«Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметі туралы» 2010 жылғы 20 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 43-бабына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
Отправить по почте
"Қазақстан Республикасы сот-сараптамалық зерттеулер әдістемелерінің мемлекеттік тізілімін қалыптастыру және пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 26 қаңтардағы № 49 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 20 ақпанда № 10304 тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2017 жылдың 7 мамырынан бастап ҚР Әділет министрінің 30.03.2017 жылғы № 331 Бұйрығына сәйкес
Редакция 30.07.2015 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметі туралы» 2010 жылғы 20 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 43-бабына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған «Қазақстан Республикасы сот-сараптамалық зерттеулер әдістемелерінің мемлекеттік тізілімін қалыптастыру және пайдалану қағидалары» бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот сараптамасы орталығы заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін және оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын қадағалау Қазақстан Республикасы Әділет министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бұйрық оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр Б. Имашев
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 26 қаңтардағы № 49 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасы сот-сараптамалық зерттеулер әдістемелерінің мемлекеттік тізілімін қалыптастыру және пайдалану қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Қазақстан Республикасының сот-сараптамалық зерттеулер әдістемелерінің мемлекеттік тізілімін қалыптастыру және пайдалану қағидалары (бұдан әрі - Қағидалары) Қазақстан Республикасы сот-сараптамалық зерттеулер әдістемелерінің мемлекеттік тізілімін (бұдан әрі - Мемлекеттік тізілім) қалыптастыру және пайдалану мақсатын, тәртібін айқындайды.
2. Мемлекеттік тізілім қылмыстық процесті жүргізуші органдарды, соттарды, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізуінде жатқан органдарды (лауазымды адамдарды), процеске өзге қатысушыларды, сондай-ақ сот сарапшыларын және сот - сараптама қызметін лицензия негізінде жүзеге асыратын тұлғаларды Мемлекеттік тізілімге енген әдістемелер жөнінде мәліметтермен ақпараттандыру мақсатында қалыптастырылады.
2. Мемлекеттік тізілімді пайдалану және қалыптастыру тәртібі
3. Мемлекеттік тізілім осы Қағидаға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік және орыс тілдерінде электрондық түрде жүргізіледі.
4. Мемлекеттік тізілім осы Қағидаға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әдістеме құжатын қалыптастыратын Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметі туралы» Заңының (бұдан әрі - Заң) талаптарына жауап беретін сот-сараптамалық зерттеулер әдістемелері (бұдан әрі - әдістемелер) туралы мәліметтерді қамтиды.
5. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
5-тармақ алынып тасталды ҚР Әділет министрінің м.а. 30.07.2015 жылғы № 428 Бұйрығымен (26.01.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 22.09.2015 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
6. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі сот сараптамасы органының Ғылыми кеңесінің (бұдан әрі - Ғылыми кеңес) сот–сараптамалық зерттеулер әдістемелерін Мемлекеттік тізілімге енгізу туралы шешімінен кейін бес күн ішінде әдістемелер туралы мәліметтер Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот сараптамасы орталығына (бұдан әрі - Орталық) мемлекеттік және орыс тілдерінде, баспа және электрондық түрде, аталған органдардың мөрімен куәландырылып, бір данада жолданады.
6-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Әділет министрінің м.а. 30.07.2015 жылғы № 428 Бұйрығына сәйкес (26.01.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 22.09.2015 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
7. Мемлекеттік тізілімге енгізілуі тиіс мәліметтер, олар Орталыққа түскен сәттен бастап он жұмыс күні ішінде енгізіледі.
7-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Әділет министрінің м.а. 30.07.2015 жылғы № 428 Бұйрығына сәйкес (26.01.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 22.09.2015 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
8. Мемлекеттік тізілімге өзгерістер мен толықтырулар Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің сот сараптамасы органымен ақпарат келіп түскен сәттен бастан бес жұмыс күні ішінде енгізіледі.
9. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
9-тармақ алынып тасталды ҚР Әділет министрінің м.а. 30.07.2015 жылғы № 428 Бұйрығымен (26.01.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 22.09.2015 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
10. Мемлекеттік тізілімнің электрондық нұсқасы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурстарында орналастырылады.
11. Сарапшылар сот сараптамасын жүргізу кезiнде Мемлекеттік тізілімге енгізілген әдістемелер туралы ақпараттарды пайдалана алады.
Қазақстан Республикасы сот-сараптамалық зерттеулер әдістемелерінің мемлекеттік тізілімін қалыптастыру және пайдалану қағидаларына 1-қосымша
Нысан
Қазақстан Республикасы сот - сараптамалық зерттеулер әдістемелерінің мемлекеттік тізілімі
Р/с |
Әдістеменің шифры |
Әдістеменің атауы |
Ғылыми кеңес хаттамасының нөмірі, күні, |
Әдістеменің авторы (құрастырушы) |
Әдістемен ің төлқұжаты |
Ескертпе |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
Қазақстан Республикасы сот-сараптамалық зерттеулер әдістемелерінің мемлекеттік тізілімін қалыптастыру және пайдалану қағидаларына 2-қосымша
нысан
Әдістеменің төлқұжаты
1. Әдістеменің атауы |
|
2. Әдістеме мамандығының шифрі |
|
3. Автор туралы ақпарат (құрастырушы туралы) |
|
4. Әдістеменеің мәні |
|
4.1 Әдістемемен шешілетін сарапшылық міндеттер |
|
4.2. Зерттеу объектілері |
|
4.3. Зерттеу әдістері |
|
4.4. Әдістеменің қысқаша кезең-кезеңдік сипаттамасы |
|
5. Орталықтың Ғылыми кеңес хаттамасының нөмірі, күні |
|
6. Әдістеме төлқұжатын құрастырушы туралы ақпарат |
|
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |