• Мое избранное
Мәмілелер мониторингін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Мәмілелер мониторингін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 16 наурыздағы № 176 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 17 сәуірде № 10760 тіркелді

Редакция 01.01.2026 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен  
«Трансферттік баға белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 4-тармағына және «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 15.12.2017 жылғы № 728 Бұйрығына сәйкес (16.03.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 24.01.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 03.08.2022 жылғы № 786 Бұйрығына сәйкес (18.02.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 19.08.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Қоса беріліп отырған Мәмілелер мониторингін жүзеге асыру қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (Д.Е. Ерғожин) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінде мемлекеттік тiркелуiн; 
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күннің ішінде оны мерзімдік басылымдар мен «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң күшіне енеді.
Министр Б. Сұлтанов
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2015 жылғы 16 наурыздағы
№ 176 бұйрығымен
бекітілген
Мәмілелер мониторингін жүзеге асыру қағидалары
Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Қаржы министрінің 15.12.2017 жылғы № 728 Бұйрығымен (16.03.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 24.01.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Қаржы министрінің 18.02.2019 жылғы № 118 Бұйрығына сәйкес (15.12.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 04.03.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 03.08.2022 жылғы № 786 Бұйрығына сәйкес (18.02.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 19.08.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрі 03.07.2023 жылғы № 734 Бұйрығына сәйкес (03.08.2022 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 23.07.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Қаржы министрінің 30.12.2024 жылғы № 895 Бұйрығына сәйкес (03.07.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 17.01.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Қаржы министрінің м.а. 04.08.2025 жылғы № 419 Бұйрығымен (30.12.2024 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.01.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Қағидалар жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 17.12.2025 жылғы № 782 Бұйрығына сәйкес (04.08.2025 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.01.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Мәмілелер мониторингін жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Трансферттік баға белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 6-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленген және мәмілеге қатысушының мәміле мониторингі бойынша есептілік нысандарын толтыруы мен оларды уәкілетті органға тапсыру тәртібін, сондай-ақ мәмілеге қатысушылардың мәміле мониторингі бойынша құжаттама жүргізуінің тәртібін айқындайды.
2. Мәмілелер мониторингін Қазақстан Республикасының мемлекеттік кірістер органдары халықаралық іскерлік операциялар бойынша мәмілелерге қатысушылар қолданатын бағаларға бақылау жүргізу жолымен жүзеге асырады.
2-тарау. Мәмілелер мониторингін жүзеге асыру тәртібі
3. «Мәмілелер мониторингі бойынша есептілік ұсынылатын халықаралық іскерлік операциялардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 19 наурыздағы № 194 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10680 болып тіркелген) (бұдан әрі – Тізбе) мәмілелер мониторингі бойынша есептілік ұсынылатын халықаралық іскерлік операциялар тізбесі бойынша халықаралық іскерлік операцияларды және кірістердің (шығыстардың) және (немесе) міндеттемелердің есепті қаржы жылындағы жалпы сомасы республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және есепті қаржы жылының бірінші қаңтарында қолданыста болатын кемінде 250 000 (екі жүз елу мың) айлық есептік көрсеткішті құрайтын, операцияларды жүзеге асыратын мәмілелерге қатысушылар осы Қағидаларға 1, 2, 3 және 4-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша «Мұнай және (немесе) газ конденсаты экспорты», «Тауарлар экспорты», «Орындалған жұмыстардан және (немесе) көрсетілген қызметтерден түсетін кірістер бойынша халықаралық іскерлік операциялар» және «Берілген қарыздар бойынша халықаралық іскерлік операциялар», сондай-ақ осы Қағидаларға 5, 6 және 7-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша «Тауарлар импорты», «Алынған жұмыстардың және (немесе) қызметтердің шығыстары бойынша халықаралық іскерлік операциялар» және «Алынған қарыздар бойынша халықаралық іскерлік операциялар» мәмілелер мониторингі бойынша есептілікті (бұдан әрі – есептілік нысандар) ұсынады.
Есептілік нысандар осы Қағидалардың 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетіне (бұдан әрі – Комитет) есепті жылдан кейінгі жылдың 15 мамырынан кешіктірмей ұсынылады. Күнтізбелік бір жыл есепті кезең болып табылады.
4. Толтырылған есептілік нысандары мемлекеттік кірістер органдарының салық есептілігін қабылдау және түзету жүйесі (бұдан әрі – МКО АЖ) арқылы - ақпаратты компьютерлік түзетуге жол беретін электрондық түрде табыс етіледі.
Есептілік нысандар электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылады.
МКО АЖ орталық торабы қабылдаған, хабарламада көрсетілген күн Комитетке есептілік нысандарды электронды түрде табыс етілген күні болып табылады.
Комитетке есептілік нысандарды тапсыру үшін осы Қағидаларда белгіленген мерзімнің соңғы күнінің жиырма төрт сағатына дейін МКО АЖ арқылы табыс етілген есептілік нысандар мерзімінде табыс етілді деп есептеледі.
Есептілік нысандарды электронды түрде табыс етілген кезде Комитет МКО АЖ қабылдаған кезден бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмей мәмілеге қатысушыға көрсетілген жүйенің есептілік нысандарын қабылдағаны немесе қабылдамағаны туралы хабарлама жібереді.
Есептілік нысандарды, егер:
1) осы Қағидаларда белгіленген нысандарға сәйкес келмесе;
2) мемлекеттік кірістер органының коды көрсетілмесе немесе дұрыс көрсетілмесе;
3) сәйкестендіру нөмірі көрсетілмесе немесе дұрыс көрсетілмесе;
4) салық кезеңі көрсетілмесе;
5) электрондық цифрлық қолтаңбасы болмаса немесе дұрыс емес болса;
6) осы Қағидаларға 1-қосымшада келтірілген «Мұнай және (немесе) газ конденсаты экспорты» есептілік нысанын толтыру тәртібінің 66) тармақшасында, осы Қағидаларға 2-қосымшада келтірілген «Тауарлар экспорты» есептілік нысанын толтыру тәртібінің 40) тармақшасында және осы Қағидаларға 5-қосымшада келтірілген «Тауарлар импорты» есептілік нысанын толтыру тәртібінің 40) тармақшасында көзделген талаптар бұзылса;
7) есептілік нысандардың электрондық формат құрылымы бұзылса Комитетке ұсынылмаған болып есептеледі.
Мемлекеттік кірістер органдарының бағдарламалық қамтамасыз етілімінде электрондық түрдегі мәмілелер есептілік нысандарды уақтылы табыс етуге әсер ететін техникалық қателер анықталған кезде, Комитет есептілік нысандарды табыс ету мерзімін осындай есептілік нысандарын табыс ету үшін белгіленген мерзімнен бастап алты айдан аспайтын кезеңге ұзартады.
5. Осы Қағидалардың 2-тармағында айқындалған мәмілелерге қатысушыларда есепті кезеңде халықаралық іскерлік операциялар болмаған кезде, мұндай мәмілелерге қатысушылар есептілік нысандарды Комитетке табыс етпейді.
6. Егер есептілік нысандарды табыс ету мерзімінің соңғы күні жұмыс істемейтін күнге келген жағдайда табыс ету мерзімі келесі жұмыс күні болып табылады.
7. Мемлекеттік кірістер органдары Заңның 6-бабына сәйкес халықаралық іскерлік операциялардың мәмілелер мониторингін жүзеге асырады.
8. Есептілік нысандарға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілетін осы өзгерістер және (немесе) толықтырулар жататын салық кезеңі үшін қосымша есептілік нысандарды табыс ету жолымен жүргізіледі.
Қосымша есептілік нысандарды табыс ету және түзету осы Қағидалардың 4-тармағында белгіленген тәртіппен жүргізіледі.
Қосымша есептілік нысандарды жасағанда бағандарда деректер өзгертілген жағдайда жаңа мәндер көрсетіледі, деректері өзгермеген бағандарда бұрын табыс етілген есептілік нысандарда көрсетілген бастапқы мәндер көрсетіледі.
Мәмілелерге қатысушылар табыс етілген есептілік нысандарға өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды трансферттік баға белгілеу мәселелері бойынша тексеру жүргізу басталғанға дейін енгізеді.
3-тарау. Мәмілелер мониторингі бойынша есептілік нысандарын толтыру тәртібі
9. «Мұнай және (немесе) газ конденсаты экспорты», «Тауарлар экспорты», «Орындалған жұмыстардан және (немесе) көрсетілген қызметтерден түсетін кірістер бойынша халықаралық іскерлік операциялар» және «Берілген қарыздар бойынша халықаралық іскерлік операциялар» есептілік нысандары төлеу уақытына қарамастан, экспортқа өткізумен байланысты мұнайдың, газ конденсатының және тауарлардың тиеп-жөнелтілуіне, жұмыстардың орындалуына, қызметтердің көрсетілуіне және қарыздардың берілуіне қарай, осы Қағидаларға 1, 2, 3 және 4-қосымшаларда келтірілген есептілік нысандарын толтыру бойынша түсіндірмелерге сәйкес толтырылады.
10. «Тауарлар импорты», «Алынған жұмыстардың және (немесе) қызметтердің шығыстары бойынша халықаралық іскерлік операциялар» және «Алынған қарыздар бойынша халықаралық іскерлік операциялар» есептілік нысандары төлеу уақытына қарамастан, импортқа өткізумен байланысты тауарларды сатып алуына, жұмыстардың орындалуына, қызметтердің көрсетілуіне және қарыздардың алынуына қарай, осы Қағидаларға 5, 6 және 7-қосымшаларға келтірілген есептілік нысандарын толтыру бойынша түсіндірмелерге сәйкес толтырылады.
4-тарау. Мәмілелер мониторингіне жататын халықаралық іскерлік операцияларды жүзеге асыратын мәмілелерге қатысушылардың мәмілелер мониторингі бойынша құжаттама жүргізу тәртібі
11. Мәмілеге қатысушылар қолданылатын бағаның негізділігін растайтын құжаттама жүргізеді және мемлекеттік кірістер органдарының сұрау салуы бойынша оны мемлекеттік кірістер органдарына табыс етеді.
12. Халықаралық іскерлік операцияларда қолданылатын бағалардың негіздемесінде мәмілеге қатысушылар мынадай құжаттама жүргізеді:
1) тауарларды (жұмыстарды/көрсетілетін қызметтерді) өткізу/сату жөніндегі келісімшарттар (шарттар) (толықтырулар және өзгерістермен);
2) Қазақстан Республикасының және шет елдердің компанияларындағы инвестициялар (үлестер, акциялар) туралы мәліметтер;
3) шот-фактуралар (инвойстар), электрондық шот-фактуралар, тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) қабылдау-беру актілері;
4) тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) экспортынан түсімдер бойынша банктен үзінді көшірме;
5) тауарларға арналған декларациялар (екі жақты) (өтініштер);