Toggle Dropdown
Жиіліктер белдеулерін, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) иелікке беру, радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды пайдалану, сондай-ақ азаматтық мақсаттағы радиоэлектрондық құралдардың электромагниттік үйлесімділігін есептеуді жүргізу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 21 қаңтардағы № 34 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 15 сәуірде № 10730 тіркелді
Редакция 07.10.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Байланыс туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 1-тармағының 19-12) тармақшасына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған жиіліктер белдеулерін, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) иелікке беру, радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиіліктi құрылғыларды пайдалану, сондай-ақ азаматтық мақсаттағы радиоэлектрондық құралдардың электромагниттік үйлесімділігін есептеуді жүргізу қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитеті (С.С. Сарсенов):
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамада бекітілген тәртіппен мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзiмдi баспа басылымдарына және «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнынның «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында жариялануын;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министрі А.Қ. Жұмағалиевке жүктелсін.
4. Осы бұйрық оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап жиырма бір күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
ҚР Инвестицияларжәне даму министрінің міндетін атқарушы А. Рау
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
____________ Б. Сұлтанов
2015 жылғы 30 қаңтар
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қорғаныс министрі
____________ И.Тасмағамбетов
2015 жылғы 23 қаңтар
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Сыртқы істер министрі
____________ Е.Ыдырысов
2015 жылғы 26 қаңтар
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің
төрағасы
____________ Н. Әбіқаев
2015 жылғы 17 наурыз
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
____________ Е. Досаев
2015 жылғы 13 наурыз
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрінің
міндетін атқарушысының
2015 жылғы 21 қаңтардағы
№ 34 бұйрығымен
бекітілген
Жиіліктер белдеулерін, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) иелікке беру, радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды пайдалану, сондай-ақ азаматтық мақсаттағы радиоэлектрондық құралдардың электромагниттік үйлесімділігін есептеуді жүргізу қағидалары
1. Жиіліктер белдеулерін, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) иелікке беру, радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды пайдалану, сондай-ақ азаматтық мақсаттағы радиоэлектрондық құралдардың электромагниттік үйлесімділігін есептеуді жүргізу қағидалары (бұдан әрі – қағидалар) «Байланыс туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 8-бабының 19-12) тармағына, 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді. Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңының жобасын дайындайды және жиіліктер белдеулерін, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) иелікке беру, радиоэлектрондық құралдарды пайдалану тәртібін айқындайды және жоғары жиілікті құрылғылардың (бұдан әрі – ЖЖҚ), сондай-ақ азаматтық мақсаттағы РЭҚ-тың электромагниттік үйлесімділігінің (бұдан әрі – ЭМҮ) есебін жүргізу тәртібін белгілейді.
Осы Қағидалардың талаптары байланыс қызметтерін көрсететін және (немесе) өндірістік қызметте РЭҚ және (немесе) ЖЖҚ пайдаланатын барлық жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) қолданылады.
Қағидаларда Халықаралық электр байланысы одағының Радиобайланыс регламентінің ережелері ескерілген (International Telecommunication Union, ITU, Женева 2012 жыл).
Осы Қағидаларға 51-тармақты қоспағанда, осы Қағидалардың қолданысы:
1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғылар тізбесінде айқындалған РЭҚ және ЖЖҚ-ға;
2) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің радиожиілікпен қамтамасыз етуіндегі мемлекеттік органдардың, мемлекеттік кәсіпорындардың РЭҚ-ға және ЖЖҚ-ға;
3) радиоәуесқойлық қызметтердің радиоэлектрондық құралдарына таратылмайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) дифференциалды станция – белгілі кеңістіктік координаттары бар пунктте орналасқан радиоэлектрондық және техникалық құралдар кешені, олардың көмегімен ғаламдық навигациялық спутниктік жүйенің сигналдарын қабылдау және өңдеу, дифференциалды түзетулерді есептеу және тұтынушы дифференциалды әрекет ету радиусында болған кезде оның кеңістіктік координаттарын анықтау дәлдігін арттыру үшін оларды байланыс арналары бойынша түзетуші ақпарат құрамында тұтынушыға беру жүзеге асырылады;
2) жиілік белдеуін, радиожиіліктерді (радиожиілік арнасын) беру (тағайындау) – радиожиілік спектрін пайдаланушыға тиісті радиожиілік органы осы рұқсатта көрсетілген жиілік белдеуін, радиожиілікті (радиожиілік арнасын) радиоэлектрондық құралды қолдана отырып пайдалануға беретін радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат;
3) жиіліктерді ортақ пайдалану – жиіліктерді екі және одан да көп пайдаланушылардың пайдалануы;
4) дәлдігі жоғары спутниктік навигация жүйесінің ұлттық операторы (бұдан әрі – ДЖСНЖ ұлттық операторы) – дәлдігі жоғары спутниктік навигация жүйесін құру, пайдалану және дамыту міндеттері жүктелген, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын, жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын акционерлік қоғам;
5) жоғары жиілікті құрылғы – телекоммуникациялар саласында қолдануды қоспағанда, өнеркәсіптік, ғылыми, медициналық, тұрмыстық немесе басқа да мақсаттарда электромагниттік энергияны генерациялауға және пайдалануға арналған жабдық және (немесе) аспаптар;
6) жылжымалы радиоэлектрондық құрал – географиялық координаттарға тұрақты байланысы жоқ радиоэлектрондық құрал;
7) ұялы байланыс – бұл орналасқан жері өзгеруі мүмкін абоненттер арасындағы радиобайланыс;
8) РЭҚ және (немесе) ЖЖҚ иесі – осы құралдар немесе құрылғылар меншігінде, шаруашылық жүргізу құқығында немесе жедел басқару құқығында не өзге де заңды негізде (жалға алу, өтеусіз пайдалану) болатын жеке немесе заңды тұлға;
9) радиожиілік спектрі (бұдан әрі – РЖС) – 3 килогерцтен (бұдан әрі – кГц) 400 гигагерцке (бұдан әрі – ГГц) дейінгі диапазондағы радиожиіліктердің белгілі бір жиынтығы;
10) радиоэлектрондық құрал – қосалқы жабдықты қоса алғанда, радиотолқындарды беруге және (немесе) қабылдауға арналған және бір немесе бірнеше таратушы және (немесе) қабылдаушы құрылғылардан не олардың құрамаларынан тұратын техникалық құрал;
11) ұялы байланыс сигналын күшейткіш (репитер, белсенді ретранслятор) - антенналармен және радиожиілік кәбілдерімен жиынтықта жұмыс істейтін және ұялы байланыс сигналымен жабу аймағын жергілікті кеңейтуге арналған ұялы байланыс сигналын қайталайтын және күшейтетін радиоэлектрондық құрал;
12) радиорелелік желілер (бұдан әрі – РРЛ) – қабылдау-беру (ретрансляциялық) радиостанцияларының тізбегінен құрылған желі бойынша радиобайланыс, оның ішінде «нүкте-нүкте» топологиясы бар радиомостар;
13) стационарлық радиоэлектрондық құрал – тұрақты географиялық координаттары бар радиоэлектрондық құрал;
14) Ұлттық кесте – Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 20 қаңтардағы № 22 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10375 болып тіркелген) барлық мақсаттағы радиоэлектрондық құралдар үшін 3 кГц-тен 400 ГГц-ке дейінгі жиіліктер диапазонындағы Қазақстан Республикасының радиоқызметтері арасында жиіліктер белдеулерін бөлу кестесі;
15) электромагниттік үйлесімділік – техникалық құралдың берілген электромагниттік жағдайда берілген сапамен жұмыс істеу және басқа техникалық құралдарға жол берілмейтін электромагниттік бөгеуілдер жасамау қабілеті;
16) VSAT-станция – спутниктік желінің бір бөлігі ретінде жұмыс істейтін (жұлдыз топологиясымен, әрқайсысымен немесе нүкте-нүктемен), желіні басқару орталығының (бұдан әрі – ЖБО) функционалдық құралдарының көмегімен орталықтан басқарылатын және бақыланатын немесе ЖБЛ функцияларын орындайтын VSAT тағайындалған станция антеннаның кіші апертурасы бар спутниктік байланыстың жердегі станциясы;
17) радиожиілік спектрі саласындағы құжаттарды ресімдеудің оңайлатылған рәсімі – халықаралық үйлестіру рәсімі аяқталғанға дейін РЖС рұқсатты және ЭМҮ қорытындысын ресімдеу;
18) конкурс (аукцион) (бұдан әрі – сауда-саттық) – қатысушылар тізілімнің веб-порталын пайдалана отырып электрондық форматта өткізілетін өздерінің ұсыныстарын жария түрде мәлімдейтін сауда-саттық нысаны, оның қорытындылары бойынша ұйымдастырушы жеңімпазға жиілік белдеулерін, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) беруге (радиожиілік спектрін (бұдан әрі – РЖС) пайдалану құқығын беруге) міндеттенеді;
19) РЖС лоты (бұдан әрі – объект) – әрбір лоттың жиілік белдеуі енінің белгілі бір диапазонын, жиілік номиналдарын, пайдалану аумағын, байланыс технологиясын/түрін, елді мекендерді байланыс қызметтерімен қамтамасыз ету жөніндегі міндеттемелерді көрсете отырып, радиожиілік органдары айқындайтын және (немесе) бастапқы бағасы конкурс (аукцион) жеңімпазына пайдалану құқығы берілетін аумақтар;
20) бастапқы баға – осы Қағидалардың 54-тармағына сәйкес айқындалатын лот бағасы;
21) бастапқы баға – лот бойынша сауда-саттықтың екінші кезеңі басталатын баға;
22) ағымдағы баға – лот бойынша сауда-саттықтың екінші кезеңі барысында қалыптасатын баға;