Toggle Dropdown
Мұнай өнімдерінің айналымы жөніндегі декларациялардың нысандарын, оларды ұсыну және жасау қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 24 ақпандағы № 119 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 31 наурызда № 10582 тіркелді
Toggle Dropdown
Редакция 18.10.2019 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Toggle Dropdown
Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы" 2011 жылғы 20 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 9) тармақшасына және "Мемлекеттік статистика туралы" 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Toggle Dropdown
1. Мыналар:
Toggle Dropdown
1) осы бұйрықтын 1-қосымшасына сәйкес Мұнай өнімдерінің айналымы жөніндегі декларацияларды ұсыну және жасау қағидалары;
Toggle Dropdown
2) осы бұйрықтын 2-қосымшасына сәйкес «Мұнай өнімдерін өндірушінің мұнай өнімдері айналымының теңгерімі» мұнай өнімдерінің айналымы жөніндегі декларацияның нысаны;
Toggle Dropdown
3) осы бұйрықтын 3-қосымшасына сәйкес «Мұнай өнімдерін мұнай өнімдері базаларынан (резервуарлар) көтерме саудада беруші және (немесе) бөлшек саудада сатушының мұнай өнімдерінің айналымы теңгерімі» мұнай өнімдерінің айналымы жөніндегі декларацияның нысаны;
Toggle Dropdown
4) осы бұйрықтын 4-қосымшасына сәйкес «Мұнай өнімдерін мұнай өнімдері базаларынан (резервуарлар) көтерме саудада беруші және (немесе) бөлшек саудада сатушының құрылымдық бөлімшесінің мұнай өнімдерінің айналымы теңгерімі» мұнай өнімдерінің айналымы жөніндегі декларацияның нысаны;
Toggle Dropdown
5) осы бұйрықтын 5-қосымшасына сәйкес «Автожанармай құю станциясынан мұнай өнімдерін бөлшек саудада сатушының мұнай өнімдерінің айналымы теңгерімі» мұнай өнімдерінің айналымы жөніндегі декларацияның нысаны бекітілсін.
Toggle Dropdown
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (Д.Е. Ерғожин) заңнамада белгіленген тәртіпте:
Toggle Dropdown
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Toggle Dropdown
2) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуден өткеннен кейін оны күнтізбелік он күн ішінде мерзiмдi баспа басылымдарында және «Әділет» құқықтық - ақпараттық жүйесіне ресми жариялануға жіберілуін;
Toggle Dropdown
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналасуын қамтамасыз етсін.
Toggle Dropdown
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Б. Сұлтанов
Toggle Dropdown
1
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2015 жылғы 24 ақпандағы № 119
бұйрығына 1-қосымша
Toggle Dropdown
1
Мұнай өнімдерінің айналымы жөніндегі декларацияларды ұсыну және жасау қағидалары
Toggle Dropdown
1-тарау. Жалпы ереже
Toggle Dropdown
10. Осы Қағидаларға сәйкес ұсынылатын декларациялар дара кәсіпкерлер, заңды тұлғаның, заңды тұлға құрылымдық бөлімшесінің (филиалы мен өкілдігі) басшысы, бас бухгалтері қол қояды. Электрондық түрде ұсынылатын декларациялар электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылады.
Toggle Dropdown
2. Авиациялық отынды және (немесе) мазутты ғана өндіру, көтерме және (немесе) бөлшек саудада сату бойынша қызметті жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер және заңды тұлғалар, заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшелері (филиалдары мен өкілдіктері) авиациялық отынды және (немесе) мазутты ғана өндірушілердің, көтерме саудада берушілердің және (немесе) бөлшек саудада сатушылардың тізіліміне енгізіледі.
Toggle Dropdown
2-тарау. Мұнай өнімдерінің айналымы жөніндегі декларацияларды ұсыну
Toggle Dropdown
3. Мұнай өнімдерін өндіруді жүзеге асыратын заңды тұлғалар, заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшелері (филиалдары мен өкілдіктері) (бұдан әрі – өндірушілер) салық салуға байланысты объектілерінің орналасқан жері және (немесе) мұнай өнімдерін өндіру бойынша мемлекеттік кірістер органына осы бұйрықпен бекітілген «Мұнай өнімдерін өндірушінің мұнай өнімдері айналымының теңгерімі» жөніндегі декларациясының нысаны бойынша декларация ұсынады.
Toggle Dropdown
Мұнай өнімдерін мұнай өнімдері базаларынан (резервуарлар) көтерме және (немесе) бөлшек саудада сатуды жүзеге асыратын өндірушілер, салық салуға байланысты объектілерінің орналасқан жері және (немесе) мұнай өнімдерін сату бойынша мемлекеттік кірістер органына осы бұйрықпен бекітілген «Мұнай өнімдерін мұнай өнімдері базаларынан (резервуарлар) көтерме саудада беруші және (немесе) бөлшек саудада сатушының мұнай өнімдерінің айналымы теңгерімі» жөніндегі декларациясының нысаны бойынша декларация ұсынады.
Toggle Dropdown
4. Заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшелерін (филиалдары мен өкілдіктері) қоспағанда, мұнай өнімдері базаларынан (резервуарлар) мұнай өнімдерін көтерме және (немесе) бөлшек саудада сатуды жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер және заңды тұлғалар салық салуға байланысты объектілерінің орналасқан жері және (немесе) мұнай өнімдерін сату бойынша мемлекеттік кірістер органына осы бұйрықпен бекітілген «Мұнай өнімдерін мұнай өнімдері базаларынан (резервуарлар) көтерме саудада беруші және (немесе) бөлшек саудада сатушының мұнай өнімдерінің айналымы теңгерімі» жөніндегі декларацияның нысаны бойынша декларация ұсынады.
Toggle Dropdown
Мұнай өнімдері базаларынан (резервуарлар) мұнай өнімдерін көтерме және (немесе) бөлшек саудада сатуды жүзеге асыратын заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшелері (филиалдары мен өкілдіктері) салық салуға байланысты объектілерінің орналасқан жері және (немесе) мұнай өнімдерін сату бойынша мемлекеттік кірістер органына осы бұйрықпен бекітілген «Мұнай өнімдерін мұнай өнімдері базаларынан (резервуарлар) көтерме саудада беруші және (немесе) бөлшек саудада сатушының құрылымдық бөлімшесінің мұнай өнімдерінің айналымы теңгерімі» жөніндегі декларацияның нысаны бойынша декларация ұсынады.
Toggle Dropdown
Бір мемлекеттік кірістер органында тіркелген бірнеше мұнай өнімдері базалары (резервуарлары) бар мұнай өнімдері базаларынан (резервуарлар) мұнай өнімдерін көтерме және (немесе) бөлшек саудада сатуды жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер және заңды тұлғалар, заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшелері (филиалдары мен өкілдіктері) барлық мұнай өнімдері базалары (резервуарлары) үшін бір декларация ұсынады.
Toggle Dropdown
5. Мұнай өнімдерін автожанармай құю станциясынан (бұдан әрі – АҚС) бөлшек саудада сатуды жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер және заңды тұлғалар, заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшелері (филиалдары мен өкілдіктері) салық салуға байланысты объектілерінің орналасқан жері және (немесе) мұнай өнімдерін сату бойынша мемлекеттік кірістер органына осы бұйрықпен бекітілген «Автожанармай құю станциясынан мұнай өнімдерін бөлшек саудада сатушының мұнай өнімдерінің айналымы теңгерімі» жөніндегі декларацияның нысаны бойынша декларация ұсынады.
Toggle Dropdown
Бір мемлекеттік кірістер органында тіркелген бірнеше АҚС бар мұнай өнімдерін АҚС-нан бөлшек саудада сатуды жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер және заңды тұлғалар, заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшелері (филиалдары мен өкілдіктері) барлық АҚС үшін декларация ұсынады.
Toggle Dropdown
6. Авиациялық отынды және (немесе) мазутты ғана өндіру, көтерме және (немесе) бөлшек саудада сату бойынша қызметті жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер және заңды тұлғалар, заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшелері (филиалдары мен өкілдіктері) аталған қызметті жүзеге асыру жері бойынша мемлекеттік кірістер органына осы Қағидаларға 1-қосымшасына сәйкес нысанда авиациялық отынды және (немесе) мазутты ғана өндірушілердің, көтерме саудада берушілердің және (немесе) бөлшек саудада сатушылардың тізіліміне енгізу туралы өтінішті ұсынады.
Toggle Dropdown
Авиациялық отынды және (немесе) мазутты ғана өндіру, көтерме және (немесе) бөлшек саудада сату бойынша қызметті жүзеге асырған дара кәсіпкерлер және заңды тұлғалар, заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшелері (филиалдары мен өкілдіктері) және аталған қызметті тоқтатқандар осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысанда авиациялық отынды және (немесе) мазутты ғана өндірушілердің, көтерме саудада берушілердің және (немесе) бөлшек саудада сатушылардың тізілімінен шығару туралы өтініш негізінде тізілімнен шығарылуға жатады.
Toggle Dropdown
Есертпе. Өтініштер электронды түрде немесе қағаз тасығышта ұсынылады.
Toggle Dropdown
7. Мұнай өнімдерін өндіру, мұнай өнімдері базаларынан (резервуарлар) мұнай өнімдерін көтерме және (немесе) бөлшек саудада сатуды жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер және заңды тұлғалар, заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшелері (филиалдары мен өкілдіктері) декларацияларды ақпараттық жүйлер арқылы электрондық түрде ұсынады.
Toggle Dropdown
8. Мұнай өнімдерін АҚС-нан бөлшек саудада сатуды жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер және заңды тұлғалар, заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшелері (филиалдары мен өкілдіктері), декларацияларды өз таңдауы бойынша ұсынады:
Toggle Dropdown
1) келу тәртібімен – қағаз тасығышта;
Toggle Dropdown
2) пошта бойынша тапсырыстық хат хабарламасымен – қағаз тасығышта;
Toggle Dropdown
3) ақпараттық жүйлер арқылы электрондық түрде.
Toggle Dropdown
Мемлекеттік кірістер органдарына пошта бойынша тапсырыстық хат хабарламасымен декларацияларды ұсыну күні пошталық немесе басқа да мекемелердің байланысын қабылдау туралы белгі болып табылады.
Toggle Dropdown
9. Декларациялар табиғи көрсеткіштерде (тоннада) ұсынылады.
Toggle Dropdown
10. Осы Қағидаларға сәйкес ұсынылатын декларациялар дара кәсіпкерлер, заңды тұлғаның, заңды тұлға құрылымдық бөлімшесінің (филиалы мен өкілдігі) басшысы, бас бухгалтері қол қояды және мөрмен немесе электрондық цифрлық қолтаңбамен бекітіледі.
Toggle Dropdown
11. Осы бұйрықпен бекітілген «Автожанармай құю станциясынан мұнай өнімдерін бөлшек саудада сатушының мұнай өнімдерінің айналымы теңгерімі» жөніндегі декларацияның нысаны бойынша декларацияны ұсыну кезінде түзетуге, өшіруге және тазалауға жол берілмейді.
Toggle Dropdown
12. Декларациялар мемлекеттік кірістер органына ай сайын есептіден кейінгі айдың 20 күніне дейін ұсынылады.
Toggle Dropdown
Егер декларацияны ұсыну мерзімінің соңғы күні жұмыс күніне келмесе, онда декларацияны ұсыну мерзімінің соңғы күні одан кейінгі жұмыс күні болып табылады.
Toggle Dropdown
13. Осы Қағидалардың 2-тармағында көрсетілген, дара кәсіпкерлер және заңды тұлғалар, заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшелері (филиалдары мен өкілдіктері) жекелеген қызмет түрлері бойынша тіркеу есебінен шығу кезінде, тізімнен алып тастау кезінде декларацияны ерте мерзімде ұсынады.
Toggle Dropdown
14. Дара кәсіпкерлер және заңды тұлғалар, заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшелері (филиалдары мен өкілдіктері) мұнай өнімдерінің айналымы жөніндегі декларацияны ұсыну мерзімін ұзарту туралы өтініш (бұдан әрі – өтініш) негізінде декларацияны ұсыну мерзімін ұзартады.
Toggle Dropdown
Осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша, декларацияны ұсыну мерзімі аяқталғанға дейін өтініш электронды түрде немесе қағаз тасығышта ұсынылады.
Toggle Dropdown
Мемлекеттік кірістер органы декларация тапсыру мерзімін өтінішті алған күнен 10 күнтізбелік күнге ұзартады.
Toggle Dropdown
15. Дара кәсіпкерлер және заңды тұлғалар, заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшелері (филиалдары мен өкілдіктері) бұрын ұсынылған декларацияларға толықтырулар енгізу және (немесе) қателерді түзету қажет болған жағдайда, бұрын ұсынылған декларацияларына түзету нысанын ұсынады.
Toggle Dropdown
Түзету нысанында жеке тұлғаның жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН), заңды тұлғаның, заңды тұлға құрылымдық бөлімшесінің (филиалы мен өкілдігі) бизнес сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – БСН), есепті кезең және тек жолдың белгілі бір бағандарының мәнін ұлғайту немесе азайту қажеттілігіне қарай қосу немесе алу мәнімен бағандарына өзгеріс енгізу қажет жолдардың нөмірлері көрсетіледі.
Toggle Dropdown
3-тарау. «Мұнай өнімдерін өндірушінің мұнай өнімдері айналымының теңгерімі» мұнай өнімдерінің айналымы жөніндегі декларацияны жасау тәртібі
Toggle Dropdown
16. «ЖСН/БСН» жолында өндірушінің ЖСН/БСН көрсетіледі.