• Мое избранное
Пайдаланушы ұйым персоналының аттестаттаудан өту қағидаларын бекіту туралы
Внимание! Документ утратил силу с 15.04.2016 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Пайдаланушы ұйым персоналының аттестаттаудан өту қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 12 ақпандағы № 82 бұйрығы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 27 наурызда № 10551 тіркелді

Осы Бұйрық күшін жойды 2016 жылғы 15 сәуірден бастап ҚР Энергетика министрінің 20.01.2016 жылғы № 12 Бұйрығына сәйкес
«Атом энергиясын пайдалану туралы» 1997 жылғы 14 сәуiрдегi Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп Пайдаланушы ұйым персоналының аттестаттаудан өту қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркеуден өтуін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде оның мемлекеттік тіркелгенінен кейін күнтізбелік он күн ішінде ресми жариялауға мерзімді баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне жіберуді жолдануын;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруын;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігінің жетекшілік ететін вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының Энергетика министрі В. Школьник
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі 
_______________ Е. Досаев
2015 жылғы 27 ақпан
Қазақстан Республикасы
 Энергетика министрінің
 2015 жылғы 12 ақпандағы
 № 82 бұйрығымен
 бекітілген
Пайдаланушы ұйым персоналының аттестаттаудан өту қағидаларын бекіту туралы  
1. Жалпы ережелер
1. Осы Атом энергиясын пайдалану саласындағы пайдаланушы ұйымның персоналын аттестаттаудан өткiзу ережесi (бұдан әрi - Қағидалар) «Атом энергиясын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 14 сәуiрдегi Заңына сәйкес әзiрленген және атом энергиясын пайдалану саласындағы қызметті жүзеге асыратын пайдаланушы ұйымдар персоналының аттестаттаудан (бұдан әрі - аттестаттау) өту тәртiбiн белгiлейдi.
2. Уәкілетті органда аттестаттаудан өткізу тәртібі
2. Атом энергиясын пайдалану саласындағы уәкілетті органда аттестаттаудан (бұдан әрі – уәкілетті орган) пайдаланушы ұйым персоналының мынадай санаттары өтеді:
1) лауазымдық міндеттері атом энергиясын пайдаланумен байланысты қызмет түрлерін жүзеге асыру кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз етуді, қондырғыны тікелей басқаруды көздейтін ядролық қондырғы персоналы;
2) лауазымдық міндеттері ядролық материалдарды, иондаушы сәуле көздерін, радиоактивті қалдықтарды есепке алумен және бақылаумен, ядролық қондырғылар мен ядролық материалдарды физикалық қорғаумен байланысты ядролық қондырғының персоналы;
3) лауазымдық міндеттеріне радиациялық қауіпсіздікті бақылау, иондаушы сәуле көздерін есепке алу және бақылау кіретін радиациялық, электрфизикалық қондырғының персоналы;
3. Уәкілетті органда аттестаттау:
1) алғашқы аттестаттауға;
2) кезеңдік аттестаттауға
3) кезектен тыс аттестаттауға бөлінеді.
4. Алғашқы аттестаттау осы Қағидалардың 3-тармағына сәйкес аттестаттауға жататын санаттар бойынша лауазымға тағайындалғаннан кейін екі айдан кешіктірілмейтін мерзімде жүргізіледі.
5. Кезеңдік аттестаттау кезеңдік аттестаттау жүргізу кестесіне сәйкес үш жылда бір рет жүргізіледі.
6. Кезектен тыс аттестаттау мынадай жағдайларда:
1) өндірісте жазатайым оқиғаларға жол берілген;
2) уәкілетті орган пайдаланушы ұйымда жоспарлы және жоспардан тыс тексерулер жүргізу барысында радиациялық және ядролық қауіпсіздік талаптарының өрескел бұзушылықтары анықталған;
3) пайдаланушы ұйымдардың шешімі бойынша тағайындалады.
7. Кезектен тыс аттестаттау кезеңдік аттестаттау мерзімдерін ауыстырмайды.
8. Аттестаттаудан өту үшін пайдаланушы ұйым уәкілетті органға мынадай құжаттарды қамтитын өтінімді ұсынады:
1) осы Қағидаларға 1-қосымшада көрсетілген нысан бойынша пайдаланушы ұйымнан ұсыным;
2) аттестатталуға тиісті қызметкердің білімін, біліктілігін және жұмыс тәжірибесін растайтын құжаттар;
3) аттестатталуға тиісті қызметкердің лауазымдық нұсқаулығы;
4) қызметке тағайындау туралы бұйрықтың көшірмесі (бірінші аттестаттауды өткен жағдайда).
9. Уәкілетті орган өтінім материалдарын алған сәттен бастап екі күндік мерзімде пайдаланушы ұйымға өтінімдердің қабылданғаны немесе қабылданбағаны туралы хабарлайды. Өтінімдер қабылданбаған жағдайда қабылданбау себептері көрсетіледі. Пайдаланушы ұйым көрсетілген кемшіліктерді жойғаннан кейін қайтадан өтінім береді.
10. Өтінімдер қабылданған жағдайда уәкілетті орган аттестаттау жүргізу күні мен орны туралы шешім қабылдайды, ол туралы пайдаланушы ұйымға хабарлайды.
11. Аттестаттауды өткізу үшін уәкілетті органның бірінші басшысының бұйрығымен мүшелерінің саны тақ болып табылатын және кемінде бес адамды құрайтын атом энергиясын пайдалану саласында басшылықты жүзеге асыратын ведомство басшысының орынбасары, және осы ведомствоның басқарма басшылары арасынан комиссия құрылады.
Комиссия отырысы комиссия құрамының кемінде үштен екісін құрайтын кворум болған кезде заңды.
Хатшы комиссияның мүшесі болып табылмайды және дауыс беру құқығы жоқ.
12. Аттестаттау оны өткізу туралы шешім қабылдағаннан кейін отыз күнтізбелік күн ішінде өткізіледі.
13. Уәкілетті органда персоналды аттестаттау мыналарды:
1) тестілеуді;
2) әңгімелесуді (радиациялық қауіпсіздікті бақылауға жауапты персонал үшін);
3) аттестаттауды өткізу нәтижелерін куәландыратын хаттаманы беруді қамтиды.
14. Тестілеу аттестатталатын қызметкердің таңдауы бойынша мемлекеттік немесе орыс тілдерінде автоматтандырылған компьютер тәсілімен жүргізіледі.
15. Тестілеу сұрақтарының тізбесін уәкілетті орган әзірлейді және бекітеді және атом энергиясын пайдалану саласындағы заңнаманы білумен байланысты сұрақтарды қамтиды.
16. Тестілеу сұрақтары аттестаттауға жататын персоналдың санатына байланысты анықталады.
17. Тестілеу нәтижелерін оң деп тану үшін негіз болып табылатын дұрыс жауаптардың шекті деңгейі тесттегі сұрақтар санының 80 %-ын құрайды.
18. Егер тестілеу нәтижелері белгіленген шекті деңгейден аз болған жағдайда аттестатталатын қызметкер аттестаттаудан өтпеген болып саналады.
19. Сұрақ-жауап нысанында өткізілетін әңгімелесу кезінде комиссия қызметкердің Қазақстан Республикасының атом энергиясын пайдалану саласындағы заңнамасын білуін тексереді.
20. Әңгімелесудің қорытындысы бойынша Комиссия қызметкерді радиациялық қауіпсіздік қағидалары мен нормаларын білуін «қанағаттанарлық», «қанағаттанғысыз» бағалары бойынша бағалайды.
21. Комиссия аттестаттау нәтижелері бойынша мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:
1) атқаратын лауазымына сәйкес келеді;
2) қайтадан аттестаттаудан өтуі тиіс.
22. Қайта аттестаттау үш айдан кейін өткізіледі.
23. Пайдаланушы ұйымның қызметкері қайта аттестаттау кезінде теріс нәтиже алған жағдайда атқаратын лауазымына сәйкес келмейді деп танылады және осы Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген лауазымға жіберілмейді.
24. Аттестаттаудың нәтижелері бойынша комиссия хатшысы Комиссия мүшелері қол қоятын және атом энергиясын пайдалану саласында басшылықты жүзеге асыратын ведомство басшысының орынбасары бекітетін хаттама ресімдейді.
Хаттама аттестаттауды өткізгеннен кейін үш күнтізбелік күн ішінде ресімделеді.
25. Хаттама екі данада ресімделеді. Бір данасы аттестатталатын қызметкерге беріледі. Хаттаманың екінші данасы атом энергиясын пайдалану саласында басшылықты жүзеге асыратын ведомствода сақталады.
26. Аттестатталатын қызметкер аттестаттау нәтижелерімен келіспеген жағдайда атом энергиясын пайдалану саласында басшылықты жүзеге асыратын ведомство басшысының атына аттестаттау хаттамасын алған сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде өтініш ресімдеу жолымен аттестаттау нәтижелеріне шағымдануға құқығы көзделеді.
Пайдаланушы ұйымның персоналын
аттестаттаудан өткiзу қағидаларына
 қосымша
Нысан
Ұсыну
Әкімшілік
_____________________________________________________________________
                      (Пайдаланушы ұйымның атауы)
_____________________________________________________________________
         (лауазымның, бөлімшенің, қондырғының, ұйымның атауы)
лауазымы бойынша міндеттерді орындау кезінде
_____________________________________________________________________
             (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))
аттестаттаудан өткізуді өтінеді.
Қоса берілетін құжаттар:_____________________________________________
Пайдаланушы ұйымның басшысы _________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты(болған жағдайда))
__________________
(қолы)
М.О. 20__ж «___»_______