Toggle Dropdown
Темекі өнімдерінің қалдықтары және (немесе) айналымы туралы декларацияны табыс ету қағидалары мен нысанын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 145 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 3 сәуірде № 10626 тіркелді
Редакция 14.12.2020 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 12 маусымдағы «Темекi өнімдерінің өндiрiлуi мен айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Заңының 5-бабы 5-2) тармақшасына және «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1) темекi өнімдерінің қалдықтары және (немесе) айналымы туралы декларацияны табыс ету қағидалары осы бұйрықтың 1–қосымшасына сәйкес;
2) темекi өнімдерінің қалдықтары және (немесе) айналымы туралы декларацияның нысаны осы бұйрықтың 2–қосымшасына сәйкес бекітілсiн.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (Д.Е. Ерғожин) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімдік баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрiнің
2015 жылғы 27 ақпандағы
№ 145 бұйрығына
1–қосымша
Темекi өнімдерінің қалдықтары және (немесе) айналымы туралы декларацияны табыс ету қағидалары
1. Осы Қағидалар «Темекі өнімдерінің өндірілуі мен айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 12 маусымдағы Заңның 5–бабы 5-2) тармақшасына, «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес әзірленді және темекі өнімдерінің қалдықтары және (немесе) айналымы туралы декларацияны (бұдан әрі – декларация) табыс етудің мерзімі және тәртібін айқындайды.
2. Декларация декларацияның өзінен (440.00-нысан) және қосымшалардан 1, 2, 3 (440.01, 440.02 және 440.03-нысандар) тұрады.
3. Декларацияны – темекі өнімдерін өткізу (жіберу), оның ішінде импорт бойынша (бөлшек саудада өткізуді қоспағанда) операцияларды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға және (немесе) заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі 2017 жылғы 25 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 88-бабына сәйкес жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеуші ретінде тіркеу есебіне қойылған орны бойынша мемлекеттік кірістер органына табыс етеді.
Темекі өнімдерінің өндірушілері декларацияны табыс етпейді.
4. Декларация тапсырудың есепті кезеңі күнтізбелік ай болып табылады және декларация есептiден кейiнгi айдың 15 күнiнен кешіктiрмей, ай сайын тапсырылады.
5. Декларация қағаз тасығышта немесе электрондық тасығышта ұсынылады:
1) қағаз тасығышта – шарикті қаламсаппен немесе қаламұшпен, қара немесе көк сиямен, баспаханалық бас әріптермен немесе баспа құрылғысы пайдаланыла отырып, толтырылады. Декларацияны толтыру кезінде түзетуге, тазартуға және өшіруге жол берілмейді.;
2) электрондық тасығышта – электронды цифрлік қолтаңбамен куәландырылады.
6. Декларация заттай көрсеткіштермен (дана/килограмм) толтырылады.
7. Көрсеткіштер жоқ болған кезде декларацияның тиісті торкөздері толтырылмайды.
8. Тиісті қосымшаларда көрсеткіштерді ашуды талап ететін жолдарды толтыру кезінде көрсетілген қосымшалар міндетті түрде толтыруға жатады.
9. Қосымшаларда көрсетілуге жататын деректер жоқ болған жағдайда аталған қосымшалар берілмейді.
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2015 жылғы 27 ақпандағы
№ 145 бұйрығына
2-қосымша
Әкімшілік деректерді
жинауға арналған
нысанына қосымша
Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанын толтыру бойынша түсіндірме
1-тарау. Декларацияны толтыру (440.00-нысан)
1. Декларацияда темекі өнімдерін өткізу (жіберу), оның ішінде импорт (бөлшек саудада өткізуді қоспағанда) бойынша операцияларды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлғаның және (немесе) заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің (бұдан әрі – декларант) темекі өнімдерінің қалдықтары мен (немесе) айналымы көрсетіледі.
Декларант туралы жалпы ақпарат» бөлімі
2. «Декларант туралы жалпы ақпарат» бөлімінде декларант мынадай деректерді көрсетеді:
1) ЖСН (БСН) - салық төлеушінің жеке сәйкестендіру (бизнес-сәйкестендіру) нөмірі;
2) Декларация тапсырылатын есепті кезең.
Есепті кезең араб сандарымен көрсетіледі.
Егер айдың нөмірі екі белгіден кем болса, онда ол оң торкөзде көрсетіледі;