Toggle Dropdown
«Жол жүрісі туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 17 сәуірдегі Заңының 36-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Отправить по почте
Жолдарды жобалауға, салуға, жөндеуге, күтіп-ұстауға және оларды жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету бөлігінде басқаруға арналған нормативтік, жобалау және техникалық құжаттаманы келісу және бекіту қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 12 наурыздағы № 208 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 10 сәуірде № 10690 тіркелді
«Жол жүрісі туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 17 сәуірдегі Заңының 36-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Жолдарды жобалауға, салуға, жөндеуге, күтіп-ұстауға және оларды жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету бөлігінде басқаруға арналған нормативтік, жобалау және техникалық құжаттаманы келісу және бекіту қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитеті (И.В. Лепеха):
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Облыстардың және Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының полиция департаменттерінің, Қазақстан Республикасы ІІМ-нің Байқоңыр қаласындағы өкілдігінің бастықтары:
3-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ішкі істер министрінің 29.12.2018 жылғы № 923 Бұйрығына сәйкес (20.06.2018 ж. редакцмяны қараңыз) (өзгерту 20.01.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі) 3-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ішкі істер министрінің 07.10.2019 жылғы № 863 Бұйрығына сәйкес (29.12.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 21.10.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) ішкі істер органдары жеке құрамының осы бұйрықтың талаптарын зерделеуін және сақтауын қамтамасыз етсін;
2) ішкі істер органдарының жұмысын осы бұйрықтың талаптарына сәйкес ұйымдастырсын.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары полиция генерал-майоры Е.З. Тургумбаевқа жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Қ.Қасымов
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 12 наурыздағы № 208 бұйрығымен бекітілген
Жолдарды жобалауға, салуға, жөндеуге, күтіп-ұстауға және оларды жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету бөлігінде басқаруға арналған нормативтік, жобалау және техникалық құжаттаманы келісу және бекіту қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Ішкі істер министрінің 20.06.2018 жылғы № 459 Бұйрығына сәйкес (25.04.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 12.07.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
1. Осы Жолдарды жобалауға, салуға, жөндеуге, күтіп-ұстауға және оларды жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету бөлігінде басқаруға арналған нормативтік, жобалау және техникалық құжаттаманы, аумақтық-көліктік жоспарлау, жол жүрісін ұйымдастыру және келісілген конструкцияны бақылау жөніндегі құжаттаманы келісу және бекіту қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасының «Жол жүрісі туралы» 2014 жылғы 17 сәуірдегі және «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» 2001 жылғы 16 шілдедегі заңдарына сәйкес әзірленді.
2. Қағидалар жолдарды жобалауға, салуға, жөндеуге, күтіп-ұстауға және оларды жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету бөлігінде уәкілетті органның (бұдан әрі - уәкілетті орган) басқаруына арналған нормативтік, жобалау және техникалық құжаттаманы келісу және бекіту тәртібін айқындайды және автомобиль жолдары және техникалық реттеу, сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында бекітілген мемлекеттік нормативтердің (бұдан әрі – мемлекеттік нормативтер) талаптарын ескере отырып әзірленді.
3. Қағидалар жолдарды жобалауға, салуға, жөндеуге, күтіп-ұстауға және оларды басқаруға, аумақтық-көліктік жоспарлауға және жол жүрісін ұйымдастыруға арналған нормативтік, жобалау және техникалық құжаттаманы әзірлейтін жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – тапсырыс беруші) таралады.
3-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ішкі істер министрінің 07.10.2019 жылғы № 863 Бұйрығына сәйкес (29.12.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 21.10.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
4. Осы Қағидаларда мынадай терминдер пайдаланылады:
1) аумақтық көліктік жоспарлау – аумақтың көліктік жүйесін дамытуды жоспарлау, ол барлық көлік түрлерінің инфрақұрылымын орналастыруды және көліктің маршруттық желісін трассалауды қамтиды;
2) жобалау құжаттамасы – жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету бөлігінде құрылысты ұйымдастыру мен жүргiзу, аумақты инженерлiк жағынан дайындау, абаттандыру үшін көлемдiк-жоспарлық, конструкциялық, технологиялық, инженерлiк, табиғатты қорғау және өзге де шешiмдердi қамтитын құжаттама;
3) жол жүрiсiн ұйымдастыру – жол жүрiсін басқару жөніндегі ұйымдастырушылық-құқықтық, нормативтік-әдістемелік, жобалау-іздестіру, ұйымдастырушылық-техникалық, бақылау-қадағалау, өкімдік және басқа да іс-шаралар кешенi;
4) нормативтік құжаттама – жолдарды жобалау, салу, жөндеу, күтіп-ұстау және оларды жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету бөлігінде басқару жөніндегі әртүрлі қызмет түрлеріне қатысты нормаларды, қағидаларды, сипаттамаларды, қағидаттарды белгілейтін құжаттама;
5) техникалық құжаттама – техникалық және технологиялық нормаларды қамтитын құжаттама;
5. Уәкілетті орган жолдарды жобалауға, салуға, жөндеуге, күтіп-ұстауға және оларды жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету бөлігінде басқаруға арналған нормативтік, жобалау және техникалық құжаттаманы мүгедектігі бар адамдарға тең қолжетімділікті қамтамасыз ету мақсатында олардың қажеттіліктерін ескере отырып келіседі.
5-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ішкі істер министрінің м.а. 30.09.2022 жылғы № 783 Бұйрығына сәйкес (25.08.2020 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 17.10.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Жолдарды жобалауға, салуға, жөндеуге, күтіп-ұстауға және оларды жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету бөлігінде басқаруға арналған нормативтік, жобалау және техникалық құжаттаманы келісу және бекіту тәртібі
2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Ішкі істер министрінің 20.06.2018 жылғы № 459 Бұйрығына сәйкес (25.04.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 12.07.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
6. Тапсырыс беруші нормативтік, жобалау және техникалық құжаттаманы, сондай-ақ аумақтық-көліктік жоспарлау және жол жүрісін ұйымдастыру жөніндегі құжаттаманы жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органға келісуге ұсынады.
6-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ішкі істер министрінің 07.10.2019 жылғы № 863 Бұйрығына сәйкес (29.12.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 21.10.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
7. Нормативтік, жобалау және техникалық құжаттаманы, сондай-ақ аумақтық-көліктік жоспарлау және жол жүрісін ұйымдастыру жөніндегі құжаттаманы келісу өтінішті уәкілетті органда тіркеген сәттен бастап онжұмыс күн ішінде жүргізіледі.
7-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ішкі істер министрінің 25.04.2017 жылғы № 288 Бұйрығына сәйкес (12.03.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 07.06.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
7-1. Жолдардың жүру бөлігіндегі жол және басқа да жұмыстар, оның ішінде авариялық-құтқару жұмыстары уәкілетті орган мен автомобиль жолдарын басқарушыға хабарлама берілгеннен кейін жүзеге асырылуға тиіс.
Осы Қағидалар 7-1-тармақпен толықтырылды ҚР Ішкі істер министрінің 20.06.2018 жылғы № 459 Бұйрығына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 12.07.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды 7-1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ішкі істер министрінің 25.08.2020 жылғы № 595 Бұйрығына сәйкес (07.10.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 13.09.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Жол және басқа да жұмыстардың, оның ішінде авариялық-құтқару жұмыстарының жүргізілетіні туралы хабарламаны жұмыстарды жүргізуші жұмыстар жүргізілетін учаске, жұмыстардың мерзімдері және байланыс деректері (мекенжай мен телефон) туралы ақпаратты көрсете отырып жібереді.
Көлік құралдары мен жаяу жүргіншілердің қозғалысын өзгерту не шектеу қажеттілігі жоқ жолдың жүру бөлігінің астында электрмен жабдықтау желілерін салу кезінде уәкілетті органға хабарлау талап етілмейді.
8. Жобалау және техникалық құжаттаманы, сондай-ақ аумақтық-көліктік жоспарлау және жол жүрісін ұйымдастыру жөніндегі құжаттаманы келісуді уәкілетті орган мемлекеттік нормативтерде белгіленген тәртіппен мемлекеттік және/немесе кешенді ведомстводан тыс сараптама жүргізілгенге дейін жүзеге асырады.
9.Мыналар:
9-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ішкі істер министрінің 25.04.2017 жылғы № 288 Бұйрығына сәйкес (12.03.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 07.06.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
1) уәкілетті орган – халықаралық және республикалық маңыздағы жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарын, ақылы автожолдарды жобалау, салу, қайта жөндеу, жөндеу және оңалту жөніндегі нормативтік, техникалық және жобалау құжаттамасын, аумақтық-көліктік жоспарлау және жол жүрісін ұйымдастыру жөніндегі құжаттаманы;
2) уәкілетті органның аумақтық бөліністері – осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген жолдарды қоспағанда, автомобиль жолдарын, сондай-ақ осы автомобиль жолдарындағы жол құрылыстарын, теміржол өтпелерін, қалалық электр көлігі желілерін жобалау, салу, қайта жөндеу, жөндеу және оңалту жөніндегі жобалау құжаттамасын, аумақтық-көліктік жоспарлау, жол жүрісін ұйымдастыру жөніндегі құжаттаманы;
3) жоғары тұрған уәкілетті органның нұсқауы бойынша уәкілетті органның аумақтық бөліністері – халықаралық және республикалық маңыздағы жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарын, ақылы автожолдарды жобалау, салу, қайта жөндеу, жөндеу және оңалту жөніндегі жобалау құжаттамасын, аумақтық-көліктік жоспарлау және жол жүрісін ұйымдастыру жөніндегі құжаттаманы келіседі.
10. Қарау қорытындылары бойынша уәкілетті орган ұсынылған нормативтік, жобалау және техникалық құжаттаманы, сондай-ақ аумақтық-көліктік жоспарлау және жол жүрісін ұйымдастыру жөніндегі құжаттаманы келіседі не оны келісуден бас тартады және бұл туралы осы Қағидалардың 7-тармағында көрсетілген мерзімде тапсырыс берушіні хабардар етеді.
10-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ішкі істер министрінің 07.10.2019 жылғы № 863 Бұйрығына сәйкес (29.12.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 21.10.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Нормативтік, жобалау және техникалық құжаттаманы, сондай-ақ аумақтық-көліктік жоспарлау және жол жүрісін ұйымдастыру жөніндегі құжаттаманы келісуден бас тартылған жағдайда, уәкілетті орган бас тарту себептерін көрсете отырып, бұл туралы тапсырыс берушіні жазбаша хабардар етеді.
Нормативтік, жобалау және техникалық құжаттаманың, сондай-ақ аумақтық-көліктік жоспарлау және жол жүрісін ұйымдастыру жөніндегі құжаттаманың мемлекеттік нормативтерде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі бас тарту негізі болып табылады.
11. Тапсырыс беруші келісуден бас тартумен келіспеген жағдайда, ол заңнамада белгіленген тәртіппен уәкілетті органның іс-қимылына шағымдана алады.
11-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ішкі істер министрінің 07.10.2019 жылғы № 863 Бұйрығына сәйкес (29.12.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 21.10.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
12. Тапсырыс беруші келісуден бас тарту себептерін жойғаннан кейін нормативтік, жобалау және техникалық құжаттама, сондай-ақ аумақтық-көліктік жоспарлау және жол жүрісін ұйымдастыру жөніндегі құжаттама жазбаша бас тарту алынған күннен бастап екі айдан кешіктірмей қайта келісуге жолданады. Қайта келісу уәкілетті органда өтініш тіркелген сәттен бастап бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімде жүргізіледі.
12-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ішкі істер министрінің 25.04.2017 жылғы № 288 Бұйрығына сәйкес (12.03.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 07.06.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды 12-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ішкі істер министрінің 07.10.2019 жылғы № 863 Бұйрығына сәйкес (29.12.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 21.10.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
13. Бұрын уәкілетті орган келіскен нормативтік, жобалау және техникалық құжаттама, сондай-ақ аумақтық-көліктік жоспарлау және жол жүрісін ұйымдастыру жөніндегі құжаттама көлемдiк-жоспарлық, конструкциялық шешімдерге, сондай-ақ жобалық-сметалық құжаттамаға өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізілген жағдайда осы Қағидалардың 7-тармағында көрсетілген мерзімде уәкілетті органның қайта келісуіне жатады.
14. Нормативтік, жобалау және техникалық құжаттама, сондай-ақ аумақтық-көліктік жоспарлау және жол жүрісін ұйымдастыру жөніндегі құжаттама уәкілетті орган келіскеннен кейін бекітуге жатады.
15. Нормативтік және техникалық құжаттаманы, сондай-ақ аумақтық-көліктік жоспарлау және жол жүрісін ұйымдастыру жөніндегі құжаттаманы бекітуді құзыретіне осындай құжаттаманы бекіту кіретін тиісті мемлекеттік органдар жүзеге асырады.
16. Жобалау құжаттамасын бекіту Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік және/немесе кешенді ведомстводан тыс сараптама жүргізілгеннен кейін жүзеге асырылады.
17. Жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы қағидалардың, нормативтердің, стандарттардың сақталуын мемлекеттік бақылау мен қадағалаудың жүзеге асырылуын бақылауды төменгі тұрған органға қатысы бойынша жоғары тұрған орган уәкілетті органның аумақтық бөліністеріне жылына кем дегенде бір рет тексеру өткізу арқылы жүргізеді.
18. Жолдарды жобалауға, салуға, жөндеуге, күтіп-ұстауға және оларды жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету бөлігінде басқаруға арналған жобалау құжаттамасын, сондай-ақ аумақтық-көліктік жоспарлау, жол жүрісін ұйымдастыру жөніндегі құжаттаманы және жол және басқа да жұмыстар жүргізілетіні туралы хабарламаларды келісуді есепке алу осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша журналда жүргізіледі.
2-тарау 18-тармақпен толықтырылды ҚР Ішкі істер министрінің 29.12.2018 жылғы № 923 Бұйрығына сәйкес (өзгерту 20.01.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 12 наурыздағы № 208 бұйрығымен бекітілген Жолдарды жобалауға, салуға, жөндеуге, күтіп-ұстауға және оларды жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету бөлігінде басқаруға арналған нормативтік, жобалау және техникалық құжаттаманы келісу және бекіту қағидаларына қосымша
Осы Қағидалар қосымшамен толықтырылды ҚР Ішкі істер министрінің 29.12.2018 жылғы № 923 Бұйрығына сәйкес (өзгерту 20.01.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Жолдарды жобалауға, салуға, жөндеуге, күтіп-ұстауға және оларды жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету бөлігінде басқаруға арналған жобалау құжаттамасын, сондай-ақ аумақтық-көліктік жоспарлау және жол жүрісін ұйымдастыру жөніндегі құжаттаманы келісу және жол және басқа да жұмыстарды жүргізу туралы хабарламалар журналы
№ р/с |
Қаралған күні |
Жобаның атауы |
Жобалау және өзге де ұйымның атауы |
Жол жұмыстарының басталған және аяқталған күні |
Қарау нәтижелері |
Жол жұмыстарының орындалғаны туралы белгі |
Ескертпе |
|
|
|
|
|
|
|
|