Энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдар мен жылу өндіруші, жылу тасымалдаушы субъектілердің күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын алу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 2 ақпандағы № 55 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 19 наурызда № 10516 тіркелді
Редакция 01.02.2025 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 994 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 250) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1) осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес Энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын алу қағидалары;
2) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Электр энергетикасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында жариялануын;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Энергетика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Энергетика министрі В. Школьник
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
____________ Е. Досаев
2015 жылғы 13 ақпан
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2015 жылғы 2 ақпандағы
№ 55 бұйрығына
қосымша
Энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдар мен жылу өндіруші, жылу тасымалдаушы субъектілердің күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын алу қағидалары
1. Осы Энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдар мен жылу өндіруші, жылу тасымалдаушы субъектілердің күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын алу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заң) 10-бабының 1) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 994 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 250) тармақшасына сәйкес әзірленді және «Энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдар мен жылу өндіруші, жылу тасымалдаушы субъектілерге күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын беру» мемлекеттік қызмет көрсету (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) тәртібін айқындайды.
Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі мемлекеттік органы осы Қағидаларға өзгерістер және (немесе) толықтырулар қолданысқа енгізілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты көрсетілетін қызметті берушілерге, Бірыңғай байланыс орталығына және «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына жібереді.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) әзірлік паспорты – энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдар мен жылу өндіруші және жылу тасымалдаушы субъектілердің күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлігін растайтын, жыл сайын берілетін құжат;
2) жеке жылумен жабдықтау жүйесі – жеке тұрғын үйді жылыту мұқтаждығы үшін орталықтандырылған және жергілікті жылумен жабдықтау жүйелерінің жылу желілеріне қосылмай, бірден-бір тұтынушыны автономды жылу энергиясы көзінен жылу энергиясымен қамтамасыз ететін жылумен жабдықтау жүйесі;
3) жергілікті жылумен жабдықтау жүйесі – бір жеке немесе заңды тұлғаға тиесілі не кондоминиум объектісінің ортақ мүлкінің құрамына кіретін және орталықтандырылған жылумен жабдықтау жүйесінің желілері болып табылмайтын жылу желілері арқылы бір немесе бірнеше жылу энергиясы көзінен бір немесе бірнеше жылу энергиясын тұтынушы үшін жұмыс істейтін жылумен жабдықтау жүйесі;
4) жүйелік оператор – орталықтандырылған оралымды-диспетчерлiк басқаруды, басқа мемлекеттердiң энергия жүйелерiмен қатарлас жұмыс iстеудi қамтамасыз етудi, Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесiндегi теңгерiмдi ұстап тұруды, жүйелiк қызметтер көрсетудi және электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектiлерiнен қосалқы көрсетiлетiн қызметтердi сатып алуды, сондай-ақ электр энергиясын ұлттық электр желiсi бойынша берудi, оған техникалық қызмет көрсетудi және оны пайдалану әзiрлiгiнде ұстап тұруды жүзеге асыратын ұлттық компания;
5) жылу өндіруші субъект – «Жылу энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жылу энергиясын өндіру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын дара кәсіпкер немесе заңды тұлға;
6) жылу тасымалдаушы субъект – «Жылу энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жылу энергиясын тасымалдау және (немесе) өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын дара кәсіпкер немесе заңды тұлға ;
7) жылу тұтынатын қондырғылар – жылу энергиясын тұтынушының мұқтаждықтары үшін жылу энергиясын, жылу жеткізгішті пайдалануға арналған құрылғылар кешені;
8) жылу энергиясының көзі – жылу энергиясын өндіруге арналған жылу электр орталығы, қазандықтар және басқа да құрылғылар және (немесе) қондырғылар;
9) күзгі-қысқы кезең – басталуы мен аяқталуын жергілікті атқарушы органдар белгілейтін жылыту маусымы;
10) орталықтандырылған жылумен жабдықтау жүйесі – тұтынушылардың жиынтық қосылған жүктемесі жиырма мегаваттан асатын жылу желілері арқылы тұтынушыларға жылу жеткізгішті тасымалдай отырып, бір немесе бірнеше жылу энергиясы көзінен жылумен жабдықтайтын жүйе;
11) энергия беруші ұйым – шарттар негізінде электр энергиясын беру жөніндегі қызметті көрсететін ұйым;
12) энергия өндіруші ұйым – Қазақстан Республикасының жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау саласындағы заңнамасына сәйкес нетто-тұтынушылар болып табылатын осындай тұтынушыларды қоспағанда, электр және (немесе) жылу энергиясын өз қажеттіліктері және (немесе) өткізу үшін өндіруді жүзеге асыратын ұйым.
Осы Қағидаларда пайданылатын өзге де ұғымдар электр энергетикасы және жылу энергетикасы салаларында Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қолданылады.
2-тарау. Энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдар мен жылу өндіруші, жылу тасымалдаушы субъектілердің күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын алу тәртібі
3. Белгіленген электр қуаты 5 (бес) МегаВаттан (бұдан әрі – МВт) астам, сондай-ақ өз теңгерімінде 110 (бір жүз он) килоВольт (бұдан әрі – кВ) және одан жоғары кернеудегі электр желілері бар энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдарға, жылу өндіруші субъектілерге (орталықтандырылған жылумен жабдықтау жүйелеріне жататын 100 Г/кал астам жылу қазандықтары), жылу тасымалдаушы субъектілерге (орталықтандырылған жылумен жабдықтау жүйелеріне жататын жылу желілері) күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспорттарын (бұдан әрі – Әзірлік паспорты) осы Қағидаларға 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7 және 8-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша астананың, облыс орталықтарында және республикалық маңызы бар қалаларда мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі орган береді.
4. Жергілікті жылумен жабдықтау жүйелеріне жататын жылу энергиясы көздері мен жылу желілерінің күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын осы Қағидаларға 5, 6, 7 және 8-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша астананың және республикалық маңызы бар қалалардың, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – Жергілікті атқарушы орган) береді.
5. Өз құрамында кернеуі 35 (отыз бес) кВ және одан төмен электр желілері бар энергия беруші ұйымдарға, белгіленген электр қуаты 5 (бес) МВт және одан төмен энергия өндіруші ұйымдарға, сондай-ақ белгіленген электр қуаты 35 (отыз бес) МВт дейін қоса алғанда жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдарға, сондай-ақ облыс орталықтарындағы және республикалық маңызы бар қалалардағыны қоспағанда, жылу өндіруші субъектілерге (орталықтандырылған жылумен жабдықтау жүйелеріне жататын 100 Г/кал төмен жылу қазандықтары), жылу тасымалдаушы субъектілерге (орталықтандырылған жылумен жабдықтау жүйелеріне жататын жылу желілері) әзірлік паспортын осы Қағидаларға 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7 және 8-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі органның аумақтық бөлімшелері береді.
6. Энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардан және жылу өндіруші, жылу тасымалдаушы субъектілерден (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) Әзірлік паспортын алуға құжаттарды қабылдау жыл сайын 15 (он бесінші) тамыздан бастап 30 (отызыншы) қыркүйекті қоса алғандағы кезеңде «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – Портал) арқылы жүзеге асырылады.
7. Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес «Энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың және жылу өндіруші, жылу тасымалдаушы субъектілердің күзгі - қысқы пернодтағы жұмысқа дайындығы паспортын беру» мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінде (бұдан әрі-мемлекеттік қызметтер көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі) келтірілген.
8. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
9. Жыл сайын энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдар мен жылу өндіруші, жылу тасымалдаушы субъектілердің күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік актісін (бұдан әрі – әзірлік актісі) дайындау үшін көрсетілетін қызметті алушылар күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлігін бағалау жөніндегі көрсетілетін қызметті алушының комиссиясын (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушының комиссиясы) құрып, ол 1 (бірінші) тамыздан бастап көрсетілетін қызметті алушыларға барып, жұмыс істей бастайды.
10. Көрсетілетін қызметті алушының комиссиясы төрағадан, төраға орынбасарынан және оның мүшелерінен тұрады.
Көрсетілетін қызметті алушының комиссия мүшелерінің жалпы саны тақ санды, кемінде 5 (бес) адамды құрайды.
Көрсетілетін қызметті алушының комиссия құрамына Көрсетілетін қызметті алушының жауапты лауазымды адамдары, Жергілікті атқарушы органның және мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөнiндегi мемлекеттiк органның немесе оның аумақтық бөлімшелерінің өкілдері Заңмен белгіленген құзыреті бойынша кіреді.
Комиссия жұмысына ашықтықты және әділдікті қамтамасыз ету үшін Әзірлік актісін дайындау үшін дауыс беру құқығы жоқ бақылаушылар шақырылады. Бақылаушылар ретінде қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдар), коммерциялық ұйымдардың, саяси партиялардың өкілдері комиссияның отырысына қатыса алады.
11. Көрсетілетін қызметті алушының комиссия төрағасы болып Көрсетілетін қызметті алушының бірінші басшысы, ал ол болмаған жағдайда оның міндетін атқарушы адам тағайындалады. Жергілікті атқарушы органның өкілі төрағаның орынбасары болып тағайындалады.
12. «Көрсетілетін қызметті алушының компсиясы 1 (бірінші) тамыз бен 30 (отызыншы) қыркүйек аралығындағы кезеңде көрсетілетін қызметті алушының күзгі-қысқы кезеңде жұмысқа дайындығын көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 8-тармағына сәйкес айқындайды Мемлекеттік қызмет көрсету.
13. Жұмыс қорытындысы бойынша Көрсетілетін қызметті алушының комиссиясы Әзірлік актісін ресімдейді және оған барлық мүшелері қол қояды.
14. Егер отырыста Көрсетілетін қызметті алушының комиссия мүшелерiнiң жалпы санының кемiнде үштен екісі қатысқан болса, комиссия шешiмi заңды болып есептеледi. Дауыс беру нәтижелерi отырысқа қатысқан Көрсетілетін қызметті алушының комиссия мүшелерiнің көпшілік дауысымен айқындалады.