• Мое избранное
Внимание! Документ утратил силу с 13.08.2019 г

Отправить по почте

2

Арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы ретінде қызметті жүзеге асыру туралы үлгілік шарттарды бекіту туралы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 223 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 10 сәуірде № 10674 тіркелді

Осы Бұйрық күшін жойды 2019 жылғы 13 тамыздан бастап ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 19.07.2019 жылғы № 522 Бұйрығына сәйкес 
«Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы» 2011 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 5) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес басқарушы компания, дербес кластерлік қор мен арнайы экономикалық аймақ қатысушысы арасындағы арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы ретінде қызметті жүзеге асыру туралы үлгілік шарт;
1-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 31.12.2015 жылғы № 1283 Бұйрығына сәйкес (27.02.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 29.02.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Астананың жергілікті атқарушы органының мемлекеттік мекемесі мен арнайы экономикалық аймақ қатысушысы арасындағы арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы ретінде қызметті жүзеге асыру туралы үлгілік шарт бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Инвестициялар комитетіне (Е.Қ. Хаиров):
1) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін оның көшірмесін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарына және Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығының» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметті ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ивестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрі Ә. Исекешев
Қазақстан Республикасы
 Инвестициялар және даму
 министрінің
 2015 жылғы 27 ақпандағы
№ 223 бұйрығына 1-қосымша
Басқарушы компания, дербес кластерлік қор мен арнайы экономикалық аймақ қатысушысы арасындағы арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы ретінде қызметті жүзеге асыру туралы үлгілік шарт
Үлгілік шарттың атауы жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 31.12.2015 жылғы № 1283 Бұйрығына сәйкес (27.02.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 29.02.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
Бұдан әрі бірлесіп Тараптар, ал жеке-жеке Тарап деп аталатын,
бұдан әрі «Басқару органы» деп аталатын _____________________________
бір тараптан және бұдан әрі «Арнайы экономикалық аймақ қатысушысы»
екінші тараптан Арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы ретіндегі қызметті жүзеге асыру туралы шарт (бұдан әрі – Шарт) жасасты:
Арнайы экономикалық аймақ қатысушының (бұдан әрі - АЭА қатысушысы)
арнайы экономикалық аймағы (бұдан әрі - АЭА) аумағында ______________
қызметінің басым түрлерін жүзеге асыруы болып табылады.
      2. Осы Шартта көзделген АЭА аумағында өнімді шығаруды немесе жұмыстар мен қызметтерді өндіруді бастағанға дейін АЭА қатысушысы өз қаражаты есебінен __________________ мерзімінен кешіктірмей объектіні жобалауды аяқтау, бекітілген жобаға сәйкес құрылыс-монтаждық жұмыстарды жүзеге асыруға және 20___ жылғы ________________ қарай АЭА аумағындағы объектіні пайдалануға беруді қамтамасыз етуге міндеттеме алады.
Осы тармағының ережесі АЭА қатысушысына ақпараттық және инновациялық технологиялар саласында таратылмайды.
3. АЭА қатысушысы осы Шарттың 1-тармағында көрсетілген қызметтің басым түрлерін Басқару органына ұсынылатын және Қазақстан Республикасы заңнамаларын, жобалық құжаттар және осы Шарт талаптарын сақтай отырып, осы Шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын бизнес-жоспарға сәйкес (техникалық-экономикалық негіздемелерімен қоса) жүзеге асырады.
4. Осы бөлімде түсінік берілмеген анықтамалар мен терминдердің «Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында (бұдан әрі - Заң) қамтылған анықтамалар мен терминдерге сәйкес мәні болады:
1) АЭА - қызметтің басым түрлерін жүзеге асыру үшін АЭА арнайы құқықтық режимі қолданылатын, белгіленген шекаралары бар Қазақстан Республикасы аумағының бір бөлігі;
2) АЭА арнайы құқықтық режимі - Заңға, Қазақстан Республикасының салық, кеден, жер туралы заңнамаларына, сондай-ақ Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту заңнамасына сәйкес арнайы экономикалық аймақтың жұмыс істеу шарттарының жиынтығы;
3) басқару органы – басқарушы компания, дербес кластерлік қор;
3-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 31.12.2015 жылғы № 1283 Бұйрығына сәйкес (27.02.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 29.02.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
4) АЭА қатысушысы - АЭА аумағында қызметтің басым түрлерін жүзеге асыратын және АЭА қатысушылардың бірыңғай тізіліміне енгізілген заңды тұлға;
5) АЭА қатысушыларының бірыңғай тізілімі - Қазақстан Республикасының аумағында құрылған барлық АЭА қатысушылардың тізілімі, оны жүргізуді уәкілетті орган жүзеге асырады;
6) АЭА қатысушысының қызметі - АЭА қатысушысы ретінде АЭА аумағында қызметтің басым түрлерін жүзеге асыру туралы шартқа сәйкес АЭА аумағында жұмыстарды орындау (өнім (алу) шығару);
7) басқарушы компания - АЭА жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін акционерлік қоғам ұйымдық-құқықтық нысанында Заңға сәйкес құрылатын заңды тұлға;
8) «бір терезе» қағидаты - өтініш берушінің құжаттарды жинау мен дайындауға қатысуын барынша азайтуды төмендетуді және олардың мемлекеттік қызметтер көрсету субъектілерімен тікелей байланысын шектеуді көздейтін АЭА аумағында мемлекеттік қызметтер көрсету нысаны;
8-1) Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар бойынша бірыңғай үйлестіру орталығы (бұдан әрі – бірыңғай үйлестіру орталығы) – міндеттері АЭА дамыту, ілгерілету және инвестициялық тартымдылығын арттыру болып табылатын заңды тұлға;
4-тармақ 8-1-тармақшамен толықтырылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 31.12.2015 жылғы № 1283 Бұйрығына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 29.02.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
8-2) дербес кластерлік қор – «Инновациялық технологиялар паркі» АЭА басқару органы болып табылатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды орындайтын коммерциялық емес ұйым;
4-тармақ 8-2-тармақшамен толықтырылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 31.12.2015 жылғы № 1283 Бұйрығына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 29.02.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
9) еркін кедендік аймақ - тауарлар АЭА аумағының немесе оның бір бөлігінің шегінде кедендік баждарды, салықтарды төлемей, сондай-ақ шетелдік тауарларға қатысты тарифтік емес реттеу шараларын қолданбай және кеден одағының тауарларына қатысты тыйым салулар мен шектеулерді қолданбай орналастырылатын және пайдаланылатын кедендік рәсім;