Toggle Dropdown
Электр станцияларының, жылу және электр желілерінің жабдықтарына, ғимараттары мен құрылыстарына техникалық қызмет көрсетуді және оларды жөндеуді ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 11 ақпандағы № 73 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 17 наурызда № 10451 тіркелді
Редакция 23.01.2021 жылғы жағдай бойынша өзгерістер мен толықтырулармен
«Электр энергетикасы туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 36) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Электр станцияларының, жылу және электр желілерінің жабдықтарына, ғимараттары мен құрылыстарына техникалық қызмет көрсетуді және оларды жөндеуді ұйымдастыру қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Электр энергетикасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруын;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2015 жылғы 11 ақпандағы
№ 73 бұйрығымен бекітілген
Электр станцияларының, жылу және электр желілерінің жабдықтарына, ғимараттары мен құрылыстарына техникалық қызмет көрсетуді және оларды жөндеуді ұйымдастыру қағидалары
1. Осы Электр станцияларының, жылу және электр желілерінің жабдықтарына, ғимараттары мен құрылыстарына техникалық қызмет көрсетуді және оларды жөндеуді ұйымдастыру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Электр энергетикасы туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 36) тармақшасына сәйкес әзірленді және энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдардың электр станцияларының, жылу және электр желілерінің жабдықтарына, ғимараттары мен құрылыстарына техникалық қызмет көрсетуді және оларды жөндеуді ұйымдастыру тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар қолданылады:
1) ағымдағы жөндеу – жабдықтың (қондырғының) қалыпты пайдаланылуына кедергі келтіретін және оларды жұмыс істеп тұрған жабдықта жою мүмкін емес, анықталған ақауларды жою үшін орындалатын жөндеу;
2) байпас – жылу жеткізгіште бекіту және реттеуіш арматурасына қатарлас тасымалдау үшін қолданылатын айналма жылу құбыры;
3) жабдық – белгілі бір технологиялық схемамен біріктірілген механизмдер, машиналар, құрылғылар, аспаптар жиынтығы;
4) жарамды күйі – жабдықтың, ғимараттардың және (немесе) құрылыстардың нормативтік-техникалық және (немесе) конструкторлық (жобалау) құжаттамасының барлық талаптарына сәйкес келетін күйі;
5) жөндеу – жабдықтың, ғимараттар мен құрылыстардың жұмысқа қабілеттілік күйін және (немесе) жарамды күйін қалпына келтіру және олардың құрамдас бөліктерінің ресурсын қалпына келтіру жөніндегі іс-шаралар кешені;
6) жұмысқа жарамдылық жай-күйі – жабдықтың, ғимараттардың және (немесе) құрылыстардың берілген функцияларды орындау қабілетін сипаттайтын барлық параметрлердің мәндері нормативтік-техникалық және (немесе) конструкторлық (жобалау) құжаттамасының талаптарына сәйкес келетін жай-күйі;
7) кеңейтілген ағымдағы жөндеу – ағымдағы жөндеуден біршама үлкен көлемдегі жұмыспен ерекшеленетін жөндеу, онда кезекті күрделі жөндеуге дейін қалыпты жұмыс істей алмайтын бөлшектер мен тораптарды жөндеу және ауыстыру жүргізіледі;
8) күрделі жөндеу – жабдықтың кез келген, оған қоса негізгі бөлшектерін ауыстыру немесе қалпына келтіру, жөнделген бөлшектерді және тұтас жабдықты тексеру және реттеу, тозған қонструкциялары мен желі учаскелерін ауыстыру немесе қалпына келтіру, немесе оларды одан беріктеу және үнемділеріне ауыстыру жолымен энергетикалық жабдықтың немесе желінің жарамдылығын және ресурстарын қалпына келтіру мақсатында жүзеге асырылатын жоспарлы жөндеу жұмыстары;
9) техникалық қызмет көрсету – мақсаты бойынша пайдалану, сақтау және (немесе) оларды жөндеуге шығармай тасымалдау кезінде жабдықтың, ғимараттар мен құрылыстардың жұмысқа жарамдылық жай-күйін және (немесе) жарамды жай-күйін қолдау жөніндегі іс-шаралар кешені немесе іс-шара;
10) тоқтату – генерациялайтын қондырғылардың жұмысын жоспарлы немесе жоспардан тыс тоқтату.
3. Осы Қағидалар энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдардың жабдықтарына, ғимараттары мен құрылыстарына авариялық жөндеуді ұйымдастыруға қолданылмайды.
4. Энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдар тұрақты негізде тиісінше электр және (немесе) жылу энергиясын өндіру және (немесе) беру үшін пайдаланылатын жабдықтың, ғимараттар мен құрылыстардың жарамды күйін мынадай жұмыс кешенін ұйымдастыру және жүргізу жолымен қамтамасыз етеді:
1) Электр станцияларының, жылу және электр желілерінің жабдықтарына, ғимараттары мен құрылыстарына техникалық қызмет көрсетуді;
2) Электр станцияларының, жылу және электр желілерінің жабдықтарына, ғимараттары мен құрылыстарын жөндеуді;
2-тарау. Электр станцияларының, жылу және электр желілерінің жабдығына, ғимараттары мен құрылыстарына техникалық қызмет көрсетуді ұйымдастыру тәртібі
5. Электр станцияларының, жылу және электр желілерінің жабдықтарына, ғимараттары мен құрылыстарына қызмет көрсетудің кезеңділігі мен көлемін, сондай-ақ техникалық қызмет көрсету бойынша жұмыстар құрамын энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдар өндірушінің пайдалану бойынша нұсқаулықтарын және пайдаланудың нақты шарттарын ескере отырып, дербес белгілейді.
6. Электр станцияларының, жылу және электр желілерінің жабдықтарына, ғимараттары мен құрылыстарына техникалық қызмет көрсету бойынша жұмыстардың үлгі құрамы осы Қағидаларға 1-қосымшада жазылған.
7. Техникалық қызмет көрсету бойынша жұмыстарды есепке алу жабдықтардың, ғимараттар мен құрылыстардың түрлері бойынша техникалық қызмет көрсету журналын жүргізу жолымен жүзеге асырылады. Мұндай журналдар техникалық қызмет көрсету бойынша орындалған жұмыстарды және растайтын құжаттарды тіркей отырып, олардың нәтижелері туралы мәліметтерді қамтиды. Журнал үлгісі энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдармен орнатылады.
8. Анықталған ақауларды есепке алу ақаудың анықталған күні, оны жоюдың ұсынылатын және нақты күні мен тәсілі туралы ақпаратты көрсете отырып, бөлек журналда жүзеге асырылады.
3-тарау. Электр станцияларының, жылу және электр желілерінің жабдығын, ғимараттары мен құрылыстарын жөндеуді ұйымдастыру тәртібі
9. Энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдар мыналарды:
1) жабдықтарды, ғимараттар мен құрылыстарды жөндеудің бес жылға арналған перспективалы жоспарын;
2) жабдықтарды, ғимараттар мен құрылыстарды жөндеудің жылдық кестелерін әзірлеуді қамтитын өз жабдықтарын, ғимараттары мен құрылыстарын жөндеуді жоспарлауды жүзеге асырады.
10. Электр станцияларының, жылу және электр желілерінің жабдықтарын, ғимараттары мен құрылыстарды жөндеудің перспективалы жоспары осы Қағидаларға 2 және 3-қосымшаларға сәйкес әзірленеді және қажет болған жағдайда нақты мән-жайларды ескере отырып, жыл сайын түзетіледі.
11. Электр станцияларының, жылу және электр желілерінің жабдықтарын, ғимараттары мен құрылыстардың жылдық кестесі перспективалы жоспар негізінде объектілердің техникалық күйін ескере отырып әзірленеді және әрбір жекелеген объектіні жөндеуге шығарудың күнтізбелік уақытын, жөндеудің ұзақтығын және орындаушыларға бөле отырып, жұмыстардың жоспарлы көлемін айқындайды.
12. Энергия өндіруші ұйымдардың жөндеудің перспективалық жоспары мен жылдық кестесі тиісті электр станциясының жұмыс қуатын ескере отырып әзірленеді.
13. Энергия өндіруші ұйымдардың жабдықтарын жөндеу кестесін әзірлеу кезінде мыналарды ескеру қажет:
1) жабдықтардың барлық жөндеу түрлерінде тұруының жиынтықты ұзақтығы тиісті электр станциясының келісілген жұмыс қуатын ескере отырып белгіленеді;
2) басты қондырғыларды күрделі жөндеу олардың техникалық күйі мен шығарушы зауыттың талаптарын ескере отырып, айқындалатын мерзімдерде жоспарланады;
3) қысыммен жұмысқа қосылған, мөлшері есептік (ең төменгі) мөлшерден он бестен жиырмаға дейінгі пайыз шегінде төмен гидроагрегаттарды монтаждаудан кейін екі жылдан соң күрделі жөндеуге шығару ұсынылады;
4) дубль-блоктардың қазандықтарының корпустарын жөндеу екі корпусты бір уақытта тоқтатумен және іске қосумен немесе корпустардың жөндеу технологиясымен және пайдалану шарттарымен айқындалатын біреуін тоқтатуды және іске қосуды шегерумен жоспарланады;
5) көлденең байланыстары бар электр станцияларындағы қазандық агрегаттарын жөндеу мерзімдерін турбоагрегаттарды жөндеу мерзімдерімен қиыстыру жоспарланады;
6) резервтік қосалқы жабдықтарды күрделі жөндеу негізгі жабдықтарды күрделі жөндеулер аралығындағы кезеңдерде жоспарланады;