• Мое избранное
Внимание! Документ утратил силу с 16.02.2016 г

Отправить по почте

1

Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 20 қаңтардағы № 20 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 19 ақпанда № 10294 тіркелді

Осы Бұйрық күшін жойды 2016 жылғы 16 ақпаннан бастап ҚР Білім және ғылым министрінің м.а. 31.12.2015 жылғы № 717 Бұйрығына сәйкес
«Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 4-1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру қағидалары бекітілсін.
2. Балалардың құқықтарын қорғау комитеті (З.Ж. Оразалиева):
1) осы бұйрықтың белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін бұқаралық ақпарат құралдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауды қамтамасыз етсін;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырсын.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Білім және ғылым вице-министрі Е.Н. Иманғалиевке жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының 
Ұлттық экономика министрі 
2015 жылғы 20 қаңтар
      ____________________Е. Досаев
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
 2015 жылғы 20 қаңтардағы
 № 20 бұйрығымен бекітілген
Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру қағидалары
         1. Осы Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) бастауыш, негізгі орта және жалпы білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында (бұдан әрі – орта білім беру ұйымдары) білім алушыларға ақылы және тегін негізде тамақтандыруды ұйымдастыру тәртібін белгілейді.
2. Білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру – бұл білім алушыларға, олардың білім беру ұйымдарында болу кезеңінде тамақтандыруды ұсыну бойынша қызмет көрсету үшін қажетті жағдай жасау.
білім алуышыларды тиімді тамақтандырумен қамтамасыз ету;
тағам әзірлеуде пайдаланатын тамақ өнімдерінің сапасына және қауіпсіздігіне кепілдік беру;
білім алушылар арасында тамақтан уланудың алдын алуға және профилактикасына бағытталған санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды сақтау болып табылады.
4. Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру қоғамдық тамақтандыру қызметін көрсетуге мамандандырылған заңды немесе жеке тұлға болып табылатын көрсетілетін қызмет берушілер жүзеге асырады.
1) әлеуетті өнім беруші – кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын жеке тұлға немесе қызметті көрсету туралы шарт жасасуға үмiткер заңды тұлға;
2) интернет-ресурс – конкурсты ұйымдастырушының немесе конкурсты ұйымдастырушының жеке интернет-ресурсы болмаған жағдайда білім беру органының интернет-ресурсы;
3) конкурсқа қатысуға өтінім – конкурстық құжаттамаға сәйкес жасалған, қызметтер көрсету үшін материалдық, қаржылық және еңбек ресурстарына ие екенін растайтын, әлеуетті өнім беруші ұсынатын құжаттар;
4) конкурстық комиссия – конкурс өткізуге конкурсты ұйымдастырушы құратын уақытша алқалы орган;
5) конкурстық құжаттама – әлеуетті өнім берушіге конкурсқа қатысуға өтінім дайындау үшін және конкурс өткізу шарттары мен тәртібі қамтылған конкурсты ұйымдастырушы ұсынатын құжаттар;
6) конкурсты ұйымдастырушы – орта білім беру ұйымы немесе білім беру ұйымы бухгалтерлік есепті өз бетінше жүргізбеген жағдайда, білім беру органы;
7) көрсетілетін қызмет берушіні таңдау критерийлері – әлеуетті өнім берушінің қызмет көрсетуі бойынша мүмкіндіктері мен жағдайларын бағалау негізінде жасалатын белгілер;
8) тиімді тамақтандыру – тамақтандырудың физиологиялық және жас ерекшелігі нормалары ескерілген үйлестірілген тағам;
9) өнім беруші – кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын жеке тұлға немесе қызметті көрсету туралы шарт жасасқан заңды тұлға;
10) өнім берушінің біліктілік талаптары – қызмет көрсету туралы шарт бойынша міндеттемелерді орындау үшін жеткілікті, материалдық, қаржылық және еңбек ресурстарына ие екенін растайтын құжаттар тізбесі.
2. Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыруға қойылатын талаптар
         6. Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыру осы Қағидалардың 3-бөліміне сәйкес ұйымдастырылады.
7. Орта білім беру ұйымының әкімшілігі білім алушыларды тиімді тамақтандыруды, дұрыс тамақтанудың принциптері мен санитариялық-гигиеналық негіздерді қамтамасыз етуге, білім алушылардың ата-аналарымен (заңды өкілдерімен) консультациялық және түсіндірме жұмыстарын жүргізуге бағытталған ұйымдастырушылық-басқарушылық шешімдерді қабылдауды қамтамасыз етеді.
8. Білім алушыларды тамақтандыру бекітілген ас мәзіріне сәйкес орта білім беру ұйымдарының асханалары мен буфеттерінде жүзеге асырылады.
9. Білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастырудың тәсілдері:
ас әзірлейтін бөлікте тамақ өнімдерінің сақтауды, өңдеуді және дайын тамақтар мен аспаздық өнімдерді, оны өндіретін жерден сатуды ескере отырып, азық-түлік шикізатымен жұмыс істейтін асханада білім алушыларды тамақтандыру;
кремі бар кондитерлік бұйымдарды қоспағанда дайын тамақтарды, аспаздық және кондитерлік бұйымдарды сатуды жүзеге асыратын буфеттерде білім алушыларды тамақтандыру;
мектептік тамақтандырудың базалық ұйымдарымен салқындатылған немесе мұздатылған әзірлігі жоғары деңгейлі аспаздық жартылай фабрикаттарды, дайын өнімдерді өнеркәсіптік өндіруді көздейтін білім алушыларды индустриалды тамақтандыруды ұйымдастыру болып табылады.
10. Өнім беруші білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша қызмет көрсету процесінде орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызмет берушіні таңдау жөніндегі конкурстық құжаттамаға техникалық тапсырманы орындайды.
11. Білім алушылар үшін әзірленетін тағамдар мен аспаздық бұйымдар, оның ішінде білім алушыларды тамақтандыру кезінде пайдаланатын шикізат пен тамақ өнімдері, оларды жеткізу жағдайлары, өндіріс технологиясы халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылық пен гигиеналық нормативтер саласындағы нормативтік құқықтық актілер талаптарына сәйкес келеді.
12. Білім беру ұйымдарының асханалары мен буфеттеріне тағамдарды мектептік тамақтандырудың базалық ұйымдарынан жеткізілген жағдайда тиісті температураны сақтауды қамтамасыз ететін арнайы ыдыстар (термоконтейнерлер) қолданылады.
13. Білім алушыларды тамақтандыру тәртібі орта білім беру ұйымының басшысымен бекітіледі.
Тамақты қабылдау уақыты белгіленген санитариялық нормаларға сәйкес белгіленеді. Оқу күні режимінде тамақтандыруға ұзақтығы 30 минут бір үзіліс немесе 20 минуттан екі үзіліс қарастырылады.
14. Орта білім беру ұйымдарында тамақтандыруға жауапты, сынып жетекшілердің, педагогтардың оқушыларды асхана бөлмесіне алып жүруін қамтамасыз етеді.
15. Дайын аспаздық өнімдерді және тамақ өнімдерін сату асхана және (немесе) буфеттің жұмыс уақыты ішінде жүзеге асырылады және оқу процессінің соңына кемінде бір сағат қалған уақытта аяқталады.
Тамақ өнімдерін сатып алу білім алушылардың тамақ рационына сәйкес және оны сақтау (жарамдылық) мерзімін ескере отырып жүзеге асырылады.
16. Органдар және орта білім беру ұйымдары интернет ресурсында «Мектептік тамақтандыру» айдарын ашады және білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша ақпаратты жүйелі орналастыруды қамтамасыз етеді.
17. Көрсетілетін қызмет беруші орта білім беру ұйымының басшысына ай сайын тамақ өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігін растайтын құжаттарды қоса бере отырып, білім алушылар үшін пайдаланатын тамақ өнімдерінің тізбесі туралы мәліметтерді ұсынады.