• Мое избранное
Ғимараттар мен құрылыстарды техникалық және (немесе) технологиялық жағынан күрделі объектілерге жатқызудың жалпы тәртібін айқындау қағидаларын бекіту туралы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Ғимараттар мен құрылыстарды техникалық және (немесе) технологиялық жағынан күрделі объектілерге жатқызудың жалпы тәртібін айқындау қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 ақпандағы № 165 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 9 сәуірде № 10666 тіркелді

Редакция 14.02.2023 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен  
«Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 23-5) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Ғимараттар мен құрылыстарды техникалық және (немесе) технологиялық жағынан күрделі объектілерге жатқызудың жалпы тәртібін айқындау қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзімді баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін. 
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр Е. Досаев
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 28 ақпандағы
№ 165 бұйрығымен
бекітілген
Ғимараттар мен құрылыстарды техникалық және (немесе) технологиялық жағынан күрделі объектілерге жатқызудың жалпы тәртібін айқындау қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 25.07.2019 жылғы № 546 Бұйрығына сәйкес (20.12.2016 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 24.08.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Осы Ғимараттар мен құрылыстарды техникалық және (немесе) технологиялық жағынан күрделі объектілерге жатқызудың жалпы тәртібін айқындау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) жобалау объектілерінің күрделілігін анықтау үшін критерийлерді белгілейді.
Қағидалар «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік (мемлекетаралық) техникалық регламенттер мен нормаларға сәйкес әзірленді.
2. Қағидалар тапсырыс берушілер, құрылыс жобаларын әзірлеушілер, сараптау ұйымдары және жобалауға арналған тапсырманы жасауға, техникалық-экономикалық негіздеме немесе жобалау-сметалық құжаттама әзірлеуге қажеті бастапқы құжаттар (материалдар, деректер) жинау мен ресімдеу бойынша жобалауға дейінгі рәсімдерді жүргізуге қатысушылар үшін басшылық құжат болып табылады.
3. Қағидаларда белгіленген критерийлер бойынша жобаланған ғимараттар мен құрылыстар бір мезгілде техникалық жағынан күрделі, сондай-ақ технологиялық жағынан күрделі болуы мүмкін.
Өндірістік мақсаттағы технологиялық жағынан күрделі объектілер бір мезгілде «Азаматтық қорғау туралы» 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген белгілер бойынша әлеуетті қауіпті өндірістік объектілерге жатқызылуы мүмкін.
4. Функционалдық мақсатына немесе салалық (ведомстволық) тиесілігіне қарамастан техникалық және технологиялық жағынан күрделі объектілерге мыналар жатады: 
1) өндірістік немесе тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы бірегей объектілер, оларды жобалау және салу үшін мемлекеттік немесе мемлекетаралық техникалық регламенттер және нормативтік-техникалық талаптар белгіленбеген және арнайы техникалық шарттар (ерекше нормалар) әзірлеу, келісу мен бекіту талап етіледі;
2) азаматтық қорғаныстың ғимараттары мен құрылыстарының кешені (коммуникацияларды қоса алғанда);
3) ғарыш инфрақұрылымы объектілері, оның ішінде:
іске қосу кешендері, басқарудың, ақпарат алмасудың және өңдеудің жерүсті кешендері;
антенналық кешендер, обсерваториялар;
тәжірибелік өндірістер және ғарыш аппараттарын, тасымалдағыш зымырандарды және олардың құрам бөліктерін жинау, монтаждау, сынау жөніндегі кәсіпорындар;
қауіпсіздікті қамтамасыз етуге байланысты объектілер.
2-тарау. Өндірістік және тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы ғимараттар мен құрылыстардың техникалық жағынан күрделілігін айқындау тәртібі
2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 25.07.2019 жылғы № 546 Бұйрығына сәйкес (20.12.2016 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 24.08.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
5. Жобаланған объектінің техникалық жағынан күрделілігі мемлекеттік (мемлекетаралық) нормативтерде көзделген, ықтимал сейсмикалық қауіпті, өзге де айрықша геологиялық, гидрогеологиялық, геотехникалық жағдайларды, сондай-ақ объектінің орналасқан жерінің табиғи-климаттық ерекшеліктерін ескере отырып, есептер, жүктемелер және әсерлер бойынша негізгі ережелерді айқындайтын негіздер мен құрылыс құрастырмаларының сенімділігі мен беріктігіне қойылатын техникалық талаптардың дәрежесі бойынша оның жауапкершілік деңгейіне байланысты белгіленеді.
6. Ғимараттар мен құрылыстардың ықтимал экономикалық, әлеуметтік және экологиялық салдармен сипатталатын, жалпы объекті конструкциясының немесе негізгі элементтерінің (жекелеген бұйымдардың) тіреу қабілетін толық немесе ішінара жоғалуға алып келетін жауапкершілік дәрежесін есептеу үшін ғимараттар мен құрылыстардың мынадай жауапкершілік деңгейлері белгіленеді:
бірінші – жоғары;
екінші – қалыпты;
үшінші – төмендетілген.
7. Техникалық жағынан күрделі объектілерге (кешендерге) осы Қағидалардың 9-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген объектілерді қоспағанда, жауапкершілігі бірінші (күшейтілген) және екінші (қалыпты) деңгейге жататын барлық ғимараттар мен құрылыстар жатады.
7-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 25.07.2019 жылғы № 546 Бұйрығына сәйкес (20.12.2016 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 24.08.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Өндірістік мақсаттағы техникалық жағынан күрделі объектілерге «Азаматтық қорғау туралы» 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 70 және 71-баптарында белгіленген белгілері бар және «Қауіпті өндірістік объектілерді сәйкестендіру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 353 бұйрығына (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10310 болып тіркелген) (бұдан әрі – №353 бұйрық) сәйкес, солай деп сәйкестендірілетін қауіпті өндірістік объектілер де жатады.
8. Техникалық жағынан күрделі объектілерге жауапкершілігі үшінші (төмендетілген) деңгейдегі барлық құрылыстар, сондай-ақ осы Қағидалардың 9-тармағының 3) тармақшасында көзделген жауапкершілігі екінші (қалапты) деңгейдегі объектілер жатпайды.
9. Жаңа объектілерді және (немесе) қолданыстағы объектілерді өзгертуді (реконструкциялауды, кеңейтуді, жаңғыртуды, техникалық тұрғыдан қайта жарақтандыруды, қалпына келтіруді, күрделі жөндеуді) қоса алғанда, жобаланған объектінің жауапкершілік деңгейін төменде көрсетілген параметрлер бойынша тапсырыс беруші айқындайды:
9-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық экономика министрінің 03.11.2015 жылғы № 685 Бұйрығына сәйкес (28.02.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2016 жылдан бастап)
9-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық экономика министрінің 28.07.2016 жылғы № 335 Бұйрығына сәйкес (03.11.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 14.09.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
9-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық экономика министрінің 20.12.2016 жылғы № 517 Бұйрығына сәйкес (28.07.2016 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2017 жылдан бастап)
9-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 25.07.2019 жылғы № 546 Бұйрығына сәйкес (20.12.2016 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 24.08.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
9-тармақ өзгертілді ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 29.06.2020 жылғы № 377 Бұйрығымен (25.07.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 18.07.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
9-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 21.09.2020 жылғы № 490 Бұйрығына сәйкес (29.06.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 09.10.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
9-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 23.04.2021 жылғы № 189 Бұйрығына сәйкес (21.09.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 11.05.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
9-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 16.11.2022 жылғы № 633 Бұйрығына сәйкес (23.04.2021 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 05.12.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) жауапкершілігі I (жоғары) деңгейдегі объектілер:
1-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 31.01.2023 жылғы № 61 Бұйрығына сәйкес (16.11.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 14.02.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
өнеркәсіп объектілері, өндірістік ғимараттар және құрылыстар:
осы Қағидаларда көрсетілмеген, «Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 70 және 71-баптарында белгіленген белгілері бар және  353 бұйрыққа сәйкес солай деп сәйкестендірілетін қауіпті өндірістік объектілер;
атом энергиясын пайдаланатын объектілер (оның ішінде ядролық қондырғылар, ядролық материалдарды және радиоактивті заттарды, қалдықтарды сақтау пункттері);
қуаты 150 МВт (Мега Ватт) және одан жоғары жылу-энергетикалық ғимараттар мен құрылыстар;
домна пештерінің орталық тораптары, биіктігі 100 м (метр) және одан астам түтін мұржалары;
аралығы 100 м (метр) және одан астам, биіктігі 50 м (метр) және одан биік және (немесе) жүк көтергіштігі 32 тонна және одан астам крандары бар өндірістік ғимараттар мен құрылыстар;
тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы объектілер:
арнайы жасанды микроклимат құрылғыларын талап ететін және (немесе) арнайы күзет немесе террорға қарсы іс-шараларды талап ететін әкімшілік республикалық басқару органдарының ғимараттары, республикалық маңызы бар мұражайлардың, мемлекеттік мұрағаттардың ғимараттары, ұлттық және мәдени құндылықтарды сақтау қоймалары және қалалар мен елді мекендердің тіршілігін қамтамасыз етуге байланысты объектілер;
геологиялық жағдай қалыпты аудандар үшін биіктігі 25 қабаттан және одан жоғары (үстіңгі техникалық қабатты қоспағанда) тұрғын үй және көпфункционалды ғимараттар;
геологиялық жағдай қалыпты аудандар үшін биіктігі 25 қабаттан және одан жоғары (үстіңгі техникалық қабатты қоспағанда) әкімшілік-тұрмыстық, қоғамдық ғимараттар мен құрылыстар;
құрылыс салған кезде арнайы техникалық шешімдерді және іс-шараларды талап ететін, сейсмикалық белсенділігі жоғары (7 және одан астам балл) аудандар үшін немесе өзге де ерекше геологиялық (гидрогеологиялық және геотехникалық) жағдайдағы биіктігі 12 қабаттан асатын (үстіңгі техникалық қабатты қоспағанда) тұрғын үй және көпфункционалды ғимараттар;
құрылыс салған кезде арнайы техникалық шешімдерді және іс-шараларды талап ететін, сейсмикалық белсенділігі жоғары (7 және одан астам балл) аудандар үшін немесе өзге де ерекше геологиялық (гидрогеологиялық және геотехникалық) жағдайдағы биіктігі 12 қабаттан асатын (үстіңгі техникалық қабатты қоспағанда) әкімшілік-тұрмыстық, қоғамдық ғимараттар мен құрылыстар;