«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 144-бабы 6-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Отправить по почте
"Инфекциялық аурулардың (обаның, тырысқақтың) алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы № 131 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 8 сәуірде № 10644 тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2021 жылғы 4 желтоқсаннан бастап ҚР Денсаулық сақтау министрінің 17.11.2021 жылғы № ҚР ДСМ-116 Бұйрығына сәйкес
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 144-бабы 6-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған «Инфекциялық аурулардың (обаның, тырысқақтың) алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары бекітілсін.
1. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті (Ә.Б. Мәтішев) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі Т.М. Жақсылықовқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр Е. Досаев
«КЕЛІСІЛГЕН» Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі ___________ А. Мамытбеков 2015 жылғы 3 наурыз
«КЕЛІСІЛГЕН» Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі ___________ Т. Дүйсенова 2015 жылғы 25 ақпан
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы № 131 бұйрығымен бекітілген
«Инфекциялық аурулардың (обаның, тырысқақтың) алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы «Инфекциялық аурулардың (обаның, тырысқақтың) алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары (бұдан әрі – Санитариялық қағидалар) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 145-бабы 1-тармағының 26-тармақшасына сәйкес әзірленген және инфекциялық аурулардың (обаның, тырысқақтың) алдын алу, обаның және тырысқақтың эпидемиялық ошақтарында шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді енгізу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге қойылатын талаптарды белгілейді.
2. Обаға қарсы ұйымдар, ал олар болмаған жағдайда – тиісті аумақтардағы халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган ведомствосының аумақтық бөлімшелері аумақтық медициналық ұйымдарға консультациялық-әдістемелік көмекті жүзеге асырады.
3. Санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды өткізу кезінде Қазақстан Республикасының және Кеден одағына қатысушы мемлекеттердің аумағында қолдануға рұқсат етілген дезинфекциялық, дезинсекциялық, дератизациялық құралдарды пайдаланады.
4. Осы Санитариялық қағидалардың орындалуын бақылауды халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның ведомствосы өз құзыреті шегінде жүзеге асырады.
5. Осы Санитариялық қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылды:
1) алдын алу іс-шаралары – санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шаралар;
2) бактериологиялық мониторинг – халық арасында және сыртқы орта объектілерінде айналымдағы инфекциялық ауру қоздырғышын уақтылы анықтау мақсатында бактериологиялық зертханалық бақылау жүйесі;
3) далалық материал – қоздырғыштың айналымын анықтау мақсатында оларға зертханалық зерттеу жүргізу үшін алынған зооноздық инфекциялар қоздырғыштарын таратушылар мен тасымалдаушылар, қоршаған орта объектілері;
4) жағдайды стандартты айқындау – күдікті, болжалды, ықтимал, расталған жағдай ретінде әртүрлі уақытта және әртүрлі аумақтарда алынған эпидемиологиялық қадағалау деректерін салыстырмалы талдау үшін инфекциялық аурулар туралы есепке алу мен есептіліктің стандарттылығын және бірізділігін қамтамасыз ету;
5) инфекцияны тасымалдаушылар – оба қоздырғышы берілуінің трансмиссиялық тетігін айқындайтын, көбіне буынаяқтылар, атап айтқанда қансорғыш жәндіктер мен кенелер;
6) инфекцияны таратушылар – жылы қанды жануарлар бірінше кезекте табиғатта ауру қоздырғышының резервуары болып табылатын кеміргіштер мен басқа да ұсақ сүтқоректілер;
7) карантин – қоғамдық денсаулық сақтау саласында төтенше жағдайларды тудыратын карантиндік аурулардың әкелінуінің, сыртқа шығарылуының және өзге де таралуының алдын алу мақсатында жүзеге асырылатын әкімшілік және медициналық-санитариялық шектеу іс-шаралары кешені;
8) карантиндік аурулар – шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин, сондай-ақ халықтың өмір сүруі мен кәсіпкерлік және (немесе) өзге қызметті жүргізуінің ерекше жағдайлары мен режимі енгізілетін, қоғамдық денсаулық сақтауда төтенше жағдайларды тудыратын жоғары дәрежелі жұқпалылығымен және өлімге әкелуімен сипатталатын аурулар;
9) қауіп төндіретін аумақ – адамдардың карантиндік және аса қауіпті инфекциялармен сырқаттану жағдайлары туындау қаупі бар аумақ;
10) қорғау аймағы – инфекцияны тасымалдаушылар және/немесе таратушылар жойылған елді мекеннің айналасындағы аумақ;
11) оба – адамды, жабайы және кейбір үй жануарларын зақымдайтын, даму жылдамдығы жоғары және интоксикациясы, қызбасы айқын, лимфа түйіндерінің, тері мен өкпенің қабынуымен, бұл ретте қоғамдық денсаулық сақтауда төтенше жағдайларды тудыра отырып, инфекция адамнан адамға берілген кездегі науқастардың өлу деңгейі барынша көп және эпидемиялық әлеуеті жоғары болуымен сипатталатын жіті инфекциялық процесі ауыр аса қауіпті табиғи ошақты зооноз;
12) реконвалесцент – ауырып жазылған адам;
13) табиғи оба ошағы – шегінде сырттан әкелінбей, белгісіз ұзақ уақыт бойы ауру қоздырғышының циркуляциясы жүзеге асырылып келе жатқан жер бетінің учаскесі;
14) табиғи ошақтылық (энзоотия) – жер бетінің белгілі бір аумақтарында адамға және оның қызметіне тәуелсіз эволюциялық түрде пайда болған, тұрақты эпизоотиялық ошақтардың болуы;
15) тырысқақ – холероген бөлмейтін және қой эритроциттерін гемолиздейтін, тырысқақ вибриондары тудырған, жұғу дәрежесі жоғары, токсикозбен және гастроэнтеритпен, организмнің сусыздануымен, су-тұз, ақуыз алмасудың бұзылуымен сипатталатын, қоздырғышы нәжіс-ауыз тетігі арқылы берілетін антропоноздық бактериялық инфекциялық ауру;
16) уытты емес тырысқақ – холероген бөлмейтін және қой эритроцитін гемолиздейтін, тырысқақ вибриондары тудырған ауру;
17) эпидемиялық асқыну – эпидемияға қарсы іс-шаралар кешенін жүргізуді талап ететін қоздырғыштың халық арасында таралуы;
18) эпидемиялық ошақ – инфекция көзінің (науқастың/адам мәйітінің) қоздырғыш инфекция ошағынан онымен қарым-қатынаста болған адамдарға берілуге қабілетті шектерде оның қоршаған аумағымен бірге инфекция көзінің болу орны;
19) эпизоотиялық ошақ – инфекция қоздырғышының көзі, берілу факторлары мен қабылдағыш жануарлар бар шектеулі аумақ немесе үй-жай.
2. Обаның алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
6. Қазақстан Республикасының аумағындағы обаның табиғи ошақтарында санитариялық-эпидемиологиялық мониторингті тиісті аумақтардағы халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган ведомствосының аумақтық бөлімшелері және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органдар айқындайтын тәртіппен халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік ұйымдар жүзеге асырады.
7. Оба бойынша энзоотиялық аумақта далалық жағдайларда шаруашылық қызметті жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғалар штаттық персоналды және тартылған адамдарды обаның табиғи ошағындағы санитариялық-эпидемиологиялық жағдай, жеке қорғаныш шаралары және обамен сырқаттануға күдіктенген жағдайдағы іс-әрекеттер туралы хабардар етеді, сондай-ақ қауіпті эпидемиялық жағдай туындаған кездегі адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажетті шаралар қабылдайды.
8. Тиісті аумақтардағы халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган ведомствосының аумақтық бөлімшелері денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарымен және обаға қарсы күрес ұйымдарымен бірлесіп:
1) аумақтың әлеуетті қауіптілік дәрежесін ескере отырып, обаның тұрақты эпидемиологиялық мониторингін қамтамасыз ету жөніндегі шараларды;
2) оба бойынша эпидемиялық асқынулар жағдайында медициналық және обаға қарсы күрес ұйымдарының тұрақты даярлығын және өзара іс-қимыл жасауын қамтамасыз ету жөніндегі шараларды;
3) инфекцияның табиғи ошақтарының аумағында тұратын халықтың обамен сырқаттануының, оның табиғи ошақтардан тысқары шығарылуының, шетелден әкелінуінің және Қазақстан Республикасының аумағында эпидемиялық таралуының алдын алуға бағытталған жұмыстарды материалдық-техникалық қамтамасыз етуді;
4) обамен сырқаттанудың бірлі-жарым және жаппай жағдайлары туындаған кезінде ол үшін қажетті күштер мен құралдарды есепке ала отырып, обаның эпидемиялық ошағын уақтылы таратпауға және жоюға бағытталған санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шаралар кешенін;
5) оба бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шараларды жүргізу үшін медициналық жасақтарды ашуға медициналық ұйымдардың дайындығын қолдауды;
6) обаның эпидемиялық ошағын таратпау және жою үшін ашылған мамандандырылған жасақтардың медициналық персоналын даярлауды;
7) обаның профилактикасы мәселелері бойынша халықтың білімін арттыруға бағытталған санитариялық-ағарту жұмысын жүргізуді қамтитын аумақты санитариялық қорғау жөніндегі санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шаралар жоспарларын және жедел жоспарларын әзірлейді.
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |