Мемлекеттік кәсіпорындар, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталындағы қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес заңды тұлғалар оларды кейіннен қайта өңдеу мақсатында сатып алатын тауарлардың тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 141 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 8 сәуірде № 10645 тіркелді
«Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі Заңының 14-бабының 9) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік кәсіпорындар, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталындағы қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес заңды тұлғалар кейіннен қайта өңдеу мақсатында сатып алатын тауарлардың тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк сатып алу заңнамасы департаментi (С.М. Ахметов) белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2015 жылғы 27 ақпандағы
№ 141 бұйрығымен
бекітілген
Мемлекеттік кәсіпорындар, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталындағы қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес заңды тұлғалар кейіннен қайта өңдеу мақсатында сатып алатын тауарлардың тізбесі
1. Ауыл шаруашылық тауарлары:
басқа да спельталар, жұмсақ бидай және тұқымдық меслиндер;
5) таралмаған мақта талшығы;
6) мақта талшығы, таралған немесе тарақпен таралған;
2) қара және түсті металдар мен олардың қорытпалары;
3) қара және түсті металдар мен олардың қорытпаларынан жасалған бұйымдар:
жазық (табақ, таспа, фольга), сұрыптық (шеңбер, шыбық, бұрыш, төрт бұрыш, алты қырлы, швеллер, тавр, двутавр) илектер, құбырлар, түтікшелер;
4) сүрек, ағаш материалдары;