Toggle Dropdown
3
Жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға тендер өткізу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 20 ақпандағы № 110 бұйрығы
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 26 наурызда № 10535 тіркелді
Toggle Dropdown
Редакция 14.12.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Toggle Dropdown
«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 994 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 304) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Toggle Dropdown
1. Қоса беріліп отырған Жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға тендер өткізу қағидалары бекітілсін.
Toggle Dropdown
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Электр энергетикасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Toggle Dropdown
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Toggle Dropdown
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
Toggle Dropdown
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруын;
Toggle Dropdown
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
Toggle Dropdown
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Энергетика вице-министріне жүктелсін.
Toggle Dropdown
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Toggle Dropdown
Министр В. Школьник
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2015 жылғы 20 ақпандағы
№ 110 бұйрығымен
бекітілген
Toggle Dropdown
2
Жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға тендер өткізу қағидалары
Toggle Dropdown
1-тарау. Жалпы ережелер
Toggle Dropdown
1. Осы Жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға тендер өткізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 994 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 304) тармақшасына сәйкес әзірленді және жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға тендер өткізу тәртібін айқындайды.
Toggle Dropdown
2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын ұғымдар мен анықтамалар Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы заңнамасына сәйкес қолданылады.
Toggle Dropdown
2-тарау. Жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға тендер өткізу тәртібі
Toggle Dropdown
1-параграф. Жалпы ережелер
Toggle Dropdown
3. Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 15-6-бабының 1-тармағына сәйкес, Заңның 15-1-бабының 8-тармағында көрсетілген жағдайда электр энергетикасы саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) Заңның 15-5-бабының 11-тармағында көзделген уәкілетті органмен жасалған шартқа сәйкес Тұлғалар топтарының тізіліміне енгізілген көтерме сауда нарығының субъектілері құратын электр қуатының шамасын шегере отырып, болжанатын тапшылықты жабу үшін қатты отынмен электр энергиясын өндіруді жүзеге асыратын электр қуатының көлеміне жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға арналған тендер (бұдан әрі – тендер) өткізеді.
Toggle Dropdown
4. Тендерлік негізде жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларға арналған орналастыру орны (алаң), отын түрі мен типі уәкілетті органның тапсырысы бойынша жүргізілген техникалық-экономикалық негіздеменің (бұдан әрі – ТЭН) немесе алдын ала техникалық-экономикалық негіздеменің (бұдан әрі – алдын ала ТЭН) нәтижелері бойынша айқындалады.
Toggle Dropdown
Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың тиісті жергілікті атқарушы органы құрылыс жоспарланып отырған, жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғылар үшін ТЭН-де немесе алдын ала ТЭН-де айқындалған жер учаскесін резервтеуді тендер жеңімпазына жер учаскесіне құқық табыстау сәтіне дейін Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 49-2-бабына сәйкес жүзеге асырады.
Toggle Dropdown
5. Тендер уәкілетті орган бекіткен қатты отынмен электр энергиясын өндіруді жүзеге асыратын жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға арналған тендерлік құжаттама (бұдан әрі – тендерлік құжаттама) негізінде өткізіледі.
Toggle Dropdown
2-параграф. Тендерлік комиссия
Toggle Dropdown
1
6. Тендерді дайындау, өткізу және қорытындыларын шығару үшін уәкілетті орган тендерлік комиссия құрады.
Toggle Dropdown
7. Тендерлік комиссияны уәкілетті органның, мүдделі мемлекеттік органдардың, заңды тұлғалар бірлестіктерінің, квазимемлекеттік ұйымдардың, үкіметтік емес ұйымдардың, жобалау және зерттеу институттарының, тәуелсіз сарапшылардың өкілдерінен уәкілетті орган қалыптастырады.
Toggle Dropdown
Тендерлік комиссияны қалыптастыру кезінде уәкілетті орган мүдделер қақтығысын болдырмауды қамтамасыз етеді.
Toggle Dropdown
Мынадай адам:
Toggle Dropdown
1) тендерлік рәсімдердің нәтижелеріне мүдделі;
Toggle Dropdown
2) тендерге қатысушылармен не олардың ведомстволық бағынысты, еншілес және тәуелді ұйымдарымен еңбек қатынастарымен байланысты;
Toggle Dropdown
3) тендерлік комиссия мүшелерінің, тендерге қатысушылар басшылығының, олардың ведомстволық бағыныстағы, еншілес және тәуелді ұйымдарының жақын туысы, жұбайы (зайыбы) немесе жекжаты болып табылатын адам тендерлік комиссияның мүшесі болып табылмайды.
Toggle Dropdown
Тендерлік комиссия мүшелерінің саны тендерлік комиссия төрағасын, төраға орынбасарын қоса алғанда, 15 (он бес) адамнан аспайды.
Toggle Dropdown
Тендерлік комиссияның хатшысы уәкілетті органның өкілдерінен айқындалады және тендерлік комиссияның мүшесі болып табылмайды.
Toggle Dropdown
8. Тендерлік комиссия құру және комиссия хатшысын айқындау туралы шешім уәкілетті органның бірінші басшысының не оның міндетін атқарушы адамның бұйрығымен қабылданады және тендерлік комиссия хатшысының байланыс телефонын көрсете отырып, уәкілетті органның интернет-ресурсында жарияланады.
Toggle Dropdown
9. Комиссия төрағасы мен төрағасының орынбасары уәкілетті органның бірінші басшысының не оның міндетін атқарушы адамның бұйрығымен айқындалады.
Toggle Dropdown
1
10. Комиссия уәкілетті органның оны құру туралы бұйрығы күшіне енген күннен бастап әрекет етеді және жаңа комиссия құру туралы шешім қабылданған күні өз қызметін тоқтатады.
Toggle Dropdown
11. Комиссияның шешімі дауыс беру арқылы қабылданады және егер оған Комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілігі дауыс берсе, қабылданды деп есептеледі. Дауыстар тең болған жағдайда, комиссия төрағасы дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі.
Toggle Dropdown
Тендерлік комиссияның міндеті тендерлік құжаттаманы келісу, жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға арналған тендерге қатысуға өтінімдерді (бұдан әрі – тендерге қатысуға өтінім) қарау, тендер қорытындыларын шығару болып табылады.
Toggle Dropdown
Тендерлік комиссияның отырыстарын оның төрағасы шақырады.
Toggle Dropdown
Тендерлік комиссияның отырыстары, егер оларға тендерлік комиссия мүшелерінің жалпы санының жартысынан астамы қатысса, заңды деп есептеледі.
Toggle Dropdown
Тендерлік комиссияның шешімдері оның отырысына қатысып отырған тендерлік комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілік даусымен ашық дауыс беру арқылы қабылданады.
Toggle Dropdown
Тендерлік комиссияның мүшелері шешім қабылдау кезінде тең дауысқа ие болады. Дауыстар тең болған жағдайда, тендерлік комиссияның төрағасы дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі.
Toggle Dropdown
Тендерлік комиссияның отырысы кезінде тендерлік комиссия отырысының бейне-аудиожазбасы жүргізіледі, ол тендерлік комиссияның отырысы өткізілген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылады.
Toggle Dropdown
Тендерлік комиссияның шешімдері хаттама түрінде ресімделеді және оған төраға, төрағаның орынбасары, хатшы, тендерлік комиссияның қатысып отырған мүшелері қол қояды.
Toggle Dropdown
Қабылданған шешіммен келіспеген жағдайда тендерлік комиссияның мүшесі ерекше пікірін жазбаша нысанда баяндайды, олар хаттамаға қоса тіркеледі.
Toggle Dropdown
12. Тендерлік комиссияның шешімдеріне тендерге қатысушылар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгіленген тәртіппен шағым жасай алады.
Toggle Dropdown
3-параграф. Жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға арналған тендерлік құжаттама
Toggle Dropdown
13. Тендерлік құжаттаманы уәкілетті орган ТЭН немесе алдын ала ТЭН негізінде әзірлейді.
Toggle Dropdown
14. Тендерлік құжаттаманы уәкілетті орган бекіту алдында ол тендерлік комиссиямен келісілуге тиіс.
Toggle Dropdown
Тендерлік комиссия тендерлік құжаттаманы оны уәкілетті орган тендерлік комиссияға ұсынған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде келіседі.
Toggle Dropdown
15. Тендерлік комиссияның тендерлік құжаттаманы келісуі тендерлік комиссияның әрбір мүшесінің тендерлік құжаттамамен бірге уәкілетті орган беретін тендерлік құжаттаманың келісу парағына бұрыштама қоюы (қол қоюы) арқылы жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
16. Тендерлік құжаттама мыналарды қамтиды:
Toggle Dropdown
1) жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғылардың сипаты және талап етілетін техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамалары;
Toggle Dropdown
2) жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға арналған шарттың жобасы.
Toggle Dropdown
Жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғылардың сипаты және талап етілетін техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамалары мынадай сипаттамаларды қамтиды:
Toggle Dropdown
1) жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғылардың типі;
Toggle Dropdown
2) жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғылар үшін негізгі және резервтік отын түрі;
Toggle Dropdown
3) оларды пайдалануға берудің талап етілетін күнін (айы, жылы) көрсете отырып, жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға арналған алаңның электр желісіне қосылу нүктесі және орналасқан жері (координаттары) көрсетіледі;
Toggle Dropdown
4) ТЭН-ге немесе алдын ала ТЭН-ге сәйкес жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға арналған алаңда (және оның жанында) бұрыннан бар және құрылысы жоспарланып отырған инфрақұрылымның сипаттамасы;
Toggle Dropdown
5) ТЭН-ге немесе алдын ала ТЭН-ге сәйкес жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғылардың құрылыс объектісіне дейін сыртқы инженерлік инфрақұрылымның құрылысын қамтамасыз ету шарттары;
Toggle Dropdown
6) жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғылардың желісіне жіберудің талап етілетін электр қуаты;
Toggle Dropdown
7) жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды желіге босату үшін талап етілетін жылу қуаты;
Toggle Dropdown
8) электр энергиясын босатуға шартты отынның талап етілетін үлестік шығысы (номиналды режимде);
Toggle Dropdown
9) жылу энергиясын босатуға шартты отынның талап етілетін үлестік шығысы (номиналды режимде);
Toggle Dropdown
10) азоттың талап етілетін үлестік шығарындылары;
Toggle Dropdown
11) күкірттің талап етілетін үлестік шығарындылары;
Toggle Dropdown
12) қатты бөлшектердің талап етілетін үлестік шығарындылары;
Toggle Dropdown
13) ТЭН-ге немесе алдын ала ТЭН-ге сәйкес электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтің көлемі;
Toggle Dropdown
14) ТЭН-ге немесе алдын ала ТЭН-ге сәйкес жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғылар құнының жалпы көлемі;
Toggle Dropdown
15) тендерлік құжаттамаға сәйкес айқындалатын қаржылық және материалдық ресурстардың болуын растайтын осы Қағидалардың 28-тармағында көзделген құжаттардың тізбесі;
Toggle Dropdown
16) жаңадан пайдалануға берілетін энергия өндіруші ұйымдардың электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке барынша жол берілетін жеке тариф;
Toggle Dropdown
17) электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке ең жоғары рұқсат етілген жеке тарифті есептеуге арналған бастапқы деректер;
Toggle Dropdown
18) ТЭН-ге немесе алдын ала ТЭН-ге сәйкес жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салу мерзімі (ұзақтығы).
Toggle Dropdown
17. Уәкілетті орган тендерлік құжаттамамен бірге тендерлік комиссияға оның негізінде тендерлік құжаттама әзірленген ТЭН-ді немесе алдын ала ТЭН-ді қоса ұсынады.
Toggle Dropdown
2
18. Уәкілетті орган тендерлік құжаттаманы тендерлік комиссия келіскен күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде оны бекітеді.
Toggle Dropdown
4-параграф. Жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға тендер өткізу туралы хабарландыру
Toggle Dropdown
19. Уәкілетті орган тендерлік құжаттамада бекітілген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей, бірақ өтініш берушілер тендерге қатысу үшін құжаттар мен материалдарды ұсынудың соңғы күніне дейін кемінде күнтізбелік 15 (он бес) күн бұрын, бұқаралық ақпарат құралдарында тендер өткізу туралы хабарландыру (бұдан әрі – хабарландыру) жариялайды.
Toggle Dropdown
20. Хабарландыру осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ресімделеді.
Toggle Dropdown
5-параграф. Жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға арналған тендерге қатысуға өтінім қабылдау және беру
Toggle Dropdown
21. Тендерге қатысуға өтінімдерді қабылдауды тендерлік комиссияның хатшысы жүзеге асырады.
Toggle Dropdown
22. Тендерге қатысуға өтінімдер беруді осы Қағидаларға сәйкес өткізілетін тендерге қатысуды жоспарлайтын және Тұлғалар топтарының тізіліміне енгізілмеген заңды тұлғалар (бұдан әрі – өтінім берушілер) жүзеге асырады.
Toggle Dropdown
23. Тендерге қатысуға өтінімдерді қабылдау хабарландыруда көрсетілген тендерге қатысуға өтінімдерді қабылдау басталатын уақыттан басталады және хабарландыруда көрсетілген тендерге қатысуға өтінімдерді қабылдау аяқталатын уақыт басталған кезде аяқталады.
Toggle Dropdown
24. Хабарландыруда көрсетілген тендерге қатысуға өтінімдерді қабылдау аяқталатын уақыт басталғаннан кейін берілген тендерге қатысуға өтінімдерді уәкілетті орган қабылдамайды.
Toggle Dropdown
25. Тендерге қатысуға өтінім желімделген конвертте беріледі, онда мыналар көрсетіледі:
Toggle Dropdown
1) өтінім берушінің атауы;
Toggle Dropdown
2) өтінім берушінің заңды мекенжайы;
Toggle Dropdown
3) өтінім беруші басшысының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса);
Toggle Dropdown
4) өтінім берушінің байланыс телефоны;
Toggle Dropdown
5) өтінім берушінің электрондық мекенжайы;
Toggle Dropdown
6) тендерге қатысуға өтінім беретін өтінім беруші өкілінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса).
Toggle Dropdown
26. Тендерге қатысуға өтінімдерді қабылдау кезінде уәкілетті орган осы Қағидаларға сәйкес тендерге қатысуға өтінім берген әрбір өтінім берушіге осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ресімделген, уәкілетті органның тендерге қатысуға өтінімді қабылдау фактісін және өтінім берушіге тендерге қатысушы мәртебесін беру фактісін растайтын жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға арналған тендерге қатысуға өтінімді қабылдау туралы хабарламаны (бұдан әрі – хабарлама) қағаз түрінде дереу береді.
Toggle Dropdown
Осы хабарламалардың көшірмелері тендерге қатысуға тиісті өтінімдерге қоса беріледі.
Toggle Dropdown
6-параграф. Жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға арналған тендерге қатысуға өтінім
Toggle Dropdown
27. Тендерге қатысуға өтінім мынадай құжаттарды қамтиды:
Toggle Dropdown
1) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ресімделген өтініш;
Toggle Dropdown
2) құрылтай құжаттарының көшірмелері;
Toggle Dropdown
3) тендерлік құжаттамаға сәйкес айқындалатын қаржылық және материалдық ресурстардың болуын растайтын құжаттар (бұдан әрі – растайтын құжаттар);
Toggle Dropdown
Өтінім беруші тендерге қатысуға өтінімді беттері нөмірленіп, тігілген түрде ұсынады және соңғы бетіне оның қолы қойылады.
Toggle Dropdown
Егер тендерге қатысуға өтінімді өтінім берушінің бірінші басшысы ұсынбаса, өтінім беруші өтінім берушінің өкіліне сенімхат ұсынады.
Toggle Dropdown
28. Өтінім берушінің шоттарында ақшаның, өтінім берушінің жылжымайтын, жылжымалы мүлкіне меншік құқығының болуын және құнын растайтын құжаттардың түпнұсқалары немесе нотариат куәландырған көшірмелері және тендерлік құжаттамаға сәйкес айқындалатын қаржылық және материалдық ресурстардың болуын растайтын өтінім берушінің өзге де ауыртпалықсыз нақты активтерінің болуын растайтын құжаттар болып табылады.
Toggle Dropdown
7-параграф. Жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға арналған тендерге қатысуға өтінімдерді қарау және жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға арналған тендердің жеңімпазын айқындау
Toggle Dropdown
29. Тендерге қатысуға берілген өтінімдерді қарау үшін уәкілетті орган тендерлік комиссияның отырысын өткізеді.
Toggle Dropdown
30. Тендерлік комиссияның отырысы хабарландыруда көрсетілген тендерге қатысуға өтінімдерді қабылдау аяқталған күні Астана қаласының уақыты бойынша сағат 16.00-де басталады және сол күні Астана қаласының уақыты бойынша сағат 18.00-ге дейін жалғасады.
Toggle Dropdown
31. Тендерлік комиссияның отырысында тендерлік комиссияның хатшысы тендерлік комиссияның қатысушы мүшелерінің қатысуымен өтінім берушінің атауын және осы конверттердің ішіндегісін жария ете отырып, тендерге қатысуға берілген өтінімдер бар конверттерді кезекпен ашады.
Toggle Dropdown
32. Тендерлік комиссияның отырысында тендерлік комиссияның хатшысы тендерге қатысуға өтінімдерді ашу және қарау хаттамасын (бұдан әрі – хаттама) жүргізеді.
Toggle Dropdown
33. Тендерге қатысуға ашылған өтінімдер мазмұнын тексеру үшін тендерлік комиссияның әрбір мүшесіне кезекпен беріледі.
Toggle Dropdown
34. Қағидалардың 27-тармағында көрсетілген бір немесе бірнеше құжаттар болмаған және толтырылған өтініш осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес келмеген жағдайларда тендерге қатысуға арналған өтінімдер қарауға қабылданбайды.
Toggle Dropdown
35. Тендерлік комиссияның қарауына қабылданған тендерге қатысуға өтінімдер негізінде тендерлік комиссияның хатшысы электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке ұсынылатын ең төмен бағасы бар тендерге қатысуға өтінімнен электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке ұсынылатын ең жоғары бағасы бар тендерге қатысуға өтінімге дейін электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке ұсынылатын бағалардың өсу тәртібімен тендерге қатысуға өтінімдердің сараланған тізімін құрайды.
Toggle Dropdown
Электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке ұсынылатын бағалардың сәйкес келуі туындаса, онда сараланған тізімді жасау кезінде бағалардың әрбір сәйкес келуі шеңберінде тендерге қатысуға тиісті өтінімдерді қосымша саралау жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
Осы қосымша саралау хабарламада көрсетілген тендерге қатысуға берілген өтінімдерді беру уақытының мәндері бойынша неғұрлым ерте беру уақыты бар тендерге қатысуға өтінімнен неғұрлым кеш беру уақыты бар тендерге қатысуға өтінімге дейін осы мәндердің өсу тәртібімен жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
36. Сараланған тізім жасалғаннан кейін тендерлік комиссия осы сараланған тізімде бірінші болып тұрған тендерге қатысуға өтінімді тіркейді және оны хаттамада көрсетеді.
Toggle Dropdown
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген тендерге қатысуға өтінім берген өтінім берушіні уәкілетті орган Заңның 5-бабының 67) тармақшасына сәйкес тендер жеңімпазы ретінде айқындайды.
Toggle Dropdown
8-параграф. Жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға арналған тендердің қорытындыларын шығару
Toggle Dropdown
37. Тендер қорытындылары шығарылғаннан кейін тендерлік комиссияның отырысына қатысушылардың барлығы – тендерлік комиссияның төрағасы, төрағаның орынбасары, мүшелері тендерлік комиссияның отырысы аяқталғанға дейін тендерлік комиссияның хатшысы толтырған хаттамамен танысады.
Toggle Dropdown
Хаттамаға тендерлік комиссияның төрағасы, төрағаның орынбасары, хатшы, қатысып отырған мүшелері қол қояды.
Toggle Dropdown
38. Тендерлік комиссияның қатысып отырған барлық мүшелері хаттамаға қол қойып, олардың әрқайсысына осы хаттаманың көшірмесі берілгеннен кейін тендерлік комиссияның отырысы аяқталды (бітті), тендер – өткізілді, осы тендердің қорытындылары – шығарылды деп есептеледі.
Toggle Dropdown
39. Хаттаманың, тендерге қатысуға өтінімнің түпнұсқасы, тендерлік құжаттама, ТЭН немесе алдын ала ТЭН және тендерлік комиссия отырысының бейне-аудио жазбалары жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға арналған шарттың қолданылу мерзімі өткеннен кейін уәкілетті органда бес жылдан кем емес уақыт сақталады.
Toggle Dropdown
40. Тендер өткізілген күннен кейінгі 3 (үш) жұмыс күні ішінде уәкілетті орган өзінің интернет-ресурсында тендерлік комиссия отырысының хаттамасының көшірмесін және бейне-аудио жазбасын қоса бере отырып, тендер қорытындылары туралы ақпаратты жариялайды.
Toggle Dropdown
41. Заңның 15-6-бабының 8-тармағына сәйкес тендердің қорытындылары шығарылған күннен бастап күнтізбелік 20 (жиырма) күн ішінде уәкілетті орган тендер жеңімпазымен Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 20 ақпандағы № 108 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10536 болып тіркелген) бекітілген Жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғылар құрылысының үлгілік шарты негізінде тендерлік құжаттамаға сәйкес айқындалатын генерациялайтын қондырғыларды пайдалануға беру мерзімі, тендер жеңімпазы қабылдаған міндеттемелерді орындамағаны және (немесе) тиісінше орындамағаны үшін жауапкершілігі, сондай-ақ электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу мерзімі белгіленетін жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға шарт жасасады.
Toggle Dropdown
42. Заңның 15-6-бабының 9-тармағына сәйкес жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға арналған шарт жасасқан күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде бірыңғай сатып алушы Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 3 желтоқсандағы № 683 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12522 болып тіркелген) бекітілген Электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы үлгілік шарт негізінде осы Қағидалардың 41-тармағымен айқындалатын көлемде және мерзімге жаңадан пайдалануға берілетін энергия өндіруші ұйымдардың электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке арналған жеке тарифі бойынша тендер жеңімпазымен электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы шарт жасасады.
Toggle Dropdown
Генерациялайтын қондырғыларды кезекпен және (немесе) кезең-кезеңмен және (немесе) іске қосу кешендерімен іске қосу кезінде электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке ақы төлеу энергия өндіруші ұйымның енгізілетін генерациялайтын қондырғыларының электр қуатының көлемін ескере отырып, электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке жеке тариф бойынша жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
Жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға шарт жасалған энергия өндіруші ұйымның электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметін нақты сатып алынған күннен бастап, оның электр қуаты жүйелік оператордың генерациялайтын қондырғылардың электр қуатын жыл сайынғы міндетті аттестаттауына жатады.
Toggle Dropdown
Егер генерациялайтын қондырғылардың электр қуатына кезекті аттестаттау жүргізу нәтижесінде жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғылардың аттестатталған электр қуатының мәні электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы шартта белгіленген электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтің көлемінен аз болса электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы шартта белгіленген электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтің көлемі генерациялайтын қондырғылардың электр қуатына кезекті аттестаттау жүргізілгенге дейін аттестатталған мәнге дейін төмендетіледі.
Toggle Dropdown
43. Электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы шартқа қол қойылғаннан кейін тендер жеңімпазы бірыңғай сатып алушыға мынадай құжаттар мен ақпаратты:
Toggle Dropdown
1) мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын жүзеге асыратын мемлекеттік органға жіберілген жаңадан пайдалануға берілетін (электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз ететін) генерациялайтын қондырғылардың құрылыс-монтаждау жұмыстарының басталғаны туралы хабарламаның көшірмесін – электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы шартқа қол қойылған күннен бастап 24 (жиырма төрт) ай ішінде;
Toggle Dropdown
2) «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында (бұдан әрі – Құрылыс қызметі туралы заң) айқындалған тәртіппен бекітілген, жаңадан пайдалануға берілетін (электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз ететін) генерациялайтын қондырғыларды пайдалануға қабылдау актісінің көшірмесін – ТЭН немесе алдын ала ТЭН-де айқындалған мерзімдерде жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғылар пайдалануға берілгеннен кейін бір ай ішінде;
Toggle Dropdown
3) жаңадан пайдалануға берілетін (электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз ететін) генерациялайтын қондырғылардың салыну барысы туралы ақпаратты – бірыңғай сатып алушының сұратуы бойынша;
Toggle Dropdown
4) электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы шарттың орындалуын қаржылық қамтамасыз етуді – осы Қағидалардың 45-тармағында көрсетілген мерзімде ұсынады.
Toggle Dropdown
44. Жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғылар пайдалануға уақтылы енгізілмеген кезде электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алудың мерзімі мен күні қайта қаралмайды.
Toggle Dropdown
2
45. Тендер жеңімпазы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 28 қаңтардағы № 21 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14915 болып тіркелген) бекітілген Банк кепілдіктері мен кепілгерлігін беру қағидаларына сәйкес ресімделген банк кепілдігін немесе SWIFT жүйесі бойынша шығарылған резервтік аккредитивті ұсыну арқылы электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы шартқа қол қойылған күннен кейін күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде бірыңғай сатып алушыға электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы шарт талаптарының орындалуын қаржылық қамтамасыз етуді ұсынады.
Toggle Dropdown
Тендер жеңімпазы банк кепілдігі немесе резервтік аккредитивті шетел валютасындағы ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі Standard&Poor's бойынша «В»-дан немесе Fitch бойынша «В-»-тен немесе Moody'Sinvestorsservice бойынша «В3»-тен төмен емес не отбасы ұйымының (Қазақстан Республикасының резидент банкі акцияларының 50% - дан астамы тиесілі) рейтингі Standard&Poor's бойынша «ВВВ» немесе Fitch бойынша «ВВВ» немесе Moody's's Investors Service бойынша «Ваа2» деңгейінен төмен емес Қазақстан Республикасының резидент банктерінен ұсынады.
Toggle Dropdown
Бұл ретте Қазақстан Республикасының резидент емес банктерінен банк кепілдігі немесе резервтік аккредитивті резидент емес банктердің қарсы міндеттемелері бойынша кепілдік шығару арқылы резидент банктер растайды.
Toggle Dropdown
Шетел валютасындағы ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі Standard&Poor's бойынша «ВВВ», Fitch бойынша «ВВВ», Moody's Investors Service бойынша «Ваа2» төмен емес Қазақстан Республикасының резидент емес банктері тиісті қарсы міндеттемелерді шығармай-ақ, банк кепілдігін немесе резервтік аккредитивті шығара алады.
Toggle Dropdown
46. Электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы шарт талаптарының орындалуын қаржылық қамтамасыз етудің қажетті көлемі электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы шарт талаптарының орындалуын қаржылық қамтамасыз етудің үлестік мәнінің (теңге/мегаватт-пен) және электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызмет көлемінің (мегаватт-пен) көбейтіндісі ретінде айқындалады.
Toggle Dropdown
Электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы шарт талаптарының орындалуын қаржылық қамтамасыз етудің үлестік мәні 1 000 000 (бір миллион) теңге/мегаватт құрайды.
Toggle Dropdown
47. Осы Қағидалардың 45-тармағында көрсетілген банк кепілдігін немесе резервтік аккредитивті банк бірыңғай сатып алушы мынадай құжаттарды:
Toggle Dropdown
1) қағаз жеткізгіште ресімделген, бірыңғай сатып алушының уәкілетті адамы қол қойған және бірыңғай сатып алушының мөр бедерімен куәландырылған борышкер тұлғаның міндеттемелерін орындамау туралы өтінішін;
Toggle Dropdown
2) осы Қағидаларға сәйкес өндіріп алу сомасын көрсете отырып, ақы төлеу талабын ұсынған кезде орындайды.
Toggle Dropdown
48. Электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы шарт талаптарының орындалуын қаржылық қамтамасыз етуге байланысты, оның ішінде алушы (бенефициар) банктің барлық банктік комиссиялары мен шығыстарды тендер жеңімпазы төлейді.
Toggle Dropdown
49. Электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті немесе оның бір бөлігін сатып алу туралы шарт талаптарының орындалуын қаржылық қамтамасыз етуді қайтару (босату) Заңға сәйкес тендер жеңімпазының өз міндеттемелерін орындауын қамтамасыз ететін, жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғылар уақтылы пайдалануға берілген жағдайда жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген қайтару (босату) осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген, жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды пайдалануға енгізген күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде бірыңғай сатып алушының банкке (банктерге) тиісті хат жіберуі арқылы жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
50. Осы Қағидалардың 45-тармағында көрсетілген тиісті банк кепілдігі немесе резервтік аккредитив (тиісті қаржылық қамтамасыз ету) бойынша төлемге қойылатын талапты бірыңғай сатып алушы мынадай жағдайларда қояды:
Toggle Dropdown
1) мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын жүзеге асыратын мемлекеттік органға жіберілген жаңадан пайдалануға берілетін (электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз ететін) генерациялайтын қондырғылардың құрылыс-монтаждау жұмыстарының басталғаны туралы хабарламаның көшірмесі берілмеген кезде, бұл ретте осы көшірме электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы шартқа қол қойылған күннен бастап 24 (жиырма төрт) ай ішінде – электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы шарт талаптарының орындалуын қаржылық қамтамасыз ету сомасының 30 (отыз) проценті мөлшерінде ұсынылады;
Toggle Dropdown
2) Құрылыс қызметі туралы Заңда айқындалған тәртіппен бекітілген жаңадан пайдалануға берілетін (электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз ететін) генерациялайтын қондырғыларды пайдалануға қабылдау актісінің көшірмесін ұсынбаған кезде, бұл ретте осы көшірме жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғылар пайдалануға берілгеннен кейін бір ай ішінде ТЭН-де немесе алдын ала ТЭН-де айқындалған мерзімдерде – электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы шарт талаптарының орындалуын қаржылық қаматамасыз ету сомасынан 100 (жүз) процент, ал осы тармақтың 1) тармақшасына сәйкес электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы шарт талаптарынын орындалуын қаржылық қамтамасыз етудің бір бөлігін ұстап қалған жағдайда – электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы шарт талаптарының орындалуын қаржылық қамтамасыз ету сомасының 70 (жетпіс) проценті мөлшерінде ұсынылады.
Toggle Dropdown
51. Осы Қағидалардың 45-тармағында көрсетілген банк кепілдігі немесе резервтік аккредитив бойынша төленген талаптың нәтижесінде алынған ақша бірыңғай сатып алушының арнайы шотына салынады және (немесе) бірыңғай сатып алушыға жіберіледі.
Toggle Dropdown
52. Заңның 15-6-бабының 7-тармағына сәйкес тендер мынадай жағдайларда:
Toggle Dropdown
1) тендерге екіден кем қатысушы болған жағдайда;
Toggle Dropdown
2) барлық өтінім берушілер ұсынған құжаттар осы Қағидалардың 27-тармағына сәйкес келмеген жағдайда өтпеді деп танылады.
Toggle Dropdown
53. Жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға арналған тендер өтпеді деп танылған кезде уәкілетті орган он бес жұмыс күні ішінде қайта тендер өткізеді.
Toggle Dropdown
Қайта өткізілетін тендер бастапқы тендер өткізу шеңберінде бекітілген тендерлік құжаттама негізінде осы Қағидалардың талаптарына сәйкес өткізіледі.
Toggle Dropdown
Тендерді қайта өткізу кезінде қатысуға өтінімдерді қарауды бастапқы тендер шеңберінде құрылған комиссия құрамы жүзеге асырады.
Toggle Dropdown
54. Жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға арналған қайта өткізетін тендер өткізілмеген деп танылған кезде және тек бір қатысушыдан тендерлік өтінім берілген жағдайда уәкілетті орган жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғылардың құрылысына шарт жасасу үшін осы қатысушыны тендер жеңімпазы деп айқындау туралы ұсынысты Үкіметке жібереді.
Toggle Dropdown
55. Жаңадан пайдалануға берілетін энергия өндіруші ұйымдардың электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке арналған жеке тариф мынадай формула бойынша жыл сайын индекстелуге тиіс:
Toggle Dropdown
, мұндағы:
Toggle Dropdown
Tt+1 – электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке арналған индекстелген жеке тарифі;
Toggle Dropdown
Tt – күрделі шығындарды және инвестицияланған капиталға рентабельділік нормаларын қайтаруды қамтитын t кезеңінде электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке арналған жеке тарифі;
Toggle Dropdown
У.Е.t+1 – Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің деректері бойынша айқындалатын индекстеу жүргізілген жылғы 1 қазандағы шетел валютасына теңгенің ағымдағы бағамы;
Toggle Dropdown
У.Е.t – Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің деректері бойынша айқындалатын, индекстеу жүргізілетін күннің алдындағы он екі ай кезеңі үшін есептелген шетел валютасына теңгенің орташа бағамы.
Toggle Dropdown
Жаңадан пайдалануға берілетін энергия өндіруші ұйымдардың электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке арналған жеке тарифті уәкілетті орган жылына бір рет 1 қазанға индекстейді және тиісті жылдың 15 қазанынан кешіктірмей бірыңғай сатып алушыға жібереді.
Toggle Dropdown
Жаңадан пайдалануға берілетін
генерациялайтын қондырғыларды
салуға тендер өткізу қағидаларына
1-қосымша
Toggle Dropdown
Жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға тендер өткізу туралы хабарландыру
Toggle Dropdown
Осымен Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі «Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 15-6-бабының 3-тармағына сәйкес 20__жылы жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға тендер (бұдан әрі – тендер) өткізілетіні туралы хабарлайды және әлеуетті инвесторларды осы тендерге қатысуға шақырады.
Toggle Dropdown
Жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға арналған тендерге қатысуға өтінімдерді (бұдан әрі – тендерге қатысуға өтінімдер) қабылдаудың басталу уақыты: Астана қаласының уақыты бойынша КК/АА/ЖЖЖЖ 09:00, тендерге қатысуға өтінімдерді қабылдаудың аяқталу уақыты - Астана қаласының уақыты бойынша КК/АА/ЖЖЖЖ сағат 15:00.
Toggle Dropdown
Тендер «Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 20 ақпандағы № 110 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10535 болып тіркелген) Жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға тендер өткізу қағидаларына сәйкес өткізіледі.
Toggle Dropdown
Оның негізінде тендер өткізілетін жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға арналған тендерлік құжаттама уәкілетті органның интернет-ресурсында жарияланды (тендерлік құжаттамаға сілтеме көрсетіледі).
Toggle Dropdown
Жаңадан пайдалануға берілетін
генерациялайтын қондырғыларды
салуға тендер өткізу қағидаларына
2-қосымша
Toggle Dropdown
Жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға арналған тендерге қатысуға өтінімді қабылдау туралы хабарлама
Toggle Dropdown
Осы хабарламамен Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі 20 ___ жылғы «___» ______ Астана қаласының уақыты бойынша сағат _ _ _ _ минутта конвертке салынып жабылған жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға арналған тендерге қатысуға өтінімді мынадай ұйымнан қабылдады:
Toggle Dropdown
1. Ұйымның атауы: _____________________________________________;
Toggle Dropdown
2. Ұйымның заңды мекенжайы:_____________________________________;
Toggle Dropdown
3. Ұйым басшысының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса):___________________________________________;
Toggle Dropdown
4. Ұйымның байланыс телефоны:__________________________________;
Toggle Dropdown
5. Ұйымның электрондық мекенжайы:_______________________________;
Toggle Dropdown
6. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігіне жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға арналған тендерге қатысуға өтінім берген ұйым өкілінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) : _____________________________________________және осы ұйымға жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға арналған тендерге қатысушы мәртебесін берді.
Toggle Dropdown
Жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға арналған тендерге қатысуға өтінімді қабылдаған тиісті адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және қолы:
Toggle Dropdown
_____________________________________________ ___________________ (лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) (қолы))
Toggle Dropdown
Жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға арналған тендерге қатысуға өтінім тапсырған адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және қолы:
Toggle Dropdown
_____________________________________________ ___________________ (лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) (қолы))
Toggle Dropdown
Жаңадан пайдалануға берілетін
генерациялайтын қондырғыларды
салуға арналған тендерді
өткізу қағидаларына
3-қосымша
Toggle Dropdown
Осымен _______________________________________________________
Toggle Dropdown
(ұйымның толық атауын көрсету)
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің 20___жылғы «___» _______ хабарландыруда көрсетілген жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға арналған тендерге (бұдан әрі – тендер) өзінің қатысу ниеті туралы мәлімдейді.
Toggle Dropdown
Мыналармен:
Toggle Dropdown
1) жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға арналған тендер өткізу туралы жоғарыда көрсетілген хабарландырумен;
Toggle Dropdown
2) Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 20 ақпандағы № 110 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10535 болып тіркелген) Жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға тендер өткізу қағидаларымен;
Toggle Dropdown
3) жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға арналған тендерлік құжаттамамен;
Toggle Dropdown
4) «Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 152 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10612 болып тіркелген) Электр қуатының нарығын ұйымдастыру және оның жұмыс істеу қағидаларының талаптарымен танысып, тендерге мынадай ұсыныс енгіземіз:
Toggle Dropdown
Біз электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызмет бағасы айына 1 мегаватт үшін _________ мың теңге мөлшерінде* және электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтің желіге беру көлемі айына _________ мегаватт болған кезде жаңадан пайдалануға енгізілетін генерациялайтын қондырғыларға қойылатын техникалық, сапалық, пайдалану және Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексімен айқындалатын экологиялық сипаттамаларына сәйкес келетін жаңа генерациялайтын қондырғыны (бұрын пайдалануда болмаған) салуға дайынбыз.
Toggle Dropdown
1) құрылтай құжаттарының көшірмелері, __парақта;
Toggle Dropdown
2) жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салу үшін жеткілікті қаржылық және материалдық ресурстардың ______________________ мөлшерде** болуын растайтын құжаттардың түпнұсқалары немесе нотариат куәландырған көшірмелері, __парақта.
Toggle Dropdown
_______________________________________ ____________
Toggle Dropdown
(басшының тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) (қолы)
Toggle Dropdown
Ескертпе:
Toggle Dropdown
* тендерге қатысуға өтінімде көрсетілетін электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтің бағасы тендерлік құжаттамада көрсетілген электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке арналған жеке тарифтен аспайтын мәнде бүтін санға дейінгі дәлдікпен көрсетіледі;
Toggle Dropdown
** жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салу үшін қаржылық және материалдық ресурстардың жеткілікті көлемі болып тендерлік құжаттамада көрсетілген мән болып табылады.