• Мое избранное
Есептік тарифті айқындау, шекті және жеке тарифтерді бекіту қағидаларын бекіту туралы
Внимание! Документ утратил силу с 01.01.2019 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Есептік тарифті айқындау, шекті және жеке тарифтерді бекіту қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 20 ақпандағы № 105 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2015 жылы 17 сәуірде № 10752 тіркелді

Осы Бұйрық 2019 жылдың 1 қантарына дейін қолданыста болды осы Бұйрықтың 4-тармағына сәйкес
Редакция 04.09.2018 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
«Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 5-бабының 70-23) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 31.05.2016 жылғы № 228 Бұйрығына сәйкес (30.11.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 08.08.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
1. Қоса беріліп отырған Есептік тарифті айқындау, шекті және жеке тарифтерді бекіту қағидалары бекітілсін.
1. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Электр энергетикасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруын;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Энергетика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2019 жылдың 1 қантарына дейін күшке ие.
4-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 30.11.2015 жылғы № 676 Бұйрығына сәйкес (20.02.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 28.12.2015 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
Министр В. Школьник
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
      _________________ Е. Досаев
2015 жылғы 19 наурыз
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
 2015 жылғы 20 ақпан
 № 105 бұйрығымен
 бекітілген
Есептік тарифті айқындау, шекті және жеке тарифтерді бекіту қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Есептік тарифті айқындау, шекті және жеке тарифтерді бекіту қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Электр энергетикасы туралы» 2004 жылғы 9 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 5-бабының 70-23) тармақшасына сәйкес әзірленді және электр энергиясын өндіру саласының инвестициялық тартымдылығын қамтамасыз ету үшін энергия өндіруші ұйымдар босататын электр энергиясына есептік тарифті айқындау, шекті және жеке тарифтерді бекіту тәртібін белгілейді.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 14.06.2017 жылғы № 199 Бұйрығына сәйкес (31.05.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 29.08.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) мемлекеттік орган – табиғи монополиялар салаларындағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органның ведомствосы;
1-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 31.05.2016 жылғы № 228 Бұйрығына сәйкес (30.11.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2017 жылдан бастап)
2) уәкілетті орган – электр энергетикасы саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган.
Осы Қағидаларда пайдаланылатын өзге ұғымдар мен анықтамалар Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы заңнамасына сәйкес қолданылады.
2.Есептік тарифті айқындау тәртібі
3. Егер энергия өндіруші ұйымның инвестициялық міндеттемелерін шекті тарифтер шеңберінде электр энергиясын сатудан алынатын қаражат есебінен жүзеге асыру мүмкін болмаған жағдайда, энергия өндіруші ұйым инвестициялық бағдарламаны іске асыру үшін уәкілетті органның техникалық тапсырманы бекіткен және инвестициялық шарт жасасқан жағдайда, есептік немесе жеке тарифті қолдануға құқылы.
4. Энергия өндіруші ұйымның өтінімі бойынша уәкілетті орган Заңның 12-1-бабы 4-тармағына сәйкес инвестициялық бағдарламаны әзірлеуге арналған техникалық тапсырманы бекітеді.
5. Энергия өндіруші ұйым бекітілген техникалық тапсырманың негізінде инвестициялық бағдарламаның техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлейді және бекітеді.
Инвестициялардың өтемділігінің мерзімдері мен электр энергиясына бағалар инвестициялық бағдарламаның техникалық-экономикалық негіздемесінде айқындалады және сегіз жылдан он екі жылға дейін құралады.
Энергия өндіруші ұйым инвестициялық бағдарламаны инвестициялық бағдарламаның техникалық-экономикалық негіздемесі негізінде әзірлейді және есептік тариф деңгейі мен инвестициялық бағдарламаның іске асырылу мерзімдері туралы ақпаратты қамтиды.
6. Инвестициялық бағдарлама оны іске асыру басталғанға дейін инвестициялық шарт жобасымен бір мезгілде уәкілетті орган мен мемлекеттік органға беріледі.
7. Инвестициялық бағдарламаның негізінде энергия өндіруші ұйым Заңның 12-1-бабы 4-тармағына сәйкес уәкілетті органмен және мемлекеттік органмен инвестициялық шарт жасасады.
8. Есептік тарифті қолданатын энергия өндіруші ұйымның инвестициялық бағдарламасы жеке және (немесе) қарыз қаражаты есебінен қаржыландырылады.
9. Есептік тариф Заңның 12-1-бабы 5-тармағына сәйкес әзірленген және бекітілген инвестициялық бағдарламаның техникалық-экономикалық негіздемесінде белгіленген электр энергиясының бағасынан аспайды.
10. Энергия өндіруші ұйым есептік тарифті инвестициялық шартты жасасқан сәттен бастап қолданады және ол инвестициялық шартта көзделген инвестициялық міндеттемелердің орындалу кезеңі ішінде әрекет етеді.
11. Есептік тариф қолданыстағы инвестициялық бағдарламаны түзеткен жағдайда өзгереді.
12. Қолданыстағы инвестициялық бағдарламаны түзету кезінде есептік тариф Заңның 12-1-бабы 5-тармағына сәйкес жобалау-сметалық құжаттаманың өзгерістерімен келіскен жағдайда, инвестициялық бағдарламаның техникалық-экономикалық негіздемесінде белгіленген электр энергиясының бағасынан асуына жол беріледі.
Инвестициялық шартқа қосымша келісім жасасқаннан кейін жаңа есептік тариф қолданылады.
3. Шекті тарифті бекіту тәртібі
13. Шекті тарифтерді уәкілетті орган энергия өндіруші ұйымдардың тобы бойынша жылдарға бөле отырып, кем дегенде жеті жыл мерзімге бекітеді және саланың инвестициялық тартымдылығын қамтамасыз етудің қажеттілігі есепке алынып, жыл сайын түзетіліп отырады.
14. Уәкілетті орган энергия өндіруші ұйымдардың топтарын Заңға сәйкес қалыптастырады.
15. Энергия өндіруші ұйымдар тобы Заңға сәйкес белгіленген тәртіппен мынадай өлшемдер бойынша қалыптасады: энергия өндіруші ұйымдардың түрі, белгіленген қуаты, пайдаланылатын отын түрі, отынның орналасқан жерінен қашықтығы.
15-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің м.а. 10.08.2018 жылғы № 312 Бұйрығына сәйкес (14.06.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)  24.08.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Энергия өндіруші ұйымдар «энергия өндіруші ұйымдардың түрі» өлшемі бойынша электр станцияларының мынадай түрлеріне бөлінеді:
1) конденсаттық – тек қана электр энергиясын өндіретін электр станциясы;
2) жылу электр орталығы – электр энергиясын өндірумен қатар, жылумен жабдықтаудың орталықтандырылған жүйелеріндегі жылу энергиясының көзі болып табылатын жылу электр станциясы;
3) газ-турбиналық – газ тектес отын түрін энергия көзі ретінде пайдаланатын электр станциясы;
4) су электр станциясы – су ағыны энергиясын энергия көзі ретінде пайдаланатын электр станциясы.
Энергия өндіруші ұйымдар «белгіленген қуаты» өлшемі бойынша 100 мегаваттқа (бұдан әрі – МВт) дейін, 100 МВт-тан 300 МВт-қа дейін, 300 МВт-тан 550 МВт-қа дейін, 550 МВт-тан 800 МВт-қа дейін, 800 МВт-тан 1050 МВт-қа дейін, 1050 МВт-тан 1300 МВт-қа дейін, 1300 МВт-тан 1550 МВт-қа дейін, 1550 МВт-тан 1800 МВт-қа дейін, 1800 МВт-тан 2050 МВт-қа дейін, 2050 МВт-тан 2300 МВт-қа дейін, 2300 МВт-тан 2550 МВт-қа дейін, 2550 МВт-тан 2800 МВт-қа дейін, 2800 МВт-тан 3050 МВт-қа дейін, 3050 МВт және одан жоғары болып бөлінеді.
Энергия өндіруші ұйымдар «пайдаланылатын отын түрі» өлшемі бойынша көмірмен, жергілікті газбен, импортталған газбен, мазутпен жұмыс істейтіндер болып бөлінеді.
Энергия өндіруші ұйымдар «отынның орналасқан жерінен қашықтығы» өлшемі бойынша 100 километрге (бұдан әрі – км) дейін, 100 км-ден 300 км-ге дейін, 300 км-ден 550 км-ге дейін, 550 км-ден 750 км-ге дейін, 750 км-ден 900 км-ге дейін, 900 км-ден 1000 км-ге дейін, 1000 км және одан жоғары болып бөлінеді.
16. Егер энергия өндіруші ұйымның құрамына бір-бірінен ерекшеленетін бірнеше электр станциясы кіретін болса, онда аталған энергия өндіруші ұйым жеке топ болып қалыптасады.
17. Энергия өндіруші ұйым Заңның 12-1-бабы 2-тармағына сәйкес электр энергиясына босатылатын бағаны дербес, бірақ өзі енгізілген энергия өндіруші ұйымдардың тиісті тобының шекті тарифінен аспайтындай етіп белгілейді.
18. Шекті тарифтың негізін анықтау үшін базаны есептеу мақсатында Заңның 12-1-бабы 2-тармағына сәйкес энергия өндіруші ұйымдар тұтынушыларға бөле отырып, айлар бойынша шекті тарифтер енгізілген жылдың алдындағы жыл ішінде қалыптасқан энергия өндіруші ұйымдар нақты босату бағалары туралы жиынтық деректерді уәкілетті органға береді.
Энергия өндіруші ұйымдарда шекті тарифтер енгізілген жылдың алдындағы жыл ішінде қалыптасқан электр энергиясының нақты бағаларына салыстырмалы талдаудың нәтижелері бойынша уәкілетті орган базасын: энергия өндіруші ұйымдардың әр тобы бойынша нақты бағалардың ең жоғары мәндерін айқындайды.
19. Шекті тариф оның қолданылуының бірінші жылы, инфляциялық процестерді қоса алғанда, энергия өндіруші ұйымдардың қолданыстағы активтерді жұмысқа қабілетті және техникалық жарамды күйде ұстауға, қолданыстағы активтерді кеңейтуге, жаңартуға, қайта жаңартуға және техникалық қайта жарақтандыруға, жаңа активтерді құруға кететін шығындарын, энергетикалық отын бағасының болжамды өсуін ескере отырып, шекті тарифтерді енгізген жылдың алдындағы жыл ішінде энергия өндіруші ұйымдардың тиісті тобында қалыптасқан ең жоғары нақты бағасына қарай анықталады.
20. Кейінгі жылдарға арналған шекті тарифтер жыл алдындағы шекті тарифтен инфляцияның болжамды деңгейін, сондай-ақ энергия өндіруші ұйымдардың жаңа активтерді құруға, қолданыстағы активтерді кеңейтуге, жаңартуға, қолдауға, қайта жаңартуға және техникалық қайта жарақтандыруға кететін шығындарын, электр энергиясын өндіруге арналған негізгі шығындардың болжамды өсуін ескере отырып, айқындалады.
21. Энергия өндіруші ұйымдардың топтары бойынша шекті тарифтерді енгізу мерзімі жыл сайын 1 қаңтардан бастап белгіленеді.
21-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 30.11.2015 жылғы № 676 Бұйрығына сәйкес (20.02.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 28.12.2015 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
22. Заңның 12-1-бабының 2-тармағына сәйкес кейінгі жылдарға арналған шекті тарифтерді түзету үшін энергия өндіруші ұйымдар жыл сайын 1 қыркүйекке дейінгі мерзімде уәкілетті органға Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының орташа мерзімді жоспарларында көзделген инфляцияның болжамды деңгейін ескере отырып, растайтын құжаттар мен есептерді қоса, электр энергиясын өндіруге кеткен негізгі шығындардың болжамды ұлғаюы туралы ақпаратты береді.
22-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 30.11.2015 жылғы № 676 Бұйрығына сәйкес (20.02.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 28.12.2015 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
23. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
23-тармақ алынып тасталды ҚР Энергетика министрінің 30.11.2015 жылғы № 676 Бұйрығымен (20.02.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 28.12.2015 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
24. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
24-тармақ алынып тасталды ҚР Энергетика министрінің 30.11.2015 жылғы № 676 Бұйрығымен (20.02.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 28.12.2015 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
25. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
25-тармақ алынып тасталды ҚР Энергетика министрінің 30.11.2015 жылғы № 676 Бұйрығымен (20.02.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 28.12.2015 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
26. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
26-тармақ алынып тасталды ҚР Энергетика министрінің 30.11.2015 жылғы № 676 Бұйрығымен (20.02.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2017 жылдан бастап)
27. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
27-тармақ алынып тасталды ҚР Энергетика министрінің 30.11.2015 жылғы № 676 Бұйрығымен (20.02.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2017 жылдан бастап)
28. Тармақ әрекет етуін тоқтатты (ескертуді қараңыз)
28-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 30.11.2015 жылғы № 676 Бұйрығына сәйкес (20.02.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс және 01.01.2017 жылға дейін қолданылды) 28.12.2015 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
4. Жеке тарифті бекіту тәртібі
29. Егер энергия өндіруші ұйымның инвестициялық міндеттемелерін шекті тарифтер шеңберінде электр энергиясын сатудан алынатын қаражат есебінен жүзеге асыру мүмкін болмаған жағдайда, энергия өндіруші ұйым инвестициялық бағдарламаны іске асыру үшін уәкілетті орган техникалық тапсырманы бекіткен және осы Қағидалардың 4-7-тармақтарына сәйкес инвестициялық шарт жасасқан жағдайда жеке тарифті қолданады.
30. Инвестициялық міндеттемелерді есептік тариф шеңберінде жүзеге асыратын энергия өндіруші ұйымға мемлекеттік органға инвестициялық бағдарлама мен инвестициялық шартты қайта ұсыну талап етілмейді.
31. Энергия өндіруші ұйым жеке тарифті инвестициялық бағдарлама мен жобалау-сметалық құжаттаманың параметрлерін ескере отырып қабылданатын мемлекеттік органның шешімі негізінде инвестициялық бағдарламаны іске асырудың кез келген сатысында қолданады.
32. Энергия өндіруші ұйым инвестициялық бағдарламаны (қаражат жұмсалымы) іске асыру кезеңінде жеке тарифті бекіту үшін мемлекеттік органға:
1) бекітілген техникалық тапсырма;
2) инвестициялық бағдарламаның техникалық-экономикалық негіздемесі;
3) инвестициялық бағдарлама;
4) инвестициялық шарттың жобасы;
5) негізгі құралдар құнының, салық және экологиялық төлемдердің, амортизациялық аударымдардың, негіздеуші материалдарды қоса, тікелей электр энергиясын өндіруге қатысты басқа да шығындардың ұлғаюына әкелмейтін отынға, шикізатқа және материалға, жалақыға, ағымдағы жөндеуге арналған шығындардың есебі;
6) негіздеуші материалдармен қоса, бірге инвестициялық бағдарламаның техникалық-экономикалық негіздемесінде белгіленген мерзімдерде инвестицияларды қайтаруды қамтамасыз ететін пайданың есебі қоса берілетін өтінімді береді.
33. Энергия өндіруші ұйым объектілерді пайдалануға бергеннен кейін жеке тарифті бекіту үшін мемлекеттік органға:
1) инвестициялық бағдарлама;
2) инвестициялық шарттың жобасы;
3) бекітілген техникалық тапсырма;
4) растаушы материалдармен қоса, бірге нақты жүзеге асырылған инвестициялар туралы ақпарат;
5) объектілерді пайдалануға беру актілерінің көшірмелері;
6) негізгі құралдар құнының, салық және экологиялық төлемдердің, амортизациялық аударымдардың, негіздеуші материалдарды коса берілген тікелей электр энергиясын өндіруге қатысты басқа да шығындардың ұлғаюына әкелмейтін отынға, шикізатқа және материалға, жалақыға, ағымдағы жөндеуге арналған шығындардың есебі;
7) негіздеуші материалдармен қоса, инвестициялық бағдарламаның техникалық-экономикалық негіздемесінде белгіленген мерзімдерде инвестицияларды қайтаруды қамтамасыз ететін пайданың есебі;
8) есептік саясаттың көшірмесі;
9) негіздеуші материалдармен қоса инвестициялық бағдарламаны іске асыру үшін алынған қарыз қаражаттары бойынша сыйақы төлеуге жұмсалған шығыстардың есебі қоса берілетін өтінімді береді.
34. Инвестициялық бағдарлама негізінде энергия өндіруші ұйым уәкілетті органмен және мемлекеттік органмен инвестициялық шарт жасасады.
35. Жеке тарифті бекітуге ұсынылатын есептер мен негіздеуші материалдарға мынандай талаптар қойылады:
1) растайтын құжаттарға энергия өндіруші ұйымның басшысы, ал қаржы құжаттарына басшы мен бас бухгалтер қол қояды және тігіледі;
2) тарифтерге көлемдердің маусымдық ауытқу әсерін болдырмау мақсатында негіздемеде бір жылға есептелген деректер қабылданады;
3) коммерциялық құпияны қамтитын ақпарат «коммерциялық құпия» деген белгімен беріледі және жеке тарифті бекітуге арналған өтінішті қарау үшін ол ақпараттар (құжаттар) пакетімен бірге бөлек қаптамада жіберіледі.
Ақпарат құрамындағы коммерциялық құпия мемлекеттік органға оны ұсынғанда бас тартуға негіз бола алмайды, бұл ретте мүдделі тұлғалар ақпаратты беретін кезде коммерциялық құпияны қамтитын мәліметтердің толық тізбесін көрсетеді не мүдделі тұлғаның коммерциялық құпияны қамтитын мәліметтердің тізбесін бекіту туралы акті көшірмесін қоса береді.
36. Заңның 12-1-бабы 6-тармағына сәйкес жеке тарифтің көлемі энергия өндіруші ұйымның инвестициялық шартта көзделген қуаттарды қосу жөніндегі міндеттемелерді орындау кезіндегі есептік тарифтен төмен мәнін қабылдамайды.
37. Жеке тариф инвестициялық бағдарламаның құнының өсуі жағдайында есептік тарифтен жоғары бекітіледі. Бұл ретте инвестициялық бағдарлама құнының артуы уәкілетті органмен және мемлекеттік органмен келісіледі.
38. Жеке тарифтерді қалыптастыру кезінде баға белгілеудің шығындық тетігі пайдаланылады. Бұл ретте электр энергиясын өндіруге және тиісті бухгалтерлік есептің стандарттарына тікелей қатысты шығындар ескеріледі.
39. Мемлекеттік бюджеттің қаражатынан энергия өндіруші ұйымға бөлінетін субсидия, тарифтің шығын бөлігінде ескерілмеген шығыстарға бағытталған субсидияларды қоспағанда, жеке тарифтің шығын бөлігінде кеміту ескеріледі.
40. Жеке тарифтерді қалыптастыру тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) әр түрі бойынша шығындардың бөлек есебі негізінде жүзеге асырылады. Энергия өндіруші ұйымдарда тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) түрлері бойынша шығындардың бөлек есебі болмаған жағдайда, энергия өндіруші ұйымдардың жалпы шығындары энергия өндіруші ұйымдардың шығындарындағы өткізуден (өндірістің көлемінен өндірістік персоналдың еңбегіне ақы төлеуге арналған шығындардан) алынған табыстың үлестік салмағы бойынша тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізетін энергия өндіруші ұйымдар қызметінің белгілі бір түріне жататын шығындарды айқындауды көздейтін жанама әдістер негізінде өткізілетін тауарлар (жұмыстар, қызметтер) түрлері бойынша есептеледі.
41. Жеке тарифті қалыптастыру кезінде мыналар ескеріледі:
1) өзіндік құнға кіретін материалдық шығыстар растаушы құжаттарда (шарттарда, шот-фактураларда) көзделген бағаларға қарай және өнім бірлігін шығаруға шикізат, материалдар, отын, энергия, материалдық ресурстар шығысының қолданылатын нормаларына және (немесе) материалдық ресурстардың жылдық нормаларына қарай нақты көлемде айқындалады;
2) персоналдың еңбегіне ақы төлеу шығыстары, еңбек заңнамасына сәйкес еңбекке ақы төлеу жүйесінде көзделген еңбек жағдайлары үшін қосымша ақылар мен үстемеақылар төлеуді қоса алғанда, жеке тарифті қалыптастыру кезінде ескеріледі;
3) амортизациялық аударымдар энергия өндіруші ұйымның есепке алу саясатында көзделген әдісті пайдалана отырып айқындалады және негізгі құралдардың құнын арттыруға алып келетін күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге және инвестициялық жобаларды іске асыруға бағытталады;
4) инвестициялық жобаны іске асыруға арналған қарыз қаражаты үшін әлеуетті өнім берушілердің қызметтерін қаржыландыру жағдайларын растайтын құжаттар болған кезде сыйақы төлеуге жұмсалған шығыстар;
5) электр энергиясын өндіруге тікелей қатысты, сондай-ақ негіздеуші материалдармен расталған (шарттар, шот-фактуралар, қаржылық және басқа құжаттар) басқа да шығыстар.
42. Жеке тарифті қалыптастыру кезінде қамтылатын пайданың деңгейін айқындау кезінде энергия өндіруші ұйымдардың тиімді жұмыс істеуі және дамуы үшін қажетті қаражат ескеріледі.
43. Жеке тарифті қалыптастыру кезінде өзіндік құнда мынадай шығыстар:
1) электр энергиясын өндіру кезінде пайдаланылмайтын негізгі құралдардың амортизациялық аударымдары;
2) ластаушы заттардың нормативтен тыс шығарымдары (тастандылары) үшін төлемдер;
3) үмітсіз борыштар;
4) шаруашылық шарттарының талаптарын бұзғаны үшін айыппұлдар, өсімпұлдар, тұрақсыздық айыбы және санкциялардың басқа да түрлері, сот шығындары;
5) табысты жасырғаны (кеміткені) үшін айыппұлдар мен өсімпұлдар;
6) ұрланудан болған залалдар;
7) өндірісте қолданысқа енгізілмеген қызмет көрсететін шаруашылықтар мен учаскелерді ұстауға арналған шығындар (үй-жайларды тегін беру, қоғамдық тамақтану ұйымдарына коммуналдық қызметтердің құнын төлеу және сол сияқты);
8) кәсіптік-техникалық училищелерді қоспағанда, денсаулық сақтау, мектепке дейінгі балалар ұйымдарының, оқу мекемелерінің объектілерін ұстауға;
9) сауықтыру лагерьлерін, мәдениет және спорт, тұрғын үй қорының объектілерін ұстауға;
10) ұйымның қызметкерлері тұрғын үй жағдайларын жақсартуға, бау-бақшалық шағын үйлер сатып алуға және үй шаруашылығын жүргізуге алған несиелерді (пайызсызды қоса алғанда) өтеуге;
11) мәдени-ағарту, сауықтыру және спорттық іс-шараларын (демалыс кештерін, концерттерді және басқаларды өткізу) өткізуге;
12) бау-бақша серіктестіктерін (жолдар салу, энергиямен және сумен жабдықтау, жалпы сипаттағы басқа да шығыстарды жүзеге асыру) абаттандыруға арналған;
13) демеушілік көмек көрсетуге;
14) ақаудан болған ысырапқа;
15) өндірістің вахталық ұйымдарын қоспағанда, энергия өндіруші ұйымдардың персоналы үшін пәтерлерді, тұрғын үй ғимараттарын және құрылыстарды, жатақханалардан және қонақ үйлерден орындар сатып алуға, жалдауға және ұстауға;
16) мерейтой күндеріне сыйлықтар сатып алуға немесе қызметкерлерге көтермелеу түрінде берілетін;
17) нормативтен тыс техникалық және коммерциялық ысыраптарға, тауарлық-материалдық құндылықтардың және қоймалардағы қорлардың бүлінуіне және жетіспеушілігіне, басқа да өнімсіз шығыстарға арналған;
18) тікелей электр энергиясын өндіруге жатпайтын, сондай-ақ негіздеуші материалдармен расталмаған (шарттар, шот-фактуралар, қаржылық және басқа құжаттар) шығындар ескерілмейді.
44. Мемлекеттік орган жеке тарифті бекітуге арналған өтінімдерді қарау кезінде:
энергия өндіруші ұйым қолданатын өнім бірлігін шығаруға арналған шикізаттың, отын материалдарының, энергияның, материалдық ресурстардың шығыс нормаларына және (немесе) тиісті салалық нормалармен немесе басқа энергия өндіруші ұйымдар қолданатын нормалармен салыстыру жолымен материалдық ресурстардың жылдық нормаларына;
басқа энергия өндіруші ұйымдардың еңбекке ақы төлеуге арналған шығындарымен бірге энергия өндіруші ұйымның персоналына еңбекке ақы төлеуге арналған шығыстарға;
электр энергиясына бағаны өсіруге елеулі ықпал ететін басқа да шығыстарға салыстырмалы талдау жүргізеді.
45. Мемлекеттік орган жеке тарифті бекітуге арналған өтінімді алған күннен бастап, 5 жұмыс күні ішінде ұсынылған материалдардың  толықтығын тексереді және энергиямен жабдықтаушы ұйымды жазбаша түрде өтінімді қарауға қабылдағаны туралы немесе өтінімді қараудан бас тартылғаны туралы бас тартудың себептерін келтіре отырып, хабардар етеді.
Энергия өндіруші ұйымның жеке тарифті бекітуге арналған өтінімін қабылдаудан бас тарту себептері:
1) осы Қағидалардың 32, 33-тармақтарында көрсетілген құжаттарды ұсынбау;
2) ұсынылған құжаттардың осы Қағидалардың 35-тармағына сәйкес келмеуі;
3) жалған ақпаратты қамтитын құжаттарды ұсыну болып табылады.
46. Жеке тарифті бекітуге арналған өтінімді мемлекеттік орган күнтізбелік отыз күн ішінде қарайды.
47. Мемлекеттік орган жеке тарифтердің жобаларына энергия өндіруші ұйым жеке тарифті бекітуге арналған өтініммен бірге ұсынған негіздеуші құжаттар мен есеп айырысуларды талдау, сондай-ақ қызметтің ұқсас түрімен айналысатын энергия өндіруші ұйымдар қызметінің көрсеткіштерін салыстырмалы талдау негізінде сараптама жүргізеді.
48. «Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 9 шiлдедегi Заңы 14-бабының 9) тармақшасына сәйкес мемлекеттік орган өзінің шешімі бойынша ұсыну мерзімдерін көрсете отырып, энергия өндіруші ұйымнан оның қызметі туралы қосымша ақпаратты сұратады.
48-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 31.05.2016 жылғы № 228 Бұйрығына сәйкес (30.11.2015 ж. редакцияны қараңыз) (қолданысқа енгізу тәртібін 4-тармақтан қараңыз)
Бұл ретте өтінімді қарау мерзімі сұратылған ақпаратты алғанға дейін тоқтатыла тұрады.
Қарау мерзімін ұзарту күнтізбелік отыз күннен аспайды.
49. Мемлекеттік орган жүргізілген сараптаманың нәтижелері бойынша жеке тарифті бекіту немесе оны бекітуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.
50. Мемлекеттік органның жеке тарифті бекіту туралы шешімі мемлекеттік органның бұйрығымен ресімделеді және энергия өндіруші ұйымға жіберіледі, бұйрықтың көшірмесі уәкілетті органға жіберіледі.
51. Жеке тариф қолданыстағы инвестициялық бағдарламаны түзеткен немесе жаңа инвестициялық бағдарламаны іске асырған жағдайда өзгереді.
52. Жеке тарифті түзету мемлекеттік орган жеке тарифті бекіту туралы шешім қабылдағаннан кейін және инвестициялық шартқа қосымша келісім жасасқаннан кейін жүргізіледі.
53. Жеке тарифті қолданысқа енгізу жеке тарифті бекіткен күннен бастап жүзеге асырылады.