Кеден өкілінің мемлекеттік кірістер органдарына есептілікті, оның ішінде ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, ұсыну қағидасын, Бажсыз сауда дүкеніне тауарлар түсуінің және оларды осы дүкенде өткізудің есебін жүргізу, сондай-ақ мемлекеттік кірістер органдарына мұндай тауарлар туралы есептілікті ұсыну қағидасын және кедендік аумақта (аумақтан тыс) және ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу кедендік рәсімін қолдану туралы есептердің нысандарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 наурыздағы № 168 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 15 сәуірде № 10723 тіркелді
«Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 30 маусымдағы Кодексінің 30, 58, 353, 364 және 377-баптарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Кеден өкілінің мемлекеттік кірістер органдарына есептілікті, оның ішінде ақпараттық технологияларды пайдалана отырып ұсыну қағидалары;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Бажсыз сауда дүкеніне тауарлар түсуінің және оларды осы дүкенде өткізудің есебін жүргізу, сондай-ақ мемлекеттік кірістер органдарына мұндай тауарлар туралы есептілікті ұсыну қағидалары;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Кедендік аумақта қайта өңдеу кедендік рәсімін қолдану туралы есептің нысаны;
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес Кедендік аумақтан тыс қайта өңдеу кедендік рәсімін қолдану туралы есептің нысаны;
5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес Ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу кедендік рәсімін қолдану туралы есептің нысаны бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті (Д.Е. Ерғожин) заңнамамен белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімдік баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдауды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Б.Сұлтанов
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2015 жылғы 11 наурыздағы
№ 168 бұйрығына
3-қосымша
Кедендік аумақта қайта өңдеу кедендік рәсімін қолдану туралы есеп
Ескертпе: Кедендік аумақта қайта өңдеу кедендік рәсімін қолдану туралы есеп қағаз тасымалдағышында және Excel форматында электронды түрде немесе Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің порталында электронды түрде, тауарларды қайта өңдеуді жүзеге асырған ұйым басшысының немесе бас бухгалтерінің электрондың цифрлық қолымен куәландылырып ұсынылады. Қағаз тасымалдағышындағы есеп тауарларды қайта өңдеуді жүзеге асырған ұйым басшысының немесе бас бухгалтері қол қояды және оның мөрімен куәландырылады (ол болған жағдайда).
*ТЭД – тауарға арналған электронды декларация, **ТД – тауарға арналған декларация, ***СЭҚ ТН – сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасы
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2015 жылғы 11 наурыздағы
№ 168 бұйрығына
4-қосымша
Кедендік аумақтан тыс қайта өңдеу кедендік рәсімін қолдану туралы есеп
Ескертпе: Кедендік аумақтан тыс қайта өңдеу кедендік рәсімін қолдану туралы есеп қағаз тасымалдағышында және Excel форматында электронды түрде немесе Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің порталында электронды түрде, тауарларды қайта өңдеуді жүзеге асырған ұйым басшысының немесе бас бухгалтерінің электрондың цифрлық қолымен куәландылырып ұсынылады. Қағаз тасымалдағышындағы есеп тауарларды қайта өңдеуді жүзеге асырған ұйым басшысының немесе бас бухгалтері қол қояды және оның мөрімен куәландырылады (ол болған жағдайда).
*ТЭД – тауарға арналған электронды декларация, **ТД – тауарға арналған декларация, ***СЭҚ ТН – сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасы
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2015 жылғы 11 наурыздағы
№ 168 бұйрығына
5-қосымша
Ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу кедендік рәсімін қолдану туралы есеп
Ескертпе: Ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу кедендік рәсімін қолдану туралы есеп қағаз тасымалдағышында және Excel форматында электронды түрде немесе Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің порталында электронды түрде, тауарларды қайта өңдеуді жүзеге асырған ұйым басшысының немесе бас бухгалтерінің электрондың цифрлық қолымен куәландылырып ұсынылады. Қағаз тасымалдағышындағы есеп тауарларды қайта өңдеуді жүзеге асырған ұйым басшысының немесе бас бухгалтері қол қояды және оның мөрімен куәландырылады (ол болған жағдайда).
*ТЭД – тауарға арналған электронды декларация, **ТД – тауарға арналған декларация, ***СЭҚ ТН – сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасы