«Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі Заңының 14-бабының 14) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Отправить по почте
Мемлекеттік сатып алу саласында бірыңғай республикалық тізілімдерді қалыптастырудың және жүргізудің қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 237 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 28 сәуірде № 10820 тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап ҚР Қаржы министрінің 28.12.2015 жылғы № 694 Бұйрығына сәйкес
«Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі Заңының 14-бабының 14) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік сатып алу саласында бірыңғай республикалық тізілімдерді қалыптастырудың және жүргізудің қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк сатып алу заңнамасы департаментi (С.М. Ахметов) заңнамада белгiленген тәртiппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Министр Б.Сұлтанов
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 237 бұйрығымен бекітілген
Мемлекеттік сатып алу саласында бірыңғай республикалық тізілімдерді қалыптастырудың және жүргізудің қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Мемлекеттік сатып алу саласында бірыңғай республикалық тізілімдерді қалыптастырудың және жүргізудің қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленді және мемлекеттік сатып алу саласында бірыңғай республикалық тізілімдерді қалыптастырудың және жүргізудің тәртібін айқындайды.
2. Мемлекеттік сатып алу саласында бірыңғай республикалық тізілімдерді мемлекеттік сатып алу жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) мемлекеттік сатып алу веб-порталы (бұдан әрі – веб-портал) арқылы электрондық түрде, мемлекеттік және орыс тілдерінде қалыптастырады және жүргізеді әрі олар Заңның 11-бабының талаптарына сәйкес болуы тиіс.
3. Мемлекеттік құпияларды және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді қоспағанда, бірыңғай республикалық тізілімдерде қамтылған мәліметтер веб-порталда орналастырылады және олар төлем алынбастан танысу үшін мүдделі тұлғаларға қол жетімді.
2. Мемлекеттік сатып алу саласындағы тізілімдердің түрлері
4. Мемлекеттік сатып алу саласында бірыңғай республикалық тізілімдер (бұдан әрі – тізілімдер) мынадай түрлерге бөлінеді:
1) тапсырыс берушілердің тізілімі;
2) мемлекеттік сатып алу туралы шарттардың тізілімі;
3) мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізілімі.
3. Тапсырыс берушілердің тізілімін қалыптастыру және оны жүргізу тәртібі
5. Тапсырыс берушілердің тізілімі тапсырыс беруші туралы мынадай мәліметтерді қамтуы тиіс:
1) тапсырыс берушінің атауы;
2) тапсырыс берушінің мемлекеттік тіркелген (қайта тіркелген) күні;
3) бизнес-сәйкестендіру нөмірі (БСН);
4) тапсырыс берушінің аумақтық тиесілігі туарлы мәліметтер (әкiмшiлiк-аумақтық бiрлестiктердiң жiктеуiшi (ӘАБЖ) бойынша коды, өңір, заңды мекенжайы)
5) есептілік әкімшісінің атауы;
6) шаруашылық етудің ұйымдастыру құқықтық нысанының коды (ҰҚНК);
7) меншiк нысандарын жiктеу (МНЖ) бойынша коды;
8) кәсiпкерлiк субъектiнің санаты;
9) экономика секторының коды;
10) тапсырыс берушінің басшысы туралы мәліметтер:
жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН)
басшының тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде);
басшының лауазымы;
электрондық почта;
телефон (жұмыс, ұялы).
6. Тапсырыс берушілердің тізілімін қалыптастыру веб-портал арқылы тапсырыс берушінің веб-порталдағы тіркеу деректері негізінде автоматты түрде жүзеге асырылады.
Бұл ретте тапсырыс беруші веб-порталда әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей тіркеледі. Тапсырыс беруші қайта ұйымдастырылған (таратылған) не әділет органындағы тіркеу деректері өзгерген жағдайда, тапсырыс беруші осындай жағдайлар әділет органдарында тіркелген күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмейтін мерзімде тапсырыс берушінің веб-порталдағы тіркеу деректеріне өзгертілген мәліметтерді енгізеді.
7. Тапсырыс берушілер тізілімін жүргізу осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша веб-портал арқылы жүзеге асырылады.
8. Тапсырыс берушілердің тізіліміне енгізілген тапсырыс беруші туралы мәліметтер Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 17 сәуірдегі № 430 қаулысымен бекітілген Электрондық құжат айналымы ережесiнде (бұдан әрі – Электрондық құжат айналымы ережесі) белгіленген тәртіппен электрондық түрде сақталады.
4. Мемлекеттік сатып алу туралы шарттардың тізілімін қалыптастыру және оны жүргізу тәртібі
9. Мемлекеттік сатып алу шарттардың тізілімінде мемлекеттік құпияларды және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді қамтитын мемлекеттік сатып алу туралы шарттар жөніндегі мәліметтерді қоспағанда, шарт (оның өзгеруі) туралы мынадай мәліметтерді қамтиды:
1) тапсырыс берушінің атауы;
2) тапсырыс берушінің бизнес-сәйкестендіру нөмірі (БСН);
3) қаржыландыру көзі – республикалық бюджет, жергілікті бюджет, мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түскен қаражаты, мемлекеттік мекемелер үшін демеушілік, қайырымдылық көмектен түскен қаражат (бұдан әрі – бюджеттен тыс қаражат), меншікті қаражат;
4) мемлекеттік сатып алуды Заңға сәйкес жүзеге асырудың, сондай-ақ Заңның өнім берушіні таңдауды және онымен мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасуды реттейтін нормаларын қолданбастан жүзеге асырылатын мемлекеттік сатып алу тәсілі;
5) мемлекеттік сатып алуды өткізу туралы хабарламаның нөмірі;
6) конкурс қорытындылары, аукцион қорытындылары, бір көзден сатып алуды өткізу қорытындылары, баға ұсыныстарын сұратуды жүргізу қорытындылары шығарылған күн, сондай-ақ шарттың жасалу негізін растайтын құжаттың деректемелері;
7) шартты жасасудың негізін растайтын құжаттың деректемелері;
8) шарттың жасалған күні және нөмірі – шарттың жасалған күні, айы, жылы;
9) шарт валютасының коды;
10) аумақтық қазынашылық бөлімшелерінде мемлекеттік мекемелердің шартты тіркегені туралы мәліметтер – өтінім нөмірі мен тіркеу күнін қоса алғанда, тіркеу туралы хабарламалардың деректемелері;
11) мемлекеттік сатып алу туралы шарттың мәні:
сатып алу мәнінің түрі;
жіктеуіш бойынша өнімнің коды;
тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің атауы;
тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің қысқаша және қосымша сипаттамасы;
өлшем бірлігі;
бір бірлік үшін бағасы;
саны;
егер өнім беруші ҚҚС төлеушісі болып табылған жағдайда, қосылған құн салығы (ҚҚС) туралы мәліметтер;
12) өнім берушілер (орындаушылар, мердігерлер) туралы ақпарат:
заңды тұлғаның атауы, жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты;
Қазақстан Республикасының резиденттері үшін – бизнес сәйкестендіру нөмірі (БСН) (заңды тұлға үшін), жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) (жеке тұлға үшін);
Ресей Федерациясының резиденттері үшін – салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірі (СТС) (заңды тұлғалар үшін), дара жеке шоттың сақтандыру нөмірі (ДЖШСН) (жеке тұлғалар үшін);
Беларусь Республикасының резиденттері үшін – төлеушінің есепке алу нөмірі (ТЕН) (заңды тұлғалар үшін), веб-порталда автоматты түрде берілетін реттік нөмір (РН) (жеке тұлғалар үшін);
Тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің және олардың өнім берушілерінің дерекқорындағы жазба нөмірі;
резиденттілік елі және заңды мекенжайы;
13) шарттың орындалуы:
тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің атауы және сипаттамасы;
сатып алынған тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің қысқаша сипаттамасы;
тауар белгісінің атауы;
тауар өндірушінің, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді жеткізушінің елі;
төлем сомасы;
шартты орындаудың жобаланған және нақты күні;
14) шарттың қолданылуын тоқтату туралы мәліметтер:
күні, негіздеме және себебі.
Заңның 4-бабы 1-тармағының 3) және 23) тармақшаларында көзделген мемлекеттік сатып алудың нәтижелері бойынша жасалған шарттар туралы мәліметтер мемлекеттік сатып алу туралы шарттардың тізіліміне енгізілуге жатпайды.
10. Тапсырыс беруші шартты жасасқан (оны өзгерткен) күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша шарттар тізілімінің электрондық нысанын толтыру жолымен шарт (оның өзгеруі) туралы мәліметтерді веб-порталға енгізеді.
11. Тапсырыс беруші шарт қолданылуын тоқтатқан (орындалған немесе орындалмаған) күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей мемлекеттік сатып алу туралы шарттар тізілімінің электрондық нысанын толтыру жолымен шарттың қолданылуын тоқтату туралы (орындалуы немесе орындалмауы туралы) мәліметтерді веб-портал арқылы енгізеді.
12. Тапсырыс беруші мемлекеттік сатып алу веб-порталына шарттың өзгеруі туралы мәліметтерді немесе шарттың қолданылуын тоқтату туралы (орындалуы немесе орындалмауы туралы) мәліметтерді ұсынған жағдайда, шарт туралы бастапқы мәліметтер мұрағатын сақтай отырып, тізілімдегі жазбаны автоматты түрде жаңарту жүргізіледі.
13. Мемлекеттік сатып алу туралы шарттардың тізіліміне енгізілген шарт (оның өзгеруі) туралы мәліметтер және (немесе) шарттың қолданылуын тоқтату туралы (орындалуы немесе орындалмауы туралы) мәліметтер шарттың қолданылуын тоқтату туралы (орындалуы немесе орындалмауы туралы) мәліметтерді оған енгізген күнінен бастап үш жыл бойы мемлекеттік сатып алу туралы шарттардың тізілімінде сақталады.
14. Осы Қағидалардың 13-тармағында көрсетілген мерзім өткен соң мемлекеттік сатып алу туралы шарттардың тізілімінен шығарылған шарт (оның өзгеруі) туралы мәліметтер немесе шарттың қолданылуын тоқтату туралы (орындалуы немесе орындалмауы туралы) мәліметтер Электрондық құжат айналымы ережесiнде белгіленген тәртіппен электрондық түрде сақталады.
5. Мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізілімін қалыптастыру және оны жүргізу тәртібі
15. Тапсырыс берушілер әлеуетті өнім берушіні мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы заңды күшіне енген соттың шешімін алғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мұндай өнім беруші туралы мәліметтерді электрондық түрде веб-портал арқылы уәкілетті органға береді.
Уәкілетті органға мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар тізіліміне енгізу үшін толық емес мәліметтер ұсынған жағдайда уәкілетті орган он жұмыс күн ішінде веб-портал арқылы тапсырыс берушіге осы Қағидалардың 17-тармағына сәйкес мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы туралы мәліметтерді бес жұмыс күн ішінде беру қажеттігі туралы хабарлама жібереді.
16. Мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізілімін жүргізу осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жүзеге асырылады.
17. Мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізіліміне мәліметтерді енгізген кезде:
1) жосықсыз өнім беруші туралы ақпарат:
өнім берушінің атауы;
резиденттік елі;
Қазақстан Республикасының резиденттері үшін – бизнес сәйкестендіру нөмірі (БСН) (заңды тұлға үшін), жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) (жеке тұлға үшін);
Ресей Федерациясының резиденттері үшін – салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірі (СТС) (заңды тұлғалар үшін), дара жеке шоттың сақтандыру нөмірі (ДЖШСН) (жеке тұлғалар үшін);
Беларусь Республикасының резиденттері үшін – төлеушінің есепке алу нөмірі (ТЕН) (заңды тұлғалар үшін), веб-порталда автоматты түрде берілетін реттік нөмір (РН) (жеке тұлғалар үшін);
2) тапсырыс беруші туралы ақпарат;
3) өткізілген сатып алу туралы мәліметтер:
сатып алуды жүзеге асыру тәсілі;
сатып алу туралы хабарландырудың нөмірі;
сатып алу туралы хабарландырудың күні;
4) Мемлекеттік сатып алу туралы шарттар тізіліміндегі шарттың нөмірі;
5) өнім берушіні (әлеуетті) мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану негіздемесі;
6) сот шешімі туралы мәліметтер:
соттың атауы;
сот шешімінің нөмірі;
сот шешімінің күні;
сот шешімінің заңды күшіне енген күні;
7) Мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізілімінен алып тасталған күн.
18. Мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізілімдегі мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы туралы мәліметтерді қамтитын жазба Заңда белгіленген мерзім өткен соң тізілімнен автоматты түрде алынып тасталады. Мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп тану туралы шешімді жою туралы заңды күшіне енген сот актісі болған жағдайда, мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы туралы мәліметтерді қамтитын тізілімдегі жазба әлеуетті өнім берушінің не өнім берушінің сұрау салуы бойынша уәкілетті орган тиісті сот актісін алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде алынып тасталады.
Мемлекеттік сатып алу саласында тізілімдерді қалыптастырудың және оларды жүргізудің қағидаларына 1-қосымша
Нысан
Тапсырыс берушілер тізілімі
Р/с |
Тізілімдегі жазба нөмірі |
Тапсырыс берушінің атауы |
мемлекеттік тіркелген (қайта тіркелген) күні |
БСН |
тапсырыс берушінің аумақтық тиесілігі туарлы мәліметтер |
Есептілік әкімшісінің атауы |
|||||||
Мемлекеттік тілінде |
Орыс тілінде |
ӘАБЖ |
өңір |
заңды мекенжайы |
|
||||||||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
10 |
||||
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
кестенің жалғасы
ҰҚНК |
МНЖ |
кәсiпкерлiк субъектiнің санаты |
Экономика секторының коды |
Тапсырыс берушінің басшысы туралы мәліметтер |
||||||
ЖСН |
Т.А.Ә. |
Лауазымы |
Деректер көзі |
Электрондық почта |
телефон (жұмыс) |
телефон (ұялы) |
||||
11 |
12 |
13 |
14 |
15 |
16 |
17 |
18 |
19 |
20 |
21 |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Мемлекеттік сатып алу саласында тізілімдерді қалыптастырудың және оларды жүргізудің қағидаларына 2-қосымша
Нысан
Мемлекеттік сатып алу туралы шарттардың тізілімі
Тізілімдегі жазбаның нөмірі |
Жазбаның соңғы өзгерген күні |
Тапсырыс беруші |
Шартты қаржыландыру көзі |
Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәсілі |
Мемлекеттік сатып алуды өткізу туралы хабарламаның нөмірі |
Мемлекеттік сатып алудың қорытындыларын шығару күні |
Шартты жасасудың негізін растайтын құжаттың деректемелері |
Шарт |
||||||||
атауы |
БСН |
нөмірі |
күні |
|||||||||||||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
10 |
11 |
||||||
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
кестенің жалғасы
Шарт валютасының коды |
Шарттың мәртебесі |
Шарттың аумақтық қазынашылық органдарында тіркелгені туралы мәліметтер (мемлекеттік мекемелер үшін) |
Шарттың мәні |
||||||||||||||||
Қазынашылықтың аумақтық бөлімшесінде шартты тіркеуге берген өтінім |
Қазынашылықтың аумақтық бөлімшесінде шартты тіркеуге берген өтінім |
Сатып алу мәнінің түрі |
жіктеуіш бойынша өнімнің коды |
тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер атауы |
тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің қысқаша сипаттамасы |
тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің қосымша сипаттамасы |
өлшем, бірлігі |
||||||||||||
нөмірі |
күні |
нөмірі |
күні |
||||||||||||||||
12 |
13 |
14 |
15 |
16 |
17 |
18 |
19 |
20 |
21 |
22 |
23 |
||||||||
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
кестенің жалғасы
Шарттың мәні |
Шарт бойынша өнім берушілер (орындаушылар, мердігерлер) туралы ақпарат |
|||||||||||||||
бір бірлік үшін бағасы, теңге |
саны |
сома, теңге (егер өнім беруші ҚҚС төлеушісі болып табылған жағдайда, ҚҚС ескере отырып, соманы көрсету қажет) |
Оның ішінде ҚҚС сомасы, теңге |
Сонымен бірге: үшжылдық кезеңнің бірінші жылының сомасы, теңге |
Сонымен бірге: үшжылдық кезеңнің екінші жылының болжамды сомасы, теңге |
Сонымен бірге: үшжылдық кезеңнің үшінші жылының болжамды сомасы, теңге |
Заңды тұлғаның атауы (жеке тұлғаның Т.А.Ә.) |
БСН, ЖСН |
Тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер және олардың өнім берушілерінің дерекқорындағы жазба нөмірі |
өнім берушінің резиденттілік елі |
Заңды мекен жайы |
Іс жүзіндегі мекен жайы |
электрондық поштаның мекенжайы |
Мәртебесі |
Телефоны |
|
24 |
25 |
26 |
27 |
28 |
29 |
30 |
31 |
32 |
33 |
34 |
35 |
36 |
37 |
38 |
39 |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
кестенің жалғасы
Шарттың орындалуы |
Шарттың қолданысын тоқтату |
||||||||||||||||||||||
тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің атауы және сипаттамасы |
Сатып алынған тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің қысқаша сипаттамасы |
Тауарлық белгінің атауы |
Тауар өндірушінің, жұмыстар, қызметтер бойынша өнім берушілердің елі |
Тапсырыс беруші іс жүзінде төледі, теңге (егер өнім беруші ҚҚС төлеушісі болып табылған жағдайда, ҚҚС ескере отырып, соманы көрсету қажет) |
Оның ішінде ҚҚС сомасы, теңге |
Сонымен бірге: үшжылдық кезеңнің бірінші жылында төленген сома, теңге |
Сонымен бірге: үшжылдық кезеңнің екінші жылында төленген сома, теңге |
Сонымен бірге: үшжылдық кезеңнің үшінші жылында төленген сома, теңге |
шарт бойынша орындалу күні |
іс жүзінде орындалу күні |
күні |
негіздеме және себебі |
|||||||||||
40 |
41 |
42 |
43 |
44 |
45 |
46 |
47 |
48 |
49 |
50 |
51 |
52 |
|||||||||||
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Мемлекеттік сатып алу саласында тізілімдерді қалыптастырудың және оларды жүргізудің қағидаларына 3-қосымша
Нысан
Мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар туралы мәліметтер
Жосықсыз өнім беруші туралы ақпарат |
Заңның 6-бабы 1-тармағының 3), 3-1), 3-2) тармақшаларына сәйкес адамдар туралы мәліметтер |
Тапсырыс беруші туралы ақпарат |
Өткізілген сатып алу туралы мәліметтер |
|||||||||||
Өнім берушінің атауы |
Өнім берушінің елі |
БСН, ЖСН |
Т.А.Ә. |
РФ үшін – СТС, ДЖШСН, БР үшін – ТЕН, РН |
Тапсырыс берушінің атауы |
Тапсырыс берушінің елі |
БСН, ЖСН |
Сатып алу тәсілі |
Веб-порталдағы сатып алу туралы хабарламаның нөмірі |
Сатып алуды хабарлау күні |
Сатып алу қорытындыларын жасау күні |
|||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
10 |
11 |
12 |
|||
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
кестенің жалғасы
Мемлекеттік сатып алу туралы шарттың тізіліміндегі шарттың нөмірі |
(Әлеуетті) өнім берушіні мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушысы деп тану негізі |
Сот шешімі туралы мәліметтер |
Тізілімнен алып тастау күні |
||||
Соттың атауы |
Сот шешімінің нөмірі |
Сот шешімінің күні |
Сот шешімінің заңды күшіне енген күні |
|
|||
13 |
14 |
15 |
16 |
17 |
18 |
19 |
|
|
|
|
|
|
|
|
Мемлекеттік сатып алу саласында тізілімдерді қалыптастырудың және оларды жүргізудің қағидаларына 4-қосымша
Нысан
Мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізілімі
Жосықсыз өнім беруші туралы ақпарат |
Тапсырыс беруші туралы ақпарат |
Өткізілген сатып алу туралы мәліметтер |
|||||||||
Өнім берушінің атауы |
Өнім берушінің елі |
БСН, ЖСН |
Тапсырыс берушінің атауы |
Тапсырыс берушінің елі |
БСН, ЖСН |
Сатып алу тәсілі |
Веб-порталдағы сатып алу туралы хабарламаның нөмірі |
Сатып алуды хабарлау күні |
Сатып алу қорытындыларын жасау күні |
||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
10 |
||
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
кестенің жалғасы
Мемлекеттік сатып алу туралы шарттың тізіліміндегі шарт нөмірі |
(Әлеуетті) өнім берушіні мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушысы деп тану негізі |
Сот шешімі туралы мәліметтер |
Тізілімнен алып тастау күні |
||||
Соттың атауы |
Сот шешімінің нөмірі |
Сот шешімінің күні |
Сот шешімінің заңды күшіне енген күні |
||||
11 |
12 |
13 |
14 |
15 |
16 |
17 |
|
|
|
|
|
|
|
|
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |