінің 14.08.2023 жылғы № 149 Бұйрығымен (31.01.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 04.09.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық экономика министрінің 31.08.2023 жылғы № 156 Бұйрығына сәйкес (14.08.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 16.09.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) баланс ұстаушы – объек жедел басқару немесе шаруашылық жүргізу құқығында бекітілген мемлекеттік заңды тұлға;
2) екінші қатысушы – тендерде объект үшін жалдау ақысының мөлшері бойынша екінші соманы ұсынған қатысушы;
3) жалға беруші – мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган немесе жергілікті атқарушы орган (жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган) не жергілікті қоғамдастық жиналысымен келісу бойынша аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты, сондай-ақ аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің әкімі;
4) жалдаушы (жалға алушы) – егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, жеке және мемлекеттік емес заңды тұлғалар;
5) кепілдік жарна – тендерге қатысу үшін жеке немесе мемлекеттік емес заңды тұлға енгізетін ақшалай сома;
6) қатысушы – тендерге қатысу үшін белгіленген тәртіппен тіркелген жеке немесе мемлекеттік емес заңды тұлға;
7) мемлекеттік мүлікті есепке алу саласындағы бірыңғай оператор (бұдан әрі – бірыңғай оператор) – «Мемлекеттік мүлікті есепке алу саласындағы бірыңғай операторды айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 15 шілдедегі № 802 қаулысына сәйкес айқындалған, өзіне мемлекеттік мүлікті ұйымдастыру және есепке алу саласындағы бірыңғай техникалық саясатты іске асыру жөніндегі міндеттер, сондай-ақ Заңның 14-бабына сәйкес мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган бекіткен тізбеге сәйкес мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінің активтерін басқару және пайдалану жөніндегі функциялар жүктелген , жарғылық капиталына мемлекет қатысатын заңды тұлға;
8) мүліктік жалдау (жалға алу) объектісі (бұдан әрі – объект) – су шаруашылығы құрылыстарын, жер учаскелерін, тұрғын үй қорын және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне бекітілген мүлікті, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының әскери мүлкін және пайдаланылмайтын әскери мүлкін, мемлекеттік орта білім беру ұйымдарының дене шынықтыру-сауықтыру және спорт құрылысжайларын қоспағанда, мемлекеттік меншіктегі жылжымалы және жылжымайтын мүлік (заттар).
Ақша, бағалы қағаздар және мемлекеттің мүліктік құқықтары мүліктік жалдау (жалға беру) шартының объектісі (нысанасы) болып табылмайды;
9) мемлекеттік мүлік тізілімі (бұдан әрі – тізілім) – Қазақстан Республикасы арнаулы мемлекеттік органдарының, Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының жедел басқаруындағы мүлікті және мемлекеттік материалдық резервті қоспағанда, мемлекеттік мүлікті есепке алудың бірыңғай ақпараттық автоматтандырылған жүйесі;
10) тендер – бұл тізілімнің веб-порталын пайдалана отырып, электрондық форматта өткізілетін объектілерді мүліктік жалдауға (жалға) беру жөніндегі сауда-саттық нысаны, онда жалға беруші өзі қабылдаған бастапқы шарттар негізінде жалғыз қатысушымен немесе объектінің жалдау ақысының ең көп сомасын ұсынған тендерге қатысушымен шарт жасасуға міндеттенеді;
11) тізілімнің веб-порталы – www.e-qazyna.kz мекенжайы бойынша Интернет желісінде орналастырылған, тізілімге бірыңғай қол жеткізу нүктесін ұсынатын интернет-ресурс;
12) Ұлттық пошта операторы – «Пошта туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген міндеттемелер жүктелген, акцияларының бақылау пакеті ұлттық басқарушы холдингке тиесілі, акционерлік қоғам ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған, пошта саласындағы уәкілетті орган айқындайтын пошта операторы;
13) шарт – Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 17 наурыздағы № 211 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10479 болып тіркелген) бекітілген мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдаудың (жалға берудің) үлгілік шартына сәйкес жалға беруші мен жалдушы (жалға алушы) арасында жасалған мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдау (жалға алу) шарты;
14) шарт сәйкестендіргіші – шартқа электрондық цифрлық қолтаңбамен қол қойылған күні тізілім веб-порталы беретін шарттың бірегей нөмірі;
15) электрондық құжат – ақпарат электрондық-цифрлық нысанда ұсынылған және электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған құжат;
16) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың анықтығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар жиынтығы.
3. Заңның 74-бабының 3-тармағына сәйкес мемлекеттік орта білім беру ұйымдарының дене шынықтыру-сауықтыру және спорт құрылысжайларын қоспағанда, республикалық мүлікті мүліктік жалдауға (жалға) мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган (республикалық мүлікті жалдауға беруші (жалға беруші) береді.
3-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық экономика министрінің 14.08.2023 жылғы № 149 Бұйрығына сәйкес (31.01.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 04.09.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық экономика министрінің 31.08.2023 жылғы № 156 Бұйрығына сәйкес (14.08.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 16.09.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Мемлекеттік орта білім беру ұйымдарының дене шынықтыру-сауықтыру және спорт құрылысжайларын қоспағанда, коммуналдық мүлікті мүліктік жалдауға (жалға) жергілікті атқарушы орган немесе жергілікті қоғамдастық жиналысымен келісу бойынша аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты (коммуналдық мүлікті жалдауға беруші (жалға беруші) береді.
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабы 1-3-тармағының 1) тармақшасына сәйкес аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдері басқаруына берілген аудандық коммуналдық мүлікті жеке тұлғаларға және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға кейіннен сатып алу құқығынсыз мүліктік жалға (жалдауға) береді.
4. Баланс ұстаушы артық және пайдаланылмайтын объектілерді мүліктік жалдауға (жалға) беру үшін жалға берушіге осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тізілімнің веб-порталында объект туралы ақпарат береді.
4-тармақ өзгертілді ҚР Ұлттық экономика министрінің 31.08.2023 жылғы № 156 Бұйрығымен (14.08.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 16.09.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Объект туралы ақпараттың дұрыстығын баланс ұстаушы қамтамасыз етеді.
Объект туралы ақпаратты жалға беруші ол ұсынылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қарайды.
Объект туралы ақпаратты қараудың нәтижелері бойынша жалға беруші мынадай:
1) объектіні мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру туралы;
2) жалға беруші объектінің заңды жағдайы бойынша өзге шешім қабылдаған жағдайда, объектіні мүліктік жалдауға (жалға алуға) беруден бас тарту туралы шешімдердің бірін қабылдайды.
5. Жалға беруші баланс ұстаушы осы Қағидалардың 4-тармағына сәйкес ұсынған ақпаратты қарау нәтижелері бойынша немесе мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган немесе жергілікті атқарушы орган не аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты өткізетін мемлекеттік мүліктің мақсатқа сай пайдаланылуын бақылау нәтижелері бойынша объектіні мүлiктiк жалдауға (жалға алуға) беру туралы шешім қабылдағаннан кейін бес жұмыс күні ішінде тізілімнің веб-порталына мынадай:
1) объектінің атауын, қысқаша сипаттамасын, санын, орналасқан жерін, нысаналы мақсатын мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру мерзімін көрсете отырып, объект туралы;
2) объект иесі мен баланс ұстаушы туралы (пошта мекенжайы, телефон, факс, электронды пошта мекенжайы);
3) объектіні тендер өткізу немесе тендер өткізбей мүліктік жалға (жалдауға) беру тәсілі туралы ақпапаттың орналастырылуын қамтамасыз етеді.
6. Шарт оның талаптарын тиісінше орындаған кезде шарттың қолданылу мерзімін ұзарту құқығымен үш жылдан аспайтын мерзімге жасалады.
6-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық экономика министрінің 31.08.2023 жылғы № 156 Бұйрығына сәйкес (14.08.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 16.09.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Шарттың қолданылу мерзімін ұзарту негізгі шартқа қосымша келісім жасасу жолымен және одан әрі ұзарту құқығымен үш жылдан аспайтын мерзімге жүзеге асырылады.
Егер шарт мерзімі аяқталғанға дейін кемінде он жұмыс күні бұрын баланс ұстаушы жалға берушіге бас тарту себебін көрсете отырып, шарттың қолданылу мерзімін ұзартудан жазбаша бас тартуды ұсынбаса, негізгі шартқа қосымша келісім жалға алушының шарттың қолданылу мерзімін ұзарту туралы өтініші негізінде жасалады.
Жалға алушының шарттың қолданылу мерзімін ұзартуға өтініші объектінің, оны баланста ұстаушының атауы көрсетіле отырып, шарт аяқталғанға дейін он жұмыс күнінен кешіктірілмей тізілімнің веб-порталында электрондық нысанда ресімделеді.