Toggle Dropdown
Электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттығын ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 24 ақпандағы № 137 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 27 наурызда № 10550 тіркелді
Редакция 21.04.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 39) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттығын ұйымдастыру қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Электр энергетикасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруын;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Энергетика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Энергетика
министрінің 2015 жылғы 24 ақпандағы № 137
бұйрығымен бекітілген
Электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттығын ұйымдастыру қағидалары
1- параграф Ұғымдар аппараты
1. Электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттықты ұйымдастыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 5-бабының 39) тармақшасына сәйкес әзірленді және электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттықты ұйымдастыру тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) бағаны көтеруге арналған сауда-саттық әдісі – орталықтандырылған сауда саттықты өткізу әдісі, онда мәміленің бағасы ең жоғарыдан бастап сатып алуға өтінімдердің бағалары бойынша анықталады;
2) жеке кабинет – мамандандырылған қолжетімділік түрінде орталықтандырылған сауда нарығының операторы ұсынған электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектісінің және электрондық сауда жүйесіндегі электр энергиясын бірыңғай сатып алушының цифрлық жұмыс орны;
3) майнингтік баға – цифрлық майнинг бойынша қызметті жүзеге асыратын электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектісі электр энергиясын бірыңғай сатып алушыдан электр энергиясын тиісті сағатқа сатып алатын цифрлық майнерлер үшін электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттығының нәтижелері бойынша айқындалған баға;
4) мәміле бағасы – энергия өндіруші ұйымдар үшін электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттығы барысында айқындалған электр энергиясының бағасы;
5) оқуға өтінім – электр энергиясының орталықтандырылған сауда түрін көрсете отырып, электрондық сауда жүйесінде жұмыс істеу бойынша өз персоналын оқыту ниеті туралы электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектісінің жазбаша өтініші;
6) орталықтандырылған сауда нарығы операторының қызметкері – электр энергиясының орталықтандырылған сауда нарығы операторының жауапты қызметкері, электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттығын және онымен байланысты барлық процестерді ұйымдастыруға және жүргізуге құқылы;
7) сараланған график – сауда-саттыққа қатысушылардың өтінімдерінде мәлімделген бағалар бойынша өтінімдерінің бір тәртіпке келтірілген тізімі;
8) сауда сессиясы – сауда-саттыққа қатысушылардың сауда-саттық сессиясына қатысуға өтінімдер беруі жүзеге асырылатын процесс;
9) сауда сессиясына қатысуға өтінім – бұл электр энергиясын сатып алу (сату) мақсатында орталықтандырылған сауда-саттыққа қатысу үшін электрондық сауда жүйесіндегі сауда-саттыққа қатысушы қалыптастыратын, электр энергиясының бағасы, көлемі және техникалық параметрлері бар ақпарат;
10) сауда-саттық қорытындылары туралы хабарлама – орталықтандырылған сауда нарығының операторы әзірлеген, өткізілген электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттығының нәтижелері бойынша жасалатын құжат;
11) сауда-саттыққа қатысушы – электр энергиясының орталықтандырылған сауда нарығына қатысуға шарт жасасқан және орталықтандырылған сауда нарығы операторының электрондық сауда жүйесінде тіркеуден өткен Қазақстан Республикасы электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектісі;
12) сауда-саттыққа қатысушының операторы – электрондық сауда жүйесіндегі жұмыс бойынша орталықтандырылған сауда нарығы операторынан оқытудан өткен және электрондық сауда жүйесіне қол жеткізе алатын, электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттығына қатысуға байланысты ақпаратты енгізуге құқылы сауда-саттыққа қатысушының жауапты қызметкері;
13) сауда-саттыққа қатысушы оператордың жұмыс орны – сауда-саттыққа қатысушының жауапты қызметкерінің электрондық сауда жүйесіне, оның ішінде жабдыққа қойылатын талаптарға сәйкес жарақтандырылған сауда-саттыққа қатысушы оператордың жеке кабинетіне кіру жүзеге асырылатын орын;
14) сервердің жауап беру уақыты – орталықтандырылған сауда нарығы операторының электрондық сауда жүйесінің сервері мен сауда-саттыққа қатысушы оператордың жұмыс орны арасындағы жауап беру уақыты, милисекундтарда;
15) техникалық ақау – ақпараттық жүйенің бағдарламалық-аппараттық кешенінің немесе оның жекелеген компоненттерінің жоспарланбаған уақытша істен шығуы (авариялық тоқтату, жадтың мазмұнын бұзу, аппараттық-бағдарламалық қамтамасыз ету ресурстарының шамадан тыс жүктелуі және қабылданған технологияны айтарлықтай бұзатын және жүйенің бағдарламалық жасақтамасының штаттық режимде жұмыс істеуіне мүмкіндік бермейтін басқа жағдайлар), бір немесе бірнеше қатысушылардың ақпараттық жүйені пайдалану мүмкіндігінің болмауына әкеп соқтырды;
16) уәкілетті орган – электр энергетикасы саласындағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
17) цифрлық майнер – цифрлық майнинг жөніндегі қызметті жүзеге асыратын дара кәсіпкер немесе заңды тұлғалар;
18) цифрлық майнерлер үшін электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттығында жасалған мәмілелер тізілімі – цифрлық майнинг бойынша қызметті жүзеге асыратын тұлғалар цифрлық майнерлердің электр энергиясымен орталықтандырылған сауда-саттық қорытындылары бойынша іріктелгенін растайтын орталықтандырылған сауда-саттық нарығының операторы жасайтын құжат;
19) цифрлық майнерлерге арналған квота – цифрлық майнерлер үшін электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттығын жүргізу үшін жүйелік оператор айқындаған электр энергиясының сағаттық көлемі (бұдан әрі – квоталар);
20) электр энергиясының орталықтандырылған сауда нарығы – майнерлер мен энергия өндіруші ұйымдар үшін электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттығында электр энергиясын сатып алу-сатуға арналған ұйымдастырылған сауда алаңы.
21) электр энергиясының орталықтандырылған сауда нарығына қатысу шарты – электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектісі электр энергиясын бірыңғай сатып алушы және орталықтандырылған сауда нарығы операторы арасында электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттығына қатысу туралы жасалатын жазбаша шарт;
22) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
23) электрондық құжат – ақпарат электрондық-цифрлық нысанда ұсынылған және электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған құжат;
24) электрондық құжат айналымы жүйесі (бұдан әрі – ЭҚЖ) – қатысушылары арасындағы қатынастар осы Заңмен және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерімен реттелетін электрондық құжаттар алмасу жүйесі;
25) электрондық сауда жүйесі – электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттығын жүргізуді қамтамасыз ететін орталықтандырылған сауда нарығы операторының ұйымдастырушылық, техникалық, бағдарламалық компоненттерінің кешені;
26) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық таңбалар жиынтығы;
27) энергия өндіруші ұйымдар үшін электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттығында жасалған мәмілелер тізілімі – энергия өндіруші ұйымдар үшін электр энергиясымен орталықтандырылған сауда-саттық қорытындылары бойынша мәмілелер жасасуды және мәмілелерді тіркеуді растайтын орталықтандырылған сауда-саттық нарығының операторы жасайтын құжат;
28) энергия өндіруші ұйымның электр энергиясының сату бағасы – электр энергиясын өткізетін энергия өндіруші ұйымдардың тиісті тобына енгізілген энергия өндіруші ұйымның электр энергиясын сату бағасының оның электр энергиясына шекті тарифінен аспайтын, Заңның 12-1-бабының 2-тармағында уәкілетті орган белгілеген тәртіппен айқындалатын тиісті сағаттық мөлшерлемелерге көбейтілген сомасы.
Осы Қағидаларда пайдаланылатын өзге де ұғымдар мен терминдер Қазақстан Республикасының Электр энергетикасы саласындағы заңнамасына сәйкес қолданылады.
2-параграф. Электрондық сауда жүйесіне қол жеткізу
3. Электр энергиясының орталықтандырылған сауда нарығына қол жеткізу шарттары:
1) электр энергиясының орталықтандырылған сауда нарығына қатысу шартын (бұдан әрі – Қатысу шарты) орталықтандырылған сауда нарығының операторымен жасасу;