Toggle Dropdown
1
Кәсiби ұйымдарды, сертификаттау жөнiндегi ұйымдарды аккредиттеу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 16 наурыздағы № 175 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 13 сәуірде № 10703 тіркелді
Toggle Dropdown
Редакция 31.08.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Toggle Dropdown
«Бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабы 5-тармағының 11) тармақшасына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Toggle Dropdown
1. Қоса беріліп отырған Кәсiби ұйымдарды, сертификаттау жөнiндегi ұйымдарды аккредиттеу қағидалары бекітілсін.
Toggle Dropdown
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бухгалтерлік есеп және аудит әдіснамасы департаменті (А.Т. Бектұрова) заңнамада белгіленген тәртіппен:
Toggle Dropdown
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Toggle Dropdown
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
Toggle Dropdown
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Toggle Dropdown
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Б. Сұлтанов
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2015 жылғы 16 наурыздағы
№ 175 бұйрығымен бекітілген
Toggle Dropdown
2
Кәсiби ұйымдарды, сертификаттау жөнiндегi ұйымдарды аккредиттеу қағидалары
Toggle Dropdown
1-тарау. Жалпы ережелер
Toggle Dropdown
1. Осы Кәсіби ұйымдарды, сертификаттау жөнiндегi ұйымдарды аккредиттеу қағидаларын (бұдан әрі – Қағидалар) «Бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабы 5-тармағының 1) тармақшасына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына (бұдан әрі – Заң) сәйкес бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк саласындағы қызметті реттеудi жүзеге асыратын орталық мемлекеттік орган (бұдан әрi – уәкiлеттi орган) әзірлеген және бухгалтерлердің кәсіби ұйымдарын және бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау бойынша ұйымдарын аккредиттеу (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тәртібін айқындайды.
Toggle Dropdown
2. «Бухгалтерлердің кәсіби ұйымын аккредиттеу туралы куәлік беру» және «Бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау бойынша ұйымдарды аккредиттеу туралы куәлік беру» деген мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) www.egov.kz, www.elicense.kz «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы көрсетеді (бұдан әрi – портал).
Toggle Dropdown
3. Бухгалтерлердің кәсіби ұйымды және бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау бойынша ұйымды аккредиттеу туралы куәлiк «Аудиторлық кәсіби ұйымды, бухгалтерлердiң кәсiби ұйымын, бухгалтерлердi кәсiби сертификаттау жөніндегі ұйымды аккредиттеу туралы куәліктердің нысандарын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 28 желтоқсандағы № 1341 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26414 болып тіркелді) (бұдан әрі – 1341 Бұйрық) нысандары бойынша аккредиттеудi куәландыратын ресми құжат болып табылады, ол Қазақстан Республикасының барлық аумағында қолданылады.
Toggle Dropdown
4. 1341 Бұйрығымен бекітілген нысаны бойынша бухгалтерлердің кәсіби ұйымдарды аккредиттеу туралы куәлік бес жыл мерзімге, бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау бойынша ұйымдарды аккредиттеу туралы куәлік үш жыл мерзімге беріледі.
Toggle Dropdown
5. Атауы, ұйымдық-құқықтық нысаны өзгерген, қайта ұйымдастырылған жағдайда бухгалтерлердің кәсіби ұйымы және бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау бойынша ұйымы аккредиттеу рәсімінен өтеді.
Toggle Dropdown
6. Заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.
Toggle Dropdown
Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын уәкілетті орган мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін, сондай-ақ заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерге енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты «электрондық үкіметтің» ақпараттық–коммуникациялық инфрақұрылым операторына, оның ішінде Заңның 10-бабының 13) тармақшасына сәйкес Бірыңғай байланыс орталығына жібереді.
Toggle Dropdown
7. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті мәліметтерді қамтитын ақпараттық жүйе істен шыққан жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші sd@nitec.kz электрондық пошта арқылы бірыңғай қолдау қызметіне сұрау салуды жіберу арқылы «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы операторын (оператор) мемлекеттік қызметтің атауы, өтініштің әкімшілік құжатының нөмірі мен коды (ӨӘҚНМК), немесе өтініштің бірегей сәйкестендіру нөмірі (ӨБСН), әкімшілік құжаттың нөмірі мен коды (ӘҚНМК ЕД), немесе рұқсат беру құжатының бірегей сәйкестендіру нөмірі (РБҚБСН), жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН), немесе көрсетілетін қызметті алушының бизнес-сәйкестендіру нөмірі (БСН) авторизациялау сәтінен бастап қатенің нақты уақытын көрсете отырып, қате туындаған сәтке дейін қадамдық скриншоттарды қоса бере отырып, 1 (бір) жұмыс күні ішінде хабардар етеді.
Toggle Dropdown
8. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі порталға жіберіледі және көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан – әрі ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» сақталады.
Toggle Dropdown
2-тарау. «Бухгалтерлердің кәсіби ұйымын аккредиттеу туралы куәлік беру» мемлекеттік қызметін көрсетудің тәртібі
Toggle Dropdown
9. Процестің сипаттамасын, нысанын, мерзімін, сондай-ақ мемлекеттік қызметті ұсыну ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидалардың 1-қосымшасына «Бухгалтерлердің кәсіби ұйымын аккредиттеу туралы куәлік беру» мемлекеттік қызметтер көрсутуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінде (бұдан әрі – мемлекеттік қызметтер көрсутуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінде) баяндалған.
Toggle Dropdown
Сұрау салу және мәліметтер нысандары осы Қағидалардың 2 және 3 қосымшаларына сәйкес ұсынылады.
Toggle Dropdown
Кәсіби ұйымдар аккредитация алу үшін осы Қағидалардың 1-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсутуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінде 8-тармағында көрсетліген құжаттарды ұсынады.
Toggle Dropdown
10. Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндерінде жүгінген кезде, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Еңбек кодексі) және «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес сұрау салуды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
Ұсынылған құжаттардың толық болмауы және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттар болуы фактісі анықталған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші екі жұмыс күн мерзімі ішінде сұрау салуды одан әрі қараудан дәлелді түрде бас тартады.
Toggle Dropdown
Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы кәсіби ұйымды аккредиттеу туралы құжаттардың мәліметтерін көрсетілетін қызметті беруші «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
Toggle Dropdown
11. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін рәсімдер (іс-қимылдар) мазмұны:
Toggle Dropdown
куәлік беру кезінде:
Toggle Dropdown
1) көрсетілетін қызметті алушы қағидалардың 1-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсутуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінде 8 – тармағында көрсетліген құжаттарды ұсынған көрсетілетін қызметті берушінің құжат айналымы бойынша басқарма қызметкері қабылдайды және кейіннен орындаушыға бөлу үшін көрсетілетін қызметті берушінің бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік саласындағы тиісті басқармасына береді – бір жұмыс күні ішінде;
Toggle Dropdown
2) орындаушы берілген құжаттардың толықтығын осы Қағидалардың 8-тармағы 1-қосымшасына сәйкес тексереді – бір жұмыс күн ішінде;
Toggle Dropdown
3) орындаушы құжаттың мазмұнын қарастырады – бір жұмыс күні ішінде;
Toggle Dropdown
4) дайындау және бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік саласындағы басқарма басшысымен, көрсетілетін қызметті берушінің заң қызметі басқармасының басшысымен қорытынды жобасын, куәлікті беру туралы бұйрық жобасын келісу, сондай-ақ оларды көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының бекітуі, бұйрықты тіркеу немесе бас тарту туралы дәлелді жауапты дайындау және аккредиттеу туралы куәлікті немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты беру – екі жұмыс жұмыс күні ішінде;
Toggle Dropdown
куәлікті қайта рәсімдеу кезінде:
Toggle Dropdown
1) көрсетілетін қызметті алушы қағидалардың 1-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет стандартының 8-тармағында көрсетліген құжаттарды ұсынған көрсетілетін қызметті берушінің құжат айналымы бойынша басқарма қызметкері қабылдайды және кейіннен орындаушыға бөлу үшін көрсетілетін қызметті берушінің бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік саласындағы тиісті басқармасына береді – бір жұмыс күні ішінде;
Toggle Dropdown
2) дайындау және бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік саласындағы басқарма басшысымен, көрсетілетін қызметті берушінің заң қызметі басқармасының басшысымен қорытынды жобасын, куәлікті қайта рәсімдеу туралы бұйрық жобасын келісу, сондай-ақ оларды көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының бекітуі, бұйрықты тіркеу немесе бас тарту туралы дәлелді жауапты дайындау және қайта рәсімдеу туралы куәлікті немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты беру – екі жұмыс күн ішінде.
Toggle Dropdown
12. Кәсіби ұйымдар мынадай:
Toggle Dropdown
1) кәсіби ұйымның құрамында кемінде үш жүз кәсіби бухгалтердің болуы;
Toggle Dropdown
2) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Toggle Dropdown
3) өз мүшелерінің біліктілігін арттыру жүйесінің болуы;
Toggle Dropdown
4) осы Қағидаларға сәйкестігі талаптарына жауап береді.
Toggle Dropdown
Кәсіби ұйымдардың мынадай:
Toggle Dropdown
1) халықаралық қаржылық есептілік стандарттары;
Toggle Dropdown
2) бухгалтерлердің біліктілігін арттыру;
Toggle Dropdown
3) этика мәселелері;
Toggle Dropdown
4) дауларды қарау жөніндегі жұмыс органдары бар.
Toggle Dropdown
Кәсіби ұйымдардың қосымша жарғыда айқындалған жұмыс органдары бар.
Toggle Dropdown
Кәсіби ұйымдар аккредиттеу сәтінен бастап бір ай ішінде Консультациялық органның құрамына бухгалтерлік және (немесе) аудиторлық қызмет саласында кемінде жеті жыл жұмыс тәжірибесін және The Assocіatіon of Chartered Certіfіed Accountants (ACCA) (Зэ Исоушиэйшн оф Чартерд Сертифаид Экаунтэнтс) (ЭЙСИСИЭЙ), не Certіfіed Publіc Accountant (CPA) (Сертифаид Паблик Экаунтэнт) (СИПИЭЙ) толық біліктілігін, не Dіploma іn the Іnternatіonal Fіnancіal Reportіng (DіpІFR ACCA) (Диплоумэ ин зэ Интернашнэл Файнаншл Рипортин) (ДИайпиАЙЭФАР ЭЙСИСИЭЙ) дипломын, не «аудитор» біліктілігі берілгені туралы біліктілік куәлігін, не кәсіби бухгалтер сертификатын, не экономика, қаржы, бухгалтерлік есеп, аудит саласында (ғылыми) дәрежесін растай отырып, бір өкілін ұсынады.