Toggle Dropdown
«Сауда мақсатында теңiзде жүзу туралы» 2002 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 3-тармағының 55-13) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Отправить по почте
Кеме құжаттарының тізбесін, Кеме құжаттарын жүргізу қағидаларын және Кеме құжаттарына қойылатын талаптарды бекіту туралы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 24 ақпандағы № 163 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 9 сәуірде № 10649 тіркелді
«Сауда мақсатында теңiзде жүзу туралы» 2002 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 3-тармағының 55-13) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса берiліп отырған:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Кеме құжаттарының тiзбесi;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Кеме құжаттарын жүргiзу қағидалары және кеме құжаттарына қойылатын талаптар бекiтiлсiн;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Кеме құжаттарына қойылатын талаптар бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитет (А.А. Асавбаев):
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін, оның көшірмесін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелгеннен кейiн он жұмыс күні iшiнде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлiгiнiң Заң департаментiне осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралар туралы мәлiметтердi ұсынуды қамтамасыз етсiн.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушы Ж. Қасымбек
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 163 бұйрығына 1-қосымша
Кеме құжаттарының тiзбесi
Тізбе өзгертілді ҚР Инвестициялар және даму министрінің 24.10.2016 жылғы № 737 Бұйрығымен (24.02.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 13.12.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды Тізбе жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 26.01.2022 жылғы № 31 Бұйрығына сәйкес (28.12.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 14.02.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Кеме журналы.
2. Кеме рөлi.
3. Радио журналы (eгeр кемеде кеме станциясы болса).
4. Машина журналы (механикалық қозғалтқышы бар кемелер үшiн).
5. Сарқынды сулармен oпeрация журналы.
6. Қоқыспен операция журналы.
7. Мұнай oпeрациясы журналы.
8. Мұнай танкерлерi үшiн мұнай операцияларын жүргiзу журналы.
9. Теңiз кемесiнiң Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы астында жүзу құқығы туралы куәлiк.
10. Кемеге меншiк құқығы туралы куәлiк.
11. Сыныптау куәлiгi.
12. Жолаушы куәлiгi (жолаушы кемесi үшiн).
13. Өлшеу куәлiгi.
14. Жүк маркасы туралы куәлiк.
15. Mұнаймен ластанудың алдын алу туралы куәлiк.
16. Сарқынды сулармен ластанудың алдын алу туралы куәлік.
17. Қоқыспен ластанудың алдын алу туралы куәлік.
18. Жүзуге жарамдылығы туралы куәлік (қолданылатын болса).
19. Жүк операцияларының журналы (құйылған зиянды сұйық заттарды тасымалдайтын кемелер үшін).
20. Қалдықтарды жою үшін басқару жоспары (100 тіркелімдік тонна және одан да көп жалпы сыйымдылығы бар әрбір кеме, 15 және одан да көп адам тасымалдауға рұқсат берілетін, әрбір кеме, стационарлық және құбылмалы платформалар).
21. Зиянды сұйық заттарды құйып тасымалдау кезінде ластанудың алдын алу туралы халықаралық куәлік.
22. Қауіпті химиялық жүктерді құюмен тасымалдау үшін кеменің жарамдылығы туралы халықаралық куәлік немесе қауіпті химиялық жүктерді құюмен тасымалдау үшін кеменің жарамдылығы туралы куәлік.
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 163 бұйрығына 2-қосымша
Кеме құжаттарын жүргiзу қағидалары
Тарау 1. Жалпы ережелер
1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің 28.12.2018 жылғы № 941 Бұйрығына сәйкес (24.10.2016 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 20.01.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Осы Кеме құжаттарын жүргiзу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Сауда мақсатында теңiзде жүзу туралы» 2002 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының (бұдан әрі – Заңы) 4-бабы 3-тармағының 55-13) тармақшасына сәйкес әзiрлендi, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк туы астында жүзетiн кемелердегi кеме құжаттарын жүргiзу тәртiбiн айқындайды.
2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы астында жүзетін кемеде осы бұйрықпен бекітілген кеме құжаттарының тізбесіне сәйкес кеме құжаттары болады.
3. Кеме құжаттарындағы барлық жазбалар мемлекеттiк және орыс, және (немесе) ағылшын тiлдерінде осы Қағидаларға сәйкес жүргiзiледi.
Кеме құжаттарындағы жазулар анық жазылады. Жазуды қарындашпен жазуға болмайды.
4. Өзгертiлуі тиiс мәтiн жеңiл оқылатындай етiп жiңiшке сызықпен сызылады және жақшаға алынады. Егер жазба барысында қателiк байқалса, онда жақшадан кейiн бiрден дұрыс мәтiн жазылады. Қалған жағдайларда жақшадан кейiн не жiберiлген жағдайда мәтiнді қосу қажет сөзден кейiн жазылып, сілтеменiң сандық белгiсi толассыз нөмiрлеу арқылы әр бет үшiн қойылады.
Мәтінді өзгерту немесе толықтыру журналдағы соңғы жазбадан кейiн жазылады, сiлтеме сандық белгiмен қойылады және мынандай нысанда түзету немесе толықтыру енгізген адамның қолымен бекiтiледi:
1) «қате жазылған», егер сызылған мәтiндi басқасымен ауыстыру қажет болмаса;
2) «оқу:» және бұдан әрi дұрыс мәтiн;