Toggle Dropdown
Қаржыландыру көздеріне қарамастан, жаңа үйлер мен ғимараттарды, олардың кешендерін, инженерлік және көлік коммуникацияларын салуға, сондай-ақ бұрыннан барын өзгертуге (реконструкциялауға, кеңейтуге, техникалық қайта жарақтандыруға, жаңғыртуға және күрделі жөндеуге) арналған техникалық-экономикалық негіздемелерге және жобалау-сметалық құжаттамаға ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 1 сәуірдегі № 299 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 15 сәуірде № 10722 тіркелді
Редакция 18.10.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 20-бабының 11-5) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса берiлiп отырған Қаржыландыру көздеріне қарамастан, жаңа үйлер мен ғимараттарды, олардың кешендерін, инженерлік және көлік коммуникацияларын салуға, сондай-ақ бұрыннан барын өзгертуге (реконструкциялауға, кеңейтуге, техникалық қайта жарақтандыруға, жаңғыртуға және күрделі жөндеуге) арналған техникалық-экономикалық негіздемелерге және жобалау-сметалық құжаттамаға ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзімді баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі Е. Досаев
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 1 сәуірдегі
№ 299 бұйрығымен
бекітілген
Қаржыландыру көздеріне қарамастан, жаңа үйлер мен ғимараттарды, олардың кешендерін, инженерлік және көлік коммуникацияларын салуға, сондай-ақ бұрыннан барын өзгертуге (реконструкциялауға, кеңейтуге, техникалық қайта жарақтандыруға, жаңғыртуға және күрделі жөндеуге) арналған техникалық-экономикалық негіздемелерге және жобалау-сметалық құжаттамаға ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу қағидалары
1. Осы Қаржыландыру көздеріне қарамастан, жаңа үйлер мен ғимараттарды, олардың кешендерін, инженерлік және көлік коммуникацияларын салуға, сондай-ақ өзгертуге (реконструкциялауға, кеңейтуге, техникалық қайта жарақтандыруға, жаңғыртуға және күрделі жөндеуге) арналған техникалық-экономикалық негіздемелерге (бұдан әрі – ТЭН) және жобалау-сметалық құжаттамаға (бұдан әрі – ЖСҚ) ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 20-бабының 11-5) тармақшасына сәйкес әзірленді.
қаржыландыру көздеріне қарамастан, жаңа үйлер мен ғимараттарды, олардың кешендерін, инженерлік және көлік коммуникацияларын салуға, бұрыннан барын өзгертуге (реконструкциялауға, кеңейтуге, техникалық қайта жарақтандыруға, жаңғыртуға және күрделі жөндеуге), сондай-ақ аумақтарды инженерлік дайындау, оларды абаттандыру мен көгалдандыруға арналған ТЭН және ЖСҚ «бір терезе» қағидаты бойынша ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу тәртібін;
ерекше реттеуді және (немесе) қала құрылысы регламентациясын талап ететін арнайы объектілерді салуға арналған ЖСҚ кезең-кезеңмен әзірлеудің және келісудің жеке жоспарын бекіту тәртібін;
кезең-кезеңімен жобалау және салу көзделген объектілер мен кешендер бойынша сараптамалық сүйемелдеу режимінде жобаларға ведомстводан тыс кешенді сараптаманы жүзеге асыру тәртібін айқындайды.
3. Жаңа ғимараттар мен құрылыстарды, олардың кешендерін, бұрыннан барын өзгерту (реконструкциялау, кеңейту, техникалық қайта жарақтандыру, жаңғырту және күрделі жөндеу), сондай-ақ объектілердің аумақтарын инженерлік дайындау, оларды абаттандыру мен көгалдандыру жобалары бойынша объектілер құрылысының жобаларына ведомстводан тыс кешенді сараптама «бір терезе» қағидаты бойынша жүргізіледі және жобаларға немесе экологиялық сараптаманы, жобалардың санитариялық-эпидемиологиялық сараптамасында (салалық сараптаманы) қамтиды;
Қағидалар Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асырылатын сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметінің барлық субъектілері үшін міндетті болып табылады.
4. Қағидалар Заңның 64-3-бабы 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көзделген жобаларға сараптама жүргізуге қолданылады.
5. Заңның 64-1-бабының 4-тармағында көрсетілген құрылыс жобалары бойынша ведомстводан тыс кешенді сараптама міндетті болып табылмайды және тапсырыс берушінің қалауы бойынша ғана жүргізіледі.
6. Мемлекеттік сараптама ұйымы, аккредиттелген сараптама ұйымдары немесе ерекше индустриалдық аймағының аккредиттелген сараптама ұйымы жүргізетін ведомстводан тыс кешенді сараптама олардың Заңның 64-4 және 64-5-баптарында белгіленген құзыреттеріне сәйкес қаралып отырған жобаның құнына шығындарды жатқыза отырып, шарттың негізінде жүзеге асырылады.
7. Құрылыс жобаларына ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу құны Заңның 64-2-бабының 2 және 3-тармақтарына сәйкес айқындалады.
8. Объектілер құрылысының жобаларына ведомстводан тыс кешенді сараптаманың бір бөлігі болып табылатын жобалардың санитариялық-эпидемиологиялық сараптамасын Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 27 қарашадағы № 114 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10058 болып тіркелген) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында сараптамалық жұмыстар мен инжинирингтік көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыратын сарапшыларды аттестаттау қағидаларында айқындалған тәртіпте аттестатталған сарапшылар жүзеге асырады.
9. Объектілерді салуға арналған ТЭН-ге және ЖСҚ-ға ведомстводан тыс кешенді сараптама олар бекітілгенге дейін жүргізіледі.
Міндетті ведомстводан тыс кешенді сараптамаға жататын, бірақ одан өтпеген және бекіту үшін ұсынымдары бар оң қорытынды алмаған құрылыс жобалары аяқталмаған болып саналады және одан әрі іске асыруға жатпайды.
2-тарау. Қаржыландыру көздеріне қарамастан, жаңа үйлер мен ғимараттарды, олардың кешендерін, инженерлік және көлік коммуникацияларын салуға, бұрыннан барын өзгертуге (реконструкциялауға, кеңейтуге, техникалық қайта жарақтандыруға, жаңғыртуға және күрделі жөндеуге), сондай-ақ аумақтарды инженерлік дайындау, оларды абаттандыру мен көгалдандыруға арналған ТЭН және ЖСҚ «бір терезе» қағидаты бойынша ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу тәртібі
1 параграф. Құрылыс жобаларына ведомстводан тыс кешенді сараптаманың мақсаты мен міндеттері
10. Құрылыс жобаларына ведомстводан тыс кешенді сараптаманың мақсаты Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген, жобалау үшін бастапқы құжаттардың (материалдардың, деректердің) шарттарына жобалық шешімдердің сәйкестігін (сәйкессіздігін) анықтау, сондай-ақ жобалық шешімдер мен есеп-қисаптарда:
қала құрылысы және техникалық регламенттердің, мемлекеттік және мемлекетаралық нормативтік құжаттар нормалары мен ережелерінің, сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы сметалық нормалардың;
халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілер мен гигиеналық нормативтердің талаптарын сақтау арқылы жобалардың сапасына талдау мен бағалау жүргізу болып табылады.
11. Ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу барысында құрылыс жобасының:
1) жобалауға арналған тапсырмаға, өзге де бастапқы құжаттарға (материалдарға, деректерге),техникалық шарттар мен талаптарға, сондай-ақ бекітілген қала құрылысы (жоспарлау) шешімдеріне және осы құрылыс учаскесінің (алаңдардың, трассалардың) функционалдық мақсатына сәйкестігі;
2) санитариялық-эпидемиологиялық, өрт және жарылыс қауіпсіздігін, қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік және мемлекетаралық нормативтік талаптарды, объектінің тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз ететін конструкциялардың беріктілігі мен сенімділігіне қойылатын талаптардың сақталуы, сондай-ақ құрылыс нормаларды және қағидаларды шетел мемлекеттердің стандарттарын, Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық мамандандырылған көрме Арнайы экономикалық аймақтардың аумағында орналасқан, халықаралық және аймақтық ұйымдардың объектілері бойынша.
3) бірегей ғимараттар мен құрылыстардың (олардың қоршау конструкцияларының), сондай-ақ энергетикалық ресурстарды жобалық тұтынуы жылына бес жүз тонна шартты отынның баламалы көрсеткіштен асып кететін объектілердің энергия тиімділігі жөніндегі талаптарға сәйкестігі;
4) ресурсты үнемдеу, отандық тауар өндірушілерді мүдделерін қорғау саласында белгіленген шарттар мен шектеулерге сәйкестігі;
5) қабылданған көлемдік-жоспарлық және сындарлы шешімдердің, қолданылатын материалдардың, технологиялық және инженерлік жабдықтың негізділігін, құрылыс конструкцияларының сенімділігі мен беріктілігі;
6) ЖСҚ көзделген құрылыс объектілері (ғимараттар мен құрылыстардың, олардың кешендердің, коммуникациялардың) көлемдерінің негізділігін және орындылығы;
7) «Мемлекеттік инвестициялар және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қаражаты есебінен объектілер құрылысының құнын айқындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 қарашадағы № 707 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12527 болып тіркелген) және Заңның 20-бабының 6-2) тармақшасына сәйкес уәкілетті орган бекітетін Қазақстан Республикасының баға белгілеу және сметалар жөніндегі нормативтік құжатына (бұдан әрі – Нормативтік құжат) сәйкес көрсеткіштердің, оның ішінде құрылыстың есептік немесе сметалық құнының негізділігі мен дұрыстығы;
8) халық денсаулығын қорғау бойынша ұсынылатын шалалардың тиімділігі, толықтығы және жеткіліктігі;
9) жоспарланған қызметтің халықтың денсаулығына әсер етуінің толықтығы мен дұрыстығын анықтау;
10) санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға және гигиеналық нормативтерге сәйкестігі тұрғысынан бағалау бойынша міндеттер орындалады.
12. Бюджет қаражаты немесе мемлекеттік инвестициялардың өзге де нысандары есебінен бұрын бекітілген құрылыс жобаларының құрылыс құнын ұлғайтуды болжайтын жобалау шешімдеріне өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу қажет болған жағдайда сараптама ұйымдары өздерінің құзыреттері шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен және тапсырыс беруші ұсынған негіздер бойынша жобаға белгіленген түзетулердің негізділігін және орындылығын белгілейді.
Бұрын бекітілген жобаларға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу қажеттілігін негіздейтін құжаттар мен материалдар тізбесі осы Қағидаларға 1-қосымшада келтірілген.
2 параграф. Ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу үшін құрылыс жобаларын ұсыну және қабылдау
13. Ведомстводан тыс кешенді сараптамаға ұсынылатын құрылыс жобасының және бастапқы құжаттардың жинақтылығы мен құрамы:
1) жаңа объектілер құрылысының жобалары осы Қағидаларға 2-қосымшаға;
2) бұрыннан бар объектілерді реконструкциялау (кеңейту, жаңғырту, техникалық қайта жарақтандыру) жобалары осы Қағидаларға 3-қосымшаға;