Toggle Dropdown
Иондаушы сәулелендiру көздерiмен жұмыс iстеу, медициналық рентген-радиологиялық процедуралар жүргiзу кезiнде, сондай-ақ табиғи және техногендік радиациялық аяға байланысты азаматтар алған жеке сәуле мөлшерлерiн бақылау және есепке алу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 27 наурыздағы № 259 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 5 мамырда № 10943 тіркелді
Toggle Dropdown
Редакция 01.09.2025 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Toggle Dropdown
«Халықтың радиациялық қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Toggle Dropdown
1. Қоса беріліп отырған Иондаушы сәулелендiру көздерiмен жұмыс iстеу, медициналық рентген-радиологиялық процедуралар жүргiзу кезiнде, сондай-ақ табиғи және техногендік радиациялық аяға байланысты азаматтар алған жеке сәуле мөлшерлерiн бақылау және есепке алу қағидалары бекітілсін.
Toggle Dropdown
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Toggle Dropdown
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Toggle Dropdown
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзімді баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
Toggle Dropdown
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Toggle Dropdown
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
Toggle Dropdown
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Toggle Dropdown
ҚР Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушы М. Құсайынов
Toggle Dropdown
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрі
___________ Т. Дүйсенова
2015 жылғы 30 ақпан
Toggle Dropdown
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Энергетика министрі
___________ В. Школьник
2015 жылғы 1 сәуір
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
міндетін атқарушының
2015 жылғы 27 наурыздағы
№ 259 бұйрығымен бекiтiлген
Toggle Dropdown
2
Иондаушы сәулелендiру көздерiмен жұмыс iстеу, медициналық рентген-радиологиялық процедуралар жүргiзу кезiнде, сондай-ақ табиғи және техногендік радиациялық аяға байланысты азаматтар алған жеке сәуле мөлшерлерiн бақылау және eceпке алу қағидалары
Toggle Dropdown
1-тарау. Жалпы ережелер
Toggle Dropdown
1. Осы Иондаушы сәулелендiру көздерiмен жұмыс iстеу, медициналық рентген-радиологиялық процедуралар жүргiзу кезiнде, сондай-ақ табиғи және техногендік радиациялық аяға байланысты азаматтар алған жеке сәуле мөлшерлерiн бақылау мен есепке алу қағидалары (бұдан әрi – Қағидалар) «Халықтың радиациялық қауiпсiздiгi туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабына сәйкес әзірленген және иондаушы сәулелендiру көздерiмен жұмыс iстеу, медициналық рентген-радиологиялық процедуралар жүргiзу кезiнде, сондай-ақ табиғи және техногендік радиациялық аяға байланысты азаматтар алған жеке сәуле мөлшерлерiн бақылау және eceпке алу жүзеге асырудың тәртiбiн aйқындайды және иондаушы сәулелендiру әсерiне ұшырайтын барлық жеке тұлғалар (бұдан әрi – азаматтар) мен қызметiн иондаушы сәулелендiру көздерiн пайдалана отырып жүзеге асыратын заңды тұлғаларға (бұдан әрi – ұйымдар) қолданылады.
Toggle Dropdown
2. Жеке алған сәуле мөлшерлерiн бақылау және есепке алу мынадай:
Toggle Dropdown
1) иондаушы сәулелендiру көздерiмен жұмыс iстеу, медициналық рентген-радиологиялық процедуралар жүргізу кезінде, сондай-ақ табиғи және техногендік радиациялық аяға байланысты азаматтар алған жеке сәуле мөлшерлері туралы объективтi ақпарат алу;
Toggle Dropdown
2) белгiленген шектерден тыс сәуле алған адамдарды есепке алу;
Toggle Dropdown
3) азаматтар мен ұйымдар персоналы алған сәуле мөлшерлері туралы объективтi және шынайы ақпарат алу мүмкiндігін қамтамасыз ету;
Toggle Dropdown
4) радиациялық фактордың азаматтарға әсер етуiн бағалау;
Toggle Dropdown
5) азаматтардың сәуле алу деңгейлерiн төмендету жөнiнде шаралар қабылдау мақсатында жүргізіледі.
Toggle Dropdown
2-тарау. Жеке сәуле алу мөлшерлерiн бақылау және есепке алуды ұйымдастырудың жалпы тәртiбi
Toggle Dropdown
3. Жеке сәуле алу мөлшерлерiн бақылау және есепке алу радиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету саласындағы нормалар мен қағидалар талаптарын ескере отырып, осы Қағидаларға сәйкес жүргiзiледi және бақылау мен есепке алу көлемiне, параметрлеріне, әдiстерi мен құралдарына қойылатын бiрыңғай талаптармен қамтамасыз етiледi.
Toggle Dropdown
4. Бақылау мен есепке алуға:
Toggle Dropdown
1) азаматтарға әр түрлi иондаушы сәулелендіру көздерi әсер еткен кезде олар алған жеке сәуле мөлшерлерi;
Toggle Dropdown
2) табиғи және техногендiк өзгертiлген радиациялық аяға байланысты азаматтар мен ұйымдар персоналы алған жеке сәуле мөлшерлерi;
Toggle Dropdown
3) медициналық рентген-радиологиялық процедураларды жүргiзу кезiнде азаматтар алған жеке сәуле мөлшерлерi;
Toggle Dropdown
4) радиациялық авариялар кезiнде азаматтар мен ұйым персоналы алған жеке сәуле мөлшерi жатады.
Toggle Dropdown
5. Негiзгi бақыланатын параметрлер:
Toggle Dropdown
1) жылдық тиiмдi және баламалы мөлшерлер;
Toggle Dropdown
2) көз бұршағындағы, терiдегi, қолдың буындары мен табандағы жылдық баламалы мөлшер;
Toggle Dropdown
3) радионуклидтердiң организмге түсуi және жылдық түсудi бағалау үшiн оларды организмде ұстау;
Toggle Dropdown
4) ауадағы, судағы, тамақ өнімдеріндегі, құрылыс материалдары мен басқалардағы радионуклидтердің көлемдiк немесе үлестiк белсендiлiгi;
Toggle Dropdown
5) терi қабаттарының, киiмнiң, аяқ киiмнiң, жұмыс орындарының радиоактивтік ластануы;
Toggle Dropdown
6) сыртқы гамма-сәулелендiрудiң мөлшерi мен қуаттылығы болып табылады.
Toggle Dropdown
6. Жеке алған сәуле мөлшерлерiн айқындау үшiн:
Toggle Dropdown
1) жеке дозиметрлердің көмегiмен тiкелей өлшемдер (объектінің персоналы мен азаматтар дербес алған сәуле мөлшерлерi);
Toggle Dropdown
2) радиациялық мән-жайды ескере отырып, адамдар фантомдары мен сәулеленуiн есептегіштердің көмегiмен алынған жеке сәуле алу мөлшерлерiнiң есептемелерi;
Toggle Dropdown
3) сәуле алған организмдегі биологиялық, биохимиялық және биофизикалық әсерлер бойынша азаматтар алған жеке сәуле мөлшерлерiн қайта жаңарту;
Toggle Dropdown
4) әр түрлi материалдардағы радиациялық әсерлер бойынша азаматтар алған жеке сәуле мөлшерлерiн қайта жаңарту пайдаланылады.
Toggle Dropdown
3-тарау. Иондаушы сәулелендiру көздерiмен жұмыс iстеу кезінде персонал алған жеке сәуле мөлшерлерiн бақылауды есепке алуды жүзеге асыру тәртiбi
Toggle Dropdown
7. Жұмыс сипатына байланысты ұйым персоналы алған сәуленi жеке бақылау жеке дозиметрлердi пайдалана отырып аралас сәулелендiру немесе есептеу жолымен сыртқы бета, гамма, рентген және нейтрон сәулелендіру мөлшерлерi жеке бақылауды қамтиды.
Toggle Dropdown
8. Ұйымдарда жеке дозиметриялық бақылауды жүргiзу үшiн персоналдың киiмiне қыстырылатын жеке дозиметрлер пайдаланылады. Дозиметрлердiң орналасу орны орындалатын жұмыстың сипатына байланысты.
Toggle Dropdown
9. Персонал ұйымда белгiленген жеке дозиметрлерді пайдалану тәртібiн сақтауы қажет.
Toggle Dropdown
10. Бақылау кезiнде қызметкер алған жиынтық мөлшерлер тоқсан сайын тіркеледi.
Toggle Dropdown
11. Ұйым персоналының жеке сәулелену дозасын есепке алуды кейіннен қызметкердің жеке есепке алу карточкасына енгiзе отырып, ұйымның деретер қорына тіркеу жолымен, ұйымның (бақылау) радиациялық қауiпсiздiгі үшiн жауапты адам жүзеге асырады. Ұйым персоналының жеке сәулелену дозасын бақылау және есепке алу деректерi 50 жыл бойы сақталады. Қызметкердің жеке сәулелену дозасы туралы мәлiметтердің көшiрмесi, ол радиоактивті заттар мен басқа да иондаушы сәулелендіру көздерiн қолданатын ұйымға басқа жұмыс орнына ауысқан жағдайда, жаңа жұмыс орнына берiледi.
Toggle Dropdown
Ұйымға iссапарға жiберiлген адамдардың жеке сәулелену дозалары туралы деректер олардың тұрақты жұмыс орнына жiберiледi және ұйымның деректер қорында тiркеледi.
Toggle Dropdown
12. Персоналға арналған тиiмдi мөлшердiң шегi кез келген келесi 5 жыл үшiн орта есеппен алғанда жылына 20 миллизиверттi (бұдан әрi – мЗв) құрайды, бiрақ жылына 50 мЗв-дан және 5 жылда 100 мЗв-дан аспауы тиiс. Тұтастай алғанда персоналдың еңбек қызметi кезеңiнде 50 жыл бойы тиiмдi жеке мөлшер 1000 мЗв-дан аспауы тиiс.
Toggle Dropdown
4-тарау. Медициналық рентген-радиологиялық процедураларды жүргiзу кезiнде азаматтар (пациенттер) алған жеке сәуле мөлшерлерiн бақылауды және есепке алуды ұйымдастыру тәртiбi
Toggle Dropdown
13. Медициналық рентген-радиологиялық процедуралар диагностикалық ақпарат немесе терапиялық әсер алу мақсатында тек дәрiгердiң тағайындауы және азаматтың (пациенттiң) келiсуi бойынша ғана жүргiзiледi. Тиiстi процедураны жүргiзу туралы түпкiлiктi шешiмдi дәрiгер рентгенолог немесе дәрігер-радиолог қабылдайды.
Toggle Dropdown
14. Қолдану мүмкiн болмаған немесе басқа баламалы диагностика әдiстерiнен жеткiлiкті хабардар болмаған жағдайда медициналық көрсетілімдер бойынша жүзеге асырылады. Бұл ретте мөлшерлердiң шегi белгiленбейді, бiрақ медициналық рентген-радиологиялық процедураларды тағайындау негiздемесі мен азаматтарды (пациенттерді) қорғау шараларын оңтайландыру қағидаттары пайдаланылады.
Toggle Dropdown
15. Медициналық рентген-радиологиялық процедуралар үшiн Қазақстан Республикасында тiркелген және қолдануға рұқсат етiлген медициналық техника пайдаланылады.
Toggle Dropdown
16. Медициналық рентген-радиологиялық процедураларды жүргізу кезiнде азаматтың (пациенттің) сәулелiк жүктемелерiн азайту үшiн барлық ықтимал шаралар қолданылуы тиiс.
Toggle Dropdown
17. Әрбiр рентген-радиологиялық процедураларды жүргiзу кезiнде азамат (пациент) алған мөлшерлер азаматтың (пациенттiң) амбулаториялық картасына мiндеттi қосымша болып табылатын медициналық сәуле алу мөлшерлерiн есепке алудың дербес парағына енгізіледi және тиiстi медициналық рентген-радиологиялық процедураларды есепке алу журналында тiркеледi.
Toggle Dropdown
18. Азаматтың (пациенттің) талап етуi бойынша оған күтiлетiн немесе алынған сәуле алу мөлшерi мен рентген-радиологиялық процедураларды жүргiзуден болатын ықтимал салдарлар туралы ақпарат берiледi.
Toggle Dropdown
19. Азаматтарға профилактикалық медициналық рентгенологиялық процедураларды жүргiзу кезiнде жылдық тиiмдi жеке алған сәуле мөлшерi 1 мЗв-дан аспауға тиiс.
Toggle Dropdown
Азаматтарға профилактикалық медициналық рентгенологиялық процедураларды жүргiзу кезiнде қосымша зерттеу жүргiзудi немесе мөлшерлер көп пайда болатын әдiстердi мәжбүрлі пайдалануды талап ететiн жағдайда ғана белгiленген жылдық сәуле алу нормативi асып түсуi мүмкiн.
Toggle Dropdown
Азаматтарға профилактикалық медициналық рентгендік процедураларды жүргізу кезінде осы стандарттың уақытша мәжбүрлі түрде асып кету туралы шешімін Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері және тиісті аумақтардағы және көліктегі бас мемлекеттік санитариялық дәрігерлер қабылдайды.
Toggle Dropdown
20. Азаматтардың (пациенттердің) дозалық жүктемелерін айқындау Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 17 ақпандағы № 71 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 113) тармақшасымен бекітілетін санитариялық қағидалардың, гигиеналық нормативтердің (бұдан әрі – нормалау құжаттары) талаптарына сәйкес жүргізіледі.
Toggle Dropdown
21. Табиғи сәулелендiру көздерiнің әсер етуi есебiнен радиациялық аямен байланысты тиiмдi мөлшердің жол берiлетiн мәнi азаматтар үшін белгiленбейдi. Азаматтар алған сәуленi азайтуға жекелеген табиғи сәулелендіру көздерiнен сәуле алуды шектеу жүйесiн орнату жолымен қол жеткiзiледi.
Toggle Dropdown
5-тарау. Азаматтар алған жеке сәуле мөлшерлерін мемлекеттiк бақылау және есепке алу жүйесi
Toggle Dropdown
22. Ұйымдар халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган ведомствосының аумақтық бөлімшелеріне нормалау құжаттарында белгіленген нысанға сәйкес азаматтар мен персоналдың жеке сәулелену дозалары бойынша мәліметтерді жыл сайын 20 желтоқсаннан кешіктірмей (жазбаша немесе электрондық нысанда) ұсынады. Ақпарат электрондық түрде «электрондық үкімет», «Е-өтініш» порталдары арқылы не халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында қолданыстағы мамандандырылған ақпараттық жүйелер арқылы (бар болса) жіберіледі.
Toggle Dropdown
Азаматтар мен персоналдың жеке сәулелену дозаларының республикалық дерекқорын халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның ведомствосы айқындайтын ұйым қалыптастырады.
Toggle Dropdown
23. Персонал мен азаматтарға жеке дозиметриялық бақылауды жүргізу кезінде жылдық тиімді мөлшерді, сондай-ақ барлық кәсіби жұмыс істеу кезеңіндегі жиынтық тиімді жеке мөлшерді есепке алу жүргізіледі.