| 2 | Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 13 қазандағы № 569 бұйрығымен бекітілген Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлау бағыттарының сыныптауышына сәйкес жоғары білімінің болуы. Шетелдік білім мекемелері берген дипломдар үшін, «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес нострификациялау немесе тану рәсімінен өткендігі туралы мәлімет | диплом |
| 3 | Мына талаптардың біріне сәйкес келуі: 1) жеке сот орындаушысының қызметімен айналысуға аттестаттауды сәтті тапсыру 2) Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі жанындағы біліктілік комиссиясында біліктілік емтиханын тапсыру, сотта тағылымдамадан ойдағыдай өткен және облыстық немесе оған теңестірілген соттың жалпы отырысының оң пікірінің болуы 3) судья лауазымында болу, сондай-ақ «Қазақстан Республикасының сот жүйесі және судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 34-бабы 1-тармағының 1), 2), 3), 9), 10) және 12) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша судья өкілеттігін тоқтатқан адам болу 4) прокурор немесе тергеуші лауазымында кемінде бес жыл еңбек өтілінің болуы 5) атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік органдарда кемінде екі жыл еңбек өтілінің болуы | 1) жеке сот орындаушысының қызметімен айналысуға аттестат 2) Біліктілік комиссиясының қорытындысы 3) еңбек қызметін растайтын құжат, Президент Жарлығы 4) еңбек өтілін растайтын құжат, қызметтік тізім 5) еңбек өтілін растайтын құжат, қызметтік тізім |