• Мое избранное

Отправить по почте

Энергия өндіруші ұйымдар үшін күзгі-қысқы кезеңде пайдаланылатын отын қорының нормаларын айқындау қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 22 қаңтардағы № 34 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 31 наурызда № 10583 тіркелді

Редакция 29.10.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен  
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 994 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 263) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 14.10.2024 жылғы № 368 Бұйрығына сәйкес (27.12.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 29.10.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Қоса беріліп отырған Энергия өндіруші ұйымдар үшін күзгі-қысқы кезеңде пайдаланылатын отын қорының нормаларын айқындау қағидаларын бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Электр энергетикасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгенінен кейін оны күнтізбелік он күн ішінде мерзімдік баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында жариялануын;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Энергетика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Энергетика министрі В. Школьник
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
____________ Е. Досаев
2015 жылғы 26 ақпан
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2015 жылғы 22 қаңтардағы
 № 34 бұйрығымен
 бекітілген
Энергия өндіруші ұйымдар үшін күзгі-қысқы кезеңде пайдаланылатын отын қорының нормаларын айқындау қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 27.12.2021 жылғы № 410 Бұйрығына сәйкес (22.01.2015 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 17.01.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Осы Энергия өндіруші ұйымдар үшін күзгі-қысқы кезеңде пайдаланылатын отын қорының нормаларын айқындау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 994 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 263) тармақшасына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының энергия өндіруші ұйымдары үшін күзгі-қысқы кезеңде пайдаланылатын отын қорының нормаларын айқындау тәртібін белгілейді.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 14.10.2024 жылғы № 368 Бұйрығына сәйкес (27.12.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 29.10.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар мен анықтамалар пайдаланылады:
1) отынның орташа тәуліктік шығысы – осы өңір үшін күзгі-қысқы кезеңде және жабдықтардың барынша жүктеу жағдайларында энергия өндіруші ұйым электр және/немесе жылу энергиясын өндіру үшін тәулік ішінде тұтынатын отынның мөлшерлі шығысы;
1-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 27.12.2021 жылғы № 410 Бұйрығына сәйкес (22.01.2015 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 17.01.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2) пайдаланылатын отын қорының нормасы (бұдан әрі – норма) – энергия өндіруші ұйымдар пайдаланатын отын қорының тәуліктік есептегі ең аз мөлшері.
2-тарау. Энергия өндіруші ұйымдар үшін күзгі-қысқы кезеңде пайдаланылатын отын қорының нормаларын айқындау тәртібі
2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 27.12.2021 жылғы № 410 Бұйрығына сәйкес (22.01.2015 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 17.01.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3. Нормалар жылу электр станциялары мен қазандықтар бойынша айқындалады (бұдан әрі – энергия өндіруші ұйым).
4. Нормаларды айқындау кезінде:
1) отынның орташа тәуліктік жұмсалуы;
2) жеткізілетін отынның энергия көзінен тиелу орнына дейінгі ара қашықтық есепке алынады.
5. Белгіленген қуаты 100 гигакалория/сағат және одан жоғары энергия өндіруші ұйым жыл сайын тиісті жылдың 1 маусымына дейін электр энергетикасы саласындағы уәкілетті органға отынның орташа тәуліктік жұмсалу есебін және энергия көзінен бастап жеткізілетін отынды тиеу орнына дейінгі қашықтықтық туралы ақпаратты келісу үшін ұсынады.
6. Белгіленген қуаты 100 гигакалория/сағат төмен энергия өндіруші ұйым жыл сайын тиісті жылдың 1 маусымына дейін жергілікті атқарушы органға отынның орташа тәуліктік жұмсалу есебін және энергия көзінен бастап жеткізілетін отынды тиеу орнына дейінгі қашықтықтық туралы ақпаратты келісу үшін ұсынады.
7. Электр энергетикасы саласындағы уәкілетті орган жыл сайын тиісті жылдың 1 тамызына дейін белгіленген қуаты 100 гигакалория/сағат және одан жоғары энергия өндіруші әрбір ұйым үшін отынның орташа тәуліктік жұмсалу есебін мен энергия көзінен бастап жеткізілетін отынды тиеу орнына дейінгі қашықтық туралы ақпаратты келіседі.
8. Жергілікті атқарушы орган жыл сайын тиісті жылдың 1 тамызына дейін белгіленген қуаты 100 гигакалория/сағат төмен энергия өндіруші әрбір ұйым үшін отынның орташа тәуліктік жұмсалу есебін мен энергия көздерінен бастап жеткізілетін отынды тиеу орнына дейінгі қашықтық туралы ақпаратты бекітеді.
9. Энергия өндіруші ұйымдағы отынның орташа тәуліктік шығысы мынадай формулаға сәйкес есептеледі:
9-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 27.12.2021 жылғы № 410 Бұйрығына сәйкес (22.01.2015 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 17.01.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
B = Bжэ + Bээ, мұнда
B – энергия өндіруші ұйымдағы отынның орташа тәуліктік шығысы, тонна;
Bжэ – күзгі-қысқы кезеңдегі жылу энергиясын өндіруге арналған отынның орташа тәуліктік шығысы, тонна;
Bээ – күзгі-қысқы кезеңдегі электр энергиясын өндіруге арналған отынның орташа тәуліктік шығысы, тонна.
Жылу энергиясын өндіруге жұмсалатын отынның орташа тәуліктік шығысы мынадай формулаға сәйкес есептеледі:
Bжэ = Bжэ шарт / Э, мұнда
Bжэ шарт – күзгі-қысқы кезеңде жылу энергиясын өндіруге шартты отынның орташа тәуліктік шығысы, шартты отынның тоннасы, мынадай формулаға сәйкес есептеледі:
Bжэ шарт = Qтәу * bж * 10-3, мұнда
bж – күзгі-қысқы кезеңдегі шартты отынның жылу энергиясын жіберудегі үлестік шығысы, кг/Гкал;
Qтәу – тәулігіне жіберілген жылу энергиясының мөлшері, Гкал, мынадай формулаға сәйкес есептеледі:
Qтәу = Q * t, мұнда
t – тәуліктегі сағат саны, сағат;
Q – белгіленген жылу қуатын пайдалану коэффициентін ескере отырып есептелген жылу қуаты, Гкал/сағ, мынадай формулаға сәйкес есептеледі:
Q = Qбелгж, мұнда
Qбелг – станцияның белгіленген жылу қуаты, Гкал /сағ;
Кж – белгіленген жылу қуатын пайдалану коэффициенті, мынадай формулаға сәйкес есептеледі:
Кж = Qжіб/(Qбелг*n), мұнда
Qжіб – өткен күзгі-қысқы кезеңдегі жіберілген жылу энергиясының нақты мөлшері, Гкал;
Qбелг – станцияның белгіленген жылу қуаты, Гкал/сағ;
n - өткен күзгі-қысқы кезеңдегі энергия өндіруші ұйымдардың жұмыс сағаттарының нақты саны.
Э – отынның жылу шығару қабілетінің шартты отынға қатынасына тең калориялық коэффициенті, мынадай формулаға сәйкес есептеледі:
Э = Qр т / 7000, мұнда
Qр т – отынның төменгі жылу шығару қабілеті, ккал/кг;
7000 – шартты отынның төменгі жылу шығару қабілеті, ккал/кг.
Электр энергиясын өндіруге жұмсалатын отынның орташа тәуліктік шығысы мынадай формулаға сәйкес есептеледі:
Bээ = Bээ шарт/ Э, мұнда
Bээ шарт – күзгі-қысқы кезеңдегі электр энергиясын өндіруге арналған шартты отынның орташа тәуліктік шығысы, шартты отынның тоннасы, мынадай формулаға сәйкес есептеледі:
Bээ шарт = Этәу * bэ * 10-3, мұнда
bэ – күзгі-қысқы кезеңдегі шартты отынның электр энергиясын жіберудегі үлестік шығысы, гр/кВт*сағ;
Этәу – тәулігіне жіберілген электр энергиясының мөлшері, мың. кВт*сағ, мынадай формулаға сәйкес есептеледі:
Этәу = N * t, мұнда
t – тәуліктегі сағат саны, сағат;
N – белгіленген электр қуатын пайдалану коэффициентін ескере отырып есептелген электр қуаты, МВт, мынадай формулаға сәйкес есептеледі:
N = Nбелг.*Кэ, мұнда
Nбелг. – станцияның белгіленген электр қуаты, МВт;
Кэ – белгіленген электр қуатын пайдалану коэффициенті, мынадай формулаға сәйкес есептеледі:
Кэ = Эжіб /(Nбелг*n), мұнда
Эжіб – өткен күзгі-қысқы кезеңдегі жіберілген электр энергиясының нақты мөлшері, мың. кВт*сағ;
Nбелг. – станцияның белгіленген электр қуаты, МВт;
n - өткен күзгі-қысқы кезеңдегі энергия өндіруші ұйымдардың жұмыс сағаттарының нақты саны.
Э – отынның жылу шығару қабілетінің шартты отынға қатынасына тең калориялық коэффициенті, ккал/кг, мынадай формулаға сәйкес есептеледі:
Э = Qр т / 7000, мұнда
Qр т – отынның төменгі жылу шығару қабілеті, ккал/кг;
7000 – шартты отынның төменгі жылу шығару қабілеті, ккал/кг.
10. Келісілген отынның орташа тәуліктік жұмсалуы мен отынды тиеу (өндіру) ауданынан бастап энергия өндіретін ұйым орналасқан жерге дейінгі қашықтық негізінде норма айқындалады.