• Мое избранное
Үлгілік инвестициялық шартты бекіту туралы
Внимание! Документ утратил силу с 01.01.2019 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Үлгілік инвестициялық шартты бекіту туралы Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 20 ақпандағы № 107 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2015 жылы 9 сәуірде № 10650 тіркелді

Осы Бұйрықтың атауы жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 31.05.2016 жылғы № 228 Бұйрығына сәйкес (30.11.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 08.08.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
Осы Бұйрық күшін жойды 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап ҚР Энергетика министрінің 29.11.2018 жылғы № 463 Бұйрығына сәйкес
Редакция 31.05.2016 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
«Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 5-бабының 70-24) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 31.05.2016 жылғы № 228 Бұйрығына сәйкес (30.11.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 08.08.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
1. Қоса беріліп отырған:
1) осы Бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Үлгілік инвестициялық шартты бекітілсін;
2) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
2-тармақша алынып тасталды ҚР Энергетика министрінің 30.11.2015 жылғы № 676 Бұйрығына сәйкес (20.02.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 28.12.2015 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Электр энергетикасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруын;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Энергетика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Энергетика министрі В.Школьник
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
____________ Е. Досаев
2015 жылғы 6 наурыз
Қазақстан Республикасы
 Энергетика министрінің
 2015 жылғы 20 ақпандағы
 № 107 бұйрығына
 1-қосымша
1-қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 31.05.2016 жылғы № 228 Бұйрығына сәйкес (30.11.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2017 жылдан бастап)
Үлгілік инвестициялық шарт
__________________                        20___ жылғы ________ «____»
(қол қойылған қала)                         (жасалған күні)
Бұдан әрі «Уәкілетті орган» деп аталатын
______________________________________________________________ атынан
(мемлекеттік органның атауы
_____________________________________________ негізінде әрекет ететін
(ереже немесе бұйрық)
_____________________________________________________________________
(уәкілетті тұлғаның лауазымы, Т.А.Ә.)
бұдан әрі «Мемлекеттік орган» деп аталатын табиғи монополиялар
салаларындағы басшылықты жүзеге асыратын,
______________________________________________________________ атынан
(мемлекеттік органның атауы)
_____________________________________________ негізінде әрекет ететін
(ереже немесе бұйрық)
_____________________________________________________________________
(уәкілетті тұлғаның лауазымы, Т.А.Ә.)
бір тараптан және бұдан әрі «Энергия өндіруші ұйым» деп аталатын
____________________________________________________________________
(инвестициялық бағдарламаны іске асыруды жүзеге асыратын энергия
______________________________________________________________ атынан
(өндіруші ұйымның атауы)
_____________________________________________ негізінде әрекет ететін
(жарғы немесе сенімхат)
_____________________________________________________________________
(уәкілетті тұлғаның лауазымы, Т.А.Ә.)
екінші тараптан, бұдан әрі бірлесіп «Тараптар» деп аталатындар 2004
жылғы 9 шілдедегі «Электр энергетикасы туралы » (бұдан әрі – Заң),
1998 жылғы 9 шілдедегі «Табиғи монополиялар туралы » Қазақстан
Республикасының заңдарына сәйкес инвестициялық шартты (бұдан әрі -
Шарт) жасасты.
1. Шарттың мәні
1. Шарттың мәні Энергия өндіруші ұйым инвестициялық бағдарламаны:
_____________________________________________________________________
(инвестициялық бағдарламаның атауы)
(бұдан әрі - инвестициялық бағдарлама) іске асырған (орындаған) кезде
Тараптардың қарым-қатынасын реттеу болып табылады.
2. Тараптардың құқықтары және міндеттері
2. Энергия өндіруші ұйым инвестициялық бағдарламада белгіленген
мөлшерде, тәртіппен, шартпен және мерзімде
_____________________________________________________________________
(жаңа активтер жасауға, қолданыстағы активтерді кеңейтуге, жаңартуға, қайта құруға және техникалық жарақтандыруға - нақты көрсетілсін) инвестицияларды қамтамасыз етеді.
3. Энергия өндіруші ұйым:
1) электр энергиясын спот-сауда-саттықта (олар өндіретін электр энергиясының көлемінің он пайызынан аспайтын), теңгерімдеуші нарықта және экспортқа сатылатын жағдайларды қоспағанда, есептік немесе жеке тарифтен аспайтын тарифтер бойынша сатуды жүзеге асырады;
2) инвестициялық бағдарламаның есептік тарифті белгілеу кезінде немесе жеке тарифті бекіту кезінде көзделген көлемде және мерзімде объект бойынша орындалуын жүзеге асырады;
3) инвестициялық бағдарламаны орындайды және жыл сайын ________ дейінгі мерзімде уәкілетті орган мен табиғи монополиялар саласындағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органның ведомствосына оның орындалуы туралы есеп береді.
4) инвестициялық міндеттемелерді орындау мақсатында инвестициялық бағдарламаларда (жобаларда) көзделген қаражатты қолданады.
5) энергия өндіруші ұйым электр энергиясын тиісінше есептік немесе жеке тарифтен асырып сатқан жағдайда электр энергиясын спот-сауда-саттықта (олар өндіретін электр энергиясы көлемінің он пайызынан аспайтын), теңгерімдеуші нарықта және экспортқа сату нәтижесінде алынған соманы қоспағанда, көтерме және (немесе) бөлшек сауда нарығы субъектілеріне артық соманы қайтарады.
6) энергия өндіруші ұйым табиғи монополиялар салаларындағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган енгізген инвестициялық бағдарламаның орындалуы туралы нұсқаманы белгіленген мерзімде орындамаған жағдайда энергия өндіруші ұйым көтерме және (немесе) бөлшек сауда нарығының субъектілеріне инвестициялық бағдарламаны орындау үшін көзделген және оны іске асыру мақсатында пайдаланылмаған алынған қаражатты қайтарады.
Инвестициялық бағдарламаны орындау үшін көзделген қаражат деп энергия өндіруші ұйымның тиісінше есептік немесе жеке тарифтен аспайтын тарифтерді қолдану кезінде алған нақты табысы (түсімі) мен Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен есептік тарифті белгілеу немесе жеке тарифті бекіту кезінде көзделген нақты шығындар арасындағы айырма түсініледі.
4. Уәкілетті орган:
1) инвестициялық бағдарламаның құнын өсіруді келіседі;
2) осы энергия өндіруші ұйымның Шартта көзделген инвестициялық міндеттемелерді орындау мониторингін жүргізеді;
3) заңнамада және осы Шартта белгіленген өкілеттіктер шегінде Шарттың талаптарының орындалуын бақылауды жүзеге асырады.
5. Мемлекеттік орган:
1) жеке тарифті бекітеді;
2) инвестициялық бағдарламаның құнын өсіруді келіседі;
3) энергия өндіруші ұйымның Заңның 7-бабының 5) тармақшасында  көзделген талаптарды сақтауына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады.
3. Дауларды шешу
6. Шарттың талаптары орындалмаған немесе тиісінше орындалмаған жағдайда Тараптар Шарттың талаптарына және Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы заңнамасына және азаматтық заңнамаға сәйкес жауапты болады.
7. Шартпен реттелмеген барлық мәселелер бойынша Тараптар Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы заңнамасын және азаматтық заңнамасын басшылыққа алады.
8. Шарт бойынша даулар мен келіспеушіліктер келіссөздер арқылы шешіледі. Дауларды келіссөздер арқылы реттеу мүмкін болмаған жағдайда мұндай даулар сот тәртібімен шешіледі.
4. Құпиялылық туралы ереже
9. Шарттың ережелері, Шартты орындау барысында қандай да бір тараппен алынған немесе сатып алынған ақпараттар құпия болып табылады. Аталған ақпараттарды қолдану Тараптардың жазбаша келісімі кезінде жүзеге асады.
10. Тараптар құпия ақпараттарды өзге Тараптың жазбаша келісімінсіз үшінші тұлғаға бермейді, тек келесі жағдайларда:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен сот немесе құқық қорғау органдарының сұрау салуларына ақпарат берген;
2) ақпарат Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес есептілікті алуға құқылы мемлекеттік органдарға берілетін жағдайларды қоспағанда, құпия ақпаратты басқа Тараптың келісімінсіз үшінші тұлғаларға беруге құқықтары жоқ.
5. Қорытынды ережелер
11. Шартқа қол қойылған күн оның күшіне енген күні болып
табылады.
12. Шарт _____________ (_______) жыл мерзімде жасалды.
13. Тараптардың екіжақты келісімі бойынша Шартқа жазбаша
нысанда қосымша келісімдер жасасу арқылы Шартқа өзгерістер мен
толықтырулар енгізуге құқығы бар.
14. Шартқа барлық қосымша келісімдерге Тараптардың өкілетті
өкілдері қол қоюы тиіс.
Шарт бойынша кез келген хат алмасу мына мекен жайға жіберіледі:
Уәкілетті орган _____________________________________________________
_____________________________________________________________________
Мемлекеттік орган ___________________________________________________
_____________________________________________________________________
Энергия өндіруші ұйым _______________________________________________
_____________________________________________________________________
15. Шарт:
1) Шарттың қолданылу мерзімі аяқталған;
2) Тараптардың екі жақты келісімі бойынша мерзімінен бұрын
бұзылған;
3) сот шешкен жағдайда;
4) Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы
заңнамасында, азаматтық заңнамасында және Шартта көзделген өзге де
жағдайларда қолданылуын тоқтатады.
16. Тараптардың заңды мәртебесінің немесе ұйымдық-құқықтық
нысанының өзгеруі Шарттың қолданылуын тоқтатпайды және Тараптар
Шартты бұзуға, оны өзгертуге ниет білдірген не құқық нормалары оны
қайта ресімдеуді талап еткен жағдайларды қоспағанда, барлық құқықтар
мен міндеттер тиісті заңды мұрагерлерге өтеді. Бұл ретте Тараптар
құқықтық мәртебесінің, орналасқан жерінің және өзге де
деректемелерінің өзгергені туралы оқиғалар туындаған күннен бастап 3
жұмыс күн мерзімде бірін-бірі жазбаша нысанда хабардар етеді.
17. Шарт Тараптардың әрқайсысы үшін және бірдей заңды күші бар
мемлекеттік және орыс тілдерінде _______ түпнұсқа данада жасалды.
6. Тараптардың деректемелері
Уәкілетті орган:               Энергия өндіруші ұйым:
______________________            ________________________
мөр орны                          мөр орны
Мемлекеттік орган:
______________________
мөр орны
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2015 жылғы 20 ақпандағы
№ 107 бұйрығына
2-қосымша
    Үлгілік келісім